Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах лицензирования деятельности по производству этилового спирта, производству алкогольной продукции, хранению, оптовой и (или) розничной реализации алкогольной продукции, за исключением деятельности по хранению, оптовой и (или) розничной реализации алкогольной продукции на территории ее производства

Қаулы · № 57 · қабылданған 29.01.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-70717/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О некоторых вопросах лицензирования деятельности по производству этилового спирта, производству алкогольной продукции, хранению, оптовой и (или) розничной реализации алкогольной продукции, за исключением деятельности по хранению, оптовой и (или) розничной реализации алкогольной продукции на территории ее производства Күшін жойған Қаулы ·№ 57 ·29.01.2013
10.08.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах лицензирования деятельности по производству этилового спирта, производству алкогольной продукции, хранению, оптовой и (или) розничной реализации алкогольной продукции, за исключением деятельности по хранению, оптовой и (или) розничной реализации алкогольной продукции на территории ее производства

Күшін жойған Қаулы ·№ 57 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах лицензирования деятельности по производству этилового спирта, производству алкогольной продукции, хранению, оптовой и (или) розничной реализации алкогольной продукции, за исключением деятельности по хранению, оптовой и (или) розничной реализации алкогольной продукции на территории ее производства
Атауы (қаз.)
Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, этил спиртін өндіру, алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
57
Қабылданған күні
29.01.2013
Көрсетілген редакция
10.08.2015 AI70717_2.kaz
Соңғы өзгеріс
10.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300000057
ЭКБ идентификаторы
70717
Редакция идентификаторы
AI70717_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:52

0 Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, этил спиртін өндіру, алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, этил спиртін өндіру, алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.

2 2. Мыналар:

1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар;

2

2) облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық органдары алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар;

3

3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi мен оның аумақтық бөлімшелері өтініш берушінің Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарына сәйкестігі бөлігінде этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруге арналған лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беруді келісетін мемлекеттік орган болып белгіленсін.

3 3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

4 4. Қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақты қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, этил спиртін өндіру, алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 29 қаңтардағы
№ 57 қаулысымен
бекітілген
Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, этил спиртін өндіру, алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі
Р/с №
Бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры мы­на­лар­дың бо­луын қам­ти­ды:
Құ­жат­тар
Ес­керт­пе
1
2
3
4
Этил спир­тін өн­ді­ру бой­ын­ша қыз­мет тү­рі үшін
1
Этил спир­тін өн­ді­ру­ші­нің өн­ді­ру пас­пор­ты
Этил спир­тін өн­ді­ру­ші әзір­ле­ген және бе­кіт­кен өн­ді­ру пас­пор­ты­ның кө­шір­ме­сі
Этил спир­тін өн­ді­ру пас­пор­ты «Этил спир­ті мен ал­ко­голь өні­мін өн­ді­ру пас­пор­ты үшін қа­жет­ті мә­лі­мет­тер тіз­бе­сін бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2011 жы­л­ғы 28 қа­ра­ша­да­ғы № 1382 қа­улы­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­луі ти­іс
2
Мы­на­дай жол­дар­мен:
1) тоқ­сан­дар бой­ын­ша бір қа­лып­ты 200 мың де­ка­литр­ден тө­мен емес кө­лем­де би­дай­дан, кар­топ­тан, қант қы­зы­л­ша­сы­нан, қант ши­кi­за­ты сiр­не­сi­нен және бас­қа да қант­ты-крах­мал­ды та­ғам­дық өсiм­дiк ши­кi­за­ты­нан өн­дiрiлетiн спирт ашыт­қы­ла­ры­нан бо­за ай­ы­ру;
2) жы­лы­на 20 мың де­ка­литр­ден тө­мен емес кө­лем­де ша­рап ма­те­ри­а­лын ті­ке­лей неме­се екі жақ­ты ай­дау жо­лы­мен алын­ған этил спир­тін өн­ді­ру және шы­ға­ру мүм­кін­ді­гі
Этил спир­ті­нің қа­жет­ті кө­ле­мін өн­ді­ру­ге мүм­кін­дік бе­ре­тін жаб­дық­тың пай­да­ла­ну - тех­ни­ка­лық си­патта­ма­сын қам­ти­тын жаб­дық­тың пас­порт­та­ры­ның кө­шір­ме­ле­рін қо­са бе­ре оты­рып, өті­ніш бе­ру­ші жүр­гі­зе­тін өн­ді­рі­стік қу­ат есе­бі
Осы та­лап­қа сәй­кест­ік өн­ді­рі­стік қу­ат есе­бі­нің дәй­ек­ті­лі­гі бой­ын­ша және ти­іс­ті жаб­дық­тың пас­пор­тын­да көр­се­ті­л­ген де­ректер бой­ын­ша бел­гі­ле­не­ді
3
Этил спир­ті өн­ді­рі­сі­нің пас­пор­тын­да көр­се­ті­л­ген мә­лі­мет­тер­ге сәй­кес, мен­шік құқы­ғын­да­ғы ста­ци­о­нар­лық өн­ді­рі­стік үй-жай­лар мен жаб­дық­тар
Мен­шік құқы­ғын­да­ғы ста­ци­о­нар­лық өн­ді­рі­стік үй-жай­лар мен жаб­дық­тар­дың бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны (қо­сым­ша­ға сәй­кес)
Жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке мен­шік құқы­ғы мем­ле­кет­тік элек­трон­дық ақ­па­рат­тық ре­сур­стар ар­қы­лы бел­гі­ле­не­ді
4
Ста­ци­о­нар­лық үй-жай­лар­да этил спир­тін өн­ді­ру­ді қам­та­ма­сыз ете­тін ком­му­ни­ка­ци­я­лар (су­мен жаб­дық­тау, электр қу­а­ты­мен жаб­дық­тау, кә­різ)
Ком­му­ни­ка­ци­я­лар­дың бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны (қо­сым­ша­ға сәй­кес)
Ком­му­ни­ка­ци­я­лар­дың бо­луын ли­цен­зи­ар «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 10-ба­бы­на сәй­кес өзге ба­қы­лау ны­са­нын жүр­гі­зу жо­лы­мен анық­тай­ды
5
Мен­шік құқы­ғын­да­ғы этил спир­тін өн­ді­ру ке­зін­де пай­да­ла­ны­ла­тын тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық
Ұй­ым­ның тең­ге­рі­міне тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­ты қа­был­дау ту­ра­лы бух­гал­тер­лік (есеп­тік) құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі
6
Ли­цен­зи­ар­ға өн­ді­ру кө­ле­мi ту­ра­лы ақ­па­рат­ты ав­то­мат­ты түр­де бе­рудi қам­та­ма­сыз ететiн спирт өл­ше­уіш ап­па­рат­тар
Спирт өл­ше­уіш ап­па­рат­та­ры­ның бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны (қо­сым­ша­ға сәй­кес)
«Этил спир­тін өн­ді­ру­дің тех­но­ло­ги­я­лық же­лі­ле­рін спирт өл­шей­тін ап­па­рат­тар­мен, ал­ко­голь өні­мін (ша­рап ма­те­ри­а­лы­нан және сы­ра­дан бас­қа) өн­ді­ру­ді - уәкі­лет­ті ор­ган­ға нақ­ты уа­қыт ре­жи­мін­де өн­ді­ру кө­ле­мі ту­ра­лы де­ректер­ді ав­то­мат­ты түр­де бе­ру­ді қам­та­ма­сыз ете­тін есеп­те­у­ші ба­қы­лау ас­пап­та­ры­мен жа­рақ­тау жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды, сон­дай-ақ олар­дың жұ­мыс іс­те­уін және этил спир­ті мен ал­ко­голь өні­мі­нің есеп­ке алы­нуын жү­зе­ге асы­ру­ды ба­қы­лау тәр­ті­бін бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2012 жы­л­ғы 12 қаң­тар­да­ғы № 30 қа­улы­сы­ның та­лап­та­рын қа­на­ғат­тан­ды­ра­тын спирт өл­ше­уіш ап­па­рат­та­ры­ның бо­луын ли­цен­зи­ар «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 10-ба­бы­на сәй­кес ба­қы­ла­удың өзге ны­са­нын жүр­гі­зу жо­лы­мен анық­тай­ды
7
Этил спир­тін сақ­та­у­ға, қа­был­да­у­ға және жі­бе­ру­ге ға­на ар­нал­ған қой­ма үй-жай­ла­ры - ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ста­ци­о­нар­лық үй-жай­лар мен алаң­дар (этил спир­тін сақ­тау үшін)
«Этил спир­тін сақ­тау мен өт­кі­зу (ти­еп-жө­нел­ту, қа­был­дап алу) қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2011 жы­л­ғы 21 жел­тоқ­сан­да­ғы № 1572 қа­улы­сын­дабел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға жа­у­ап бе­ре­тін ар­найы ста­ци­о­нар­лық үй-жай­лар мен алаң­дар­дың сәй­кест­і­гін ли­цен­зи­ар «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 10-ба­бы­на сәй­кес ба­қы­ла­удың өзге ны­са­нын жүр­гі­зу жо­лы­мен анық­тай­ды
8
Этил спир­тін өн­ді­ру­ге ар­нал­ған ши­кі­затты сақ­та­у­ға, дай­ын­да­у­ға (өң­де­у­ге) ар­нал­ған қой­ма
Қой­ма­ның бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны (қо­сым­ша­ға сәй­кес)
Қой­ма­ның бо­луын ли­цен­зи­ар «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 10-ба­бы­на сәй­кес ба­қы­ла­удың өзге ны­са­нын жүр­гі­зу жо­лы­мен анық­тай­ды
9
Этил спир­тін, ши­кі­затты және қо­сал­қы ма­те­ри­ал­дар­ды са­ни­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау са­ла­сын­да­ғы нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­дің та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін қой­ма үй-жай­ла­рын­да және қой­ма­лар­да сақ­тау шар­тта­ры
Ли­цен­зи­ар­дың сұ­ра­уы­на са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ның жа­у­а­бы
Ли­цен­зи­ар­дың сұ­ра­уы­на «Ли­цен­зи­я­лау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 42-ба­бы­мен бел­гі­лен­ген тәр­тіп­те са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган жа­у­ап бе­ре­ді
10
Өл­шем бір­лі­гін қам­та­ма­сыз ету­дің мем­ле­кет­тік жүй­е­сі­нің та­лап­та­ры­на сәй­кес тек­се­рі­л­ген тем­пе­ра­ту­ра­лық және ылғал­дық ре­жи­мі бой­ын­ша ши­кі­затты, қо­сал­қы ма­те­ри­ал­дар­ды, этил спир­тін сақ­тау шар­тта­рын ба­қы­ла­у­ға мүм­кін­дік бе­ре­тін ас­пап­тар
Ас­пап­тар­дың бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны (қо­сым­ша­ға сәй­кес)
Ас­пап­тар­дың бо­луын ли­цен­зи­ар «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 10-ба­бы­на сәй­кес ба­қы­ла­удың өзге ны­са­нын жүр­гі­зу жо­лы­мен анық­тай­ды
Ал­ко­голь өні­мін өн­ді­ру бой­ын­ша қыз­мет тү­рі үшін
11
Ал­ко­голь өні­мін өн­ді­ру­ші­нің өн­ді­ру пас­пор­ты
Ал­ко­голь өні­мін өн­ді­ру­ші әзір­ле­ген және бе­кіт­кен ал­ко­голь өні­мі­нің өн­ді­ру пас­пор­ты­ның кө­шір­ме­сі
Ал­ко­голь өні­мін өн­ді­ру пас­пор­ты «Этил спир­ті мен ал­ко­голь өні­мін өн­ді­ру пас­пор­ты үшін қа­жет­ті мә­лі­мет­тер тіз­бе­сін бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2011 жы­л­ғы 28 қа­ра­ша­да­ғы № 1382 қа­улы­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­луі ти­іс
12
Арақ пен ай­рық­ша арақ және ли­кер-арақ өнім­де­рін (кү­ш­ті­лі­гі он екі пай­ыз­ға жет­пей­тін кү­ш­ті­лі­гі тө­мен ли­кер-арақ өнім­де­рі­нен бас­қа­сын) әр­бір тех­но­ло­ги­я­лық же­лі­де тоқ­сан­дар бой­ын­ша бір қа­лып­ты жы­лы­на 200 мың де­ка­литр­ден тө­мен емес кө­лем­де өн­ді­ру және өнім шы­ға­ру мүм­кін­ді­гі
Арақ пен ай­рық­ша арақ және ли­кер-арақ өн­ді­ру­ге мүм­кін­дік бе­ре­тін жаб­дық­тың пай­да­ла­ну - тех­ни­ка­лық си­патта­ма­сын қам­ти­тын жаб­дық­тың пас­порт­та­ры­ның кө­шір­ме­ле­рін қо­са бе­ре оты­рып, өті­ніш бе­ру­ші жүр­гі­зе­тін өн­ді­рі­стік қу­ат есе­бі
Осы та­лап­қа сәй­кест­ік өн­ді­рі­стік қу­ат­тың есе­бі­нің дәй­ек­ті­лі­гі бой­ын­ша және ти­іс­ті жаб­дық­тың пас­пор­тын­да көр­се­ті­л­ген де­ректер бой­ын­ша бел­гі­ле­не­ді
13
Ал­ко­голь өні­мін өн­ді­ру пас­пор­тын­да көр­се­ті­л­ген мә­лі­мет­тер­ге сәй­кес, мен­шік құқы­ғын­да­ғы ста­ци­о­нар­лық өн­ді­рі­стік үй-жай­лар мен жаб­дық­тар
Мен­шік құқы­ғын­да­ғы ста­ци­о­нар­лық өн­ді­рі­стік үй-жай­лар мен жаб­дық­тар­дың бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны (қо­сым­ша­ға сәй­кес)
Жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке мен­шік құқы­ғы мем­ле­кет­тік элек­трон­дық ақ­па­рат­тық ре­сур­стар ар­қы­лы бел­гі­ле­не­ді
14
Ста­ци­о­нар­лық үй-жай­лар­да ал­ко­голь өні­мін өн­ді­ру­ді қам­та­ма­сыз ете­тін ком­му­ни­ка­ци­я­лар (су­мен жаб­дық­тау, электр қу­а­ты­мен жаб­дық­тау, кә­різ)
Ком­му­ни­ка­ци­я­лар­дың бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны (қо­сым­ша­ға сәй­кес)
Ком­му­ни­ка­ци­я­лар­дың бо­луын ли­цен­зи­ар «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 10-ба­бы­на сәй­кес өзге ба­қы­лау ны­са­нын жүр­гі­зу жо­лы­мен анық­тай­ды
15
Мен­шік құқы­ғын­да­ғы ал­ко­голь өні­мін өн­ді­ру ке­зін­де пай­да­ла­ны­ла­тын тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық
Ұй­ым­ның тең­ге­рі­міне тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­ты қа­был­дау ту­ра­лы бух­гал­тер­лік (есеп­тік) құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі
16
Ли­цен­зи­ар­ға өн­ді­ру кө­ле­мi ту­ра­лы ақ­па­рат­ты ав­то­мат­ты түр­де бе­рудi қам­та­ма­сыз ететiн ал­ко­голь өні­мін өн­ді­ру кө­ле­мін есеп­ке алу (кө­мір қо­сто­тығ­ы­мен қа­нық­қа­ны­нан және ша­рап ма­те­ри­а­лы­нан бас­қа) ап­па­рат­та­ры
Ал­ко­голь өні­мін өн­ді­ру кө­ле­мін есеп­теу ап­па­рат­та­ры­ның бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны (қо­сым­ша­ға сәй­кес)
«Этил спир­тін өн­ді­ру­дің тех­но­ло­ги­я­лық же­лі­ле­рін ал­ко­голь өні­мін өн­ді­ру кө­ле­мін есеп­ке алу (кө­мір қо­сто­тығ­ы­мен қа­нық­қа­ны­нан және ша­рап ма­те­ри­а­лы­нан бас­қа) ап­па­рат­тар­мен, ал­ко­голь өні­мін (ша­рап ма­те­ри­а­лы­нан және сы­ра­дан бас­қа) өн­ді­ру­ді - уәкі­лет­ті ор­ган­ға нақ­ты уа­қыт ре­жи­мін­де өн­ді­ру кө­ле­мі ту­ра­лы де­ректер­ді ав­то­мат­ты түр­де бе­ру­ді қам­та­ма­сыз ете­тін есеп­те­у­ші ба­қы­лау ас­пап­та­ры­мен жа­рақ­тау жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды, сон­дай-ақ олар­дың жұ­мыс іс­те­уін және этил спир­ті мен ал­ко­голь өні­мі­нің есеп­ке алы­нуын жү­зе­ге асы­ру­ды ба­қы­лау тәр­ті­бін бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2012 жы­л­ғы 12 қаң­тар­да­ғы № 30 қа­улы­сы­ның та­лап­та­рын қа­на­ғат­тан­ды­ра­тын есеп­теу ап­па­рат­та­ры­ның бо­луын ли­цен­зи­ар «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 10-ба­бы­на сәй­кес ба­қы­ла­удың өзге ны­са­нын жүр­гі­зу жо­лы­мен анық­тай­ды
17
Ал­ко­голь өні­мін өн­ді­ру­ге пай­да­ла­ны­ла­тын этил спир­тін сақ­та­у­ға, қа­был­да­у­ға және жі­бе­ру­ге ға­на ар­нал­ған және өн­ді­рі­л­ген ал­ко­голь­дік өнім­ді сақ­та­у­ға, қа­был­да­у­ға және жі­бе­ру­ге ар­нал­ған қой­ма үй-жай­ла­ры - ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ста­ци­о­нар­лық үй-жай­лар
«Этил спир­тін сақ­тау мен өт­кі­зу (ти­еп-жө­нел­ту, қа­был­дап алу) қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2011 жы­л­ғы 21 жел­тоқ­сан­да­ғы № 1572 қа­улы­сын­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес ке­ле­тін спирт­ті сақ­та­у­ға ар­нал­ған қой­ма үй-жай­ла­ры­ның және өн­ді­рі­л­ген ал­ко­голь­дік өнім­ді сақ­та­у­ға ар­нал­ған қой­ма үй-жай­ла­ры­ның сәй­кест­і­гін ли­цен­зи­ар «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 10-ба­бы­на сәй­кес ба­қы­ла­удың өзге ны­са­нын жүр­гі­зу жо­лы­мен анық­тай­ды
18
Ал­ко­голь өні­мін өн­ді­ру­ге ар­нал­ған ши­кі­затты сақ­та­у­ға, дай­ын­да­у­ға (өң­де­у­ге) ар­нал­ған қой­ма
Қой­ма­ның бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны (қо­сым­ша­ға сәй­кес)
Қой­ма­ның бо­луын ли­цен­зи­ар «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 10-ба­бы­на сәй­кес ба­қы­ла­удың өзге ны­са­нын жүр­гі­зу жо­лы­мен анық­тай­ды
19
Ал­ко­голь өні­мін, ши­кі­затты және қо­сал­қы ма­те­ри­ал­дар­ды са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау са­ла­сын­да­ғы нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­дің та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін қой­ма үй-жай­ла­рын­да және қой­ма­лар­да сақ­тау шар­тта­ры
Ли­цен­зи­ар­дың сұ­ра­уы­на са­ни­та­ри­я­лық- эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ның жа­у­а­бы
Ли­цен­зи­ар­дың сұ­ра­уы­на «Ли­цен­зи­я­лау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 42-ба­бы­мен бел­гі­лен­ген тәр­тіп­те са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау са­ла­сын­да­ғы уәкі­літ­ті ор­ган жа­у­ап бе­ре­ді
20
Өл­шем­дер­дің бі­рың­ғай­лы­ғын қам­та­ма­сыз ету­дің мем­ле­кет­тік жүй­е­сі­нің та­лап­та­ры­на сәй­кес тек­се­рі­л­ген тем­пе­ра­ту­ра­лық және ылғал­дық ре­жи­мі бой­ын­ша ши­кі­затты, қо­сал­қы ма­те­ри­ал­дар­ды, ал­ко­голь өні­мін сақ­тау шар­тта­рын ба­қы­ла­у­ға мүм­кін­дік бе­ре­тін ас­пап­тар
Ас­пап­тар­дың бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны (қо­сым­ша­ға сәй­кес)
Ас­пап­тар­дың бо­луын ли­цен­зи­ар «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 10-ба­бы­на сәй­кес ба­қы­ла­удың өзге ны­са­нын жүр­гі­зу жо­лы­мен анық­тай­ды
Ал­ко­голь өні­мін өн­ді­ру ау­ма­ғын­да сақ­тау және кө­тер­ме са­уда­да са­ту қыз­ме­тін қо­с­па­ған­да, ал­ко­голь өні­мін сақ­тау және кө­тер­ме са­уда­да са­ту қыз­ме­ті­нің тү­рі үшін
21
Ба­зар­лар­дан, кө­тер­ме ба­зар­лар­дан тыс ор­на­лас­қан, су­мен, электр­мен және кә­різ­бен қам­та­ма­сыз еті­л­ген мен­шік құқы­ғын­да­ғы неме­се уа­қыт­ша ие­лік ету (пай­да­ла­ну), өте­у­сіз пай­да­ла­ну құқы­ғын­да­ғы ал­ко­голь өні­мін сақ­та­у­ға, қа­был­да­у­ға және жө­нел­ту­ге ға­на ар­нал­ған ста­ци­о­нар­лық қой­ма үй-жай­ла­ры
Тір­ке­у­ші ор­ган­ның жүр­гі­зі­л­ген тір­кеу ту­ра­лы бел­гі­сі­мен құқық бел­гі­лей­тін құ­жат­тың кө­шір­ме­сі, құқық­тық ка­дастр­дың ақ­па­рат­тық жүй­е­сі ар­қы­лы тір­кел­ген (2013 жыл­дың 1 қаң­та­ры­нан ба­стап бе­рі­ле­ді) жағ­дай­да - жүр­гі­зі­л­ген тір­кеу ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ның кө­шір­ме­сі
Жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке мен­шік құқы­ғы неме­се уа­қыт­ша ие­лік ету, (пай­да­ла­ну) құқы­ғы мем­ле­кет­тік элек­трон­дық ақ­па­рат­тық ре­сур­стар ар­қы­лы бел­гі­ле­не­ді
Жал­ға алу неме­се өте­у­сіз пай­да­ла­ну шар­ты­ның кө­шір­ме­сі – осы шар­ттар­ды ке­мін­де бір жыл­дан кем мер­зім­ге жа­сас­қан жағ­дай­да
22
Ста­ци­о­нар­лық қой­ма үй-жай­ла­рын­да­ғы ком­му­ни­ка­ци­я­лар (су­мен жаб­дық­тау, электр қу­а­ты­мен жаб­дық­тау, кә­різ)
Ком­му­ни­ка­ци­я­лар бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны (қо­сым­ша­ға сәй­кес)
Осы та­лап­қа сәй­кест­і­гін ли­цен­зи­ар «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 10-ба­бы­на сәй­кес ба­қы­ла­удың өзге ны­са­нын жүр­гі­зу жо­лы­мен анық­тай­ды
Тех­ни­ка­лық си­патта­ма­сын көр­се­те оты­рып, қой­ма ста­ци­о­нар­лық үй-жай­ға тех­ни­ка­лық пас­порт­тың кө­шір­ме­сі
23
Мә­лім­дел­ген қой­ма үй-жай­ла­рын­да ал­ко­голь өнім­де­рін сақ­тау және кө­тер­ме са­уда­мен са­ту бой­ын­ша қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын екі және одан да астам ли­цен­зи­ат­тың бо­луы неме­се бол­мауы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Ли­цен­зи­ат­тар­дың бо­луы неме­се бол­мауы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны (қо­сым­ша­ға сәй­кес)
Мә­лі­мет­тер­дің дәй­ек­ті­лі­гін ли­цен­зи­ар «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 10-ба­бы­на сәй­кес ба­қы­ла­удың өзге ны­са­нын жүр­гі­зу жо­лы­мен анық­тай­ды
24
Өл­шем­дер­дің бі­рың­ғай­лы­ғын қам­та­ма­сыз ету­дің мем­ле­кет­тік жүй­е­сі­нің та­лап­та­ры­на сәй­кес тек­се­рі­л­ген тем­пе­ра­ту­ра­лық және ылғал­дық ре­жи­мі бой­ын­ша ши­кі­затты, қо­сал­қы ма­те­ри­ал­дар­ды, ал­ко­голь өні­мін сақ­тау шар­тта­рын ба­қы­ла­у­ға мүм­кін­дік бе­ре­тін ас­пап­тар
Ас­пап­тар­дың бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны (қо­сым­ша­ға сәй­кес)
Ас­пап­тар­дың бо­луын ли­цен­зи­ар «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 10-ба­бы­на сәй­кес ба­қы­ла­удың өзге ны­са­нын жүр­гі­зу жо­лы­мен анық­тай­ды
25
Ба­ла­лар ме­ке­ме­ле­рі мен бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры қор­ша­уы­ның ше­ка­ра­сы­на дей­ін­гі жүз метр­ден астам ра­ди­у­ста ор­на­лас­қан қой­ма үй-жай­ла­ры­ның қор­шау ше­ка­ра­сы
Осы та­лап­қа сәй­кест­і­гін ли­цен­зи­ар «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 10-ба­бы­на сәй­кес ба­қы­ла­удың өзге ны­са­нын жүр­гі­зу жо­лы­мен анық­тай­ды
Ал­ко­голь өні­мін өн­ді­ру ау­ма­ғын­да сақ­тау және бөл­шек са­уда­да са­ту қыз­ме­тін қо­с­па­ған­да, ал­ко­голь өні­мін сақ­тау және бөл­шек са­уда­да са­ту қыз­ме­ті­нің тү­рі үшін
26
Ба­зар­лар­дан, кө­тер­ме ба­зар­лар­дан тыс ор­на­лас­қан, мен­шік құқы­ғын­да­ғы неме­се уа­қыт­ша ие­лік ету (пай­да­ла­ну), өте­у­сіз пай­да­ла­ну құқы­ғын­да­ғы, ста­ци­о­нар­лық үй-жайы
Тір­ке­у­ші ор­ган­ның жүр­гі­зі­л­ген тір­кеу ту­ра­лы бел­гі­сі­мен құқық бел­гі­лей­тін құ­жат­тың кө­шір­ме­сі, құқық­тық ка­дастр­дың ақ­па­рат­тық жүй­е­сі ар­қы­лы тір­кел­ген (2013 жыл­дың 1 қаң­та­ры­нан ба­стап бе­рі­ле­ді) жағ­дай­да - жүр­гі­зі­л­ген тір­кеу ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ның кө­шір­ме­сі
Жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке мен­шік құқы­ғы неме­се уа­қыт­ша ие­лік ету (пай­да­ла­ну), өте­у­сіз пай­да­ла­ну құқы­ғы мем­ле­кет­тік элек­трон­дық ақ­па­рат­тық ре­сур­стар ар­қы­лы бел­гі­ле­не­ді.
Жал­ға алу неме­се өте­у­сіз пай­да­ла­ну шар­ты­ның кө­шір­ме­сі – осы шар­ттар­ды ке­мін­де бір жыл­дан кем мер­зім­ге жа­сас­қан жағ­дай­да
27
Ста­ци­о­нар­лық қой­ма үй-жай­лар­да­ғы ком­му­ни­ка­ци­я­лар (су­мен жаб­дық­тау, электр қу­а­ты­мен жаб­дық­тау, кә­різ)
Ста­ци­о­нар­лық үй-жай­ға тех­ни­ка­лық си­патта­ма­сы көр­се­ті­л­ген тех­ни­ка­лық пас­порт­тың кө­шір­ме­сі
Осы та­лап­қа сәй­кест­і­гін ли­цен­зи­ар «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 10-ба­бы­на сәй­кес ба­қы­ла­удың өзге ны­са­нын жүр­гі­зу жо­лы­мен анық­тай­ды
Ком­му­ни­ка­ци­я­лар­дың бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны (қо­сым­ша­ға сәй­кес)
28
Фис­кал­ды жа­ды бар ба­қы­лау-кас­са ма­ши­на­сы
Ба­қы­лау-кас­са ма­ши­на­сы­ның бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны (қо­сым­ша­ға сәй­кес)
Ба­қы­лау-кас­са ма­ши­на­сы­ның бо­луы мем­ле­кет­тік элек­трон­дық ақ­па­рат­тық ре­сур­стар ар­қы­лы анық­та­ла­ды
29
Ал­ко­голь өнім­де­рін ға­на қо­ю­ға ар­нал­ған вит­ри­на­лар және (неме­се) сө­ре­лер
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 10-ба­бы­на сәй­кес вит­ри­на­лар­дың және (неме­се) сө­ре­лер­дің бо­луын, ли­цен­зи­ар ба­қы­ла­удың өзге ны­са­нын жүр­гі­зу жо­лы­мен анық­тай­ды
30
Өл­шем­дер­дің бі­рың­ғай­лы­ғын қам­та­ма­сыз ету­дің мем­ле­кет­тік жүй­е­сі­нің та­лап­та­ры­на сәй­кес тек­се­рі­л­ген тем­пе­ра­ту­ра­лық және ылғал­дық ре­жи­мі бой­ын­ша ши­кі­затты, қо­сал­қы ма­те­ри­ал­дар­ды, ал­ко­голь өні­мін сақ­тау шар­тта­рын ба­қы­ла­у­ға мүм­кін­дік бе­ре­тін ас­пап­тар
Ас­пап­тар­дың бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны (қо­сым­ша­ға сәй­кес)
Ас­пап­тар­дың бо­луын ли­цен­зи­ар «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 10-ба­бы­на сәй­кес ба­қы­ла­удың өзге ны­са­нын жүр­гі­зу жо­лы­мен анық­тай­ды
31
Ба­ла­лар ме­ке­ме­ле­рі мен бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры қор­ша­уы­ның ше­ка­ра­сы­на дей­ін­гі жүз метр­ден астам ра­ди­у­ста ор­на­лас­қан ста­ци­о­нар­лық үй-жай­лар­дың қор­ша­у­ла­ры бол­ма­ған кез­де ста­ци­о­нар­лық үй-жай­лар қор­ша­у­ла­ры­ның ше­ка­ра­ла­ры неме­се ста­ци­о­нар­лық үй-жай­лар­ға ар­нал­ған жер учас­ке­сі­нің ше­ка­ра­ла­ры
Осы та­лап­қа сәй­кест­і­гін ли­цен­зи­ар «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 10-ба­бы­на сәй­кес ба­қы­ла­удың өзге ны­са­нын жүр­гі­зу жо­лы­мен анық­тай­ды

9 Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, этил спиртін өндіру, алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына мәліметтер нысандары

Алкоголь өнімдерін өндіру
аумағында оны сақтау,
көтерме және (немесе) бөлшек
саудада сату жөніндегі қызметті
қоспағанда, этил спиртін өндіру,
алкоголь өнімін өндіру,
алкоголь өнімін сақтау,
көтерме және (немесе)
бөлшек саудада сату
жөніндегі қызметті жүзеге асыруға
қойылатын біліктілік талаптары және
оларға сәйкестігін растайтын
құжаттар тізбесіне
қосымша
Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, этил спиртін өндіру, алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына мәліметтер нысандары
Этил спиртін өндіру бойынша қызмет түрі үшін:
1. Этил спиртін өндіру паспортында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келетін меншік құқығындағы стационарлық үй-жайлар:
мыналарды көрсетіңіз:
1) орналасқан жерінің мекенжайы (пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы,
үйдің/ғимараттың нөмірі (стационарлық үй-жайдың) __________________________________________;
2) стационарлық үй-жайдың кадастрлық нөмірі ________________________________________________;
3) меншік құқығы туындауының негізі ________________________________________________________;
4) меншік құқығының туындауын растайтын құжаттың (құжаттардың) нөмірі мен күні
____________________________________________________________________________________________;
5) нысаналы мақсаты (жоспар бойынша литер) _________________________________________________;
6) стационарлық үй-жайдың жалпы алаңы ______________________________________________________;
7) салынған жыл ____________________________________________________________________________.
2. Стационарлық үй-жайда этил спиртін өндіруді қамтамасыз ететін коммуникациялар
(сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау және кәріз):
мыналарды көрсетіңіз:
1) стационарлық үй-жайды сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау және кәрізбен
қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсету туралы шарттың (шарттардың) атауы
____________________________________________________________________________________________;
2) шарттың (шарттардың) нөмірі мен күні ____________________________________________________.
3. Лицензиарға өндіру көлемi туралы ақпаратты автоматты түрде берудi қамтамасыз ететiн спирт өлшеуіш аппараттар:
мыналарды көрсетіңіз:
1) аппараттарды сатып алуға, монтаждауға және орнатуға арналған шарттың (шарттардың) нөмірі мен күні
____________________________________________________________________________________________;
2) аппараттар саны _________________________________________________________________________;
3) ақпаратты автоматты түрде берудi жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық
қамтамасыз етудің бар-жоғы _________________________________________________________________.
4. Этил спиртін өндіруге шикізатты сақтау, дайындау (өңдеу), беру үшін арналған қойма:
мыналарды көрсетіңіз:
1) меншік құқығы туындауының негізі ________________________________________________________;
2) нысаналы мақсаты (жоспар бойынша литер) _________________________________________________;
3) меншiк құқығының туындауын растайтын құжаттың (құжаттардың) нөмірі мен күні
____________________________________________________________________________________________;
4) қойманың алаңы __________________________________________________________________________;
5) біржолғы сақтау көлемі __________________________________________________________________.
5. Өлшемдердің бірыңғайлығын мемлекеттік қамтамасыз ету жүйесінің талаптарына сәйкес
тексерілген температуралық ылғалдық режимі бойынша шикізатты, қосалқы материалдарды,
этил спиртін сақтау шарттарын бақылауға мүмкіндік беретін аспаптар:
мыналарды көрсетіңіз:
1) аспаптарды сатып алуды растайтын құжаттың (құжаттардың) нөмірі мен күні
____________________________________________________________________________________________;
2) аспаптарды тексеруді жүзеге асыратын ұйымның атауы ______________________________________;
3) соңғы және кейінгі тексерудің күні ______________________________________________________.
Алкоголь өнімін өндіру бойынша қызмет түрі үшін:
1. Алкоголь өнімін өндіру паспортында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келетін меншік құқығындағы стационарлық үй-жайлар:
мыналарды көрсетіңіз:
1) орналасқан жерінің мекенжайы (пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен,
көшенің атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі (стационарлық үй-жайдың)
___________________________________________________________________________________________;
2) стационарлық үй-жайдың кадастрлық нөмірі _______________________________________________;
3) меншiк құқығы туындаудың негіздемесі ___________________________________________________;
4) меншiк құқығының туындауын растайтын құжаттың (құжаттардың) нөмірі және күні
___________________________________________________________________________________________;
5) нысаналы мақсаты (жоспар бойынша литер) ________________________________________________;
6) стационарлық үй-жайдың жалпы алаңы _____________________________________________________;
7) салынған жылы __________________________________________________________________________.
2. Стационарлық үй-жайда алкоголь өнімін өндіруді қамтамасыз ететін коммуникациялар
(сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және кәріз):
мыналарды көрсетіңіз:
1) стационарлық үй-жайларды сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау және кәрізбен
қамтамасыз ету жөніндегі шарттың (шарттардың) атауы
___________________________________________________________________________________________;
2) шарттың (шарттардың) нөмірі мен күні ___________________________________________________.
3. Лицензиарға өндіру көлемi туралы ақпаратты автоматты түрде берудi қамтамасыз ететiн
алкоголь өнімдерінің өндірілу көлемін есептеу аспаптары
(көмір қостотығымен қаныққанынан және шарап материалынан басқа):
мыналарды көрсетіңіз:
1) аспаптарды сатып алуға, монтаждауға және орнатуға шарттың
(шарттардың) нөмірі мен күні ______________________________________________________________;
2) аспаптар саны __________________________________________________________________________;
3) ақпаратты автоматты түрде берудi жүзеге асыруға мүмкіндік беретін
бағдарламалық қамтамасыз етудің бар-жоғы __________________?_______________________________.
4. Алкоголь өнімін өндіруге шикізатты сақтауға, дайындауға (өңдеуге), беруге арналған қойма:
мыналарды көрсетіңіз:
1) меншік құқығы туындауының негізі _______________________________________________________;
2) нысаналы мақсаты (жоспар бойынша литер) ________________________________________________;
3) меншiк құқығының туындауын растайтын құжаттың (құжаттардың) нөмірі мен күні
___________________________________________________________________________________________;
4) қойманың алаңы _________________________________________________________________________;
5) біржолғы сақтау көлемі _________________________________________________________________.
5. Өлшемдердің бірыңғайлығын мемлекеттік қамтамасыз ету жүйесінің талаптарына сәйкес
тексерілген температуралық ылғалдық режимі бойынша шикізатты, қосалқы материалдарды,
алкоголь өнімін сақтау шарттарын бақылауға мүмкіндік беретін аспаптар:
мыналарды көрсетіңіз:
1) аспаптарды сатып алуды растайтын құжаттың (құжаттардың) нөмірі мен күні
___________________________________________________________________________________________;
2) аспаптарды тексеруді жүзеге асыратын ұйымның атауы _____________________________________;
3) соңғы және кейінгі тексерудің күні _____________________________________________________.
Алкоголь өнімі өндірілетін аумақта оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметтің түрі үшін:
1. Қойма үй-жайдағы коммуникациялар (сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау, кәріз):
мыналарды көрсетіңіз:
1) стационарлық үй-жайларды сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау және
кәрізбен қамтамасыз ету жөніндегі шарттың (шарттардың) атауы
_________________________________________________________________________________________;
2) шарттың (шарттардың) нөмірі мен күні _________________________________________________.
2. Мәлімделген қойма үй-жайда алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада
сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын екі немесе одан көп лицензиаттың бар
немесе жоқ болуы туралы мәліметтер:
қойма үй-жайында екі немесе одан көп лицензиаттың бар
немесе жоқ болуын көрсетіңіз ____________________________________________________________.
3. Өлшемдердің бірыңғайлығын мемлекеттік қамтамасыз ету жүйесінің талаптарына сәйкес
тексерілген температуралық ылғалдық режимі бойынша алкоголь өнімін
сақтау шарттарын бақылауға мүмкіндік беретін аспаптар:
мыналарды көрсетіңіз:
1) аспаптарды сатып алуды растайтын құжаттың (құжаттардың) нөмірі және күні
_________________________________________________________________________________________;
2) аспаптарды тексеруді жүзеге асыратын ұйымның атауы ___________________________________;
3) соңғы және кейінгі тексерудің күні ___________________________________________________.
Алкоголь өнімі өндірілетін аумақта оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметтің түрі үшін:
1. Стационарлық үй-жайдағы коммуникациялар (сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау, кәріз):
мыналарды көрсетіңіз:
1) стационарлық үй-жайларды сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау
кәрізбен қамтамасыз ету жөніндегі шарттың (шарттардың) атауы
_________________________________________________________________________________________;
2) шарттың (шарттардың) нөмірі мен күні _________________________________________________.
2. Фискалдық жады бар бақылау-кассалық машина:
бақылау-кассалық машинаны тіркеуді растайтын құжаттың нөмірі мен күнін көрсетіңіз
_________________________________________________________________________________________.
3. Өлшемдердің бірыңғайлығын мемлекеттік қамтамасыз ету жүйесінің талаптарына
сәйкес тексерілген температуралық ылғалдық режимі бойынша алкоголь
өнімін сақтау шарттарын бақылауға мүмкіндік беретін аспаптар:
мыналарды көрсетіңіз:
1) аспаптарды сатып алуды растайтын құжаттың (құжаттардың) нөмірі мен күні
__________________________________________________________________________________________;
2) аспаптарды тексеруді жүзеге асыратын ұйымның атауы ____________________________________;
3) соңғы және кейінгі тексерудің күні ____________________________________________________.

10 Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 29 қаңтардағы
№ 57 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

1

1. «Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 731 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 31, 343-құжат).

2 2. «Алкоголь өнімінің өндірісі жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 732 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32, 345-құжат).

3 3. «Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 733 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32, 346-құжат).

4 4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 731 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы № 1181 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 46, 547-құжат).

5 5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 731 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 290 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 27, 329-құжат).

6

6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 820 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 643-құжат).

7

7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 820 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 9-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 643-құжат).

8

8. «Алкоголь өнімінің өндірісі жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 732 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1585 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 9, 183-құжат).

9

9. «Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 733 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 1614 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 10, 205-құжат).

10

10. «Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 731 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1704 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 17, 268-құжат).

Қолданыстағы