Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил субсидирования в целях повышения продуктивности и качества продукции животноводства

Қаулы · № 36 · қабылданған 25.01.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-70665/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении Правил субсидирования в целях повышения продуктивности и качества продукции животноводства Күшін жойған Қаулы ·№ 36 ·25.01.2013
18.02.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.02.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил субсидирования в целях повышения продуктивности и качества продукции животноводства

Күшін жойған Қаулы ·№ 36 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил субсидирования в целях повышения продуктивности и качества продукции животноводства
Атауы (қаз.)
Мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидаларын бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
36
Қабылданған күні
25.01.2013
Көрсетілген редакция
18.02.2014 AI70665_4.kaz
Соңғы өзгеріс
18.02.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300000036
ЭКБ идентификаторы
70665
Редакция идентификаторы
AI70665_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:54

0 Мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидаларын бекiту туралы

«Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерде мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қоса берiлiп отырған Мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидалары бекiтiлсiн.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 25 қаңтардағы
№ 36 қаулысымен
бекітілген
Мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидалары (бұдан әрi – қағидалар) мал шаруашылығы өнiмiн өндiрудi ұлғайту, оның сапасын және бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру үшiн отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi (бұдан әрi – тауар өндiрушiлер) қолдау мақсатында тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат және іс-шаралар есебінен және шегінде бюджеттік субсидиялар (бұдан әрi – субсидиялар) беру тәртiбiн айқындайды.

2 2. Субсидиялауға жататын бағыттар:

1

1) сиыр етiн, шошқа етiн, бройлерлiк құс етi мен күрке тауық етiн (бұдан әрi – құс етi), жұмыртқалағыш кроссты тауық жұмыртқасын (бұдан әрi – тағамдық жұмыртқа) өндiру үшiн пайдаланылатын құрама жемнiң және (немесе) маңыздандырылған азықтың (бұдан әрi – маңыздандырылған азық) құнын iшiнара (45%-ға дейiн) арзандату, сондай-ақ сүт, биязы қой жүнi (бұдан әрi – биязы жүн), қой етi, жылқы етi, қымыз және шұбат өндiрiсiне жұмсалатын шығындарды iшiнара өтеу;

2 2) iрi қара малдың аналық басын (бұдан әрi – сиырларды) азықтандыру үшiн пайдаланылатын шырынды және кесек азықтың (бұдан әрi – азықтың) құнын iшiнара (50%-ға дейiн) арзандату.

3 3. Субсидияланатын мал шаруашылығы өнiмiнiң 1 (бiр) килограммына, 1 (бiр) данасына, сондай-ақ 1 (бiр) бас сиырға арналған бюджеттiк субсидиялардың нормативi осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгiленедi.

4 4. Әрбір бағытқа және өңірлер бөлінісіндегі субсидиялар көлемі ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.

2 2. Субсидияларды төлеу шарттары

5 5. Тауар өндiрушiлердің субсидиялар алуы үшін міндетті және қажетті шарт осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген тиісті бағыттар бойынша өлшемдерге және талаптарға толық сәйкес келуі болып табылады.

6 6. Субсидиялар тауар өндiрушiлерге:

1 1) есептік нөмірлері бар сою алаңдарында (пункттерінде) және қайта өңдеу кәсіпорындарында (цехтарында) сатылған немесе өңделген сиыр еті, қой еті, жылқы еті, шошқа еті, сүт және биязы жүннің;

2 2) сатылған құс еті, тауарлық жұмыртқасы, қымыз және шұбаттың тек іс жүзіндегі көлеміне төленеді.

7 7. Субсидиялауға мыналар жатпайды:

1 1) тауар өндiрушiлер одан әрi қайта сату және (немесе) қайта өңдеу үшiн басқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардан сатып алған өнiм;

2 2) тауар өндірушілер айырбас бойынша, өзара есеп айырысу есебіне сатқан немесе бұрын субсидияланған өнім;

3 3) жеке аулада сойылған сиыр етi, шошқа етi, қой етi, жылқы етi, сондай-ақ қайта өңдеу кәсiпорындарында бастапқы қайта өңдеуден өтпеген сүт;

4 4) жануарларды мәжбүрлi санитариялық сою нәтижесiнде, сондай-ақ жіті жұқпалы аурулар бойынша карантиндiк және шектеу iс-шараларының әрекет ету кезеңiнде тауар өндiрушiлер алған өнiм;

5 5) етті құс шаруашылығы өнімдері – аяқтары, бастары, сондай-ақ ішкі органдары;

6 6) жұмыртқа ұнтағын өндіру үшін сатылған және (немесе) берілген тағамдық жұмыртқа;

7 7) тауар өндiрушiлер кейіннен сою мақсатында бордақылауда тұрған сиырларды азықтандыру үшiн пайдаланатын азық.

8 8. Тауар өндiрушiлердің жоғарыда көрсетілген шарттарды сақтамауы тиісті ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің (бұдан әрі – бөлім) төленген субсидияларды заңнамада белгіленген тәртіппен өндіріп алуына негіз болып табылады.

9 9. Субсидиялау бағдарламасына қатысушылар арасында субсидиялау көлемін айқындау бюджеттiк бағдарламаны iске асыруға облысқа жеткiзiлген қаражат шеңберiнде жүзеге асырылады.

10 10. Тауар өндірушілер өтінім берген субсидиялар көлемі осы айда бөлінген субсидия көлемінен асып түскен жағдайда, осы қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген неғұрлым жоғары деңгей санатына жатқызылған тауар өндірушілердің өтінімдері басым тәртіппен қанағаттандырылады.

Бір санатқа жатқызылған тауар өндірушілер арасында қаражатты бөлу кезінде едәуір жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ететін заманауи технология бойынша өнімді өндіруді жүзеге асыратын тауар өндірушілер басым тәртіппен субсидияланады. Құс етін субсидиялау кезінде балғын суытылған құс етіне басымдық беріледі.
Қаражат қалдығы берілген өтінімдерге тиесілі субсидия көлеміне сәйкес пропорционалды түрде бөлінеді. Тауар өндірушіге тиесілі субсидиялардың төленбеген қалдығы оған келесі айда (айларда) көзделген қаражаттан олар бар болған жағдайда төленеді.

3 3. Министрліктің және облыстар әкімдіктерінің жұмыс тәртібі

11 11. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) бұйрықпен мынадай құжаттарды бекітеді:

1 1) субсидиялар алуға өтiнiмдер нысандары;

2 2) аудан/облыс бойынша мал шаруашылығы өнiмiн сату, сондай-ақ сиыр саны туралы жиынтық актiнiң нысаны;

3 3) облыстар бойынша қаражатты игеру және мал шаруашылығы өнімдерін сату көлемі жөнiндегі есеп (ақпарат) нысаны.

12 12. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі және облыстар әкімдері жыл сайын 20 қаңтарға дейінгі мерзімде мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмділігін және сапасын арттыруға арналған облыстық жеке ай сайынғы қаржыландыру жоспары бар келісімге қол қояды.

13

13. Министрлiк мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруға арналған ағымдағы нысаналы трансферттердi төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына және облыс әкiмi мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi арасында қол қойылған ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмге сәйкес облыстық бюджеттерге ай сайын аударады.

14

14. Облыс әкімі осы қағидалар ресми жарияланғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде өзінің шешімімен облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары төрағалық ететін, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыру мақсатында субсидиялау мәселелері жөніндегі облыстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады.
Комиссия осы Қағидалардың қолданылуының барлық уақытында тұрақты негізде жұмыс істейді. Комиссия құрамына облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының (бұдан әрі – Басқарма), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің және Ветеринариялық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық инспекцияларының мамандары, сондай-ақ бейінді қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. Комиссия мүшелерінің құрамы облыс әкімінің шешімімен өзгертілуі мүмкін. Комиссияның жұмыс органы басқарма болып табылады.

15

15. Комиссияның құзыретіне тауар өндірушілердің өтінімдері бойынша айлар бойынша, бағыттар басымдылығына сәйкес қаржыландыру жоспарында белгіленген лимиттері шегінде тиесілі бюджет ақшасының көлемін айқындау, тауар өндірушінің белгілі бір деңгейге сәйкестігін айқындау министрлік бекіткен нысан бойынша жиынтық актіні қалыптастыру және ақы төлеу шоттарының тізілімін келісу кіреді.

16 16. Комиссия отырыстары айына кемінде 1 рет жүзеге асырылады. Кезекті отырыста Комиссия бірінші кезекте бұрын мақұлданған, бірақ қаржыландырылмаған немесе ішінара қаржыландырылған басым бағыттағы өтінімдерді, кейіннен келесі айдың өтінімдерін қанағаттандырады.

17

17. Бөлінген қаражат толығымен игерілмеген жағдайда Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен бюджеттік бағдарламаны іске асыруға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде облыстар бойынша бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған қаражатты қайта бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізеді.

4 4. Тауар өндірушілердің субсидиялар алуға өтінімдерін қарау және қанағаттандыру тәртібі

18. Бөлім осы Қағидалар ресми жарияланғанынан кейін бес жұмыс күні ішінде субсидиялау бағдарламасына қатысуға арналған өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыруды аудан әкімдігінің интернет-ресурсына және ауданның ресми баспа басылымдарында орналастырады.
19. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі мен облыс әкімінің арасында мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруға арналған мақсатында облыстың жеке ай сайынғы қаржыландыру жоспары бар келісімге қол қойылғаннан кейін жыл сайын бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бөлім оны аудан әкімдігінің интернет-ресурсына, басқарма – облыс әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырады.
20. Тауар өндірушілер тиісті негіздер туындауына қарай бөлімге субсидиялауға жататын нақты көлемдерге министрлік бекіткен нысан бойынша өтінімдерді осы қағидалардың 32-35-тармақтарына сәйкес растау құжаттарының толық пакетімен бірге ұсынады. Тауар өндірушілер өтінімде көрсетілген деректердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Бұл ретте, құс фабрикалары бюджеттік субсидияларды алуға арналған өтінімдерін «Қазақстанның құс өсірушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігімен келіседі және одан кейін бөлімге ұсынады.
📌 Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
21. Бөлім тауар өндірушілердің өтінімдерін тиісті өтінімдер тіркеу журналында тіркейді.
22. Бөлім субсидиялар алуға негіздемелер пайда болған сәттен бастап үш айдан астам уақыт өткен өтініштерді қабылдауға міндетті.
23. Бөлім өтінімді алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде құжаттар пакетін осы қағидаларға сәйкестігіне және тауар өндірушілердің осы қағидалардың 5-7-тармақтарында көрсетілген өлшем-шарттар мен талаптарға сәйкестігі мәніне тексереді.
Бөлім көрсетілген мерзім ішінде мынадай жағдайларда:
1) жеке бағыт бойынша өтінімді алғаш рет бергенде;
2) өндіріс деңгейін арттырғанда;
3) жеке бағыт бойынша өтінім берілген көлемді өткен айдың өтінімінен жиырма пайыздан көп арттырғанда тауар өндірушінің қызмет ету орнына шығуды жүзеге асырады.
Толық емес құжаттар пакеті ұсынылған немесе өлшем-шарттар мен талаптарға сәйкес келмеген жағдайда бөлім қайтару себептерін көрсете отырып, тауар өндірушілерге ұсынылған құжаттарын тез арада қайтарады.
Тауар өндірушілер түзетілген немесе толықтырылған өтінімді қайта енгізуге құқылы.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
24. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес болған және осы Қағидаларда көзделген өтінімдерді қайтаруға негіздер болмаған жағдайда бөлім тауар өндірушінің өтінімде ұсынған деректерін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің ресми сайтындағы заңды тұлғалардың дерекқорын тексереді.
25. Бөлім тауар өндірушінің белгілі бір деңгейге сәйкестігін анықтайды және аудан әкімі бекітетін бюджеттік субсидия алушылардың жиынтық актісін жасайды. Бекітілген жиынтық акт басқармаға екі аптада кемінде бір рет өтінімдер болған жағдайда ұсынылады. Бөлім тауар өндірушінің өтінімін растау құжаттарының көшірмелерімен бірге үш жыл ішінде сақтайды. Бөлім басқармаға ұсынылатын құжаттардың дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
26. Басқарма ауданның жиынтық актісін тиісті тіркеу журналында тіркейді. Басқарма үш жұмыс күні ішінде бөлімдер ұсынған жиынтық актілерді тауар өндірушілердің осы қағидалардың талаптарына сәйкестігі мәніне қарайды. Сәйкес келмеген жағдайда, басқарма ұсынылған жиынтық актілерді оларды тіркеген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей кері қайтару себептерін көрсете отырып, бөлімге пысықтауға қайтарады. Бөлім бес жұмыс күні ішінде басқармаға түзетілген және толықтырылған жиынтық актіні қайта енгізеді, ал ол мүмкін болмаған жағдайда – тез арада тауар өндірушіге қайтару себептерін көрсете отырып, өтінімді қайтарады.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
27. Сәйкес келген жағдайда, басқарма көрсетілген мерзім ішінде аудандар бойынша жиынтық актілерді Комиссияның қарауына жібереді, ол отырыс қорытындысы бойынша министрлік бекіткен нысан бойынша субсидиялау бағдарламасына қатысушыларға тиесілі субсидиялар көлемін көрсете отырып, облыс бойынша жиынтық акті жасайды.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
28. Комиссия төрағасы Комиссия ұсынған облыс бойынша жиынтық актіні үш жұмыс күні ішінде бекітеді.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
29. Тиесілі бюджеттік субсидияларды тауар өндірушілердің банктік шоттарына аударуды басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада ақы төлеу шоттарын қоса бере отырып, ақы төлеу шоттарының тізілімін ұсыну жолымен жүзеге асырады.
30. Басқарма ай сайын Комиссияның тауар өндірушілердің өтінімдерін қарау нәтижелері туралы ақпаратты облыс әкімдігінің интернет-ресурсындағы арнайы бөлімде жариялайды және бөлімге аудан бойынша тауар өндірушілерге төленген бюджет ақшасының көлемі туралы ақпарат жібереді.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
31. Басқарма ай сайын, есеп беру айынан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде, бірақ 20 желтоқсаннан кешіктірмей министрлікке облыс бойынша бюджеттік субсидияларды игеру бойынша есебін, тоқсан сайын – министрлік бекіткен нысан бойынша облыс бойынша субсидиялар төлеу бойынша тоқсандық есепті ұсынады.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.09.2013 № 957 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

5 5. Субсидиялар алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі

32 32. Тауар өндірушілер бөлімге осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген бағыттарға сәйкес субсидиялауға жататын нақты көлемдерге өтінімдер ұсынады.

33 33. Тауар өндірушілер іс жүзінде өткізілген өнім үшін субсидиялар алу үшін өтінімдермен бірге бөлімге мынадай құжаттарды ұсынады:

1 1) өнімді сатқанын және сатып алушының өнімді 100% төлегенін растайтын құжаттар;

2 2) сиыр етін сатқан кезде Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерек қорынан сатылған немесе сойылған малдардың тіркеуден шығарылғаны туралы үзінді көшірме;

3 3) тауар өндірушіге тиесілі емес кәсіпорындар қызметтерін пайдаланған кезде малдарды сою және бастапқы қайта өңдеу бойынша көрсетілген қызметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері (шарт, шот–фактура, төлем құжаты);

4 4) өнімді сатуға арналған тауар-көліктік жүк құжаттар тізілімі, өнімді жеке меншік қайта өңдеу кәсіпорындарына немесе өңдеуге берген жағдайда өнімнің жүк құжат көшірмелері.

34 34. Тауар өндірушілер азық құнын арзандатуға бюджеттік субсидиялар алу үшін бөлімге:

1 1) селекциялық және асыл тұқымды жұмыстың бірыңғай ақпараттық базасынан үзінді көшірмені;

2 2) заңды тұлғалар нысанындағы тауар өндірушілер үшін 24 а.ш. статистикалық есептілік нысанынан – есеп көшірмесін немесе үзінді көшірмені, ал шаруа (фермерлік) қожалықтары үшін – сиыр басы санын растау үшін шаруашылық кітабынан үзінді көшірме ұсынады.

35 35. Тауар өндіруші банктен банк шотының болуы туралы анықтаманы қосымша қоса береді.

1 1. Бюджеттік субсидиялар нормативтері

Мал шаруашылығы өнiмiнiң
өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру
мақсатында субсидиялау
қағидаларына
1-қосымша
1. Бюджеттік субсидиялар нормативтері

р/с
Өнiм­нiң түрi
Өз өн­ді­рі­сі­нен өт­кі­зі­л­ген өні­мі­нің 1 ки­ло­гра­мы­на, 1 да­на­сы­на берiлетiн бюд­жет­тiк суб­си­ди­я­лар нор­ма­тивi, тең­ге
1.
Сиыр етi – I дең­гей
220
2.
Сиыр етi – II дең­гей
170
3.
Сиыр етi – III дең­гей
120
4.
Қой етi
100
5.
Жыл­қы етi
92
6.
Шош­қа еті – I дең­гей
98
7.
Шош­қа еті – II дең­гей
60
8.
Құс етi – I дең­гей
70
9.
Құс етi – II дең­гей
66
10.
Құс етi – III дең­гей
50
11.
Күр­ке та­уық етi
105
12.
Жұ­мырт­қа – I дең­гей
3
13.
Жұ­мырт­қа – II дең­гей
2,6
14.
Жұ­мырт­қа – III дең­гей
2
15.
Сүт – I дең­гей
25
16.
Сүт – II дең­гей
15
17.
Сүт – III дең­гей
10
18.
Қы­мыз
60
19.
Шұ­бат
55
20.
Жүн (би­я­зы)
130
2. Шырынды және кесек азықтың құнын арзандатуға арналған бюджеттiк субсидиялар нормативi

р/с
Тү­рі
Сиыр­дың 1 ба­сы­на бюд­жет­тiк суб­си­ди­я­лар нор­ма­тивi, тең­ге
21.
Ірі қа­ра мал
4 500

2 Мал шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын тауар өндірушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар

Мал шаруашылығы өнімінің
өнімділігі мен сапасын
арттыру мақсатында
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша
Мал шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын тауар өндірушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар
1
Сиыр етiн өн­дiру­мен ай­на­лы­са­тын та­у­ар өн­дiру­шiлер­ге:

(1-дең­гей)
(2-дең­гей)
(3-дең­гей)
1.
Бiр мез­гiл­де ке­мiн­де 3 000 бас iрi қа­ра мал­ды бор­да­қы­лай­тын қу­а­ты бар және ин­фра­құ­ры­лы­мы да­мы­ған ма­ман­дан­ды­ры­л­ған алаң­ның бо­луы:
мал­ды күтiп-ба­ғу­ға ар­нал­ған қо­ра­лар;
на­у­а­лар;
на­уа ал­дын­да­ғы бе­тон жи­ек;
су­мен жаб­дық­тау көз­де­рі­нің бо­луы және ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған су­а­ру көзi­мен қам­та­ма­сыз етiлуi;
нә­жіс мас­са­сы мен қар суын шы­ға­рып та­ста­у­ға ар­нал­ған мүй­і­сі бар дре­на­ж­дық жүйе;
жем­шөп дай­ын­дау және жем­шөп та­ра­ту тех­ни­ка­сы­ның/жабды­ғы­ның, сон­дай-ақ жем­шөп сақ­тау қой­ма­сы­ның бо­луы;
бекiт­кi­шi бар жiк­те­гi­штiң, та­ра­зы құ­ры­л­ғы­сы­ның бо­луы;
ве­те­ри­на­ри­я­лық пункт­тiң бо­луы.
Бiр мез­гiл­де ке­мiн­де 1 500 бас ipi қа­ра мал­ды бор­да­қы­лай­тын қу­а­ты бар және ин­фра­құ­ры­лы­мы да­мы­ған ма­ман­дан­ды­ры­л­ған алаң­ның бо­луы:
мал­ды күтiп-ба­ғу­ға ар­нал­ған қо­ра­лар;
на­у­а­лар;
на­уа ал­дын­да­ғы бе­тон жи­ек;
су­мен жаб­дық­тау көз­де­рі­нің бо­луы және ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған су­а­ру көзi­мен қам­та­ма­сыз етiлуi;
нә­жіс мас­са­сы мен қар суын шы­ға­рып та­ста­у­ға ар­нал­ған мүй­i­сі бар дре­на­ж­дық жүйе;
жем­шөп дай­ын­дау және жем­шөп та­ра­ту тех­ни­ка­сы­ның/жабды­ғы­ның, сон­дай-ақ азық сақ­тау қой­ма­сы­ның бо­луы;
бекiт­кi­шi бар жiк­те­гi­штiң және та­ра­зы құ­ры­л­ғы­сы­ның бо­луы;
ве­те­ри­на­ри­я­лық пункт­тiң бо­луы.
Бор­да­қы­лан­ған ірі қа­ра мал­дың соң­ғы 12 ай­да өт­кі­зі­л­ген са­ны ке­мін­де 400 ба­сты құ­ра­ды.
Iрi қа­ра мал­ды бор­да­қы­ла­у­ға ар­нал­ған ма­ман­дан­ды­ры­л­ған үй-жай­дың неме­се алаң­дар­дың бо­луы:
мал­ды күтiп-ба­ғу­ға ар­нал­ған қо­ра­лар;
на­у­а­лар;
су­мен қам­та­ма­сыз ету;
жем­шөп дай­ын­дау тех­ни­ка­сы;
мал үшін жiк­те­гiш және та­ра­зы құ­ры­л­ғы­сы;
2.
Бұ­қа­шық­тар­дың (со­ю­ға өт­кiзiлетiн) тiрi­дей/сой­ыс сал­ма­ғы кем емес:
450/235 кг*
420/220 кг*
400/210 кг*
3.
Әр бұ­қа­шық­ты бор­да­қы­лау мер­зі­мі кем емес:
оң­тү­стік өңір­лер үшін 45 күн
сол­тү­стік, шы­ғыс, ба­тыс және ор­та­лық өңір­лер үшін 90 күн
4.
Ве­те­ри­на­ри­я­лық iс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру
5.
Бор­да­қы­ла­на­тын мал ба­сын Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бiрың­ғай сәй­кестен­ді­рі­л­ген де­ректер ба­за­сын­да тiр­кеу
2
Қой етiн өн­дiру­мен ай­на­лы­са­тын та­у­ар өн­дiру­шiлер­ге:
1.
Ағым­да­ғы жы­л­ғы 1 қаң­тар­ға қой­дың ана­лық ба­сы­ның (екі жастан ере­сек) 600-ден кем емес бо­луы
2.
Қой­ды күтiп-ба­ғу­ға ар­нал­ған үй-жай­лар­дың бо­луы
3.
Қой­дың (со­ю­ға өт­кі­зі­ле­тін) тiрi­дей сал­ма­ғы 42 кг кем емес* бо­луы ти­іс
4.
Ве­те­ри­на­ри­я­лық iс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру
3
Жыл­қы етiн өн­дiру­мен ай­на­лы­са­тын та­у­ар өн­дiру­шiлер­ге:
1.
Ағым­да­ғы жы­л­ғы 1 қаң­тар­ға жыл­қы­ның ана­лық ба­сы­ның (үш жастан ере­сек) 75 ба­стан кем емес бо­луы
2.
Жыл­қы­ның (со­ю­ға өт­кi­зі­ле­тін) тiрi­дей сал­ма­ғы 350 кг кем емес бо­луы ти­іс
3.
Ве­те­ри­на­ри­я­лық iс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру
4.
Шош­қа етін өн­дiру­мен ай­на­лы­са­тын та­у­ар өн­дiру­шiлер­ге:
(1-дең­гей)
(2-дең­гей)
1.
Бір мез­гіл­де бор­да­қы­ла­уда 3000 ба­стан кем емес ба­стың бо­луы
Бір мез­гіл­де бор­да­қы­ла­уда 1000 ба­стан кем емес ба­стың бо­луы
2.
Мы­на­лар­дың:
шош­қа ба­сы­ның (мал ба­сын то­лық­ты­ра­тын төл және ана­лық ме­ге­жін);
өн­ді­ріс алаң­да­рын ав­то­мат­тан­ды­ру­дың (жем­шөп та­ра­ту, су­а­ру және мик­ро­кли­мат же­лі­сі);
мал со­я­тын цехы­ның;
құ­ра­ма жем цехы­ның;
та­ра­зы құ­ры­л­ғы­сы­ның бо­луы.
Мы­на­лар­дың:
мал со­я­тын пунк­ті­нің (цехы­ның);
та­ра­зы құ­ры­л­ғы­сы­ның бо­луы.
3.
Шош­қа­ның ті­рідей сал­ма­ғы (со­ю­ға өт­кi­зі­ле­тін) 100 кг кем емес*
4.
Ве­те­ри­на­ри­я­лық iс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру
5.
Құс етiн өн­дiретiн та­у­ар өн­дiру­шiлер­ге:
(1-дең­гей)
(2-дең­гей)
(3-дең­гей)
1.
2007 жыл­дан ба­стап пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген жа­ңа құс фаб­ри­ка­сы неме­се негіз­гі жабды­ғы бой­ын­ша жа­ңар­ту­дан өт­кен жұ­мыс іс­теп тұр­ған құс фаб­ри­ка­сы.
2.
Өн­дiрiстiң жыл­дық кө­ле­мi кем емес:
15 000 тон­на­дан
8000 тон­на­дан
1 500 тон­на­дан
3.
Жыл бойы құ­стар­ды тех­но­ло­ги­я­лық жағ­дай­да кү­тіп-ба­ғу, тор­да неме­се еден­де кү­тіп-ба­ғу үшін тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­тың бо­луы.
4.
Атал­ған сер­ти­фи­кат­тар­дың (ИСО, «Эко­ло­ги­я­лық өнiм» бел­гiсi, ХАС­СП азық-түлiк қа­уiп­сiздiк жүй­есi) бiрiнiң бо­луы
5.
Құс сою же­лі­сі­нің бо­луы (сою цехы)
6.
Ве­те­ри­на­ри­я­лық iс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру
6.
Күр­ке та­уық етiн өн­дiретiн та­у­ар өн­дiру­шiлер­ге:
1.
2007 жыл­дан ба­стап пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген жа­ңа құс фаб­ри­ка­сы және/неме­се негіз­гі жаб­дық­та­ры бой­ын­ша жа­ңар­ту­дан өт­кен жұ­мыс іс­теп тұр­ған құс фаб­ри­ка­сы.
2.
Өн­дiрiстiң жыл­дық кө­ле­мi 3 000 тон­на­дан кем емес
3.
Жыл бойы құ­стар­ды тех­но­ло­ги­я­лық жағ­дай­да кү­тіп-ба­ғу, тор­да неме­се еден­де кү­тіп-ба­ғу үшін тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­тың бо­луы
4.
Атал­ған сер­ти­фи­кат­тар­дың (ИСО, «Эко­ло­ги­я­лық өнiм» бел­гiсi, ХАС­СП азық-түлiк қа­уiп­сiздiк жүй­есi) бiрiнiң бо­луы
5.
Құс сою же­лі­сі (сою цехы)
6.
Ве­те­ри­на­ри­я­лық iс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру
7.
Та­у­ар­лық жұ­мырт­қа өн­дiретiн та­у­ар өн­дiру­шiлер­ге:
(1-дең­гей)
(2-дең­гей)
(3-дең­гей)
1.
2007 жыл­дан ба­стап пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген құс фаб­ри­ка­сы және/неме­се негіз­гі жаб­дық бой­ын­ша жа­ңар­ту­дан өт­кен жұ­мыс іс­теп тұр­ған құс фаб­ри­ка­сы
2.
Жұ­мыр­тқа­ны сұ­рып­та­у­ға, бел­гі­ле­у­ге және са­лу­ға ар­нал­ған ав­то­мат­ты ма­ши­на­ның бо­луы
3.
Та­у­ар­лық жұ­мырт­қа өн­дiрi­сі­нің кө­ле­мi жы­лы­на кем емес:
100 млн. да­на­дан
40 млн. да­на­дан
20 млн. да­на­дан
4.
Жыл бойы құ­стар­ды тех­но­ло­ги­я­лық жағ­дай­да кү­тіп-ба­ғу, тор­да неме­се еден­де кү­тіп-ба­ғу үшін тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­тың бо­луы.
5.
Атал­ған сер­ти­фи­кат­тар­дың (ИСО, «Эко­ло­ги­я­лық өнiм» бел­гiсi, ХАС­СП азық-түлiк қа­уiп­сiздiк жүй­есi) бiрiнiң бо­луы
6.
Ве­те­ри­на­ри­я­лық iс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру
8.
Сүт өн­дiрiсi­мен ай­на­лы­са­тын та­у­ар өн­дiру­шiлер­ге:
(1-дең­гей)
(2-дең­гей)
(3-дең­гей)
1.
Ағым­да­ғы жы­л­ғы 1 қаң­тар­ға сиыр мен қа­шар­лар­дың мен­шiк­тi ана­лық ба­сы­ның (2 жастан ере­сек) бо­луы:
400 ба­стан кем емес
400 ба­стан кем емес
100 ба­стан кем емес
2.
Са­уын сиыр­лар мен құ­на­жын­дар­дың ор­та­ша жыл­дық са­ны (ал­дың­ғы жыл­дың қо­ры­тындысы):
350 ба­стан кем емес
240 ба­стан кем емес
60 ба­стан кем емес
3.
Та­бын бой­ын­ша ор­та­ша са­уым (ал­дың­ғы жыл­дың қо­ры­тындысы):
4500 кг кем емес**
3250 кг кем емес
2500 кг кем емес
4.
Тиiстi ин­фра­құ­ры­лы­мы бар қазiр­гi за­ман­ғы сүт ке­шенiнiң (ме­ха­ни­ка­лан­ды­ры­л­ған са­уу, көң шы­ға­ру және жем­шөп та­ра­ту, ав­то­су­а­ру және жем­шөп цехы) бо­луы
Ма­ши­на­лы са­у­у­дың бо­луы
5.
Ве­те­ри­на­ри­я­лық iс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру
6.
Мал­дар­дың бір­дей­лен­ді­ру нө­мiр­лерiнiң және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бiрың­ғай сәй­кестен­ді­ру де­ректер ба­за­сын­да тiр­ке­удiң бо­луы
9.
Қы­мы­зды өн­дiру­мен ай­на­лы­са­тын та­у­ар өн­дiру­шiлер­ге:
1.
Ағым­да­ғы жы­л­ғы 1 қаң­тар­ға жыл­қы­ның ана­лық ба­сы­ның (үш жастан ере­сек) 35 ба­стан кем емес бо­луы
2.
Са­уын би­енiң ор­та­ша жыл­дық ба­сы 20 ба­стан кем емес
3.
Қы­мыз өн­ді­ре­тін цех­тың (қы­мыз жи­нау және (неме­се) өн­ді­ру бой­ын­ша үй-жай, сый­ым­ды­лық) неме­се цех­қа жет­кі­зу шар­ты­ның бо­луы
4.
Ве­те­ри­на­ри­я­лық iс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру
10.
Шұ­бат өн­дiру­мен ай­на­лы­са­тын та­у­ар өн­дiру­шiлер­ге:
1.
Ағым­да­ғы жы­л­ғы 1 қаң­тар­ға түй­енiң ана­лық ба­сы­ның (үш жастан ере­сек) 30 ба­стан кем емес бо­луы
2.
Са­уын iн­ген­дер­дiң ор­та­ша жыл­дық ба­сы 15 ба­стан кем емес
3.
Шұ­бат өн­ді­ре­тін цех­тың (шұ­бат жи­нау және (неме­се) өн­ді­ру бой­ын­ша үй-жай, сый­ым­ды­лық) неме­се цех­қа өт­кі­зу шар­ты­ның бо­луы
4.
Ве­те­ри­на­ри­я­лық iс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру
11.
Би­я­зы жүн­ді өн­дiру­мен ай­на­лы­са­тын та­у­ар өн­дiру­шiлер­ге:
1.
Ағым­да­ғы жы­л­ғы 1 қаң­тар­ға қой­дың ана­лық ба­сы­ның (екі жастан ере­сек) 600 ба­стан кем емес бо­луы
2.
Қой­лар­ды күтiп-ба­ғу­ға, сон­дай-ақ қыр­қу­ға ар­нал­ған үй-жай­лар­дың бо­луы
3.
Қыр­қы­л­ған жүн­нiң фи­зи­ка­лық сал­ма­ғы (ал­дың­ғы жыл­дың қо­ры­тындысы) 3,2 кг кем емес
4.
Жүн­нiң са­па­сы 60-64 са­па­дан кем емес ****
5.
Би­я­зы жүн­дi ба­стап­қы қай­та өң­дей­тін кәс­i­по­рын­да­ры­на би­я­зы жүн­ді өт­кi­зу
6.
Ве­те­ри­на­ри­я­лық iс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру
12.
Шы­рын­ды және ке­сек азық­ты суб­си­ди­я­лау үшiн мал ша­ру­а­шы­лы­ғы­мен ай­на­лы­са­тын та­у­ар өн­дiру­шiлер­ге:
1.
Ағым­да­ғы жы­л­ғы 1 қаң­тар­да­ғы жай-күйі 30 ба­стан кем емес ана­лық мал ба­сы­ның бо­луы
2.
Мал азығы да­қыл­да­ры­ның және (неме­се) ша­бын­дық (ша­бы­ла­тын) ал­қап­тың және (неме­се) мал азығ­ын са­тып алу шар­ты­ның бо­луы
3.
Ве­те­ри­на­ри­я­лық iс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жүр­гі­зу
4.
Мал­дың бір­дей­лен­ді­ру нө­мі­рі­нің және зоо­тех­ни­ка­лық оқи­ға­лар­ды ен­гі­зе оты­рып, се­лек­ци­я­лық және асыл­дан­ды­ру жұ­мыста­ры­ның ақ­па­рат­тық ба­за­сын­да тiр­ке­удің бо­луы
Ескертпе:
* Малдың (союға өткiзiлетiн) тiрiдей/сойыс салмағы тауар өндiрушi (малды сою жөнiндегi) қызметтерiн пайдаланған, есептік алу нөмiрi (коды) бар мал шаруашылығы өнiмі сатылған қайта өңдеу кәсіпорны немесе есептік нөмірі (коды) бар сою цехы берген анықтамамен расталуы тиiс.
** Талаптар өткен жылдан бастап пайдалануға берілген, тиісті инфрақұрылымы бар қазіргі заманғы сүт кешендеріне таратылмайды.
*** Сүт өндiрiсiмен айналысатын тауар өндiрушiлер селекциялық және асылдандыру жұмыстарының бiрыңғай ақпараттық базасына тiркелуі тиiс.
**** Жүннiң сапасы жүн сапасын бағалау жөнiндегi зертхана берген анықтамамен расталады.

Қолданыстағы