Об утверждении Правил оформления и выдачи сертификата Республики Казахстан с учетом схемы сертификации Кимберлийского процесса
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил оформления и выдачи сертификата Республики Казахстан с учетом схемы сертификации Кимберлийского процесса
- Атауы (қаз.)
- Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының сертификатын ресімдеу және беру қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 478
- Қабылданған күні
- 26.12.2012
- Көрсетілген редакция
- 05.10.2017 70383_257664.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.10.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200008256
- ЭКБ идентификаторы
- 70383
- Редакция идентификаторы
- 70383_257664
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:10
0 Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының сертификатын ресімдеу және беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1479 қаулысымен бекітілген Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларының 27-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының сертификатын ресімдеу және беру қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Сәтбаев Р.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) мемлекеттік тіркеуден кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қ.А. Тулеушинге жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
7 Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының сертификатын ресімдеу және беру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы Индустрия
және жаңа технологиялар
министрінің
2012 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 478 бұйрығымен бекітілген
Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының сертификатын ресімдеу және беру қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының сертификатын ресімдеу және беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1479 қаулысымен бекітілген Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын есепке ала отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларына сәйкес әзірленген.
2 2. Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының сертификатын ресімдеу және беру
2
2. Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының сертификатын (бұдан әрі – Сертификат) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – аумақтық департамент) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімдейді және береді.
3 3. Сертификат жіберілетін, бір жөнелтуші бір алушының мекен жайына партия ішіндегі жүк орындарының санына қарамастан бір келісімшарттың шарттарына сәйкес жөнелтілетін және тауарларға бір декларация шеңберінде ресімделетін өңделмеген табиғи алмастардың әр партиясына беріледі.
4 4. Сертификат екі бөлімнен тұрады:
1 1) негізгі парағы;
2 2) алмастардың әкелінуін растайтын жыртып алынатын талон (белгіленген жерге дейін жеткізу).
5 5. Сертификаттың негізгі парағы бағандарында мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1 1) «Берілген күні» бағанында – берілген күні және айы екі қосмәнді сандармен көрсетіледі. Берілген жылы толық көрсетіледі;
2 2) «Қолданылу мерзімі» бағанында – берілген күні және айы екі қосмәнді сандармен көрсетіледі. Берілген жылы толық көрсетіледі;
3 3) «Экспорттаушы» бағанында «Alfa-2» жүйесі бойынша (ISO 3166-1 стандартына сәйкес) Қазақстан Республикасының коды көрсетіледі және экспорттаушы-кәсіпорынның атауы.
Экспорттаушы-кәсіпорынның атауы ұйымның тіркелу құжаттарына сәйкес көрсетіледі;
4 4) «Алушы» бағанында – «Alfa-2» жүйесі бойынша (ISO 3166-1 стандартына сәйкес) ол елге алмастарды әкету болып жатқан елдің коды және тауарды алушының атауы көрсетіледі.
Алушының атауы сыртқы сауда шартындағы не алмастармен операцияны жүзеге асырушы тарапты анықтайтын өзге құжаттағы мәліметтерге сәйкес латын әріптерімен көрсетіледі;
5
5) «Келісімшарттың №» бағанында – сыртқы сауда шартында көрсетілген әріптерге және сандарға не алмастармен операцияларды жүзеге асырушы тараптар және олардың міндеттемелері айқындалған өзге құжатқа дәл етіп толтырылады. Сыртқы сауда шартының нөмері болмаған жағдайда оның күнін көрсетуге рұқсат беріледі;
6 6) «Тауар коды» бағанында – Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының (бұдан әрі – КО СЭҚ ТН) талаптарына сәйкес КО СЭҚ ТН сәйкес тауардың мынадай кодтарының бірі көрсетіледі: 7102 10 000 0, 7102 21 000 0, 7102 31 000 0.
Кедендік транзиттің кедендік үдерісіне енгізілген код тауарлары және тауар атауы өзгеріссіз қалады;
7 7) «Шығарған (өндірген) ел» бағанында – алмастар партиядан өндірілген немесе алынған ел көрсетіледі;
8 8) «Саны» бағанында – оған Сертификат берілетін өңделмеген табиғи алмастардың әкетілетін партиясының құрамына кіретін жүк орындарының (посылкаларының) саны көрсетіледі;
9 9) «Алмастардың жалпы салмағы» бағанында – ілеспе құжаттардағы мәліметтерге сәйкес караттарда алмас партиясының жалпы таза салмағы көрсетіледі;
10 10) «Алмастардың жалпы құны» бағанында – ілеспе құжаттардағы мәліметтерге сәйкес алмас партиясының жалпы құны көрсетіледі;
11 11) «Мемлекеттік бақылаушы» бағанында – уәкілетті органның мөрі және уәкілетті лауазымды тұлғаның қолы қойылады;
12 12) Сертификаттың негізгі парағы сол жақтағы төменгі бұрышында әкетілетін партияның посылкасы (орындары) пломбаларының номерлері қойылады.
6 6. Талон Сертификаттың бөлінбес бөлігі болып табылады және белгіленген орынға дейін жеткізудің растауы болып саналады.
7 7. Талон әкетілген өңделмеген табиғи алмастар партиясын алған елдің уәкілетті органы толтырады.
8 8. Импорттауда алмастар партиясының Сертификатын алуда мемлекеттік бақылаушы талонды жыртып алады және экспортаушының еліне электрондық почта арқылы жолдайды.
9 9. Талонды жазбаша түрде толтыруға жол беріледі.
10 10. Сертификаттың негізгі парағы бағандарында мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1 1) «Импорттаушы ел» бағанында – елдің толық атауы толтырылады;
2 2) «Жіберушінің атауы» бағанында – жіберушінің толық атауы толтырылады;
3 3) «Алушының атауы» бағанында - алушының толық атауы толтырылады;
4 4) «Келісімшарттың №» бағанында – келісімшарттың мәліметтері бойынша толтырылады;
5 5) «Салмақ» бағанында – сертификат мәліметтері немесе бағалау нәтижесі бойынша толтырылады;
6 6) «Құны» бағанында – сертификат мәліметтері немесе бағалау нәтижесі бойынша толтырылады;
7 7) «Тауар коды» бағанында – Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының (бұдан әрі – КО СЭҚ ТН) талаптарына сәйкес КО СЭҚ ТН сәйкес тауардың мынадай кодтарының бірі көрсетіледі: 7102 10 000 0, 7102 21 000 0, 7102 31 000 0;
8 8) «Алу күні» бағанында – Кимберлий үдерісінің ресімдерін жүргізуге жауапты орган бақылауды іске асыру үшін алмастар партиясын алған күні көрсетіледі;
9 9) «Мемлекеттік бақылаушы» бағанында – табиғи алмастарды әкелуге жауапты, мемлкеттік бақылаушы қызметтері немесе басқа мемлекеттік уәкілетті тұлғалары бар елдерде толтырылады. Бұл бағанда бақылаушының қолы, мөртабаны, шарт белгілері қойылады;
10 10) «Талонды толтыру күні» бағанында – алмастар партиясын алуды растау талонын ресімдеу күні көрсетіледі;
11 11) «Кеден таңбалауы» бағанында – алушы елде Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасының талаптары кедендік органдарға жүктелген жағдайда толтырылады.
11 11. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті бланкілердің дайындалуын ұйымдастырады.
12 12. Сертификат бір данада ресімделіп, мәлімдеушіге беріледі. Аумақтық департамент берілген сертификаттың көшірмесін сақтау үшін қалдырады.
13 13. Сертификат, онда егер тазартылған, түзетілген, куәландырылмаған түзетулер болса және қажетті қолдар мен мөрлер болмаған жағдайда жарамсыз деп есептеледі.
14 14. Егер Сертификат қандай да бір себептен бүлінген жағдайда, Сертификаттың телнұсқасын беру үшін бес жұмыс күні ішінде оны аумақтық департаментке қайтаруға жатады.
49 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МИНИСТРЛІГІ МИНИСТЕРСТВО ИНДУСТРИИ И НОВЫХ ТЕХНОЛОГИЙ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН THE MINISTRY OF INDUSTRY AND NEW TECHNOLOGY OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
Кимберлий үдерісінің сертификаттау
схемасын есепке ала отырып, Қазақстан
Республикасының сертификатын ресімдеу
және беру қағидаларына қосымша
нысан
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МИНИСТРЛІГІ МИНИСТЕРСТВО ИНДУСТРИИ И НОВЫХ ТЕХНОЛОГИЙ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН THE MINISTRY OF INDUSTRY AND NEW TECHNOLOGY OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
ӨҢДЕЛМЕГЕН ТАБИҒИ АЛМАСТАРДЫ ӘКЕТУ СЕРТИФИКАТТЫҢ № ____________ № Сертификата вывоза необработанных природных алмазов/ № of Certificate of Export of Rough Diamonds
KZ
KIMBERLEY PROCESS CERTIFICATE
Берілген күні/ Дата выдачи/ Date of issue ____ ________ _____
(күні, айы, жылы)(день, месяц, год) (day, month, year)
Қолдану мерзімі/ Срок действия/ Date of expiry _____ ____________
(күні, айы, жылы)(день, месяц, год) (day, month, year)
Экспорттаушы _________________________________________________________________________
Экспортер/Exporter (елдің коды, елі, кәсіпорынның атауы, (жеке тұлғаның Т.А.Ә.), тіркеу орны, СТН) (код страны, страна, наименование предприятия (Ф.И.О. физического лица), место регистрации, РНН) (country code, country, name of organization (full name of individual) registration place, TRN
Алушы _______________________________________________________________
Получатель/Consignee (елдің коды, елі, кәсіпорынның атауы, (жеке тұлғаның Т.А.Ә.), тіркеу орны) (код страны, страна, наименование предприятия (Ф.И.О. физического лица), место регистрации) (country code, country, name of organization (full name of individual) registration place
Келісімшарттың № _______________ «_____»____________ ________
Контракт №, Contract № (күні, айы, жылы) (день, месяц, год) (day, month, year)
СЭҚ ТН тауар коды: ______________________
Код ТН ВЭД товара/ Code system
Шығарған (өндірген) ел _____________________
Страна происхождения (добычи)/Country of Origin (mining)
Code HS
weight in carats
Value, USD
7102.10
7102.21
7102.31
Total
Саны______________ дана/шт./pc.
Алмастардың жалпы салмағы: __________карат/карат/carats
Количество/ Number of pieces Общая масса алмазов/Total diamond weight
Алмастардың жалпы құны:__________АҚШ долл./долл. США/ US $
Общая стоимость алмазов/Total diamond value
Осы партиядағы (жеткізу) өңделмеген табиғи алмастар Кимберлі үдерісінің өңделмеген табиғи алмастарды сертификаттау халықаралық схемасы ережесіне сәйкес рәсімдеуден өтті.
Необработанные алмазы в настоящей партии (поставке) прошли оформление в соответствии с положениями международной схемы сертификации необработанных природных алмазов Кимберлийского процесса.
The rough diamonds in this shipment have been handled in accordance with the provisions of the Kimberley Process Certification Scheme for rough diamonds.
Пломба нөмірлері/номера пломб /numbers of seals
Мемлекеттік бақылаушы/государственный контролер/ State Controller
Ұйымның басшысы_______________________________________________________________________
Руководитель организации/Head of organization (басшының Т.А.Ә) (Ф.И.О. должностного лица) (Full name of the official)
М.О./м.п./ stamp
KZ
Алмастар импортын растау талоны №____________________________________
Талон подтверждения импорта алмазов
Coupon of diamond import confirmation
____________________________________________________________________
Импорт елі
Страна импорта/Country of import
_____________________________________________________________________
Жіберушінің атауы
Наименование отправителя/ Name of consignor
_____________________________________________________________________
Алушының атауы
Наименование получателя
Name of the receiver
Келісімшарттың №_________________________
№ контракта/ № of Contract
«____»________________ _____________________
от/of (күн, айы, жылы) (день, месяц, год) (day, month, year)
Салмағы ________________ карат/ карат/ carats
Масса/Weight
Құны________________ АҚШ долл./долл. США/ US $
Стоимость/Value
СЭҚ ТН тауар коды: _______________________
Код ТН ВЭД товара/ Code system
Code HS
weight in carats
Value, USD
7102.10
7102.21
7102.31
Total
Алу күні
Дата получения/ Date of receipt
«_____» ____________ ___________
(күні, айы, жылы) (день, месяц, год) (day, month, year
Мемлекеттік бақылаушы/государственный контролер/ State Controller
Рәсімдеу күні ________________________________________________________________________
Дата оформления талона/Date of registration (күні, айы, жылы) (день, месяц, год) (day, month, year)