Құжат мәтініне өту

Об утверждении Регламента государственной услуги "Проведение религиоведческой экспертизы"

Бұйрық · № 124 · қабылданған 07.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-70281/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Регламента государственной услуги "Проведение религиоведческой экспертизы" Күшін жойған Бұйрық ·№ 124 ·07.12.2012
18.03.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Регламента государственной услуги "Проведение религиоведческой экспертизы"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 124 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Регламента государственной услуги "Проведение религиоведческой экспертизы"
Атауы (қаз.)
"Дінтану сараптамасын жүргізу" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
124
Қабылданған күні
07.12.2012
Көрсетілген редакция
18.03.2014 AI70281_2.kaz
Соңғы өзгеріс
18.03.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008228
ЭКБ идентификаторы
70281
Редакция идентификаторы
AI70281_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:34

0 "Дінтану сараптамасын жүргізу" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына, 15-1-бабына, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 4-бабы 6) тармақшасына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 қазандағы № 1311 Қаулысымен бекітілген «Діни қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсетудің қоса беріліп отырған регламенті бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Конфессияаралық қатынастар департаменті (Б.К.Кулекеев) Құқықтық қамтамасыз ету басқармасымен (Ә.Т.Жуанышпаева) бірлесе отырып:

1 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңмен белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Конфессияаралық қатынастар департаменті (Б.К.Кулекеев) бұйрық күшіне енгеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің интернет-ресурсына орналастырып, Агенттіктің барлық құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарын және қарасты мекемелерін ақпараттандырсын.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Агенттік Төрағасының орынбасарына (М.А.Әзілханов) жүктелсін.

5 «Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күннен соң күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Дін істері агенттігі
Төрағасының
2012 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 124 бұйрығымен
бекітілген
«Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1 1. Жалпы ереже

1

1. «Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мекенжайлары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 15 қазандағы № 1311 қаулысымен бекiтiлген «Діни қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» мемлекеттік қызмет көрсету Стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) мен оның аумақтық органдары көрсетеді.

2

2. Агенттiктiң жұмыс кестесi: 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнде және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгiленген демалыс және мереке күндерiнен басқа, жұмыс күндерi, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейiнгi түскi үзiлiспен ұсынылады.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: автоматтандырылмаған.

4 4. Мемлекеттік қызметті тұтынушы (бұдан әрі – тұтынушы) қағаз тасығышта сараптамалық қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жазбаша дәлелді жауап мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлға тұтынушы болып табылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат Үкіметтің www.e.gov.kz электрондық порталында, Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің www.din.gov.kz интернет-ресурсында және аумақтық органдар ғимараттарының ақпараттық стенділерінде орналастырылады.

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері, Стандарттың 7-тармағында көрсетілген.

8 8. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы (не нотариаттық расталған сенімхат бойынша өкіл) Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

9 9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

10 10. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекеттер (өзара әрекеттестік) сипаттамасы

11 11. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін тұтынушының құжаттарын қабылдау Агенттіктің немесе аумақтық органдар кеңсесі (бұдан әрі – кеңсе) арқылы жүзеге асырылады.

Кеңсенің тіркеу мөртабаны (кіріс нөмірі, күні) және мемлекеттік қызметті алу мерзімі қойылған тұтынушы өтінішінің көшірмесі өтініш пен сараптама объектілерінің өткізілгендігін растау болып табылады.

12 12. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін тұтынушыдан өтініш қабылданған күннен бастап мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін берген кезге дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1

1) тұтынушы Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды Агенттіктің немесе аумақтық орган кеңсесінің қызметкеріне тапсырады, ол құжаттардың толымдылығын тексеруді жүзеге асырады, қабылданған құжаттарды тіркейді, кеңсенің тіркеу мөртабаны (кіріс нөмірі, күні) және мемлекеттік қызметті алу мерзімі қойылған мемлекеттік қызметті тұтынушы өтінішінің көшірмесін береді және Агенттік немесе аумақтық орган басшысының (бұдан әрі – басшылық) қарауына береді;

2 2) басшылық тұтынушының құжаттарын қарағаннан кейін оны Агенттіктің немесе оның аумақты органының жауапты қызметкер (бұдан әрі – жауапты қызметкер) нұсқаумен жібереді;

3 3) қызметкер құжаттарды қарап, дінтану сараптамасын жүргізуді қамтамасыз етеді;

4 4) қызметкер қарастыру нәтижесі бойынша сараптама қорытындысын немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауап хатты рәсімдейді және басшылыққа қол қою үшін ұсынады;

5 5) кеңсе қызметкері тұтынушыға (не нотариаттық расталған сенімхат бойынша өкіл) қағаз тасығышта сараптама қорытындысын немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауапты жеке өзі келгенде береді немесе пошта арқылы тұтынушы көрсеткен мекенжайға жолдайды.

13 13. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне мына құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:

1 1) кеңсе қызметкері;

2 2) басшы;

3 3) жауапты қызметкер.

14 14. Әрбір ҚФБ-ның әрбір әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімнің) орындалу мерзімі көрсетілген дәйектілігі мен өзара әрекеттестігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.

15 Әкімшілік әрекеттердің (рәсімдердің) дәйектілігі мен өзара әрекеттесуінің сипаттамасы

15. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі мен ҚФБ-да әкімшіліктік іс-әрекеттердің қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланыстылығын көрсететін схемалар осы Регламенттің 2-қосымшада көрсетілген.
«Дінтану сараптамасын жүргізу»
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
1-қосымша
Әкімшілік әрекеттердің (рәсімдердің) дәйектілігі мен өзара әрекеттесуінің сипаттамасы
1-кесте. ҚФБ сипаттамасы
№ әре­кет (жұ­мыс ба­ғы­ты, ле­гі)
1
2
3
4
5
ҚФБ ата­уы
Кең­се қыз­мет­ке­рі
Бас­шы­лық
Жа­у­ап­ты қыз­мет­кер
Бас­шы­лық
Кең­се қыз­мет­ке­рі
Әре­кет ата­уы (про­цесс, рә­сім, опе­ра­ция) және олар­дың си­патта­ма­сы
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау, құ­жат­тар­дың Стан­дарт­тың 11-тар­ма­ғы­на сәй­кест­і­гін тек­се­ру. Егер құ­жат­тар көр­се­ті­л­ген та­лап­тар­ға сай бол­са, он­да тір­кеу мөр­та­ба­ны (кі­ріс нө­мі­рі, кү­ні) қой­ы­л­ған тұ­ты­ну­шы өті­ні­ші­нің кө­шір­ме­сі бе­рі­ле­ді
Құ­жат­тар­мен та­ны­су, жа­у­ап­ты қыз­мет­кер­ді анық­тау
Құ­жат­тар­ды қа­рау және олар­ға дін­та­ну са­рап­та­ма­сы­ның жүр­гі­зі­лу­ін қам­та­ма­сыз ету
Дін­та­ну са­рап­та­ма­сы­ның қо­ры­тындыс­ы­мен та­ны­су, хат­қа қол қою
Са­рап­та­ма қо­ры­тындыс­ын не мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы уә­ждел­ген жа­у­ап­ты дай­ын­дау
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­дық-өкім­дік ше­шім­дер)
Құ­жат­тар­ды қа­был­дап ал­ғанды­ғын рас­тау
Қа­рар жа­зу
Са­рап­та­ма қо­ры­тындысы бой­ын­ша хат не мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы хат­ты дай­ын­дау
Са­рап­та­ма қо­ры­тындысы бой­ын­ша, не бас тар­ту ту­ра­лы уә­ждел­ген жа­з­ба­ша хат­қа қол қою
Са­рап­та­ма қо­ры­тындыс­ын не мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы уә­ждел­ген жа­у­ап­ты қол­ға бе­ру неме­се по­шта ар­қы­лы жол­дау
Орын­да­лу мер­зі­мі
Отыз ми­нут­тан кем емес
Бір күн ішін­де
30 күн­тіз­бе­лік күн (қо­сым­ша ма­те­ри­ал­дар­ды зер­де­леу қа­жет болған жағ­дай­да күн­тiз­белiк 30 күн­ге ұзар­ты­ла­ды)
Бір күн ішін­де
Бір күн ішін­де
2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс.
1-топ
ҚФБ
Кең­се қыз­мет­ке­рі
2-топ
ҚФБ
Бас­шы­лық
3-топ
ҚФБ
Жа­у­ап­ты қыз­мет­кер
№ 1 әре­кет
Тұ­ты­ну­шы­дан құ­жат­тар­ды қа­был­дау, тір­кеу, құ­жат­тар­ды бас­шы­лық­қа жі­бе­ру
№ 2 әре­кет
Орын­дау үшін жа­у­ап­ты қыз­мет­кер­ді бел­гі­леу, қа­рар жа­зу
№ 3 әре­кет
Құ­жат­тар­ды қа­рау және олар­ға дін­та­ну са­рап­та­ма­сы­ның жүр­гі­зі­лу­ін қам­та­ма­сыз ету
№ 4 әре­кет
Са­рап­та­ма қо­ры­тындысы бой­ын­ша хат дай­ын­дау және бас­шы­лық­қа қол қою үшін жі­бе­ру
№ 5 әре­кет
Са­рап­та­ма қо­ры­тындысы бой­ын­ша хат­қа қол қою
№ 6 әре­кет
Са­рап­та­ма қо­ры­тындыс­ын қол­мен бе­ру неме­се по­шта­мен жол­дау
3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Балама процесс.
1-топ
ҚФБ
Кең­се қыз­мет­ке­рі
2-топ
ҚФБ
Бас­шы­лық
3-топ
ҚФБ
Жа­у­ап­ты қыз­мет­кер
№ 1 әре­кет
Тұ­ты­ну­шы­дан құ­жат­тар­ды қа­был­дау, тір­кеу, бас­шы­лық­қа жі­бе­ру
№ 2 әре­кет
Орын­дау үшін жа­у­ап­ты қыз­мет­кер­ді бел­гі­леу, қа­рар жа­зу.
№ 3 әре­кет
Құ­жат­тар­ды қа­рау және олар­ға дін­та­ну са­рап­та­ма­сы­ның жүр­гі­зі­лу­ін қам­та­ма­сыз ету
№ 4 әре­кет
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы жа­з­ба­ша уә­ждел­ген жа­у­ап­ты дай­ын­дау және оны бас­шы­лық­қа қол қою үшін жол­дау
№ 5 әре­кет
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы жа­з­ба­ша уә­ждел­ген жа­у­ап­қа қол қою
№ 6 әре­кет
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы жа­з­ба­ша уә­ждел­ген жа­у­ап­ты бе­ру неме­се по­шта­мен жол­дау
«Дінтану сараптамасын жүргізу»
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
2-қосымша
Тұтынушының Дін істері агенттігіне немесе оның аумақтық органдарына өтініш жасаған кезде өзара әрекеттесіп жұмыс істеу схемасы

Қолданыстағы