Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Постановка на учет граждан, нуждающихся в жилище из государственного жилищного фонда или жилище, арендованном местным исполнительным органом в частном жилищном фонде"

Қаулы · № 834/7 · қабылданған 29.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-70470/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Постановка на учет граждан, нуждающихся в жилище из государственного жилищного фонда или жилище, арендованном местным исполнительным органом в частном жилищном фонде" Күшін жойған Қаулы ·№ 834/7 ·29.12.2012
24.06.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Постановка на учет граждан, нуждающихся в жилище из государственного жилищного фонда или жилище, арендованном местным исполнительным органом в частном жилищном фонде"

Күшін жойған Қаулы ·№ 834/7 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Постановка на учет граждан, нуждающихся в жилище из государственного жилищного фонда или жилище, арендованном местным исполнительным органом в частном жилищном фонде"
Атауы (қаз.)
"Жергілікті атқарушы органында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою" мемлекеттік қызметінің регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
834/7
Қабылданған күні
29.12.2012
Көрсетілген редакция
24.06.2013 70470_182910.kaz
Соңғы өзгеріс
24.06.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12PB003384
ЭКБ идентификаторы
70470
Редакция идентификаторы
70470_182910
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:05

0 "Жергілікті атқарушы органында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою" мемлекеттік қызметінің регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" № 745 қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Жергілікті атқарушы органында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою" мемлекеттік қызметінің регламенті бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің өндіріс жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 "Жергілікті атқарушы органында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою" мемлекеттік қызметінің регламенті

Ақсу қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 834/7 қаулысымен Бекітілді
"Жергілікті атқарушы органында мемлекеттік тұрғын үй
қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті
атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке
қою" мемлекеттік қызметінің регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. "Жергілікті атқарушы органында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою" мемлекеттік қызметтер атауы (бұдан әрі мемлекеттік қызмет).

2 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны – автоматтандырылмаған.

3

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73 және 74 баптары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 ақпандағы "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және олардың кезегі" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы" N 76 қаулысы (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.

4

4. Мемлекеттік қызметті "Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) Павлодар облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақсу қаласы филиалы (бұдан әрі - орталық) арқылы көрсетеді.
Уәкілетті орган Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Астана көшесі, 21 А мекенжайы бойынша орналасқан. Жұмыс кестесі: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі. Орталық Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Ленин көшесі, 10 мекенжайы бойынша орналасқан. Жұмыс кестесі: сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: жексенбі.

5 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі кезек нөмірін көрсетіп есепке қою туралы хабарлама немесе негізді себептерді көрсетіп есепке қоюдан бас тарту туралы жауап беру болып табылады (қағаз немесе электронды түрдегі тасымалдағышта).

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі ақпаратты тұтынушылар Ақсу қаласы әкімінің сайтынан, сондай-ақ уәкілетті орган мен орталықта орналасқан ақпараттық стендтерден ала алады.

7 7. Мемлекеттік қызметті алушы құжаттарды уәкілетті органға тапсырған кезден бастап, мемлекеттік қызмет 30 күнтізбелік күн ішінде көрсетіледі.

Құжаттарды тапсырған немесе құжаттарды алған кезде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты уәкілетті органда – 15 минуттан аспайды.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында әрекеттер (өзара әрекет жасау) тәртібінің сипаттамасы

8 8. Тұтынушының мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет Стандартының 11 тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін тапсыру қажет немесе сенімхат бойынша оның өкілі: уәкілетті органға немесе орталыққа.

9 9. Мемлекеттік қызмет тұтынушы өзі өтініш жасағанда көрсетіледі. Белгіленген құжаттарды қабылдаған жөнінде өтініш берушіге құжаттарды тапсырды деген қолхат беріледі:

1 1) құжаттарды қабылдау күні;

2 2) қоса берілген құжаттардың саны және атауы;

3 3) құжаттарды беру күні, уақытын мен орны;

4 4) өтінішті қабылдаған инспектордың тегі, аты және әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

10 10. Стандарттың 16 тармағында көрсетілген негіздерде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылуы мүмкін.

11 11. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - бірлік) жұмылдырылады:

1 1) уәкілетті органның маманы;

2 2) уәкілетті органның бастығы.

12 12. Әрбір әкімшілік әрекетті (рәсімді) орындау мерзімі көрсетілген бірліктертің әкімшілік әрекеттердің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара әрекеттестігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген.

13 13. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында әкімшілік әрекеттердің логикалық кезектілігі мен бірліктердің арасындағы өзара әрекеттестікті анықтайтын сызба осы регламенттің 2 қосымшасында көрсетілген.

14 14. Уәкілетті орган мен орталық қызметшілерінің әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану реті мемлекеттік қызмет Стандартының 5 тармағында көрсетілген.

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

15 15. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында лауазымды тұлғалар қабылдаған шешімдері мен әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте жауапты болады.

30 Әрбір бірліктің мерзімі көрсетілген әкімшілік әрекеттердің (үдерістердің) өзара қатынастары мен жүйелілігінің сипаттамасы

"Жергілікті атқарушы органында
мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын
үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан
жергілікті атқарушы орган жалдаған
тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке
қою" мемлекеттік қызметінің
регламентіне 1 қосымша
Әрбір бірліктің мерзімі көрсетілген әкімшілік
әрекеттердің (үдерістердің) өзара қатынастары
мен жүйелілігінің сипаттамасы
Негізгі үдеріс (барысының, жұмыс ағының) іс-әрекеті
N
Іс-әре­кет (ба­ры­сы­ның, жұ­мыс ағы­ны­ның) N
1
2
3
4
5
1
Бірліктердің атауы
Орталық инспекторы
Уәкілетті орган маманы
Уәкілетті орган бастығы
Уәкілетті орган маманы
Орталық инспекторы
2
Іс-әре­кет­тің (үде­рі­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Түскен құжаттарды қабылдайды және тексереді, журналға тіркейді, қолхат береді
Есепке қою немесе бас тарту туралы хаттың жобасын әзірлейді
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­ды қа­рай­ды, есеп­ке қою неме­се бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ға қол қо­яды
Есепке қою немесе бас тарту туралы орталық инспекторына хабарлама жібереді
Ха­бар­ла­ма неме­се бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап бе­ре­ді
3
Аяқ­та­лу ны­са­ны (мә­лі­мет, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-өкім­дік ше­шім)
Қолхат
Құжаттар
Есеп­ке қою неме­се бас тар­ту ту­ра­лы жа­з­ба­ша жа­у­ап­тың жо­ба­сы
Ха­бар­ла­ма неме­се бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап
Ха­бар­ла­ма неме­се бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап
4
Орындау мерзімдері
15 минуттан аспау
10 күн
9 күн
9 күн
15 минуттан аспау

31 Мемлекеттік қызмет көрсету және бірліктер үрдісіндегі әкімшілік әрекеттердің логикалық тізбегі арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба

"Жергілікті атқарушы органында
мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын
үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан
жергілікті атқарушы орган жалдаған
тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке
қою" мемлекеттік қызметінің
регламентіне 2 қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету және бірліктер
үрдісіндегі әкімшілік әрекеттердің логикалық тізбегі
арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба

Қолданыстағы