Об утверждении "Положения о порядке приемки в эксплуатацию законченных строительством домостроений на дачных и садовых участках" Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.07.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Саяжайлар мен бау-бақша учаскелерінде құрылысы біткен үйлерді пайдалануға қабылдап алу тәртібі жөніндегі" Ережені бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 30.07.2004 № 7-82 шешімімен. Алматы облысының аумағында және Алматы қаласына жақын аумақтарда учаскелерінде салынып және пайдаланып отырған үйлер мен қора-жайлары бар көптеген бағбандар қоғамы (Серіктестікте) бар. Пайдаланып тұрған саяжай үйлерін қабылдау бұрын жүргізілмеген. Алдағы уақытта құрылысы біткен саяжай үйлерін пайдалануға қабылдау жұмыстарын тәртіпке келтіру, сондай-ақ құрылыс салу қалыптары мен ережелері талабына сәйкес келетін саяжайлар мен бау-бақша учаскелерінде салынған үйлерді жеке тұрғын үй ретінде меншіктеуге құқығы бар азаматтарға қайтадан рәсімдеуге мүмкіншілік беру мақсатында Алматы облысының Әкім шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. "Саяжайлар мен бау-бақша учаскелерінде құрылысы біткен үйлерді пайдалануға қабылдап алу тәртібі жөніндегі" Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығы (І. Разақов) жылжымайтын мүлікті тіркеу кезінде және саяжайлар мен бау-бақша учаскелерінде үй салушылардың иелерінен мүлік салығын есептегенде осы Ережені басшылыққа алатын болсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы С. Фазыловқа жүктелсін.
Басқа 4
Алматы облысы Әкімінің 2000 жылғы 7 шілдедегі N 7-211 шешіміне қосымша Саяжайлар мен бау-бақша учаскелерінде құрылысы біткен үйлерді қабылдап алу туралы Ережелер
Тарау 1. 1. Жалпы Ережелер
1. Жалпы Ережелер
Тармақ 1.1
1.1. "Саяжайлар мен бау-бақша учаскелерінде құрылысы біткен үйлерді пайдалануға қабылдап алу туралы Ережелер" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 22 қазандағы N 3200 "Қазақстан Республикасындағы сәулет және қала құрылысы туралы" Заңға Алматы облысы Мәслихатының 1998 жылғы 30 қазандағы N 23-177 шешімімен бекітілген "Алматы облысының қалалары мен елді мекендерінде құрылыс салудың жалпы Ережелеріне" және Қазақстан Республикасы Құрылыс Министрлігі алқасының 1995 жылғы 28 ақпандағы N 2-2 Қаулысымен бекітілген "Бағбандық қоғамдардың (серіктестіктердің) жерлерінде құрылыс салуды жоспарлау Ережелеріне" сәйкес жасалған.
Тармақ 1.2
1.2. Бұл Ережелер саяжай және бау-бақша учаскелеріндегі құрылысы біткен үйлерді қабылдап алу тәртібін анықтайды.
Тармақ 1.3
1.3. Бұл Ережелерді қабылдап алу комиссиялары, жылжымайтын мүлікті тіркеу жөніндегі аймақтық орындары, сол сияқты саяжай және бау-бақша учаскелері бар барлық заңды және жеке тұлғалар басшылыққа алуы міндетті.
Тарау 2. 2. Саяжайлар мен бау-бақша учаскелерінде құрылысы біткен үйлері пайдалануға қабылдап алу тәртібі
2. Саяжайлар мен бау-бақша учаскелерінде құрылысы біткен үйлері пайдалануға қабылдап алу тәртібі
Тармақ 2.1
2.1. Саяжайлар мен бау-бақша учаскелерінде құрылысы біткен үйлерді пайдалануға қабылдап алу құрылысты монтаждау мен бөлінген жер учаскелерінің аумағын көркейту жұмыстарының барлығы орындалған соң жүргізіледі.
Тармақ 2.2
2.2. Саяжайлар мен бау-бақша учаскелерінде құрылысы біткен үйлерді пайдалануға қабылдап алу жеке үй құрылыстарына заңды құқығы бар азаматтардың жазбаша берген арызы негізінде жүргізіледі.
Тармақ 2.3
2.3. Саяжайлар мен бау-бақша учаскелерінде құрылысы біткен үйлерді қабылдап алу аудандық, қалалық әкімшіліктердің тағайындауымен құрылған қабылдап алу комиссиялары жүргізеді. Қабылдап алу комиссиясы аудан немесе қалада тұрақты түрде немесе жылдық күн тізбек бойынша іс-қимыл жасайды.
Тармақ 2.4
2.4. Қабылдап алу комиссиясының құрамына: аудандық немесе қалалық әкімнің орынбасары - төраға, облыстық мемлекеттік сәулет құрылысы инспекциясының өкілі - төрағаның орынбасары; комиссия мүшелері: аудандық, қалалық сәулет органдарының, аудандық немесе қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің, аудандық немесе қалалық өртке қарсы қызметінің өкілдері, облыстық жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығы және үй құрылысының иелері енгізіледі.
Тармақ 2.5
2.5. Саяжайлар мен бау-бақша учаскелерінде құрылысы біткен үйлерді пайдалануға қабылдап алу облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы белгілеген үлгіде аудандық, қалалық әкімдердің бекітуімен қабылдау комиссиясының актілерімен рәсімделінеді.
Тармақ 2.6
2.6. Қабылдап алу комиссиясының актісінде төмендегі негізгі мәліметтер көрсетіледі: - қабылдап алу комиссиясын құру жөніндегі негізгі құжаттар; - қабылдап алу комиссиясы мүшелерінің тізімі, қызметі, ұйымы; - пайдалануға қабылданатын үй құрылысының құрылымы туралы негізгі мәліметтер, оның жер сілкінісіне қарсы беріктігі.
Тармақ 2.7
2.7. Қабылдап алу комиссиясының актісіне төмендегі құжаттарды қоса тапсыру қажет: - аудан немесе қала әкімінің жер учаскесін бөлу жөніндегі шешімі; - саяжай немесе бау-бақша учаскесінің бас жоспарындағы 1:500 ауқымдағы, барлық көлемін көрсету; - үй құрылысының жоспарын, алдыңғы жағы мен қиығын 1:50 немесе 1:20 ауқымдағы белгіде барлық көлемін көрсету.
Тармақ 2.8
2.8. Жеке тұлғалар өз тілектері мен саяжай учаскелеріндегі үй құрылысын белгіленген тәртіп, бойынша жеке тұрғын үй ретінде пайдалануға берілген нысанның қабылдап алу актісі және нақты жобасы бар болса ғана аудан немесе қала әкімінің келісілген шешіміне сәйкес рәсімдей алады.
Тармақ 2.9
2.9. Қабылдап алу комиссиясының актісі облыстық жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығының филиалдарына мүлікті жекешелендіруге құқық беретін тіркеу куәлігін беруге негіз болады.
Тарау 3. 3. Жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі
3. Жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі
Тармақ 3.1
3.1. Саяжайлар мен бау-бақша учаскелерінде құрылысы біткен үй құрылыстарын пайдалануға қабылдап алудың белгіленген тәртібін бұзған жеке және заңды тұлғалар қолданылып жүрген заңға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Тармақ 3.2
3.2. Саяжай және бау-бақша учаскелеріндегі салынған үй құрылыстарының сапасына құрылыс жұмыстарын атқарушылар жауап береді.
Тармақ 3.3
3.3. Құрылыс шарттары мен ережелеріне және талаптарына сәйкес келмейтін саяжай және бау-бақша учаскелеріндегі үй құрылыстарын пайдалануға қабылдап алғандары үшін, қабылдап алу комиссиясының мүшелері әкімшілік жауапкершілікке тартылады.