Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача документов о прохождении подготовки, повышения квалификации и переподготовки кадров отрасли здравоохранения"

Бұйрық · № 901 · қабылданған 27.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-70705/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача документов о прохождении подготовки, повышения квалификации и переподготовки кадров отрасли здравоохранения" Күшін жойған Бұйрық ·№ 901 ·27.12.2012
23.06.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.06.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача документов о прохождении подготовки, повышения квалификации и переподготовки кадров отрасли здравоохранения"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 901 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача документов о прохождении подготовки, повышения квалификации и переподготовки кадров отрасли здравоохранения"
Атауы (қаз.)
"Денсаулық сақтау саласы кадрларының даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
901
Қабылданған күні
27.12.2012
Көрсетілген редакция
23.06.2014 AI70705_2.kaz
Соңғы өзгеріс
23.06.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008292
ЭКБ идентификаторы
70705
Редакция идентификаторы
AI70705_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:08

0 "Денсаулық сақтау саласы кадрларының даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Денсаулық сақтау саласы кадрларының даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар беру» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаментіне (М.Қ. Телеуов):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет – қорында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Ж.Ж. Данаева) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

5 «Денсаулық сақтау саласы кадрларының даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар беру туралы» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2012 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 901 бұйрығымен бекітілген
«Денсаулық сақтау саласы кадрларының даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар беру туралы» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. «Денсаулық сақтау саласы кадрларының даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар беру туралы» осы мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген.

2

2. «Денсаулық сақтау саласы кадрларының даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар беру туралы» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғарғы, жоғарғы оқу орнынан кейінгі және қосымша кәсіби білім беру бағдарламаларын іске асыратын ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдары (бұдан әрі - ұйымдар) көрсетеді.

3 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі автоматтандырылмаған.

4

4. Мемлекеттік қызмет «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 175–бабының 4–тармағының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 1575 қаулысымен бекітілген «Денсаулық сақтау саласы кадрларының даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар беру туралы» қаулысымен бекітілген көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.

5 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі болып:

1 1) техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі кәсіби оқу бағдарламалары бойынша - диплом;

2 2) жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламалары бойынша - диплом;

3 3) интернатураны бітіргеннен кейін - куәлік;

4 4) жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламалары бойынша, магистратура және докторантураны бітіргеннен кейін - диплом, резидентураны бітіргеннен кейін – куәлік;

5 5) қосымша кәсіби білім бағдарламалары бойынша қайта даярлаудан өткеннен кейін – куәлік, біліктілікті арттырғаннан кейін – куәлік беріледі.

6 6. Білім беру мекемесінде оқуды бітірген және қорытынды аттестациядан өткен жеке тұлғаға мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті тұтынушы) көрсетіледі.

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында басқа мемлекеттік органдардың қатысуы қарастырылмаған.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар

8 8. Ұйымдардың орналасу жерлері, жұмыс кестелері, мемлекеттік қызмет көрсету барысы және тәртібі туралы ақпаратты уәкілетті мемлекет органның (www.mz.gov.kz) және ұйымдардың интернет қорынан алуға болады.

9 9. Даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан және кадрлардың қайта даярлаудан өткені туралы құжатты алу үшін жеке тұлғалар Стандарттың 11-тармағында қарастырылған құжаттарды ұсынуы тиіс:

10 10. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағында көрсетілген.

11 11. Мемлекеттік қызмет көрсетуді уақытша тоқтатуға негіздеме Стандарттың 15-тармағында қарастырылған.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы әрекеттер (өзара әрекеттестік) тәртібінің сипаттамасы

12 12. Құжаттарды қабылдау мен тұтынушының мемлекеттік қызметі туралы мәліметтерді алуы осы регламенттің 1–қосымшасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылыми ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері арқылы іске асырылады.

13 13. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1 1) қабылданған құжаттарды білім беру ұйымының қызметкері тіркейді;

2 2) тіркелген құжаттар құрылымдық бөлімшенің жауапты тұлғасына жіберіледі;

3 3) орындаушы-қызметкер берілген құжаттарды тексеріп, білім беру ұйымының құжат беру туралы бұйрығына сәйкес кадрлардың даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжатты рәсімдеп, білім беру ұйымы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына келісуге жібереді.

4 4) басшының жетекшілік ететін орынбасарының келісімінен кейін құжат басшыға қол қоюға жіберіледі;

5 5) басшының қолы қойылғаннан кейін құжатты мемлекеттік қызметті тұтынушыға беру үшін тіркеуге жібереді;

6 6) мемлекеттік қызметті тұтынушы құжатты қолма-қол алып, есепке алу журналына қол қояды.

14 14. Құжаттар мен олардың дубликаттарын беру кезінде құрылымдық-функционалдық бірліктер әрекеттерінің тізбегі осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.

15 15. Құжаттар мен олардың дубликаттарын беру кезінде құрылымдық-функционалдық бірліктердің қызметтік өзара әрекеттестігі осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

16 1-кесте. Құрылымдық-функционалдық бірліктер (ҚФБ) қызметін сипаттау

16. Құжат көшірмесін беру туралы шешімді білім беру ұйымының басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға қабылдайды.
«Денсаулық сақтау саласы кадрларының
даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан
және қайта даярлаудан өткені
туралы құжаттар беру туралы» мемлекеттік
қызмет регламентінің 1-қосымшасы
1-кесте. Құрылымдық-функционалдық бірліктер (ҚФБ) қызметін сипаттау
1 № іс-әре­кет (ба­ры­сы жұ­мысы, ле­гі,)
1
2
3
4
5
6
7
ҚФБ ата­уы
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ді тұ­ты­ну­шы­лар­дың құ­жат­та­рын қа­был­дау бой­ын­ша бө­лім қыз­мет­кер­ле­рі (де­ка­нат, оқу бө­лі­мі, оқу бө­лім­ше­сі және т.б.)
Бұй­рық­тың жо­ба­сын дай­ын­дау және құ­жат­тар­ды рә­сім­деу бой­ын­ша бө­лім­ше қыз­мет­кер­ле­рі (кең­се тір­ке­у­ші­сі, де­ка­нат, оқу бө­лі­мі, оқу бө­лім­ше­сі және т.б.)
Ти­іс­ті құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­лер­дің қыз­мет­кер­ле­рі
Бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­ның бас­шы­сы­ның же­тек­ші орын­ба­са­ры
Бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­ның бас­шы­сы
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ді тұ­ты­ну­шы­лар­дың құ­жат­та­рын қа­был­дау бой­ын­ша бө­лім қыз­мет­кер­ле­рі (де­ка­нат, оқу бө­лі­мі, оқу бө­лім­ше­сі және т.б.)
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ді тұ­ты­ну­шы
Жұ­мыстың ата­уы (іс­тің, про­це­ду­ра­ның, опе­ра­ци­я­ның) және олар­ды си­паттау
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ді тұ­ты­ну­шы­ның же­ке құ­жа­тын және ке­ту қа­ға­зын қа­был­дау және тір­кеу
Же­ке құ­жат­пен және ке­ту қа­ға­зы­ның маз­мұ­ны­мен та­ны­су, мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ді тұ­ты­ну­шы­ның же­ке іс қа­ға­зын­да­ғы құ­жат­та­ры­ның то­лық­тығ­ын тек­се­ру, бі­лім бе­ру ме­ке­ме­сі­нің же­тек­ші­сі­нің ма­ман­дар­дың дай­ын­дық­ты, бі­лім же­тіл­ді­ру­ді және қай­та да­яр­ла­удан өт­ке­ні ту­ра­лы бұй­ры­ғы­ның жо­ба­сын дай­ын­дау. Бұй­рық­тың жо­ба­сын же­тек­ші­нің орын­ба­са­ры қа­да­ға­лай­тын ти­іс­ті құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­лер­ге ке­лі­су­ге жі­бе­ру және бас­шы­ға қол қо­ю­ға бе­ру.
Бұй­рық шы­ға­ру­ға ке­лі­сім алу
Құ­жат­тың орын­да­луы­ның негіз­ді­лі­гін тек­се­ру
Бұй­рық­қа қол қой­ды­ру
Бі­лім бе­ру ме­ке­ме­сі бас­шы­сы қол қой­ған бұй­рық­ты тір­кеу. Дай­ын­дық­ты, бі­лім же­тіл­ді­ру­ді және қай­та дай­ын­дау ту­ра­лы құ­жат­тар­ды рә­сім­деу.
Олар­ды жур­нал­ға тір­кеу және бе­рі­л­ген уа­қы­ты көр­се­ті­л­ген құ­жат­ты ие­сіне бе­ру.
Жур­нал­ға тір­кеу және бе­рі­л­ген уа­қы­ты көр­се­ті­л­ген құ­жат­ты ал­ға­ны­на қол қою.
Аяқ­тау фор­ма­сы  (мә­лі­мет, құ­жат, Ұй­ым­да­сты­ру–бө­лу ше­ші­мі)
Бұй­рық­тың жо­ба­сын дай­ын­дау және құ­жат­тар­ды рә­сім­деу бой­ын­ша бө­лім­ше қыз­мет­кер­ле­рі (кең­се тір­ке­у­ші­сі, де­ка­нат, оқу бө­лі­мі, оқу бө­лім­ше­сі және т.б.)
Бұй­рық­тың жо­ба­сы
Бас­шы­лар­дың қо­лы
Бас­шы­лар­дың қо­лы
Қо­лы
Рә­сім­дел­ген және бе­ру­ге дай­ын құ­жат
Құ­жат­ты бе­ру
Орын­да­лу мер­зі­мі
(1 са­ғат)
(3 жұ­мыс кү­ні)
(3 жұ­мыс кү­ні)
(1 күн)
(1 күн)
(7 жұ­мыс кү­ні)
(1 са­ғат)
Ке­ле­сі іс­тің но­ме­рі
2
3
4
5
6
7
2–кесте. Дубликаттарды беру кезіндегі ҚФБ қызметінің сипаты
1 № жұ­мысы (ба­ры­сы, лек­тің, жұ­мыстар­дың)
1
2
3
4
5
6
ҚФБ ата­уы
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ді тұ­ты­ну­шы­лар­дың құ­жат­та­рын қа­был­дау бой­ын­ша бө­лім қыз­мет­кер­ле­рі (де­ка­нат, оқу бө­лі­мі, оқу бө­лім­ше­сі және т.б.)
Бі­лім бе­ру ме­ке­ме­сі­нің бас­шы­сы
Ти­іс­ті құ­ры­лым­дық бө­лім­нің қыз­мет­ке­рі (де­ка­нат, оқу бө­лі­мі, оқу бө­лім­ше­сі және т.б.)
Бі­лім бе­ру ме­ке­ме­сі­нің бас­шы­сы
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ді тұ­ты­ну­шы­лар­дың құ­жат­та­рын қа­был­дау бой­ын­ша бө­лім қыз­мет­кер­ле­рі (де­ка­нат, оқу бө­лі­мі, оқу бө­лім­ше­сі және т.б.)
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ді тұ­ты­ну­шы
Жұ­мыстың ата­уы (іс­тің, про­це­ду­ра­ның, опе­ра­ци­я­ның) және олар­ды си­паттау
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ді тұ­ты­ну­шы­ның же­ке құ­жа­тын және қа­был­дау және тір­кеу. Құ­жат­тар­ды бі­лім бе­ру ме­ке­ме­сі бас­шы­сы­на бе­ру
Құ­жат­тар­дың маз­мұ­ны­мен та­ны­су және ти­іс­ті құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­лер­ге тап­сы­ру.
Құ­жат­тар­дың то­лық­тығ­ын тек­се­ру және дуб­ли­кат дай­ын­дау. Дуб­ли­кат­ты дай­ын­дау және бі­лім бе­ру ме­ке­ме­сі бас­шы­сы­на қол қо­ю­ға бе­ру неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту­ды негіз­деу.
Құ­жат­тың орын­да­лу негіз­ді­лі­гін және қол қой­ы­луын тек­се­ру
Бұй­рық­ты тір­кеу.
Дуб­ли­кат­ты жур­нал­ға тір­кеу және бе­рі­л­ген уа­қы­ты көр­се­ті­л­ген құ­жат­ты ие­сіне бе­ру.
Жур­нал­ға тір­кеу және бе­рі­л­ген уа­қы­ты көр­се­ті­л­ген құ­жат­ты ал­ға­ны­на қол қою.
Аяқ­тау фор­ма­сы  (мә­лі­мет, құ­жат, Ұй­ым­да­сты­ру -бө­лу ше­ші­мі)
Құ­жат­ты ал­ға­ны ту­ра­лы қол­хат бе­ру.
Бұ­ры­шта­ма қою.
Дуб­ли­кат­ты дай­ын­дау және бі­лім бе­ру ме­ке­ме­сі бас­шы­сы­на қол қо­ю­ға бе­ру неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту­ды негіз­деу.
Бас­шы­ның қо­лы.
Рә­сім­дел­ген және бе­ру­ге дай­ын құ­жат.
Құ­жат­ты бе­ру.
Орын­да­лу мер­зі­мі
(1 са­ғат)
(1 са­ғат)
(бір ай­дан ке­шік­тір­мей)
(1 са­ғат)
(1 са­ғат)
(1 са­ғат)
Ке­ле­сі іс­тің но­ме­рі
2
3
4
5
6
7
«Денсаулық сақтау саласы кадрларының
даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан
және қайта даярлаудан өткені
туралы құжаттар беру туралы» мемлекеттік
қызмет регламентінің 2-қосымшасы
Диаграмма 1. ҚФБ өзара жасалатын қызмет
Диаграмма 2. Дубликаттар беру кезінде ҚФБ өзара жасалатын қызмет

Қолданыстағы