Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об организации и проведении весеннего тура сплошной дератизации на территории Алматинской области

Өзге акт · № 4-97 · қабылданған 04.01.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-7032/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об организации и проведении весеннего тура сплошной дератизации на территории Алматинской области Күшін жойған 04.01.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об организации и проведении весеннего тура сплошной дератизации на территории Алматинской области

Күшін жойған Өзге акт № 4-97 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и проведении весеннего тура сплошной дератизации на территории Алматинской области
Атауы (қаз.)
Алматы облысы аумағында жаппай дератизациялаудың көктемгі турын ұйымдастыру және өткізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4-97
Қабылданған күні
04.01.2000
Көрсетілген редакция
04.01.2000 7032_244023.kaz
Соңғы өзгеріс
04.01.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00C000718_
ЭКБ идентификаторы
7032
Редакция идентификаторы
7032_244023
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:43
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.01.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Алматы облысы аумағында жаппай дератизациялаудың көктемгі турын ұйымдастыру және өткізу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 30.01.2004 № 1-14 шешімімен.
Облыс аумағында сүр тышқандардың орналасуына және олардыі адамңа қауіпті оба, лептоспироз, иерсиниоз, пастереллез, литериоз және басқа жұқпалы аурулар қоздырғыштарының тұрақты резервуарларын қалыптастырып, жаппай таратуына байланысты, аталған аурулардан тұрғындарды сақтандыру мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Жамбыл, Іле, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары мен Қапшағай, Талдықорған қалаларының аумағындағы кеміргіш тышқандар жайлаған ашық алаңдарда жаппай дератизациялаудың көктемгі туры 2000 жылғы сәуір айының 10-нан мамыр айының 10-не дейін өткізілсін.

2. Кеміргіштер санын азайту мақсатында жүргізілетін алдын алу шараларын өткізуге "Тапсырыс беруші" болып облыстық Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы белгіленсін.

3. Облыстық Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (Ә.Қ. Тұлқымбаев):

- дератизациялау шараларының көктемгі турын өткізуге қажетті шығыстар есебін жасап, шығыс сметасын бекіту үшін, облыс Әкімінің орынбасары Ж.Ә. Әмірхановаға тапсырсын;
- кеміргіш тышқандар жайлаған алаңдарда жаппай дератизациялау жұмыстарының орындалуына, белгіленген тәртіп бойынша, тендер өткізуді қамтамасыз етсін.

4. Облыстық қаржы басқармасы (Т.Ә. Әбдіқадіров) дератизациялау шараларын өткізу үшін облыстық Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына, облыс Әкімінің резервтегі қоры есебінен, 5430 мың теңге бөлсін.

5. Жамбыл, Іле, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары мен Қапшағай, Талдықорған қалаларының әкімдері дератизациялау шараларының көктемгі турын өткізумен қатар төмендегідей шараларды қамтамасыз етсін:

- көшелерде, тұрғын үй маңдарында, қоғамдық тамақтандыру орындарында, мекеме, базар, аумақтарында, коммуналдық объектілерде көктемгі санитарлық тазалау және көркейту шараларын жүргізу;
- қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізе отырып, кез-келген жерге қоқыс үйіндісін төгуге жол бермеу шараларын қабылдау;
- меншік түріне қарамастан мекеме, ұйым, кәсіпорындардың басшыларын қарамағындағы мекемелер жүйесіндегі жайларға, пайдаланып отырған алаңдарға белгіленген мерзімде дератизациялау шараларын жүргізуді міндеттеу.
Объектілерді қажетті санитарлық-техникалық жағдайға келтіріп, оларды кеміргіш тышқандардан сақтау шараларын қамтамасыз ету.

6. Аталған шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары Ж.Ә. Әмірхановаға жүктелсін.