Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Бурабайском районе

Ереже · № 5С-12/4 · қабылданған 20.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-70389/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Бурабайском районе Күшін жойған Ереже ·№ 5С-12/4 ·20.12.2012
03.03.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.03.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Бурабайском районе

Күшін жойған Ереже ·№ 5С-12/4 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Бурабайском районе
Атауы (қаз.)
Бурабай ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
5С-12/4
Қабылданған күні
20.12.2012
Көрсетілген редакция
03.03.2015 AI70389_8.kaz
Соңғы өзгеріс
03.03.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12BS003627
ЭКБ идентификаторы
70389
Редакция идентификаторы
AI70389_8
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:22

0 Бурабай ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына және Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 сәуірдегі № А-4/123 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне сәйкес Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қоса берілген Бурабай ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы бекітілсін.

2

2. Бурабай аудандық мәслихаттың «Бурабай ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» 2011 жылғы 21 қазандағы № С-38/3 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-212 тіркелген, 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Бурабай» және «Луч» аудандық газеттерінде жарияланған), «Бурабай аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 21 қазандағы № С-38/3 «Бурабай ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 5С-4/2 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-231 тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырдағы «Бурабай» және «Луч» аудандық газеттерінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Бурабай ауданының әкімі Ә.Ғазиз

4 Бурабай аудандық мәслихаттың

2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 5С-12/4 шешімімен
бекітілген
Бурабай ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы
Осы Бурабай ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына және Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 сәуірдегі № А-4/123 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне сәйкес әзірленген және Бурабай ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау мөлшері мен тәртібін белгілейді.

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Бурабай ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) ұсынылады:

1 1) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

2 2) тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуі бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;

3 3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге;

4 4) алынып тасталды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 15.04.2014 № 5C-29/1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2 2. Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

3

3. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

4

4. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шекті жол берілген шығыстар үлесі отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді.

5

5. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну шығындары белгіленген көлемнің нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бірдей негізде жүргізіледі. Жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр. Жалғыз тұратын азаматтар үшін жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы отыз шаршы метр, бірақ бір бөлмелі пәтердің көлемінен аз болмауға тиіс.

6 6. Электр энергиясының шығын нормасын бір адамға айына 100 (жүз) киловаттан артық емес болып белгіленеді.

7

7. Бурабай ауданында тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

8 8. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып «Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі анықталды.

2 2. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу

9 9. Тұрғын үй жәрдемақысы өтініш берілген күнге байланысты емес ағымдағы тоқсанға толық тағайындалады, ал отбасының өткен тоқсандағы табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады.

10 10. Отбасының табыстары, тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтердің төлемдерінің тарифтері өзгерген кезде «Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бұрын есептелген тұрғын үй көмегіне қайта есептеулер жүргізеді.

11

11. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылады.

12 12. Алынып тасталды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 25.09.2014 № 5C-34/1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

13 13. Алынып тасталды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 25.09.2014 № 5C-34/1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

14 14. «Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй көмегін тағайындамау туралы шешімді келесі жағдайларда шығарады:

1

1) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерi үшiн төлемдер, тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысы отбасының осы мақсаттарға белгіленген 10 % шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінен аспайтын болса;

2 2) тұрғын үй иесімен және жалдаушылармен (қосымша жалдаушыларымен) құжаттардың тізбесін толық тапсырмаса.

15

15. Ұсынылған ақпараттың сенімділігіне күдік туындаған жағдайда «Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тексеріс жүргізуге уәкілетті органдарға жүгінеді. «Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңсыз немесе жоғары тұрғын үй көмегін тағайындалуына әкелген әдейі жалған мәліметтер берілсе, заңсыз тағайындалған соманы меншік иесі (жалға алушы) өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда сот арқылы қайтарылады.

16

16. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі төлемдерін «Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырады. Тұрғын үй көмегін алуға үміткердің жеке өтінішіне сәйкес коммуналдық қызметтерге бөлінетін тұрғын үй көмегі коммуналдық қызметтер көрсетушілеріне қаражат аудару арқылы жасалады. Телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақы ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтері үшін, табысы кедейлік деңгейінен төмен аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) жергілікті жылу берілетін жеке меншік үйде тұратындарға қатты отын сатып алуға жұмсалған шығынды өтеуге төленеді, нақты пайдаланылған қызметтерден шыға отырып есептеледі және тұрғын үйді күрделі жөндеу шығындарына өтемақы өтініш берушілердің екінші деңгейлі банктердегі шоттарына аударылады.

3 3. Жергілікті жылу берілетін жеке меншік үй-жайларда тұратын табысы кедейлік деңгейінен төмен, аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) қатты отын сатып алуға жұмсалған шығындарын өтеу бойынша тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

17 17. Тұрғын үй көмегі жергілікті жылу берілетін жеке меншік үйлерде тұратын табысы кедейлік деңгейінен төмен аз қамтамасыз етілген, отбасыларына (азаматтарға) қатты отын сатып алуға жұмсалған шығынды өтеу тұрғын үй иесіне, жалға алушыларға беріледі (тұрғын үйді жалға алғандығы туралы шарты болса).

18

18. Тұрғын үй көмегі жергілікті жылу берілетін жеке меншік үйлерде тұратын табысы кедейлік деңгейінен төмен аз қамтамасыз етілген, отбасыларына (азаматтарға) қатты отын сатып алуға жұмсалған шығынды есептеу үшін, әлеуметтік тұрғын үй нормасына сәйкес отын шығыны бір шаршы метрге жүз жиырма бес килограмм мөлшерінде есепке алынады, бірақ жылына бір отбасына бес тоннадан аспау керек.
Коммуналдық қызметтерді тұтыну және аз қамтамасыз етілген табысы кедейлік деңгейінен төмен отбасыларына (азаматтарға) жергілікті жылу берілетін жеке меншік үйде тұратындарға қатты отын сатып алуға жұмсалған шығынды өтеуге төленеді, нақты пайдаланылған қызмет шығынымен отырып есептеледі, бірақ белгіленген нормалардан артық емес.

19 19. Қатты отын құнын есептеу үшін тұрғын үй көмегі есептелген алдыңғы тоқсанның соңғы айындағы (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан) жағдай бойынша аудандық ақпарат және статистика бөлімі ұсынған аудан бойынша орташа бағасы пайдаланылады.

20 20. Жергілікті жылу берілетін жеке меншік үйлерде тұратын табысы кедейлік деңгейінен төмен аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) қатты отын сатып алуға жұмсалған шығынды тағайындау мерзімі 1 қазаннан бастап 1 мамырға дейінгі мерзім есептеледі.

21

21. Жергілікті жылу берілетін жеке меншік үйлерде тұратын табысы кедейлік деңгейінен төмен аз қамтамасыз етілген, отбасыларына (азаматтарға) қатты отын сатып алуға жұмсалған шығынды өтеу үшін тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде отбасының орташа табысы өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі.

22 22. Сумен, газбен жабдықтау, қоқыс шығару бойынша шығындар өтініш берілген тоқсанның алдындағы нақты тұтынылған тоқсанға қарай төлегені жөніндегі қоса ұсынылатын түбіртектерге сәйкес орта мөлшерде белгіленеді.

4 4. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу

23

23. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық тоқсандық табысын тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді, тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстарынан «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығы негізінде есептейді.

Қолданыстағы