Кіру
Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах лицензирования деятельности по осуществлению археологических и (или) научно-реставрационных работ на памятниках истории и культуры

Қаулы · № 1641 · қабылданған 20.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-70511/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
О некоторых вопросах лицензирования деятельности по осуществлению археологических и (или) научно-реставрационных работ на памятниках истории и культуры Күшін жойған Қаулы ·№ 1641 ·20.12.2012
07.08.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах лицензирования деятельности по осуществлению археологических и (или) научно-реставрационных работ на памятниках истории и культуры

Күшін жойған Қаулы ·№ 1641 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах лицензирования деятельности по осуществлению археологических и (или) научно-реставрационных работ на памятниках истории и культуры
Атауы (қаз.)
Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1641
Қабылданған күні
20.12.2012
Көрсетілген редакция
07.08.2015 AI70511_2.kaz
Соңғы өзгеріс
07.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001641
ЭКБ идентификаторы
70511
Редакция идентификаторы
AI70511_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:21

0 Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 7) тармақшасына және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын және олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.

2. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;

2) облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органдары тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыруға арналған лицензия беру жөнінде келiсім беруші органдар болып айқындалсын.

3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1641 қаулысымен
бекітілген
Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі
Р/с №
Бі­лік­ті­лік та­лап­та­рын­да мы­на­лар бо­луы ти­іс:
Құ­жат­тар тіз­бе­сі
Ес­керт­пе
1
2
3
4
Та­рих және мә­де­ни­ет ес­керт­кіш­те­рін­де ар­хео­ло­ги­я­лық жұ­мыстар­ды жү­зе­ге асы­ру жө­нін­де­гі ли­цен­зи­я­ны алу үшін
1.
1) жо­ға­ры бі­лі­мі («ар­хео­ло­гия және эт­но­ло­гия», «та­рих») және ар­хео­ло­гия са­ла­сын­да үш жыл­дан кем емес ти­іс­ті жұ­мыс өті­лі бар, өті­ніш бе­ру­ші­де негіз­гі қыз­мет­кер бо­лып та­бы­ла­тын ғы­лы­ми же­тек­ші­лер – заң­ды тұ­лға­лар үшін;
2) өті­ніш бе­ру­ші­нің жо­ға­ры бі­лі­мі («ар­хео­ло­гия және эт­но­ло­гия», «та­рих») және ар­хео­ло­гия са­ла­сын­да үш жыл­дан кем емес ти­іс­ті жұ­мыс өті­лі – же­ке тұ­лға­лар үшін
1) ма­манды­ғы және бі­лік­ті­лі­гі, ди­плом­ның нө­мі­рі және бе­рі­л­ген кү­ні, оқу ор­ны­ның ата­уы көр­се­ті­л­ген ақ­па­ра­ты бар мә­лі­мет­тер ны­са­ны (осы бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на қо­сым­ша­ға сәй­кес);
2) ар­хео­ло­гия жұ­мыста­ры са­ла­сын­да­ғы жұ­мыс өті­лін рас­тай­тын ақ­па­ра­ты бар (жұ­мыс ор­ны, ла­у­а­зы­мы, жұ­мысқа қа­был­дау және жұ­мыстан боса­ту ту­ра­лы бұй­рық­тың нө­мі­рі және кү­ні және (неме­се) же­ке ең­бек шар­ты­ның нө­мі­рі және кү­ні) мә­лі­мет­тер ны­са­ны (осы бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на қо­сым­ша­ға сәй­кес)
2.
та­рих және мә­де­ни­ет ес­керт­кіш­те­рін­де ар­хео­ло­ги­я­лық жұ­мыстар­ды жү­зе­ге асы­ру жө­нін­де­гі ма­ман­дан­ды­ры­л­ған жаб­дық­тар
мы­на­лар:
1) ма­ман­дан­ды­ры­л­ған жаб­дық­тар­дың тіз­бе­сі;
2) жаб­дық­қа мен­шік құқы­ғы ту­ра­лы ақ­па­рат көр­се­ті­л­ген мә­лі­мет­тер ны­са­ны (осы бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на қо­сым­ша­ға сәй­кес)
3.
та­рих және мә­де­ни­ет ес­керт­кіш­те­рін­де ар­хео­ло­ги­я­лық жұ­мыстар­ды жү­зе­ге асы­ру құқы­ғы­на ар­хео­ло­гия са­ла­сын­да­ғы ғы­лы­ми ұй­ым­ның ұсы­ным­да­ры
ғы­лы­ми ұй­ым­ның ұсы­ным ха­ты
Та­рих және мә­де­ни­ет ес­керт­кіш­те­рін­де ғы­лы­ми-ре­став­ра­ци­я­лау жұ­мыста­рын жү­зе­ге асы­ру­ға ли­цен­зия алу үшін
4.
1) өті­ніш бе­ру­ші­нің жо­ға­ры неме­се ар­найы ор­та бі­лі­мі («сәу­лет», «ре­став­ра­ци­я­лау») және ғы­лы­ми-ре­став­ра­ци­я­лау са­ла­сын­да үш жыл­дан кем емес ти­іс­ті жұ­мыс өті­лі бар, өті­ніш бе­ру­ші­де негіз­гі қыз­мет­кер бо­лып та­бы­ла­тын ғы­лы­ми же­тек­ші­лер – заң­ды тұ­лға­лар үшін;
2) жо­ға­ры неме­се ар­найы ор­та бі­лі­мі (сәу­лет, ре­став­ра­ци­я­лау) және ғы­лы­ми-қал­пы­на кел­ті­ру са­ла­сын­да үш жыл­дан кем емес ти­іс­ті жұ­мыс өті­лі – же­ке тұ­лға­лар үшін
1) ма­манды­ғы және бі­лік­ті­лі­гі, ди­плом­ның нө­мі­рі және бе­рі­л­ген кү­ні, оқу ор­ны­ның ата­уы көр­се­ті­л­ген ақ­па­ра­ты бар мә­лі­мет­тер ны­са­ны (қо­сым­ша­ға сәй­кес);
2) ғы­лы­ми-ре­став­ра­ци­я­лау жұ­мыста­ры са­ла­сын­да­ғы жұ­мыс өті­лін рас­тай­тын ақ­па­ра­ты бар (жұ­мыс ор­ны, ла­у­а­зы­мы, жұ­мысқа қа­был­дау және жұ­мыстан боса­ту ту­ра­лы бұй­рық­тың нө­мі­рі және кү­ні және (неме­се) же­ке ең­бек шар­ты­ның нө­мі­рі және кү­ні) мә­лі­мет­тер ны­са­ны (осы бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на қо­сым­ша­ға сәй­кес)
5.
та­рих пен мә­де­ни­ет ес­керт­кіш­те­рін­де ғы­лы­ми-қал­пы­на кел­ті­ру жұ­мыста­рын жү­зе­ге асы­ру жө­нін­де­гі осы бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на қо­сым­ша­ға сәй­кес жаб­дық­тар
мы­на­лар:
1) осы бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на қо­сым­ша­ға сәй­кес жаб­дық­тар­дың тіз­бе­сі;
2) жаб­дық­қа мен­шік құқы­ғы ту­ра­лы ақ­па­рат көр­се­ті­л­ген мә­лі­мет­тер ны­са­ны (осы бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на қо­сым­ша­ға сәй­кес)

1 Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары бойынша мәліметтер нысаны

Тарих және мәдениет
ескерткіштерінде археологиялық және
(немесе) ғылыми-реставрациялау
жұмыстарын жүзеге асыру үшін
қойылатын біліктілік талаптары және
олардың сәйкестігін растайтын
құжаттардың тізбесіне қосымша
Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары бойынша мәліметтер нысаны
1. Ғылыми жетекші:
1) мамандығының және біліктілігінің атауы ____________________;
дипломның нөмірі _____________________________________________;
дипломның берілген күні ______________________________________;
дипломды берген оқу орнының атауы ____________________________.
2) археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау саласындағы
жұмыс өтілі ____________________________________________;
жұмыс орны ___________________________________________________;
атқаратын лауазымы ___________________________________________;
жұмысқа қабылдануы туралы бұйрықтың немесе жеке еңбек шартының
нөмірі және күні _____________________________________________;
жұмыстан босату туралы бұйрықтың нөмірі және күні ____________.
2. Мамандандырылған жабдықтар:
1) мамандандырылған жабдықтардың тізбесі _____________________;
2) мамандандырылған жабдықтарды сатып алу/сату/жалдау шартының
нөмірі _______________________________________________________;
жасалған күні ________________________________________________;
шарт жасалған тұлға (заңды және (немесе) жеке тұлғаның атауы)_
______________________________________________________________.

2 Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1641 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

1. «Тарих пен мәдениет ескерткiштерiне археологиялық және (немесе) ғылыми-қалпына келтiру жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 маусымдағы № 495 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 221-құжат).

2. «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы № 610 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 316-құжат).

3. «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 252 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 10-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 198-құжат).

4. «Тарих пен мәдениет ескерткіштеріне археологиялық және (немесе) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 маусымдағы № 495 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 1385 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 3, 72-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

Қолданыстағы