Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Регистрация приема и выхода из гражданства Республики Казахстан"

Бұйрық · № 658 · қабылданған 12.11.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-70516/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Регистрация приема и выхода из гражданства Республики Казахстан" Күшін жойған Бұйрық ·№ 658 ·12.11.2012
11.03.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Регистрация приема и выхода из гражданства Республики Казахстан"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 658 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Регистрация приема и выхода из гражданства Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тіркеу" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
658
Қабылданған күні
12.11.2012
Көрсетілген редакция
11.03.2014 AI70516_2.kaz
Соңғы өзгеріс
11.03.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008220
ЭКБ идентификаторы
70516
Редакция идентификаторы
AI70516_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:54

0 "Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тіркеу" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты ресми жариялауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Қ.С. Тыныбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитетіне (П.К. Нокин) жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 «Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тіркеу» мемлекеттік қызмет РЕГЛАМЕНТІ

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2012 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 658 бұйрығымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тіркеу» мемлекеттік қызмет РЕГЛАМЕНТІ

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2106 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді.

2 2. Осы Регламентте мынадай ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті (ІІМ КҚПК) - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) функцияларына халықтың көші-қоны мәселелері кіретін бөлінісі;
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) - азаматтыққа және саяси пана берумен байланысты мәселелер бойынша материалдарды қарауды жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады;
құрылымдық-функциялық бірліктер (ҚФБ) – мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын уәкілетті органдардың жауапты адамдары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөліністері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе кіші жүйелер;
азаматтыққа қабылдаудың оңайлатылған тәртібі – халықаралық келісімдерде көзделген Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау тәртібі.

3 3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон полициясы бөліністері (бұдан әрі – көші-қон полициясы бөліністері) көрсетеді.

4 4. Мемлекеттік қызмет Стандарттың 6-тармағында көрсетілген адамдарға көрсетіледі.

5 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

6 6. Мемлекеттік қызмет:

1 1) «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының;

2 2) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығының;

3 3) Стандарттың негізінде көрсетіледі.

7 7. Тұтынушыға Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау не Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы анықтама (қағаз тасымалдағышта) беру не болмаса қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәйекті жауап мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі болып табылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар

8 8. Мемлекеттік қызметті көші-қон полициясы бөліністері тұтынушының тұрақты тұрғылықты жері бойынша көрсетеді.

9 9. Мемлекеттік қызмет аптасына бес жұмыс күні 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сондай-ақ сенбі күні сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін көрсетіледі. Қабылдау кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

10

10. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері ІІМ-нің: www.mvd.kz интернет-ресурсында «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде және облыстар, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі – ІІД) интернет ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон полициясы бөліністерінің ғимараттарында орналасқан стенділерде орналастырылады.

11 11. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.

12 12. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағында белгіленген.

13 13. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту үшін негіздемелер Стандарттың 16-тармағында көзделген.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекеттердің (өзара іс-қимыл жасасу) сипаттамасы

14 14. Көші-қон полициясы бөліністерінде құжаттарды қабылдау «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, онда көші-қон полициясы инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.

Құжаттарды көші-қон полициясы бөлінісіне тапсырғаннан кейін тұтынушыға стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мыналарды:
құжаттардың нөмірін және қабылдау күнін;
сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрін;
құжаттарды беру күнін, уақытын және орнын; құжаттарды
қабылдаған көші-қон полициясы қызметкерінің тегін, аты, әкесінің атын көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы талон беріледі.

15 15. Ақпараттық қауіпсіздікке талаптар жоқ.

16 16. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне мынадай ҚФБ:

1 1) ішкі істер органдарының қалалық, аудандық (қаладағы), кенттік көші-қон полициясы бөлімінің (бөлімше, топ) қызметкері;

2 2) ІІД Көші-қон полициясы басқармасының қызметкері;

3 3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы департаменттері;

4 4) ІІД-нің бастығы, ІІД бастығының орынбасары;

5 5) ІІМ КҚПК Азаматтық және иммиграция басқармасы;

6 6) Комиссия тартылады.

17 17. Әрбір әкімшілік іс-қимылды (рәсімді) орындау мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекетінің (рәсімінің) дәйектілігі мен өзара іс-қимыл жасасуының мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.

18 18. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекеттің қисынды дәйектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара іс-қимыл жасасу сызбасы осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.

1 Әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) дәйектілігі мен өзара іс-қимыл жасасу сипаттамасы

«Қазақстан Республикасының
азаматтығын қабылдауды және
одан шығуды тіркеу» мемлекеттік
қызмет регламентіне
1-қосымша
Әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) дәйектілігі мен өзара іс-қимыл жасасу сипаттамасы
1-нұсқа. «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау (азаматтықты оңайлатылған тәртіппен қабылдайтын Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы азаматтарын қоспағанда) және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу мәселелерін қарау процессі Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады».
1-кесте
Негіз­гі про­це­стің іс-әре­ке­ті (ба­ры­сы, жұ­мыс ағы­ны)
1
Іс-әре­кет­тің (ба­ры­сы­ның, жұ­мыс ағы­ны­ның) №
1
2
3
4
5
6
2
ҚФБ ата­уы
ҚА­І­ІО
ҚА­І­ІО
КҚПБ
ҰҚКД
ҚСА­Е­АЖК
КҚПБ
3
Іс-әре­кет­тің (про­це­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және оның си­патта­ма­сы
Өті­ніш бе­ру­ші­нің құ­жат­тар топ­та­ма­сын қа­был­дау және тек­се­ру
Іс­ті қа­лып­та­сты­ру және оны КҚПБ-ге жол­дау
Іс ма­те­ри­ал­да­рын тек­се­ру, ҰҚКД-ға және ҚСА­Е­АЖК-ға сұ­рау са­лу жі­бе­ру
Ар­найы есеп­тер бой­ын­ша өті­ніш бе­ру­ші­ні тек­се­ру
Ар­найы есеп­тер бой­ын­ша өті­ніш бе­ру­ші­ні тек­се­ру
Ма­те­ри­ал­дар­ды қа­лып­та­сты­ру және оны ККПБ-ге жол­дау
4
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-өкім­дік ше­шім)
Жур­нал­ға тір­кеу және алу ту­ра­лы анық­та­ма бе­ру
Іле­с­пе хат
Сұ­рау са­лу­ды жі­бе­ру
КҚПБ-ға жа­у­ап
КҚПБ-ға жа­у­ап
Іле­с­пе хат
5
Орын­дау мер­зі­мі
10 ми­нут
15 күн
15 күн
30 күн
30 күн
30 күн
6
Ке­ле­сі іс-әре­кет­тің нө­мі­рі
2
3
4,5
6
6
7
кестенің жалғасы
Негіз­гі про­це­стің іс-әре­ке­ті (ба­ры­сы, жұ­мыс ағы­ны)
7
8
9
10
11
12
КҚПК
ПӘ
КҚПК
КҚПБ
ҚА­І­ІО
ҚА­І­ІО
Ма­те­ри­ал­дар­ды тек­се­ру, іс бой­ын­ша қо­ры­тын­ды шы­ға­ру, іс­ті ПӘ-ге жі­бе­ру
Өті­ніш­ті қа­рау, Пре­зи­дент Жар­лы­ғы­ның жо­ба­сын дай­ын­дау
Іс­ті және Пре­зи­дент Жар­лы­ғы­ның кө­шір­ме­сін КҚПБ-ға жі­бе­ру
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығ­ын қа­был­дау неме­се одан шы­ғу ту­ра­лы анық­та­ма ре­сім­деу, іс­пен бір­ге анық­та­ма­ны ҚА­ІІБ-ға жі­бе­ру
Аза­мат­тар­ға өті­ніш­ті қа­рау нәти­же­сі ту­ра­лы ха­бар­лау
Бір уа­қыт­та ұлт­тық пас­пор­тын, аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гін (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның же­ке ку­ә­лі­гін және пас­пор­тын) алып Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығ­ын қа­был­дау ту­ра­лы неме­се аза­мат­тығ­ы­нан шы­ғу ту­ра­лы анық­та­ма­ны өті­ніш біл­ді­ру­ші­ге бе­ру
Іле­с­пе хат
Пре­зи­дент Жар­лы­ғы
Іле­с­пе хат
Іле­с­пе хат
Өті­ніш бе­ру­ші­нің ха­бар­ла­ма­сы
30 күн
30 күн
10 күн
10 күн
10 күн
10 ми­нут
8
13
10
11
12
2-нұсқа азаматтықты оңайлатылған тәртіппен қабылдайтын Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы азаматтарын және этникалық қазақтарды Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау мәселелерін қарау процессі
2-кесте
Негіз­гі про­це­стің іс-әре­ке­ті (ба­ры­сы, жұ­мыс ағы­ны)
1
Іс-әре­кет­тің (ба­ры­сы­ның, жұ­мыс ағын­ның) №
1
2
3
4
5
2
ҚФБ ата­уы
ҚА­ІІБ
ҚА­ІІБ
КҚПБ
ҰҚКД
ҚСА­Е­АЖК
3
Іс-әре­кет­тің (про­це­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және оның си­патта­ма­сы
Өті­ніш бе­ру­ші­нің құ­жат­тар топ­та­ма­сын қа­был­дау және тек­се­ру
Іс­ті қа­лып­та­сты­ру және оны КҚПБ-ге жол­дау
Іс ма­те­ри­ал­да­рын тек­се­ру, ҰҚКД-ға және ҚСА­Е­АЖК-ға сұ­ра­ныс жі­бе­ру
Ар­найы есеп­тер бой­ын­ша өті­ніш бе­ру­ші­ні тек­се­ру
Ар­найы есеп­тер бой­ын­ша өті­ніш бе­ру­ші­ні тек­се­ру
4
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-өкім­дік ше­шім)
Жур­нал­ға тір­кеу және алу ту­ра­лы та­лон бе­ру
Іле­с­пе хат
Сұ­рау са­лу­ды жі­бе­ру
КҚПБ-ға жа­у­ап
КҚПБ-ға жа­у­ап
5
Орын­дау мер­зі­мі
10 ми­нут
3 күн
3 күн
30 күн
15 күн
6
Ке­ле­сі іс-әре­кет­тің нө­мі­рі
2
3
4,5
6
6
кестенің жалғасы
Негіз­гі про­це­стің іс-әре­ке­ті (ба­ры­сы, жұ­мыс ағы­ны)
6
7
8
9
10
КҚПБ
ІІД бас­шы­лы­ғы
КҚПБ
ҚА­ІІБ
ҚА­ІІБ
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығ­ын қа­был­дау және одан шы­ғу ту­ра­лы дәлел­ді қо­ры­тын­ды шы­ға­ру, ІІБ бас­шы­лы­ғы­на жі­бе­ру
Іс ма­те­ри­ал­да­рын тек­се­ру, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығ­ын қа­был­дау және одан шы­ғу ту­ра­лы қо­ры­тын­ды­ны бе­кі­ту
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығ­ын қа­был­дау және одан шы­ғу ту­ра­лы іс­ті ҚА­ІІБ-ға жі­бе­ру
Өті­ніш біл­ді­ру­ші­ге шы­ға­ры­л­ған қо­ры­тын­ды­ның нәти­же­ле­рі ту­ра­лы ха­бар­лау. Те­ріс ше­шім қа­был­дан­ған жағ­дай­да өті­ніш біл­ді­ру­ші­ге жа­з­ба­ша дәлел­ді бас тар­ту жі­бе­ру
Бір уа­қыт­та оның ұлт­тық пас­пор­тын алу мен Қа­зақ­стан­ның аза­мат­тығ­ын қа­был­дау ту­ра­лы неме­се аза­мат­тығ­ы­нан шы­ғу ту­ра­лы анық­та­ма­ны өті­ніш біл­ді­ру­ші­ге бе­ру
Дәлел­ді қо­ры­тын­ды
Бе­кі­ті­л­ген қо­ры­тын­ды
Іле­с­пе хат
Өті­ніш біл­ді­ру­ші­ге ха­бар­лау
7 күн
10 күн
2 күн
3 күн
10 ми­нут
7
8
9
10
1-нұсқа. «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау (азаматтықты оңайлатылған тәртіппен қабылдайтын Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы азаматтарын қоспағанда) және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу мәселелерін қарау процессі».
3-кесте.
Негізгі процесс – азаматтықты қабылдау немесе азаматтықтан шығу мәселелері бойынша оң шешім қабылдау
Негіз­гі про­цесс (ба­ры­сы, жұ­мыс ағы­ны)
Қа­ла­лық, аудан­дық ІІБ
КҚПБ
1. Өті­ніш бе­ру­ші­нің құ­жат­тар топ­та­ма­сын қа­был­дау және тек­се­ру
3. Іс­тің ма­те­ри­ал­да­рын тек­се­ру, ҰҚКД-ге, ҚСА­Е­АЖК-ге сұ­рау са­лу­лар­ды жі­бе­ру
2. Іс­ті қа­лып­та­сты­ру және оны КҚПБ-ға жол­дау
6. Ма­те­ри­ал­дар­ды қа­лып­та­сты­ру, іс­ті КҚПК-ге жол­дау
11. Өті­ніш бе­ру­ші­ге шы­ға­ры­л­ған қо­ры­тын­ды нәти­же­ле­рі ту­ра­лы ха­бар­лау
10. Қа­зақ­стан­ның аза­мат­тығ­ын қа­был­дау неме­се аза­мат­тық­тан шы­ғу ту­ра­лы анық­та­ма­ны ре­сім­деу және оны іс­пен бір­ге ҚА­ІІБ-ге жол­дау
Бір уа­қыт­та оның ұлт­тық пас­пор­тын, аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гін алып (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның же­ке ку­ә­лі­гін және пас­пор­тын). Қа­зақ­стан­ның аза­мат­тығ­ын қа­был­дау ту­ра­лы неме­се аза­мат­тығ­ы­нан шы­ғу ту­ра­лы анық­та­ма­ны өті­ніш бе­ру­ші­ге бе­ру.
ҰҚКД
ҚСА­Е­АЖК
4. Өті­ніш бе­ру­ші­ні ар­найы есеп бой­ын­ша тек­се­ру
5. Өті­ніш бе­ру­ші­ні ар­найы есеп бой­ын­ша тек­се­ру
КҚПК
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ПӘ
7. Ма­те­ри­ал­дар­ды тек­се­ру, іс бой­ын­ша қо­ры­тын­ды шы­ға­ру, ПӘ-ге іс­тер­ді жол­дау
8. Өті­ніш­ті қа­рау, Пре­зи­дент Жар­лы­ғы­ның жо­ба­сын дай­ын­дау
9. Іс­тер­ді және Пре­зи­дент Жар­лы­ғы­ның кө­шір­ме­сін КҚПБ-ға жол­дау
2-нұсқа азаматтықты оңайлатылған тәртіппен қабылдайтын Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы азаматтарын және этникалық қазақтарды Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау мәселелерін қарау процесі
4-кесте.
Негізгі процесс – азаматтықты оңайлатылған тәртіппен қабылдау мәселесі бойынша оң шешім қабылдау
Негіз­гі про­цесс (ба­ры­сы, жұ­мыс ағы­ны)
ҚА­ІІБ
КҚПБ
ІІД бас­шы­лы­ғы
1. Өті­ніш бе­ру­ші­нің құ­жат­тар топ­та­ма­сын қа­был­дау және оны тек­се­ру
3. Іс­тің ма­те­ри­ал­да­рын тек­се­ру, ҰҚКД-ге және ҚСА­Е­АЖК-ге сұ­рау са­лу­лар­ды жол­дау
7. Іс­тің ма­те­ри­ал­да­рын тек­се­ру, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығ­ы­на қа­был­дау ту­ра­лы қо­ры­тын­ды­ны бе­кі­ту
2. Іс­ті қа­лып­та­сты­ру және оны КҚПБ-ға жол­дау
6. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығ­ын қа­был­дау ту­ра­лы дәлел­ді қо­ры­тын­ды шы­ға­ру, оны ІІД бас­шы­лы­ғы­на жол­дау
9. Өті­ніш бе­ру­ші­ге шы­ға­ры­л­ған қо­ры­тын­ды­ның нәти­же­ле­рі ту­ра­лы ха­бар­лау
8. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығ­ын қа­был­дау ту­ра­лы іс­ті ҚА­ІІБ-ге жол­дау
10. Бір уа­қыт­та оның ұлт­тық пас­пор­тын алып, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығ­ын қа­был­дау ту­ра­лы неме­се аза­мат­тығ­ы­нан шы­ғу ту­ра­лы анық­та­ма­ны Өті­ніш бе­ру­ші­ге бе­ру.
Негіз­гі про­цесс (ба­ры­сы, жұ­мыс ағы­ны)
ҰҚКД
ҚСА­Е­АЖК
4. Өті­ніш бе­ру­ші­ні ар­найы есеп бой­ын­ша тек­се­ру
5. Өті­ніш бе­ру­ші­ні ар­найы есеп бой­ын­ша тек­се­ру
5-кесте.
Баламалы процесс – Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы теріс шешім қабылдау
Ба­ла­ма­лы про­цесс (ба­ры­сы, жұ­мыс ағы­ны)
ҚА­ІІБ
КҚПБ
ІІД бас­шы­лы­ғы
1. Өті­ніш бе­ру­ші­нің құ­жат­тар топ­та­ма­сын қа­был­дау және оны тек­се­ру
3. Іс­тің ма­те­ри­ал­да­рын тек­се­ру, ҰҚКД-ге және ҚСА­Е­АЖК-ге сұ­рау са­лу­лар жол­дау
7. Іс­тің ма­те­ри­ал­да­рын тек­се­ру, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығ­ы­на қа­был­да­удан бас тар­ту ту­ра­лы те­ріс қо­ры­тын­ды­ны бе­кі­ту
2. Іс­ті қа­лып­та­сты­ру және оны КҚПБ-ға жол­дау
6. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығ­ы­на қа­был­дау ту­ра­лы те­ріс қо­ры­тын­ды шы­ға­ру, ІІД бас­шы­лы­ғы­на жол­дау
9. Өті­ніш біл­ді­ру­ші­ге шы­ға­ры­л­ған қо­ры­тын­ды нәти­же­ле­рі ту­ра­лы ха­бар­лау
8. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығ­ын қа­был­дау ту­ра­лы іс­ті ҚА­ІІБ-ге жол­дау
10. Өті­ніш бе­ру­ші­ге бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­з­ба­ша жа­у­ап жі­бе­ру
Негіз­гі про­цесс (ба­ры­сы, жұ­мыс ағы­ны)
ҰҚКД
ҰҚКД
4. Өті­ніш бе­ру­ші­ні ар­найы есеп бой­ын­ша тек­се­ру
5. Өті­ніш бе­ру­ші­ні ар­найы есеп бой­ын­ша тек­се­ру

2 Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік іс-қимылдардың қисынды дәйектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара іс-қимыл СЫЗБАСЫ

«Қазақстан Республикасының
азаматтығын қабылдауды және
одан шығуды тіркеу» мемлекеттік
қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік іс-қимылдардың қисынды дәйектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара іс-қимыл СЫЗБАСЫ
Қосымшада мынадай аббревиатуралар қолданылады:
ПӘ - Президент Әкімшілігі;
КҚПБ – Көші-қон полициясы басқармасы;
КҚПК – Көші-қон полициясы комитеті;
МАБ – мекенжай-анықтама бюросы;
ҚАІІО – қалалық (аудандық) ішкі істер органы;
ҚСжАЕАК – Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет;
ҰҚКД – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Департаменті;
ІІД – Ішкі істер департаменті;
ІІМ – Ішкі істер министрлігі.

Қолданыстағы