Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Предоставление мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты города Аксу"

Қаулы · № 824/7 · қабылданған 27.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-70439/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Предоставление мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты города Аксу" Күшін жойған Қаулы ·№ 824/7 ·27.12.2012
24.06.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Предоставление мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты города Аксу"

Күшін жойған Қаулы ·№ 824/7 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Предоставление мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты города Аксу"
Атауы (қаз.)
"Ақсу қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
824/7
Қабылданған күні
27.12.2012
Көрсетілген редакция
24.06.2013 70439_182756.kaz
Соңғы өзгеріс
24.06.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12PB003380
ЭКБ идентификаторы
70439
Редакция идентификаторы
70439_182756
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:09

0 "Ақсу қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" № 745 қаулысына сәйкес қала әкімдігі әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған "Ақсу қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің экономика және ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 "Ақсу қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

Ақсу қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 824/7 қаулысымен бекітілді
"Ақсу қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және
тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік
қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына
әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету
регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Мемлекеттiк қызметтiң атауы "Ақсу қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).

2 2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нысаны: автоматтандырылмаған.

3

3. Мемлекеттiк қызмет "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттiк қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 қаңтардағы N 51 қаулысы негiзiнде көрсетiледi (бұдан әрi - Стандарт).

4

4. Мемлекеттік қызмет "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесімен ұсынылады (бұдан әрі-уәкілетті орган), Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Астана көшесі 51 мекенжайы, (8-718-37) 5-60-83 телефоны бойынша демалыс пен мереке күндерiн қоспағанда аптасына бес күн сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн ұсынылады, электронды мекен-жайы: aksu_budjet@mail.ru.

5 5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесі көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары, немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

6

6. Мемлекеттiк қызмет ауылдық елді мекендеге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына: қалаларда және өзге де елдi мекендерде тұрып жатқан және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстеуге және тұруға тiлек бiлдiрген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандықтары бойынша жоғары және жоғарыдан кейiнгi, техникалық және кәсiптiк, ортадан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының түлектерiне, сондай-ақ көрсетілген білімі бар мамандарға (бұдан әрi – тұтынушылар) ұсынылады.

7 7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімде ұсынылады:

1 1) тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап:

күнтізбелік отыз тоғыз күн ішінде көтерме жәрдемақы төленеді;
күнтiзбелiк отыз екi күн iшiнде нысан бойынша Келiсiм жасасу рәсiмi жүзеге асырылады және Келiсiм жасалғаннан кейiн отыз жұмыс күнi iшiнде тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн бюджеттiк кредит ұсынылады;
Өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің ең жоғарғы шекті уақыты - он минуттан аспайды;
Өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті пайдаланушыға қызмет көрсетудің ең көп уақыты - отыз минуттан аспайды.

8 8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттiк қызметтiк көрсету үдерісінде iс-әрекет тәртібінің сипаттамасы

9 9. Осы мемлекеттiк қызметтi алу үшін тұтынушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін тапсыру қажет.

Мемлекеттiк қызметтi алу үшін барлық қажеттi құжаттарды тапсырғаннан кейiн тұтынушыға сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні көрсетіле отырып тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат, сұратылатын мемлекеттік қызмет түрлері берiледi.

10 10. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден Стандарттың 16-тармағында көрсетiлген жағдайда бас тартады.

11 11. Уәкілетті органының қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықты сақтау, барынша толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.

12 12. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісі кезінде мынадай құрылымдық-функционалды бірліктер (бұдан әрі - Бірлік) қатыстырылған:

1 1) уәкілетті органның маманы;

2 2) уәкілетті органның бастығы;

3 3) әлеуметтік көмек шараларын ұсыну туралы комиссия;

4 4) қала әкімінің аппараты; қала әкімі аппаратының басшысы;

5 5) сенім білдірілген өкіл (агент).

13 13. Бірліктердің әрекетінің сипаттамасы осы регламенттің 1, 2-қосымшаларында көрсетілген.

14 14. Бірліктердің іс-қимыл жолындағы логикалық сызбасы осы регламенттің 3, 4-қосымшаларында көрсетілген.

3 3. Мемлекеттiк қызметтi көрсететiн лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi

15 15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбiн бұзған лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамалары бойыншa жауапқа тартылады.

29 Көтерме жәрдемақысын ұсыну кезіндегі Бірліктердің әрекетінің сипаттамасы

"Ақсу қаласының ауылдық елді
мекендеріне жұмыс істеуге және
тұруға келген денсаулық сақтау,
білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және ветеринария
мамандарына әлеуметтік қолдау
шараларын ұсыну" мемлекеттік
қызмет регламентіне
1-қосымша
Көтерме жәрдемақысын ұсыну кезіндегі
Бірліктердің әрекетінің сипаттамасы
Негізгі үдерістің (жүріс, жұмыс ағыны) әрекеттері
1
Әрекет №(жүрістің, жұмыс ағынының)
1
2
3
4
5
6
7
2
Бір­лік­тер­дің ата­уы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ма­ма­ны
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ба­стығы
Әле­умет­тік кө­мек ша­ра­ла­рын ұсы­ну ту­ра­лы ко­мис­сия
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ма­ма­ны
Қала әкімдігі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ба­стығы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ба­стығы
3
Әре­кет­тің (про­це­стің, про­це­ду­ра­ның, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Тұ­ты­ну­шы­дан қа­жет­ті құ­жат­тар­ды қа­был­дай­ды және тір­кей­ді, қол­хат бе­ре­ді
Қар­жы қа­ра­жат­та­ры­ның қа­жет­ті­лі­гін есеп­те­уді жүр­гі­зе­ді, Тұ­ты­ну­шы­мен ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар па­ке­тін ко­мис­си­я­ға жі­бе­ре­ді
Тұ­ты­ну­шы­мен ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­ды қа­рай­ды, әле­умет­тік қол­дау ша­ра­ла­рын ұсы­ну не ұсы­ну­дан бас тар­ту ту­ра­лы ше­шім қа­был­дай­ды
Әле­умет­тік қол­дау ша­ра­ла­рын ұсы­ну ту­ра­лы қа­ла әкім­ді­гі қа­улы­сы­ның жо­ба­сын дай­ын­дай­ды және ке­лі­се­ді
Әле­умет­тік қол­дау ша­ра­ла­рын ұсы­ну ту­ра­лы қа­у­лы қа­был­дай­ды
Әле­умет­тік қол­дау ша­ра­ла­рын ұсы­ну ту­ра­лы ке­лі­сім­ге қол қо­яды
Тұ­ты­ну­шы­лар­дың же­ке есеп­шот­та­ры­на кө­тер­ме­а­қы со­ма­сын ауда­ра­ды
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (мә­лі­мет­тер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-өкім­дік ше­ші­мі)
Қолхат
Құ­жат­тар па­ке­ті
Әле­умет­тік қол­дау ша­ра­ла­рын ұсы­ну не ұсы­ну­дан бас тар­ту ту­ра­лы ше­шім
Әле­умет­тік қол­дау ша­ра­сын ұсы­ну ту­ра­лы қа­ла әкім­ді­гі қа­улы­сы­ның жо­ба­сы
Әле­умет­тік қол­дау ша­ра­ла­рын ұсы­ну ту­ра­лы қа­у­лы
Әле­умет­тік қол­дау ша­ра­ла­рын ұсы­ну ту­ра­лы ке­лі­сім
Тө­лем тап­сыр­ма­сы
5
Орын­дау мер­зі­мі
30 ми­нут­тан ас­пай­ды
5 күн­тіз­бе­лік күн
10 күн­тіз­бе­лік күн
2 күн­тіз­бе­лік күн
10 күн­тіз­бе­лік күн
4 күн­тіз­бе­лік күн
7 күн­тіз­бе­лік күн
6
Келесі әрекеттің нөмірі
2
3
4
5
6
7

30 Тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит ұсыну кезіндегі бірліктердің әрекетінің сипаттамасы

"Ақсу қаласының ауылдық елді
мекендеріне жұмыс істеуге және
тұруға келген денсаулық сақтау,
білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және ветеринария
мамандарына әлеуметтік қолдау
шараларын ұсыну" мемлекеттік
қызмет регламентіне
2-қосымша
Тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит ұсыну
кезіндегі бірліктердің әрекетінің сипаттамасы
Негізгі үдерістің (жүріс, жұмыс ағыны) әрекеттері
1
Әрекет N (жүрістің, жұмыс ағынының)
1
2
3
4
5
6
7
2
Бір­лік­тер­дің ата­уы
Уәкілетті органның маманы
Уәкілетті органның бастығы
Әле­умет­тік кө­мек ша­ра­ла­рын ұсы­ну ту­ра­лы ко­мис­сия
Уәкілетті органның маманы
Қала әкімдігі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ба­стығы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ба­стығы
3
Әре­кет­тің (про­це­стің, про­це­ду­ра­ның, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Тұ­ты­ну­шы­дан қа­жет­ті құ­жат­та­ры қа­был­дай­ды, қол­хат бе­ре­ді
Қар­жы қа­ра­жат­та­ры­ның қа­жет­ті­лі­гін есеп­те­уді жүр­гі­зе­ді, тұ­ты­ну­шы­мен ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар па­ке­тін ко­мис­си­я­ға жі­бе­ре­ді
Тұ­ты­ну­шы­мен ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­ды қа­рай­ды, әле­умет­тік қол­дау ша­ра­ла­рын ұсы­ну не ұсы­ну­дан бас тар­ту ту­ра­лы ше­шім қа­был­дай­ды
Әле­умет­тік қол­дау ша­ра­ла­рын ұсы­ну ту­ра­лы қа­ла әкім­ді­гі қа­улы­сы­ның жо­ба­сын дай­ын­дай­ды және ке­лі­се­ді
Әле­умет­тік қол­дау ша­ра­ла­рын ұсы­ну ту­ра­лы қа­у­лы қа­был­дай­ды
Әле­умет­тік қол­дау ша­ра­ла­рын ұсы­ну ту­ра­лы ке­лі­сім­ге қол қо­яды
Тұр­ғын үй са­тып алу­ға не са­лу­ға бюд­жет­тік кре­дит со­ма­сын се­нім­гер­ге (агент­ке) ауда­ра­ды
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (мә­лі­мет­тер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-өкім­дік ше­ші­мі)
Қолхат
Құ­жат­тар па­ке­ті
Әле­умет­тік қол­дау ша­ра­ла­рын ұсы­ну не ұсы­ну­дан бас тар­ту ту­ра­лы ше­шім
Әле­умет­тік қол­дау ша­ра­сын ұсы­ну ту­ра­лы қа­ла әкім­ді­гі қа­улы­сы­ның жо­ба­сы
Әле­умет­тік қол­дау ша­ра­ла­рын ұсы­ну ту­ра­лы қа­у­лы
Әле­умет­тік қол­дау ша­ра­ла­рын ұсы­ну ту­ра­лы ке­лі­сім
Тө­лем тап­сыр­ма­сы
5
Орын­дау мер­зі­мі
30 минуттан аспайды
5 күн­тіз­бе­лік күн
10 күн­тіз­бе­лік күн
2 күн­тіз­бе­лік күн
5 күн­тіз­бе­лік күн
7 күн­тіз­бе­лік күн
2 күн­тіз­бе­лік күн
6
Ке­ле­сі әре­кет­тің нө­мі­рі
2
3
4
5
6
7

31 Көтермеақы жәрдемақысын ұсыну үшін Бірліктің іс-әрекеті жолының сызбасы

"Ақсу қаласының ауылдық елді
мекендеріне жұмыс істеуге және
тұруға келген денсаулық сақтау,
білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және ветеринария
мамандарына әлеуметтік қолдау
шараларын ұсыну" мемлекеттік
қызмет регламентіне
3-қосымша
Көтермеақы жәрдемақысын ұсыну үшін
Бірліктің іс-әрекеті жолының сызбасы

32 Тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит беру кезіндегі логикалық Бірліктің іс-әрекеті жолының сызбасы

"Ақсу қаласының ауылдық елді
мекендеріне жұмыс істеуге және
тұруға келген денсаулық сақтау,
білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және ветеринария
мамандарына әлеуметтік қолдау
шараларын ұсыну" мемлекеттік
қызмет регламентіне
4-қосымша
Тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік
кредит беру кезіндегі логикалық
Бірліктің іс-әрекеті жолының сызбасы

Қолданыстағы