Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента электронной государственной услуги "Выдача лицензии, переоформление, выдача дубликатов лицензии на осуществление вида деятельности по сбору (заготовке), хранению, переработке и реализации юридическими лицами лома и отходов цветных и черных металлов"

Қаулы · № 426 · қабылданған 28.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-70453/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении регламента электронной государственной услуги "Выдача лицензии, переоформление, выдача дубликатов лицензии на осуществление вида деятельности по сбору (заготовке), хранению, переработке и реализации юридическими лицами лома и отходов цветных и черных металлов" Күшін жойған Қаулы ·№ 426 ·28.12.2012
28.12.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента электронной государственной услуги "Выдача лицензии, переоформление, выдача дубликатов лицензии на осуществление вида деятельности по сбору (заготовке), хранению, переработке и реализации юридическими лицами лома и отходов цветных и черных металлов"

Күшін жойған Қаулы ·№ 426 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента электронной государственной услуги "Выдача лицензии, переоформление, выдача дубликатов лицензии на осуществление вида деятельности по сбору (заготовке), хранению, переработке и реализации юридическими лицами лома и отходов цветных и черных металлов"
Атауы (қаз.)
"Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткізуі жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
426
Қабылданған күні
28.12.2012
Көрсетілген редакция
28.12.2012 70453_159564.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12T0002682
ЭКБ идентификаторы
70453
Редакция идентификаторы
70453_159564
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:07

0 "Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткізуі жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына және Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса берілген «Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткізуі жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.А. Әбдіровке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛIСIЛДI»
Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникация министрі
____________ А. Жұмағалиев
2012 жыл 28 қаңтар

4 Атырау облысы әкімдігінің

2012 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 426 қаулысына қосымша
Атырау облысы әкімдігінің
2012 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 426 қаулысымен бекітілген
«Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» электрондық мемлекеттік қызметті көрсету регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» электрондық мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - қызмет) «Атырау облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – қызмет көрсетуші), www.e.gov.kz мекенжайы бойынша «электрондық үкіметтің» веб-порталы және www.elicense.kz мекенжайы бойынша «Е лицензиялау» веб-порталы арқылы (бұдан әрі – ЭҮП) электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда көрсетіледі.

2

2. Электрондық мемлекеттік қызмет «Өнеркәсіп және экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1130 қаулысымен бекітілген «Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.

3 3. Электрондық мемлекеттік қызметтің автоматтандырылу дәрежесі: ішінара автоматтандырылған.

4 4. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық.

5

5. Осы «Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» электрондық мемлекеттік қызметінің регламентінде (бұдан әрі – Регламент) қолданылатын түсініктер мен қысқартулар:

1 1) АЖО - автоматтандырылған жұмыс орны;

2 2) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе (бұдан әрі – АЖ);

3 3) алушы – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін заңды тұлға;

4 4) бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе – бұл нотариалдық қызметті автоматтандыруға және әділет органдары мен нотариалдық палаталардың өзара іс-қимылына арналған аппараттық-бағдарламалық кешен (бұдан әрі – БНАЖ);

5 5) бизнес-сәйкестендіру нөмірі – заңды тұлғаға (филиал мен өкілдікке) және бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – БСН);

6 6) ЗТ МДҚ – «заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры;

7 7) «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ – «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорының ақпараттық жүйесі;

8 8) құрылымдық-функционалдық бірліктер – электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын мемлекеттік органдардың мемлекеттік мекемелердің және өзге де ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі (бұдан әрі - ҚФБ);

9 9) пайдаланушы – оған қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды пайдаланатын субъект;

10 10) транзакциялық қызмет көрсету – өзара ақпарат алмасуды талап ететін соның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну жөніндегі қызмет;

11 11) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетуге қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮП);

12 12) «электрондық үкіметтің» шлюзі – электрондық қызметтер көрсетуді іске асыру шеңберінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелерін біріктіруге арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮШ);

13

13) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі – заңды тұлғалардың төлемдерін жүзеге асыру кезінде екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелері арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЭҮТШ);

14 14) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық таңбалар нышандар терімі (бұдан әрі– ЭЦҚ);

15 15) электрондық құжат – өзіндегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

16 16) электрондық мемлекеттік қызмет – ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер;

17 17) электрондық нысандағы лицензия – қағаз тасығыштағы лицензияға тең, ақпараттық технологиялар пайдаланыла отырып, рәсімделетін және берілетін электрондық құжат нысанындағы лицензия;

18 18) «электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзі – ЭҮӨШ.

2 2. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызмет көрсетуші әрекетінің тәртібі

6 6. Қызмет берушінің ЭҮП арқылы адымдық әрекеттері мен шешімдері (ЭҮП электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекет жасаудың № 1 диаграммасы) осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген:

1 1) алушы ЭҮП-ға тіркеуді өз компьютерінің интернет-браузерінде сақталған ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады (ЭҮП-ға тіркелмеген алушылар үшін жүзеге асырылады);

2 2) 1-үдеріс - алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін компьютердің интернет-браузерінде бекітуі, алушымен мемлекеттік қызметті алу үшін ЭҮП-ға парольді енгізуі (авторландыру үдерісі);

3 3) 1-шарт – тіркелген алушы туралы мәліметтердің түпнұсқалығын ЭҮП-да логин (БСН) және пароль арқылы тексеру;

4 4) 2-үдеріс – алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты ЭҮП-да авторландырудан бас тарту хабарламасының қалыптастырылуы;

5

5) 3-үдеріс – алушының осы Регламентте көрсетілген «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығаруы және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электронды түрде тіркелуі мен алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі);

6 6) 4-үдеріс – ЭҮТШ-де қызмет төлемақысын төлеу, бұдан кейін бұл ақпарат «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-не келіп түседі;

7 7) 2-шарт - «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де қызмет көрсетуге төлемақы төлену фактісін тексеру;

8 8) 5-үдеріс – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де қызмет көрсету үшін төлемақы төленбеген жағдайда сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаның қалыптастырылуы;

9 9) 6-үдеріс – алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

10 10) 3-шарт – ЭҮП-да ЭЦҚ тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;

11 11) 7-үдеріс – алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаның қалыптастырылуы;

12 12) 8-үдеріс – мемлекеттік қызмет көрсетуге сұраныстың (енгізілген деректер) толтырылған нысанын алушының ЭЦҚ арқылы куәландыруы (қол қойылуы);

13 13) 9-үдеріс - электрондық құжатты «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де (алушының сұрау салуын) тіркеу және «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де сұрау салуды өңдеу;

14 14) 4-шарт – қызмет берушінің алушының біліктілік талаптарына және лицензия беру үшін негіздемелерге сәйкестігін тексеру;

15 15) 10-үдеріс – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ алушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты сұрау салынған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаның қалыптастырылуы;

16 16) 11-үдеріс – алушының «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де қалыптасқан қызмет нәтижесін (электрондық лицензияны) алуы. Электрондық құжат қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалануымен қалыптастырылады.

7 7. Қызмет беруші арқылы әрбір адымдық әрекеттер мен шешімдер (электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекеттесудің № 2 диаграммасы) осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген:

1 1) 1-үдеріс – қызмет көрсетуші қызметкерінің қызметті көрсету үшін «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-не логин мен парольді енгізуі (авторландыру үдерісі);

2 2) 1-шарт – логин және пароль арқылы «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де қызмет берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;

3 3) 2-үдеріс – қызмет беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;

4

4) 3-үдеріс – қызмет беруші қызметкерінің осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсетуге арналған сауал нысанын экранға шығаруы және алушының деректерін, сонымен қатар алушы өкілінің сенімхатына сәйкес деректерді енгізуі (нотариалдық куәландырылған сенімхат негізінде, сенімхат өзгеше куәландырылған жағдайда сенімхат деректері толтырылмайды);

5 5) 4-үдеріс – алушы деректері туралы сұрау салуды ЭҮШ арқылы ЗТ МДҚ-ға, сонымен қатар алушы өкілінің сенімхат деректері туралы БНАЖ-ға жолдау;

6 6) 2-шарт – ЗТ МДҚ-да алушы деректерінің және БНАЖ-де сенімхат деректерінің бар болуын тексеру;

7 7) 5-үдеріс - ЗТ МДҚ-да алушы деректерінің, БНАЖ-де сенімхат деректерінің болмауына байланысты мәліметтерді алуға мүмкіндіктің жоқ екендігі туралы хабарламаны қалыптастыру;

8 8) 6-үдеріс – қызмет берушінің қызметкерімен сұраныс нысанындағы алушы ұсынған қағаз түріндегі құжаттары жөнінде белгісі бөлігін толтыру және құжаттарды сканерлеу, оларды сұраныс нысанына тіркеп, толтырылған қызмет көрсетудің сұрау салу нысанын (енгізілген деректерді) ЭЦҚ арқылы куәландыру;

9 9) 7-үдеріс – сұрау салуды «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де тіркеу және қызметті «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де өңдеу;

10 10) 3-шарт – қызмет берушінің алушының біліктілік талаптарына және лицензия беру негіздеріне сәйкестігін тексеруі;

11 11) 8-үдеріс - «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де алушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты сұрау салынған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

12 12) 9-үдеріс – алушының «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-мен қалыптасқан электрондық мемлекеттік қызмет нәтижесін (электрондық лицензияны) алуы. Электрондық құжат электрондық мемлекеттік қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырады.

8 8. Қызметке сұраныс пен жауапты толтыру нысандары «Электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталында, «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталында келтірілген.

9 9. Сұрау салуды өңделгеннен кейін алушыға сұрау салуды өңдеу нәтижелерін мынадай түрде қарау мүмкіндігі ұсынылады:

«ашу» батырмасын басқаннан кейін сұрау салу нәтижесі дисплей экранына шығарылады;
«сақтау» батырмасын басқаннан кейін сұрау салу нәтижесі алушы енгізген магниттік тасығышта Adobe Acrobat форматында сақталады.

10 10. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қажетті ақпаратты және консультацияны call орталықтың (1414) телефоны бойынша алуға болады.

3 3. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне өзара әрекеттесу тәртібінің сипаты

11 11. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын ҚФБ:

1 1) ЭҮП;

2 2) ЭПШ;

3 3) ЭПТШ;

4 4) «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ;

5 5) ЗТ МДҚ;

6 6) алушы;

7 7) қызмет көрсетуші.

12 12. Әрбір іс-әрекеттің (рәсімдердің, функциялардың, операциялардың) орындалу мерзімі көрсетілген іс-әрекеттер дәйектілігінің мәтінді-кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

13 13. Әрекеттердің олардың сипатына сәйкес қисынды кезектілігі арасындағы өзара байланысты (электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде) көрсететін диаграмма осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

14 14. Алушыларға қызмет көрсету нәтижелері осы Регламенттің 3-қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімдік көрсеткіштерімен өлшенеді.

15 15. Алушыларға көрсетілетін қызметтер үдерісіне қойылатын талаптар:

1 1) құпиялылық (ақпаратты заңсыз алудан қорғау);

2 2) біртұтастық (ақпаратты заңсыз өзгертуден қорғау);

3 3) қолжетімділік (ақпаратты және ресурстарды заңсыз ұстап қалудан қорғау);

16 16. Қызмет көрсетудегі техникалық талаптар:

1 1) Интернетке шығу;

2 2) электрондық лицензия берілетін тұлғада БСН бар болуы;

3 3) ЭҮП-де авторландыру;

4 4) алушының ЭЦҚ бар болуы;

5 5) екінші деңгейдегі банкте банктік карточкасының немесе ағымдағы шотының болуы.

85 «Заңды тұлғалардың түстi және қара

металл сынықтары мен қалдықтарын
жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта
өңдеуi және өткiзу жөніндегі қызмет
түрін жүзеге асыруға лицензия беру,
қайта рәсімдеу, лицензияның
телнұсқаларын беру» электрондық
мемлекеттік қызмет көрсету
регламентіне 1-қосымша
Әрбір іс-әрекеттің (рәсімдердің, функциялардың, операциялардың) орындалу мерзімі көрсетілген іс-әрекеттер дәйектілігінің мәтінді-кестелік сипаттамасы
1-кесте. ЭҮП арқылы ҚФБ әрекеттерінің сипатамасы
1
Әре­кет­тер № (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
2
ҚФБ атауы
Алушы
ЭҮП
Алушы
ЭҮТШ
ЭҮП
Алушы
ЭҮП
Алушы
«Е-ли­цен­зи­я­лау» МДҚ АЖ
«Е-ли­цен­зи­я­лау» МДҚ АЖ
«Е-ли­цен­зия-лау» МДҚ АЖ
3
Әре­кет­тер ата­уы (үде­рі­стің, рә­сім­дер­дің, опе­ра­ци­я­лар­дың) және олар­дың си­патта­ма­сы
ЭЦҚ тір­кеу ку­ә­лі­гін алушы ком­пью­те­рі­нің ин­тер­нет бра­у­зе­рін­де бе­кі­ту
Алушы­ның де­ректе­рін­де бұ­зу­шы­лық­тар бо­луы­на бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру
Қыз­мет­ті таң­дау және қа­жет­ті құ­жат­тар­ды элек­трон­дық түр­де тір­кеу ар­қы­лы сұ­ра­ны­стың де­ректе­рін қа­лып­та­сты­ру
Қыз­мет­тің тө­ле­мі
Төлем­нің бол­мауы­на бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­руы
Сұ­ра­ны­сты ку­әлан­ды­ру (қол қою) үшін ЭЦҚ таң­дау
Алушы­ның ЭЦҚ түп­нұс­қа­лы­лы­ғы­ның рас­тал­мауы­на бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру
ЭЦҚ ар­қы­лы сұ­ра­ны­сты ку­әлан­ды­ру (қол қою)
«Е-ли­цен­зи­я­лау» МДҚ АЖ-де элек­трон­дық құ­жа­ты өті­ні­ші (сұ­ра­ны­сты) тір­кеу және сұ­ра­ны­сты өң­деу
Алушы­ның де­ректе­рін­де бұ­зу­шы­лық­тар бо­луы­на бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру
Элек­трон­дық құ­жат (ли­цен­зи­я­ның элек­трон­дық ны­са­ны)
4
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­дық-бас­шы­лық ету ше­ші­мі)
Сұ­ра­ны­стың сәт­ті қа­лып­та­сты­ры­л­ғанды­ғы ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны көр­се­ту
Сұ­рау са­ла­тын элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ры­луы
Сұ­ра­ны­стың сәт­ті қа­лып­та­сты­ры­л­ғанды­ғы ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны көр­се­ту
Әре­кет­тің сәт­ті аяқ­тал­ғанды­ғы ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны көр­се­ту
Сұ­рау са­лы­на­тын элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру
Сұ­ра­ны­стың марш­рут­та­луы
Сұ­рау са­лы­на­тын элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ның қа­лып­та­сты­ры­луы
Сұ­ра­ны­стың марш­рут­та­луы
Өті­ніш­ке нө­мір бе­рі­ле оты­рып, сұ­ра­ны­стың тір­ке­луі
Сұ­рау са­ла­тын элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ның қа­лып­та­сты­ры­луы
Ли­цен­зи­я­ның Элек­трон­дық ны­са­ны
5
Орын­да­лу мер­зім­де­рі
10-15 сек
20 сек
1,5 мин
1,5 мин
20 сек
10-15 сек
10-15 сек
1,5 мин
1,5 мин
20 сек
15 жұ­мыс кү­ні
6
Ке­ле­сі әре­кет­тің нө­мі­рі
Егер мем­ле­кет­тік қыз­мет алушы­ның де­ректе­рін­де бұ­зу­шы­лық­тар бол­са- 2;
Егер ав­тор­лан­ды­ру сәт­ті өт­се – 3
-
4
Егер тө­лем жа­сал­ма­са- 5, егер тө­лем жа­сал­са - 6
-
Егер ЭЦҚ қа­те бол­са - 7; егер ЭЦҚ қа­те­сіз бол­са – 8
-
-
қыз­мет бе­ру­ші­нің алушы бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на және ли­цен­зия бе­ру негіз­де­ме­ле­ріне сәй­кест­і­гін тек­се­ру - 10
-
-
2-кесте. Қызмет беруші арқылы ҚФБ-ның әрекеттерінің сипаттамасы
1
Әре­кет­тер № (жұ­мыстар ба­ры­сы, ағы­ны)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
2
ҚФБ-ның атауы
Қызмет беруші
«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ
Қызмет беруші
ЗТ МДҚ
«Е-ли­цен­зи­я­лау» МДҚ АЖ
Қыз­мет бе­ру­ші
«Е-ли­цен­зи­я­лау» МДҚ АЖ
«Е-ли­цен­зи­я­лау» МДҚ АЖ
«Е-ли­цен­зи­я­лау» МДҚ АЖ
3
Әре­кет­тер­дің ата­уы (үде­рі­стің, рә­сім­дер­дің опе­ра­ци­я­лар­дың) және олар­дың си­патта­ма­сы
«Е-ли­цен­зи­я­лау» МДҚ АЖ-де ав­тор­лан­ды­ру
Қыз­мет бе­ру­ші қыз­мет­ке­рі­нің де­ректе­рін­де бұ­зу­шы­лық­тар бо­луы­на бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру
Қыз­мет бе­ру­ші қыз­мет­ке­рі­нің қыз­мет­ті таң­да­уы
Алушы жө­нін­де де­ректер­ді тек­се­ру сұ­ра­ны­сын ЗТ МДҚ-ға жол­дау
Де­ректер­де бұ­зу­шы­лық­тар­дың бо­луы­на бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру
Сұ­ра­ныс үл­гі­сін құ­жат­тар­ды тір­кей оты­рып тол­ты­ру
«Е-ли­цен­зи­я­лау» МДҚ АЖ-де элек­трон­дық құ­жат­тың тір­ке­луі және қыз­мет­тің өң­де­луі
«Е-ли­цен­зи­я­лау» МДҚ АЖ-де алушы­ның де­ректе­рін­де бұ­зу­шы­лық­тар бо­луы­на бай­ла­ны­сты сұ­рау са­ла­тын қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру
Элек­трон­дық құ­жат (элек­трон­дық ны­сан­да­ғы ли­цен­зия)
4
Аяқ­тау ны­са­ны (мә­лі­мет­тер, құ­жат, ұй­ым­дық- бас­шы­лық ету ше­ші­мі)
Сұ­ра­ны­стың сәт­ті қа­лып­та­сты­ры­л­ғанды­ғы ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны көр­се­ту
Сұ­рау са­лы­на­тын элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру
Сұ­ра­ны­стың сәт­ті қа­лып­та­сты­ры­л­ғанды­ғы ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны көр­се­ту
Сұ­ра­ны­стың марш­рут­та­луы
Сұ­рау са­лы­на­тын элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ның қа­лып­та­сты­ры­луы
Сұ­ра­ны­стың сәт­ті қа­лып­та­сты­ры­л­ғанды­ғы ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны көр­се­ту
Өті­ніш­ке нө­мір бе­рі­ле оты­рып, сұ­ра­ны­сты жүй­е­де тір­кеу
Сұ­рау са­лы­на­тын элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру
Элек­трон­дық ны­сан­да­ғы ли­цен­зия
5
Орын­да­лу мер­зім­де­рі
10-15 сек
20 сек
1,5 мин
1,5 мин
20 сек
10-15 сек
10-15 сек
20 сек
15 жұ­мыс кү­ні
6
Келесі әрекеттің нөмірі
Қыз­мет бе­ру­ші­нің қыз­мет­ке­рі­нің ло­ги­ні мен па­ро­лі мә­лі­мет­те­рі­нің түп­нұс­қа­лы­ғын «Е-ли­цен­зи­я­лау» МДҚ АЖ-де тек­се­ру - 1
-
4
Егер алушы­ның де­ректе­рін­де бұ­зу­шы­лық­тар бол­са– 5; егер ав­то­лан­ды-ру сәт­ті өт­се - 6
-
-
Егер сұ­ра­ныс бой­ын­ша де­ректер «Е-ли­цен­зи­я­лау» МДҚ АЖ-де бол­ма­са - 8, егер сұ­ра­ныс бой­ын­ша де­ректер та­был­са - 9
-
-

86 Қызмет көрсетуші арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілген жағдайдағы функционалдық өзара әрекеттің № 2 диаграммасы

«Заңды тұлғалардың түстi және қара
металл сынықтары мен қалдықтарын
жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта
өңдеуi және өткiзу жөніндегі қызмет
түрін жүзеге асыруға лицензия беру,
қайта рәсімдеу, лицензияның
телнұсқаларын беру» электрондық
мемлекеттік қызмет көрсету
регламентіне 2-қосымша
Қисынды кезектілігі арасындағы өзара байланысты (электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде) көрсететін диаграмма
ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық өзара әрекетінің № 1 диаграммасы
Қызмет көрсетуші арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілген жағдайдағы функционалдық өзара әрекеттің № 2 диаграммасы

87 «Заңды тұлғалардың түстi және қара

металл сынықтары мен қалдықтарын
жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта
өңдеуi және өткiзу жөніндегі қызмет
түрін жүзеге асыруға лицензия беру,
қайта рәсімдеу, лицензияның
телнұсқаларын беру» электрондық
мемлекеттік қызмет көрсету
регламентіне 3-қосымша
Электрондық мемлекеттік қызметтің: «сапа» және «қолжетімдік» көрсеткіштерін айқындауға арналған сауалнама нысаны
__________________________________________________________
қызметтің атауы)

1 1. Сіз электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің сапасына және нәтижесіне қанағаттандыңыз ба?

1 1) қанағаттанбадым;

2 2) ішінара қанағаттандым;

3 3) қанағаттандым.

2 2. Сіз электрондық мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттың сапасына қанағаттандыңыз ба?

1 1) қанағаттанбадым;

2 2) ішінара қанағаттандым;

3 3) қанағаттандым.

Қызметті таңдау және қажетті құжаттарды электрондық түрде тіркеу арқылы сұраныстың деректерін қалыптастыру

Қолданыстағы