О некоторых вопросах акционерного общества "Наука"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах акционерного общества "Наука"
- Атауы (қаз.)
- "Ғылым" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 48
- Қабылданған күні
- 28.01.2013
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2015 AI70669_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1300000048
- ЭКБ идентификаторы
- 70669
- Редакция идентификаторы
- AI70669_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:52
0 "Ғылым" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Ғылым» акционерлік қоғамы таратылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» және «Ғылым қоры» акционерлік қоғамдары акцияларының пакетін иелену және пайдалану құқықтарын тарату комиссиясы бергеннен кейін оларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне беруді қамтамасыз етсін.
4 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5 5. «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 832 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 49, 653-құжат) күші жойылды деп танылсын.
6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
7 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 28 қаңтардағы
№ 48 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-131-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-154-жолмен толықтырылсын:
«21-154. «Ғылым қоры» акционерлік қоғамы»;
«Алматы қаласы» деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-141-жолмен толықтырылсын:
«123-141. «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» акционерлік қоғамы».
2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» деген бөлімде:
реттік нөмірі 222-39-3-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-39-5, 222-39-6-жолдармен толықтырылсын:
«222-39-5. «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ;
222-39-6. «Ғылым қоры» АҚ».
3 3. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 290-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«3. Акционерлік қоғамдар» деген бөлімде:
реттік нөмірі 24-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 26, 27-жолдармен толықтырылсын:
«26. Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы
27. Ғылым қоры».