Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан по вопросам специальных экономических зон

Жарлық · № 457 · қабылданған 29.12.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-70274/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан по вопросам специальных экономических зон Қолданыста Жарлық ·№ 457 ·29.12.2012
05.05.2018 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан по вопросам специальных экономических зон

Қолданыста Жарлық ·№ 457 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан по вопросам специальных экономических зон
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
457
Қабылданған күні
29.12.2012
Көрсетілген редакция
05.05.2018 70274_341796.kaz
Соңғы өзгеріс
05.05.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U1200000457
ЭКБ идентификаторы
70274
Редакция идентификаторы
70274_341796
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:03

0 Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 457 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1

2

2. «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1166 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 33, 322-құжат; 2005 ж., № 30, 383-құжат; 2008 ж., № 38, 404-құжат; 2009 ж., № 40, 388-құжат; 2012 ж., № 6, 114-құжат):

1 1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қоса беріліп отырған:
1) АЭА туралы ереже;
2) АЭА жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі бекітілсін.»;

2 2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген арнайы экономикалық аймақ туралы ережеде:

3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«АЭА аумағындағы қызметтің басым түрлері:»;

3 3) осы Жарлыққа 3-қосымшаға сәйкес арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейімен толықтырылсын.

3

4 4. «Бурабай» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 512 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 2, 21-құжат):

1 1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қоса беріліп отырған:
1) АЭА туралы ереже;
2) АЭА жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі бекітілсін.»;

2 2) Арнайы экономикалық аймағы туралы ереже осы Жарлыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

3 3) осы Жарлыққа 7-қосымшаға сәйкес арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейімен толықтырылсын.

1 «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағы туралы ЕРЕЖЕ

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 457 Жарлығына
1-ҚОСЫМША
«Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағы туралы ЕРЕЖЕ

3 "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 457 Жарлығына
2-ҚОСЫМША
"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі

4 «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 457 Жарлығына
3-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2003 жылғы 18 тамыздағы
№ 1166 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі

р/с
Мақ­сат­та­ры, мін­дет­те­рі және көр­сет­кіш­те­рі (ата­уы)
Өл­шем бір­лі­гі
Ба­за­лық ке­зең
(2012 жыл)
2015 жы­л­ға қа­рай қол жет­кі­зу
2020 жы­л­ға қа­рай қол жет­кі­зу
2028 жы­л­ға қа­рай қол жет­кі­зу
ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор
дағ­да­ры­сты дең­гейі
ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор
дағ­да­ры­сты дең­гейі
ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор
дағ­да­ры­сты дең­гейі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1.
Жал­пы ин­ве­сти­ция кө­ле­мі, оның ішін­де:
млрд. тең­ге
5
7
4
12
7
25
15
1)
ше­тел­дік ин­ве­сти­ция кө­ле­мі
млрд. тең­ге
-
-
-
-
-
-
-
2)
отан­дық ин­ве­сти­ция кө­ле­мі
млрд. тең­ге
5
7
4
12
7
25
15
2.
Ар­найы эко­но­ми­ка­лық ай­ма­ғы­ның ау­ма­ғын­да та­у­ар­лар­ды және қыз­мет­тер­ді (жұ­мыстар­ды) өн­ді­ру кө­ле­мі
млрд. тең­ге
1,89
16
8
26
13
53
33
3.
Қа­ты­су­шы­лар са­ны
ком­па­ни­я­лар
46
65
60
95
90
120
100
4.
Ар­найы эко­но­ми­ка­лық ай­ма­ғы­ның ау­ма­ғын­да құ­ры­ла­тын жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны
адам
1 268
1 688
1 511
2 718
2 119
5 826
3 640
5.
Ар­найы эко­но­ми­ка­лық ай­ма­ғы­ның ау­ма­ғын­да­ғы өн­ді­рі­стің жал­пы кө­ле­мін­де­гі қа­зақ­стан­дық қам­ту үле­сі
%
50%
50%
40%
50%
40%
50%
40%
6.
Ақ­па­рат­тық-бай­ла­ныс тех­но­ло­ги­я­лар (АКТ) са­ла­сын­да ғы­лы­ми-зерт­теу ла­ба­ра­то­ри­я­лар­ды және оқу ка­фед­ра­лар­ды ашу жо­лы­мен АКТ-ны да­мы­ту
ка­фед­ра­лар
2
4
2
5
3
7
4

5 «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы туралы ЕРЕЖЕ

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 457 Жарлығына
4-ҚОСЫМША
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы туралы ЕРЕЖЕ

7 «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 457 Жарлығына
5-ҚОСЫМША
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі

8 «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы туралы ЕРЕЖЕ

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 457 Жарлығына
6-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2008 жылғы 15 қаңтардағы
№ 512 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
«Бурабай» арнайы экономикалық аймағы туралы ЕРЕЖЕ

1 1. Жалпы ережелер

1 1. «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Ақмола облысы Бурабай ауданының аумағында орналасқан.

АЭА-ның аумағы 370 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.

2 2. АЭА:

1

1) келетін қазақстандық және шетелдік туристердің қажеттілігін қамтамасыз етуге және қанағаттандыруға тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылымды дамыту; экологиялық таза көлікті, оның ішінде демалудың барлық объектілеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында шағын авиацияны пайдалану үшін базаны құру; туристерге қызмет көрсету үшін бірыңғай ақпараттық база құру;

2 2) қолайлы инвестициялық ахуал құру, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін отандық және шетелдік инвестицияларды тарту, сондай-ақ әлеуметтік проблемаларды шешу мақсатында құрылады.

3 3. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

4 4. АЭА аумағындағы қызметтің басым түрлері:

1 1) туристiк қызмет көрсету;

2

2) туристерді орналастыру орындары, санаторий және сауықтыру объектілерін мынадай шарттарды сақтай отырып салу және пайдалануға беру: салынып жатқан және пайдалануға берілетін объектілердің ойын бизнесімен байланысты болмауы; салу және пайдалануға беру жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.

2 2. АЭА-ны басқару

5 5. АЭА-ны басқару «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

3 3. АЭА-ның аумағында салық салу

6 6. АЭА-ның аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледi.

4 4. Кедендiк реттеу

7 7. АЭА аумағындағы кедендiк реттеу Кеден одағы мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.

8 8. Еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмi қызметтің басым түрлері жүзеге асырылатын АЭА аумағының бір бөлігінде қолданылады.

9 9. Еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен АЭА-ға қатысушы ретiнде қызметтi жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес АЭА аумағында қызметтiң басым түрлерiн жүзеге асыратын тұлғалар АЭА аумағына орналастыруға және (немесе) пайдалануға арналған тауарларды орналастырады.

10 10. Еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмi қолданылатын АЭА аумағы кедендiк бақылау аймағы болып табылады. Кедендiк бақылау жүргiзу мақсатында АЭА шекаралары оның периметрi бойынша Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жайластырылады және жабдықталады.

11 11. АЭА аумағында Кеден одағы мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртiппен тауарларды уақытша сақтау орындары құрылуы мүмкiн.

12 12. АЭА аумағында еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылмаған Кеден одағының тауарлары және өзге де кедендiк рәсiмдермен орналастырылған шетелдiк тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкiн.

13 13. АЭА аумағына әкелiнген және еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар кедендiк баждарды, салықтарды, сондай-ақ тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшiн Кеден одағының кедендiк аумағынан тыс жерде орналасқан тауарлар ретiнде қаралады.

14 14. Тауарларды уақытша сақтауға, кедендiк декларациялауға, кедендiк тазартуға және шығаруға, сондай-ақ АЭА аумағында кедендiк бақылау жүргiзуге байланысты кедендiк операциялар Кеден одағы мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

5 5. Қоршаған ортаны қорғау

15

15. Экологиялық реттеу бөлiгiндегі АЭА қызметі Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және өмiр сүру сапасын арттырудың экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық аспектiлерiнiң теңгерiмi негiзiнде тұрақты даму және қоршаған ортаны қорғауға көшу үшiн жағдай жасау арқылы табиғи ресурстарды ұтымды және тиiмдi пайдалануға негiзделедi.

6 6. Қорытынды ережелер

16 16. Осы Ережеде белгiленген шарттар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен өзгертiлуi мүмкiн.

17 17. АЭА-ны мерзiмiнен бұрын тарату «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

18 18. АЭА-ның осы Ережемен реттелмеген қызметi Қазақстан Республикасы мен Кеден одағының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

9 «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы аумағының ЖОСПАРЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің
2008 жылғы 15 қаңтардағы
№ 512 Жарлығымен бекітілген
«Бурабай» арнайы экономикалық
аймағы туралы ережеге
ҚОСЫМША
«Бурабай» арнайы экономикалық аймағы аумағының ЖОСПАРЫ

10 «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 457 Жарлығына
7-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2008 жылғы 15 қаңтардағы
№ 512 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
«Бурабай» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі
№ р/с
Мақ­сат­та­ры, мін­дет­те­рі және көр­сет­кіш­те­рі (ата­уы)
Өл­шем бір­лі­гі
Ба­за­лық ке­зең (2012 жыл)
2015 жы­л­ға қа­рай қол жет­кі­зу
2017 жы­л­ға қа­рай қол жет­кі­зу
ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор
дағ­да­ры­сты дең­гейі
ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор
дағ­да­ры­сты дең­гейі
1
2
3
4
5
6
7
8
1.
Жал­пы ин­ве­сти­ция кө­ле­мі, оның ішін­де:
млрд. тең­ге
4
5
3
8
5
1)
ше­тел­дік ин­ве­сти­ция кө­ле­мі
млрд. тең­ге
2
2,5
1,5
4
2,5
2)
отан­дық ин­ве­сти­ция кө­ле­мі
млрд. тең­ге
2
2,5
1,5
4
2,5
2.
Ар­найы эко­но­ми­ка­лық ай­ма­ғы­ның ау­ма­ғын­да та­у­ар­лар­ды және қыз­мет­тер­ді (жұ­мыстар­ды) өн­ді­ру кө­ле­мі
млрд. тең­ге
1,78
6,512
5,18
16,132
11,248
3.
Қа­ты­су­шы­лар са­ны
ком­па­ни­я­лар
1
1
1
1
1
4.
Ар­найы эко­но­ми­ка­лық ай­ма­ғы­ның ау­ма­ғын­да құ­ры­ла­тын жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны
адам
540
1970
1680
3940
3480
5.
Ар­найы эко­но­ми­ка­лық ай­ма­ғы­ның ау­ма­ғын­да­ғы өн­ді­рі­стің жал­пы кө­ле­мін­де­гі қа­зақ­стан­дық қам­ту үле­сі
%
100
100
-
100
-

Қолданыстағы