Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента электронной государственной услуги "Выдача лицензии, переоформление, выдача дубликатов лицензии на право занятия деятельностью по перевозке пассажиров"

Бұйрық · № 907 · қабылданған 24.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-70519/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении регламента электронной государственной услуги "Выдача лицензии, переоформление, выдача дубликатов лицензии на право занятия деятельностью по перевозке пассажиров" Күшін жойған Бұйрық ·№ 907 ·24.12.2012
05.02.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.02.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента электронной государственной услуги "Выдача лицензии, переоформление, выдача дубликатов лицензии на право занятия деятельностью по перевозке пассажиров"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 907 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента электронной государственной услуги "Выдача лицензии, переоформление, выдача дубликатов лицензии на право занятия деятельностью по перевозке пассажиров"
Атауы (қаз.)
"Жолаушыларды тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
907
Қабылданған күні
24.12.2012
Көрсетілген редакция
05.02.2015 AI70519_2.kaz
Соңғы өзгеріс
05.02.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008270
ЭКБ идентификаторы
70519
Редакция идентификаторы
AI70519_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:13

0 "Жолаушыларды тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабына сәйкес, сонымен қатар «Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентіне және «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берiлiп отырған «Жолаушыларды тасымалдау қызметiмен айналысу құқығына лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттiк қызмет регламенті бекiтілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Б.Ш. Әбішев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және оның МОИП-да орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 «Жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызметтің регламенті

Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация
министрінің
2012 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 907 бұйрығымен бекітілген
«Жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызметтің регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – қызмет) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – қызмет беруші) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы (бұдан әрі - Орталық), сондай-ақ www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - ЭҮП) көрсетеді.

2

2. Қызмет «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысымен бекітілген «Жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.

3 3. Қызметті автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған.

4 4. Қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық.

5 5. Осы Регламентте пайдаланылатын ұғымдар:

1 1) ақпараттық жүйе (бұдан әрі – АЖ) - аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, тапсыру және беру үшін арналған жүйе;

2 2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - ЭҮП - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтерге қолжетімділіктің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе);

3

3) «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ) – берілген, қайта ресімделген, тоқтатылған, қайта жаңартылған және қолданылуын тоқтатқан лицензиялар, сондай-ақ лицензиар беретін лицензиялардың сәйкестендіру нөмірін орталықтандырып қалыптастыратын лицензия қызмет түрін (кіші түрін) жүзеге асыратын лицензиаттың филиалдары, өкілдіктері (объектілері, пункттері, учаскелері) туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе;

4 4) «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) – электрондық қызметтерді іске асыру аясында «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелерін ықпалдастыруға арналған ақпараттық жүйе;

5

5) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – екінші деңгейдегі банктердің, банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және «электрондық үкіметтің» жеке және заңды тұлғалардың төлемдерді жүзеге асыруы кезінде ақпараттық жүйелерінің арасында өзара іс-әрекет жасауды қамтамасыз етуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;

6

6) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры (бұдан әрі – ЖТ МДБ) – Қазақстан Республикасында жеке тұлғаларды бірыңғай сәйкестендіруді енгізу және олар туралы өзекті және дұрыс мәліметтерді мемлекеттік басқару органдарына және басқа да субъектілерге олардың өкілеттіктерінің шеңберінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсыну мақсатында ақпаратты автоматтандырып жинауға, сақтауға және өңдеуге, Ұлттық жеке сәйкестендіру нөмірлері тізілімін құруға арналған ақпараттық жүйе;

7

7) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры (бұдан әрі – ЗТ МДБ) – Қазақстан Республикасында заңды тұлғаларды бірыңғай сәйкестендіруді енгізу және олар туралы өзекті және дұрыс мәліметтерді мемлекеттік басқару органдарына және басқа да субъектілерге олардың өкілеттіктерінің шеңберінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсыну мақсатында ақпаратты автоматтандырып жинауға, сақтауға және өңдеуге, Ұлттық бизнес сәйкестендіру нөмірлері тізілімін құруға арналған ақпараттық жүйе;

8 8) электрондық мемлекеттік қызметті алушы (бұдан әрі - алушы) – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке немесе заңды тұлға;

9 9) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) - жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түрінде өзінің қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;

10 10) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) - бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға (филиал және өкілдік) және жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;

11 11) пайдаланушы - оған қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды пайдаланатын субъект (алушы, қызмет көрсетуші);

12 12) транзакциялық қызмет - электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданумен өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет;

13 13) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы;

14 14) электрондық құжат - ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

15 15) электрондық мемлекеттік қызмет - ақпараттық технологияларды пайдаланумен электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;

16 16) электрондық лицензия – ақпараттық технологияларды пайдаланумен ресімделетін және берілетін, қағаз тасығыштағы лицензияға тең мағыналы болатын электрондық құжат нысанындағы лицензия;

17 17) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) электрондық мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің немесе өзге де ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі;

18 18) Қазақстан Республикасы халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚК АЖ) - Қазақстан Республикасы халыққа қызмет көрсету орталықтары, сондай-ақ тиісті министрліктер және ведомстволар арқылы халыққа қызмет көрсету процесін автомоттандыруға арналған жүйе.

2 2. Қызмет берушінің электрондық мемлекеттік қызмет көрсету құқығы бойынша тәртіп

6 6. Қызмет көрсетушінің ЭҮП арқылы қызмет берушінің қадамдық әрекеттері мен шешімдері (ЭҮП арқылы қызмет функционалдық іс-қимылының 1-диаграммасы) осы Регламентке 1-қосымшада көрсетілген:

1 1) алушы ЭҮП-де тіркеуді алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталған өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады (ЭҮП-де тіркелмеген алушылар үшін жүзеге асырылады);

2 2) 1-процесс – алушы ЭЦҚ тіркеу куәлігін компьютердің интернет-браузерінде бекіту, қызметті алу үшін алушының ЭҮП паролін (авторландыру процесі енгізуі);

3 3) 1-шарт – (ЖСН/БСН) мен пароль арқылы тіркелген алушы туралы деректердің дұрыстығын ЭҮП-де тексеру;

4 4) 2-процесс – алушының деректерінде бұзушылықтардың болуымен байланысты ЭҮП авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады;

5 5) 3-процесс – алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету және нысанды толтыру үшін оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, сұрау салудың нысанын экранға шығару, сұрау салу нысанына қажет электрондық түрдегі құжаттарды электрондық түрде бекіту;

6 6) 4-процесс – ЭҮТШ-де электрондық мемлекеттік қызмет төлемақысын жасау, бұдан кейін ақпарат «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ға келіп түседі;

7 7) 2-шарт – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да көрсетілетін электрондық мемлекеттік қызметтің төлемақысын тексеру;

8 8) 5-процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қызмет көрсету үшін төлемнің болмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

9 9) 6-процесс – сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін тұтынушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

10 10) 3-шарт – ЭҮП-де ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімін және тізімде қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендіру деректеріне сәйкес келуін тексеру;

11 11) 7-процесс – алушының ЭЦҚ түпнұсқалылығының расталмауына байланысты сұратып отырған қызметті көрсетуден бас тартуды қалыптастыру;

12 12) 8-процесс – алушының ЭЦҚ көмегімен қызмет көрсету үшін сұрау салуды куәландыру (қол қою);

13 13) 9-процесс – электрондық құжатты (алушының сұрау салуын) «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-де тіркеу;

14 14) 4-шарт – қызмет көрсетушінің алушының қоса берілген құжаттарының сәйкестігіне және қызмет көрсету үшін негіздемелерін тексеру (өңдеу);

15 15) 10-процесс – алушының деректерінде бұзушылықтардың болуымен байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

16 16) 11-процесс – алушының «Е-лицензиялау» МБД АЖ қалыптастырылған электрондық құжат қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдаланумен қалыптастыру қызмет көрсету нәтижесін алуы.

7 7. Орталық арқылы қызмет көрсету кезінде функционалдық өзара әрекеттесу Орталық операторының қадамдық іс-әрекеттері және шешімдері (электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі № 2 диаграммасы):

1 1) 1-процесс – Орталық операторының «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ға қызмет көрсету үшін логин мен пароль енгізу (авторлау процесі);

2 2) 2-процесс – Орталық операторының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және Орталық операторының алушы деректерін енгізуі;

3 3) 3-процесс – сұрау салуды ЭҮШ арқылы алушы деректері туралы ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-ға жолдау;

4 4) 1-шарт – ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да алушы деректерінің болуын тексеру;

5 5) 4-процесс – алушы деректерінің ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да болмауымен байланысты деректерді алу мүмкіндігінің болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;

6 6) 5-процесс – Орталық операторының қағаз тасығыштағы құжаттардың болуы туралы бөлігінде сұрау салу нысанын толтыруы және қызмет беруші қызметкерінің алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және толтырылған нысанның ЭЦҚ арқылы оларды сұрау салу нысанына бекіту;

7 7) 6-процесс – Орталық операторының ЭЦҚ куәландырған (қол қойылған) электрондық құжатты (алушының сұрауын) ЭҮТШ арқылы «Е-лицензиялау» МДБ АЖ жіберу;

8 8) 7-процесс – электрондық құжатты «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тіркеу;

9 9) 2-шарт – қызмет көрсетушінің алушының Стандартта көрсетілген қоса берілген құжаттарының сәйкестігіне және қызмет көрсету үшін негіздемелерін тексеру;

10 10) 8-процесс – алушының «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да деректерінде бұзушылықтардың болуымен байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

11 11) 9-процесс – алушының Орталық операторынан ЭҮП-де қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық лицензияны) алуы.

8 8. Қызмет көрсетуге сұрау салу және қызметке жауап беру нысандары 2-қосымшада келтірілген.

9 9. Сұрау салу өңделгеннен кейін алушыға сұрау салуды өңдеу нәтижелерін мынадай түрде қарау мүмкіндігі ұсынылады:

«ашу» батырмасын басқаннан кейін сұрау салу нәтижесі дисплей экранына шығарылады;
«сақтау» батырмасын басқаннан кейін сұрау салу нәтижесі алушы енгізген магниттік тасығышта Adobe Acrobat форматында сақталады.

10 10. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қажетті ақпаратты және кеңесті саll-орталықтың (1414) телефоны бойынша алуға болады.

3 3. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі әрекеттер тәртібін сипаттау

11 11. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын ҚФБ:

1 1) ЭҮП;

2 2) ЭҮШ;

3 3) ЭҮТШ;

4 4) «Е-лицензиялау» МДБ АЖ;

5 5) ХҚК АЖ;

6 6) ЖТ МДБ;

7 7) ЗТ МДБ;

8 8) алушы;

9 9) қызмет көрсетуші.

12 12. Іс-әрекеттер (рәсімдер, функциялар, операциялар) кезектілігінің мәтінді кестелі сипаттамасы әрбір іс-әрекетті орындау мерзімін көрсете отырып, осы Регламентке 3-қосымшада келтірілген.

13 13. Іс-әрекеттердің олардың сипаттамасына сәйкес логикалық кезектілігі арасындағы өзара байланысты (электрондық мемлекеттік қызметті көрсету процесінде) көрсететін диаграмма осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.

14 14. Алушыларға қызмет көрсету нәтижелері анкета формасы бойынша осы Регламентке 4-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

15 15. Алушыларға қызмет көрсету процесіне қойылатын талаптар:

1 1) құпиялылық (ақпаратты заңсыз алудан қорғаныш);

2 2) бүтіндік (ақпаратты заңсыз өзгертуден қорғаныш);

3 3) қол жетімділік (ақпарат пен ресурстарды заңсыз ұстап қалудан қорғаныш).

16 16. Қызмет көрсетудің технологиялық шарттары:

1 1) Интернетке шығу;

2 2) электрондық лицензия берілетін адамда ЖСН/БСН болуы;

3 3) ЭҮП-мен авторландыру;

4 4) пайдаланушының ЭЦҚ болуы;

5 5) екінші деңгейдегі банкте банктік карточкасының немесе ағымдағы шотының болуы.

1 Шартты белгілер:

«Жолаушыларды тасымалдау қызметiмен
айналысу құқығына лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын
беру» электрондық мемлекеттік қызметінің
регламентіне 1-қосымша
Шартты белгілер:

2 Электрондық мемлекеттік қызметінің экрандық формасы

«Жолаушыларды тасымалдау қызметiмен
айналысу құқығына лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын
беру» электрондық мемлекеттік қызметінің
регламентіне 2-қосымша
Электрондық мемлекеттік қызметінің экрандық формасы
1-сурет. Сұраныс түрін таңдау
5-сурет. ЖК/ЗТ ұсыныс беру макеті. 2-қадам.

3 1-кесте. ЭҮП арқылы ҚФБ әрекеттерінің сипаттамасы

«Жолаушыларды тасымалдау қызметiмен
айналысу құқығына лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын
беру» электрондық мемлекеттік қызметінің
регламентіне 3-қосымша
1-кесте. ЭҮП арқылы ҚФБ әрекеттерінің сипаттамасы
Әре­кет (жұ­мыстар ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) №
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
ҚФБ ата­уы
Алушы
ЭҮП
Алушы
ЭҮТШ
ЭҮП
Алушы
ЭҮП
Алушы
ЭҮП
ЭҮП
ЭҮП
Іс-әре­кет­тің (про­це­стің, рә­сім­де­удің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және
олар­дың си­патта­ма­сы
Алушы ком­пью­те­рі­нің ин­тер­нет-бра­у­зе­рін­де ЭЦҚ тір­кеу ку­ә­лі­гін бе­кі­ту
Алушы де­ректе­рін­де­гі бұ­зу­шы­лық­тар­ға бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма қа­лып­та­сты­ра­ды
Қыз­мет­ті таң­дай­ды және элек­трон­дық түр­де­гі қа­жет құ­жат­тар­ды қо­са бе­ру­мен сұ­рау са­лу де­ректе­рін қа­лып­та­сты­ра­ды
Қыз­мет­ке ақы тө­леу
Тө­лем бол­мауы­на бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма қа­лып­та­сты­ра­ды
Сұ­рау са­лу­ды ку­әлан­ды­ру (қол қою) үшін ЭЦҚ таң­дау
Алушы ЭЦҚ түп­нұс­қа­лы­лы­ғы­ның рас­тал­мауы­на бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма қа­лып­та­сты­ра­ды
ЭЦҚ кө­ме­гі­мен сұ­рау са­лу­ды ку­әлан­ды­ру (қол қою)
«Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ-да элек­трон­дық құ­жат­ты өті­ніш­ті (тұ­ты­ну­шы­ның сұ­рау са­луын) тір­кеу және «Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ-да сұ­рау са­лу­ды өң­деу
«Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ-да тұ­ты­ну­шы де­ректе­рін­де­гі бұ­зу­шы­лық­тар­ға бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма қа­лып­та­сты­ру
Элек­трон­дық құ­жат (элек­трон­дық ли­цен­зия)
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­дық-
бас­шы­лық ету ше­ші­мі)
Сұ­рау са­лу­дың ой­да­ғы­дай қа­лып­тасқанды­ғы ту­ра­лы ха­бар­ла­ма бей­не­леу
Сұ­ра­тып отыр­ған элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма қа­лып­та­сты­ру
Сұ­рау са­лу­дың ой­да­ғы­дай қа­лып­тасқанды­ғы ту­ра­лы ха­бар­ла­ма бей­не­леу
Әре­кет­тің ой­да­ғы­дай қа­лып­тасқанды­ғы  ту­ра­лы ха­бар­ла­ма бей­не­леу
Сұ­ра­тып отыр­ған элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма қа­лып­та­сты­ру
Сұ­рау са­лу­ды марш­рут­тау
Сұ­рау са­лын­ған элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма қа­лып­та­сты­ру
Сұ­рау са­лу­ды марш­рут­тау
Өті­ніш­ке нө­мір бе­ре оты­рып, сұ­рау са­лу­ды тір­кеу
Сұ­рау са­лын­ған элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма қа­лып­та­сты­ру
Элек­трон­дық ли­цен­зия
Орын­дау мер­зім­де­рі
10–15 сек
20 сек
1,5 мин
1,5 мин
10–15 сек
10–15 сек
10-15 сек
1,5 мин
15 жұ­мыс кү­ні
-
-
Ке­ле­сі әре­кет нө­мі­рі
2–егер алушы де­ректе­рін­де бұ­зу­шы­лық­тар бол­са; 3–егер ав­тор­лан­ды­ру ой­да­ғы­дай өт­се

4
5–егер ақы тө­ле­ме­се,
6–егер ақы тө­ле­се

7-егер ЭҮП-де қа­те бол­са,
8 – егер ЭҮП қа­те­сіз бол­са
-
-
10-қыз­мет бе­ру­ші­нің алушы­ны бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на және ли­цен­зия бе­ру үшін негіз­ге сай екен­ді­гін тек­се­руі

-
2-кесте. Қызмет беруші арқылы ҚФБ әрекеттерінің сипаттамасы
Іс-әре­кет (жұ­мыстар ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның)

1
2
3
4
5
6
7
8
9
ҚФБ ата­уы
Қыз­мет бе­ру­ші
«Е-ли­цен­зи­я­лау» МДБ АЖ
Қыз­мет бе­ру­ші
ЗТ МДБ
«Е-ли­цен­зи­я­лау» МДБ АЖ
Қыз­мет бе­ру­ші
«Е-ли­цен­зи­я­лау» МДБ АЖ
«Е-ли­цен­зи­я­лау» МДБ АЖ
«Е-ли­цен­зи­я­лау» МДБ АЖ
Іс-әре­кет­тің (про­це­стің, рә­сім­де­удің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
«Е-ли­цен­зи­я­лау» МДБ АЖ-да ав­тор­лан­ды­ру­дан өте­ді.
Де­ректер­де бұ­зу­шы­лық­тар­дың бо­луы­мен
бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма қа­лып­та­сты­ра­ды
Қыз­мет бе­ру­ші қыз­мет­ші­сі­нің қыз­мет­ті таң­да­уы
Сұ­рау са­лу­ды ЗТ МДБ-ға алушы­ның де­ректе­рін тек­се­ру­ге жол­дау
Де­ректер­де бұ­зу­шы­лық­тар­дың бо­луы­мен бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма қа­лып­та­сты­ру
Құ­жат­тар­ды қо­су­мен сұ­рау са­лу ны­са­нын тол­ты­ру
«Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ МДБ-да элек­трон­дық құ­жат­ты тір­кеу және «Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ-да сұ­рау са­лу­ды өң­деу
«Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ МДБ-да тұ­ты­ну­шы­ның де­ректер­де бар бұ­зу­шы­лық­тар­ға бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма қа­лып­та­сты­ру
Элек­трон­дық құ­жат (элек­трон­дық ли­цен­зия)
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­дық-
бас­шы­лық ету ше­ші­мі)
Сұ­рау са­лу­дың ой­да­ғы­дай қа­лып­тасқанды­ғы ту­ра­лы ха­бар­ла­ма бей­не­леу
Сұ­рау са­лын­ған элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма қа­лып­та­сты­ру
Сұ­рау са­лу­дың ой­да­ғы­дай қа­лып­тасқанды­ғы ту­ра­лы ха­бар­ла­ма бей­не­леу
Сұ­рау са­лу­ды марш­рут­тау
Сұ­рау са­лын­ған элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма қа­лып­та­сты­ру
Сұ­рау са­лу­дың ой­да­ғы­дай қа­лып­тасқанды­ғы ту­ра­лы ха­бар­ла­ма бей­не­леу
Өті­ніш­ке нө­мір бе­ру­мен сұ­рау са­лу­ды жүй­е­де тір­кеу
Сұ­рау са­лын­ған элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма қа­лып­та­сты­ру
Элек­трон­дық ли­цен­зия
Орын­дау мер­зім­де­рі
10–15 сек
10 сек
1,5 мин
1,5 мин
1,5 мин
10–15 сек
15 жұ­мыс кү­ні
-
-
Ке­ле­сі әре­кет нө­мі­рі
1–«Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ МДБ-да қыз­мет бе­ру­ші қыз­мет­ші­сі­нің ло­ги­ні мен па­ро­лі­нің түп­нұс­қа­лы­лы­ғын тек­се­ру

4
5-егер тұ­ты­ну­шы­ның де­ректе­рін­де бұ­зу­шы­лық­тар бар бол­са; 6-егер ав­тор­лау ой­да­ғы­дай өт­се

-
8-егер «Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ МДБ-да сұ­рау са­лу бой­ын­ша де­ректер жоқ бол­са; 9- егер сұ­рау са­лу бой­ын­ша де­ректер та­был­са
-
-

4 Электрондық мемлекеттік қызметтің «сапа» және «қол жетімділік» көрсеткіштерін айқындауға арналған сауалнама

«Жолаушыларды тасымалдау қызметiмен
айналысу құқығына лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын
беру» электрондық мемлекеттік қызметінің
регламентіне 4-қосымша
Форма
Электрондық мемлекеттік қызметтің «сапа» және «қол жетімділік» көрсеткіштерін айқындауға арналған сауалнама

1 1. Сіз электрондық мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сапасына және нәтижесіне қанағаттандыңыз ба?

1 1) қанағаттанбадым;

2 2) ішінара қанағаттандым;

3 3) қанағаттандым.

2 2. Сіз электрондық мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпараттың сапасына қанағаттандыңыз ба?

1 1) қанағаттанбадым;

2 2) ішінара қанағаттандым;

3 3) қанағаттандым.

Қолданыстағы