Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи подтверждения об учете сделок экспортера (приобретение необработанных драгоценных камней и (или) необработанных природных алмазов на внутреннем рынке государств - членов Таможенного союза) по предоставленным контрактам (договорам) на закупку драгоценных камней и (или) необработанных природных алмазов

Бұйрық · № 480 · қабылданған 26.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-70384/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи подтверждения об учете сделок экспортера (приобретение необработанных драгоценных камней и (или) необработанных природных алмазов на внутреннем рынке государств - членов Таможенного союза) по предоставленным контрактам (договорам) на закупку драгоценных камней и (или) необработанных природных алмазов Күшін жойған Бұйрық ·№ 480 ·26.12.2012
05.10.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.10.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи подтверждения об учете сделок экспортера (приобретение необработанных драгоценных камней и (или) необработанных природных алмазов на внутреннем рынке государств - членов Таможенного союза) по предоставленным контрактам (договорам) на закупку драгоценных камней и (или) необработанных природных алмазов

Күшін жойған Бұйрық ·№ 480 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи подтверждения об учете сделок экспортера (приобретение необработанных драгоценных камней и (или) необработанных природных алмазов на внутреннем рынке государств - членов Таможенного союза) по предоставленным контрактам (договорам) на закупку драгоценных камней и (или) необработанных природных алмазов
Атауы (қаз.)
Асыл тастарды және (немесе) өңделмеген табиғи алмастарды сатып алуға берілген келісімшарттар (шарттар) бойынша экспорттаушылардың (Кеден одағына мүше мемлекеттердің ішкі нарығында өңделмеген асыл тастарды және (немесе) өңделмеген табиғи алмастарды сатып алу) мәмілелерін есепке алу туралы растауды беру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
480
Қабылданған күні
26.12.2012
Көрсетілген редакция
05.10.2017 70384_257666.kaz
Соңғы өзгеріс
05.10.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008258
ЭКБ идентификаторы
70384
Редакция идентификаторы
70384_257666
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:10

0

Асыл тастарды және (немесе) өңделмеген табиғи алмастарды сатып алуға берілген келісімшарттар (шарттар) бойынша экспорттаушылардың (Кеден одағына мүше мемлекеттердің ішкі нарығында өңделмеген асыл тастарды және (немесе) өңделмеген табиғи алмастарды сатып алу) мәмілелерін есепке алу туралы растауды беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1479 қаулысымен бекітілген Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидалары 19-тармағының 5) тармақшасына және Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидалары 21-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қоса беріліп отырған Асыл тастарды және (немесе) өңделмеген табиғи алмастарды сатып алуға берілген келісімшарттар (шарттар) бойынша экспорттаушылардың (Кеден одағына мүше мемлекеттердің ішкі нарығында өңделмеген асыл тастарды және (немесе) өңделмеген табиғи алмастарды сатып алу) мәмілелерін есепке алу туралы растауды беру қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Сәтбаев Р.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) мемлекеттік тіркеуден кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қ.А. Тулеушинге жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

7 Асыл тастарды және (немесе) өңделмеген табиғи алмастарды сатып алуға берілген келісімшарттар (шарттар) бойынша экспорттаушылардың (Кеден одағына мүше мемлекеттердің ішкі нарығында өңделмеген асыл тастарды және (немесе) өңделмеген табиғи алмастарды сатып алу) мәмілелерін есепке алу туралы растауды беру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы Индустрия
және жаңа технологиялар министрінің
2012 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 480 бұйрығымен бекітілген
Асыл тастарды және (немесе) өңделмеген табиғи алмастарды сатып алуға берілген келісімшарттар (шарттар) бойынша экспорттаушылардың (Кеден одағына мүше мемлекеттердің ішкі нарығында өңделмеген асыл тастарды және (немесе) өңделмеген табиғи алмастарды сатып алу) мәмілелерін есепке алу туралы растауды беру қағидалары

1 1. Жалпы талаптар

1

1. Осы Асыл тастарды және (немесе) өңделмеген табиғи алмастарды сатып алуға берілген келісімшарттар (шарттар) бойынша экспорттаушылардың (Кеден одағына мүше мемлекеттердің ішкі нарығында өңделмеген асыл тастарды және (немесе) өңделмеген табиғи алмастарды сатып алу) мәмілелерін есепке алу туралы растауды беру қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1479 қаулысымен бекітілген Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидалары 19-тармағының 5) тармақшасына және Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидалары 21-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларының 19-тармағы 5) тармақшасына және Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларының 21-тармағы 8) тармақшасына сәйкес әзірленген және асыл тастарды және (немесе) өңделмеген табиғи алмастарды сатып алуға берілген келісімшарттар (шарттар) бойынша экспорттаушылардың (Кеден одағына мүше мемлекеттердің ішкі нарығында өңделмеген асыл тастарды және (немесе) өңделмеген табиғи алмастарды сатып алу) мәмілелерін есепке алу туралы растауды беру тәртібін айқындайды.

2 2. Экспорттаушылардың мәмілелерін есепке алу туралы растауды беру

2 2. Экспорттаушының мәмілелерін есепке алу туралы растауды беру үшін мәлімдеуші Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық департаментіне (бұдан әрі – аумақтық департамент) мынадай құжаттарды:

1 1) еркін нысанда жазылған экспорттаушылардың мәмілелерін есепке алу туралы растауды беру туралы мәлімдеме;

2

2) асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен, сондай-ақ өңделмеген табиғи алмастармен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінен басқа) мен жеке кәсіпкерлерді арнайы есепке алу арнайы есепке алу туралы анықтаманың көшірмесі;

3 3) бағалы тастарды немесе өңделмеген табиғи алмастарды сатып алуға арналған келісімшарттың (шарттың) көшірмесін ұсынады.

3 3. Аумақтық департаментке түпнұсқамен бірге салыстыру үшін құжаттардың көшірмелері не олардың нотариалды куәландырылған көшірмелері ұсынылады.

4 4. Аумақтық департамент ұсынылған құжаттарды қарайды және алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

1 1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша экспорттаушылардың мәмілелерін есепке алу журналына мәмілелер туралы ақпаратты енгізеді;

2 2) жазбаша нысанда мәмілелерді есепке алу туралы растауды береді.

5 5. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген құжаттар толық көлемде ұсынылмаған жағдайда, мәлімдеме қараусыз қалады, бұл туралы құжаттар қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде дәлелді жауап хатпен мәлімдеушіге хабарланады.

20 Экспорттаушылардың мәмілелерін есепке алу журналы*

Асыл тастарды және (немесе)
өңделмеген табиғи алмастарды
сатып алуға берілген келісімшарттар
(шарттар) бойынша экспорттаушылардың
(Кеден одағына мүше мемлекеттердің
ішкі нарығында өңделмеген асыл
тастарды және (немесе) өңделмеген
табиғи алмастарды сатып алу)
мәмілелерін есепке алу туралы растауды
беру қағидаларына
қосымша
нысан
Экспорттаушылардың мәмілелерін есепке алу журналы*

р/н
Есеп­ке алу жа­з­ба­сы жа­зы­л­ған кү­ні
Ба­ға­лы та­стар­ды са­тып алу­ға ке­лі­сім­шар­ттың (шар­ттың) но­ме­рі (бар бол­са) және  кү­ні
Мәмі­ле­ге қа­ты­су­шы ту­ра­лы мә­лі­мет (заң­ды тұл­ға үшін - оның ата­уы және ор­на­лас­қан ор­ны, же­ке тұл­ға үшін - аты-жө­ні және тұ­ра­тын же­рі)
Мәмі­ле мәні­нің ата­уы
*Ескертпе: Экспорттаушылардың мәмілелерін есепке алу журналы қағаз тасымалдаушыда жүргізіледі, тігілуі және номерленуі тиіс. Соңғы бетте журнал беттерінің саны және журналдың басталған күні қойылады, олар басшының қолымен және уәкілетті органның мөрімен куәландырылады.

Қолданыстағы