Об утверждении предельного размера годовой эффективной ставки вознаграждения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении предельного размера годовой эффективной ставки вознаграждения
- Атауы (қаз.)
- Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 377
- Қабылданған күні
- 24.12.2012
- Көрсетілген редакция
- 19.08.2024 70673_719410.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200008306
- ЭКБ идентификаторы
- 70673
- Редакция идентификаторы
- 70673_719410
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:13
0 Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 718-бабының 2-тармағына, «Микроқаржылық қызмет туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 1-тармағына сәйкес екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар беретін банк қарыздары және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін микрокредиттер бойынша сыйақының мөлшерлемелерін айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшері:
екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар беретін банк қарыздары бойынша – кепілсіз банк қарыздары бойынша 56 (елу алты) пайыз; кепілмен қамтамасыз етілген банк қарыздары бойынша 40 (қырық) пайыз; ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша 25 (жиырма бес) пайыз;
микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін микрокредиттер бойынша – 56 (елу алты) пайыз болып бекітілсін.
Банк қарызы шартын, микрокредит беру туралы шартты жасау, банк қарызын берумен және қызмет көрсетумен байланысты банк қарызы, микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі өзгерген және (немесе) комиссиялар мен өзге төлемдер өзгерген немесе жаңадан енгізілген күні сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі осы тармақта бекітілген шекті мөлшерден асып кете алмайды.
2
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Сыйақының жылдық тиімді ставкасының шекті мөлшерін бекіту туралы» 2011 жылғы 25 наурыздағы № 33 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6947 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2011 жылғы 19 мамырда № 68 (1884), Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2011 жылғы 22 қарашада № 23 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.