Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы в Аксуском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы в Аксуском районе
- Атауы (қаз.)
- Ақсу ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3
- Қабылданған күні
- 09.01.2013
- Көрсетілген редакция
- 21.07.2016 70553_276330.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.07.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13DD002291
- ЭКБ идентификаторы
- 70553
- Редакция идентификаторы
- 70553_276330
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:00
0 Ақсу ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік құқығына қарамастан, Ақсу ауданының ұйымдары мен мекемелерінде, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш пайыз мөлшерінде квота белгіленсін.
2. Келесі қаулылардың күші жойылды деп танылсын:
1) Ақсу ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 22 қарашадағы "Ақсу ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 890 қаулысы (Алматы облысының Әділет департаментінде 2011 жылдың 24 қарашада нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2-4-139 нөмірмен енгізілген, аудандық "Ақсу өңірі" газетінің 2011 жылғы 10 желтоқсанда 50(95-81) нөмірімен жарияланған).
2) Ақсу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 қыркүйектегі "Ақсу ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 22 қарашадағы "Ақсу ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 890 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» N 517 қаулысы (Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылдың 19 қазан нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2149 нөмірмен енгізілген, аудандық "Ақсу өңірі" газетінің 2012 жылғы 27 қазанда 45(9627) нөмірімен жарияланған).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қорғанбаев Сәбит Бейсебекұлына жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Ақсу ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесі бастығы Бекбаланов Қайрат Тынбайұлы
2013 жылғы 09 қаңтар