Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах лицензирования деятельности по производству табачных изделий

Қаулы · № 58 · қабылданған 29.01.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-70718/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О некоторых вопросах лицензирования деятельности по производству табачных изделий Күшін жойған Қаулы ·№ 58 ·29.01.2013
10.08.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах лицензирования деятельности по производству табачных изделий

Күшін жойған Қаулы ·№ 58 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах лицензирования деятельности по производству табачных изделий
Атауы (қаз.)
Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
58
Қабылданған күні
29.01.2013
Көрсетілген редакция
10.08.2015 AI70718_2.kaz
Соңғы өзгеріс
10.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300000058
ЭКБ идентификаторы
70718
Редакция идентификаторы
AI70718_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:52

0 Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.

2 2. Мыналар:

1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;

2

2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi мен оның аумақтық бөлімшелері өтініш берушінің Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарына сәйкестігі бөлігінде темекі өнімдерін өндіруге лицензия беруге келісетін мемлекеттік орган болып белгіленсін.

3

3. «Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 шілдедегі № 628 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 25, 296-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»;

1 1-тармақ алынып тасталсын.

4 4. Қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақты қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 29 қаңтардағы
№ 58 қаулысымен
бекітілген
Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
Р/с

Бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры мы­на­лар­дың бо­луын қам­ти­ды:
Құ­жат­тар
Ес­керт­пе
1
2
3
4
Те­ме­кі өнім­де­рін өн­ді­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­тің тү­рі үшін
1
Те­ме­кі өнім­де­рін өн­ді­ру­ші­нің өн­ді­ріс пас­пор­ты
Те­ме­кі өнім­де­рін өн­ді­ру­ші әзір­ле­ген және тол­тыр­ған өн­ді­ріс пас­пор­ты­ның кө­шір­ме­сі
Өн­ді­рі­стік пас­пор­ты «Те­мекi өнiм­дерiнiң өн­дiрiлуi мен ай­на­лы­мын мем­ле­кет­тік рет­теу ту­ра­лы» 2003 жы­л­ғы 12 мау­сым­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы 7-ба­бы­ның 2-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген та­лап­тар­ды сақ­тай оты­рып тол­ты­ры­ла­ды
2
Өн­ді­ріс пас­пор­тын­да көр­се­ті­л­ген, өті­ніш бе­ру­ші­ге мен­шік құқы­ғын­да ти­е­сі­лі те­ме­кі өнім­де­рін өн­ді­ру үшін қа­жет­ті ғи­ма­рат­тар мен үй-жай­лар неме­се өзге құқық­тар
Өн­ді­рі­стік тір­кел­ге­ні ту­ра­лы тір­кеу ор­га­ны­ның бел­гі­сі бар құқық бел­гі­лей­тін құ­жат­тың кө­шір­ме­сі, өн­ді­рі­стік тір­кел­ге­ні ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ның кө­шір­ме­сі – құқық­тық ка­дастр ақ­па­рат­тық жүй­е­сі ар­қы­лы тір­кел­ген жағ­дай­да (2013 жы­л­ғы 1 қаң­тар­дан ба­стап ұсы­ны­ла­ды).
Атал­ған шар­ттар­ды бір жыл­дан аз мер­зім­ге жа­са­ған жағ­дай­да жал­ға бе­ру неме­се өте­у­сіз пай­да­ла­ну шар­ты­ның кө­шір­ме­сі
Жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке мен­шік құқы­ғы неме­се уа­қыт­ша ие­лік ету, пай­да­ла­ну құқы­ғы мем­ле­кет­тік элек­трон­дық ақ­па­рат­тық ре­сур­стар ар­қы­лы бел­гі­ле­не­ді
3
Өн­ді­ріс пас­пор­тын­да көр­се­ті­л­ген өн­ді­рі­стің тех­но­ло­ги­я­лық схе­ма­сы­на сәй­кес ке­ле­тін те­ме­кі өнім­де­рін өн­ді­ру ке­зін­де пай­да­ла­ны­ла­тын тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық
Тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­тың бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны (қо­сым­ша­ға сәй­кес)
Көр­се­ті­л­ген жаб­дық­тың бо­луын «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 10-ба­бы­на сәй­кес ли­цен­зи­ар ба­қы­ла­удың өзге ны­са­нын жүр­гі­зу жо­лы­мен бел­гі­лей­ді
4
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның тех­ни­ка­лық рет­теу және өл­шеу бiр­лi­гiн қам­та­ма­сыз ету са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін өл­шеу құ­рал­да­ры
Өл­шеу құ­рал­да­ры­ның бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер­дің ны­са­ны (қо­сым­ша­ға сәй­кес)
Өл­шеу құ­рал­да­ры­ның бо­луын «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 10-ба­бы­на сәй­кес ли­цен­зи­ар ба­қы­ла­удың өзге ны­са­нын жүр­гі­зу жо­лы­мен бел­гі­лей­ді
5
Те­ме­кі өнім­де­рін, өн­ді­рі­стің қо­сал­қы өнім­де­рін, ши­кі­затты, қо­сым­ша ма­те­ри­ал­дар­ды және ыдыс­тар­ды сақ­тау шар­тта­ры са­ни­тар­лық- эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау са­ла­сын­да­ғы нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін қой­ма үй-жай­лар
Са­ни­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ның ли­цен­зи­ар­дың сұ­ра­уы­на жа­у­а­бы
Са­ни­тар­лық-эпи­де­ми­я­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган ли­цен­зи­ар­дың сұ­ра­уы­на жа­у­ап­ты «Ли­цен­зи­я­лау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 42-ба­бын­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен ұсы­на­ды
6
Те­ме­кі өнім­де­рі­нің өн­ді­рі­сін тех­но­ло­ги­я­лық ба­қы­лау бой­ын­ша зерт­ха­на­лар
Зерт­ха­на­ның бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны (қо­сым­ша­ға сәй­кес)
Зерт­ха­на­ның бо­луын «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 10-ба­бы­на сәй­кес ли­цен­зи­ар ба­қы­ла­удың өзге ны­са­нын жүр­гі­зу жо­лы­мен бел­гі­лей­ді
7
Бар­лық та­у­ар бел­гі­ле­рі­нің дәл және то­лық ата­у­ла­рын көр­се­те оты­рып, өн­ді­рі­ле­тін өнім тіз­бе­сі
Өн­ді­рі­ле­тін өнім тіз­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны (қо­сым­ша­ға сәй­кес)
-
8
«Тех­ни­ка­лық рет­теу ту­ра­лы» 2004 жы­л­ғы 9 қа­ра­ша­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін нор­ма­тив­тік тех­ни­ка­лық құ­жат­тар
Нор­ма­тив­тік тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ры­ның бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны (қо­сым­ша­ға сәй­кес)
-

9 Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына мәліметтер нысандары

Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі
қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын
біліктілік талаптары және оларға
сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесіне
қосымша
Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына мәліметтер нысандары
1. Темекі өнімдерін өндірушінің өндірістік паспортында көрсетілген өндірістің технологиялық схемасына сәйкес келетін темекі өнімдерін өндіру кезінде пайдаланылатын технологиялық жабдық:
мыналар:
1) жабдықтың атауы ___________________________________________________;
2) түрі ______________________________________________________________;
3) маркасы ___________________________________________________________;
4) жабдықтың өнімділігі ______________________________________________;
5) саны ______________________________________________________________;
6) жабдықты сатып алуды растайтын құжаттың нөмірі мен күні ___________;
7) соңғы және кейінгі тексеру (калибрлеу) күні ___________ көрсетілсін.
2. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және өлшем
бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы заңнамасының
талаптарына сәйкес келетін өлшеу құралдары:
мыналар:
1) өлшеу құралының атауы _____________________________________________;
2) түрі ______________________________________________________________;
3) маркасы ___________________________________________________________;
4) саны ______________________________________________________________;
5) соңғы және кейінгі тексеру (калибрлеу) күні ____________ көрсетілсін.
3. Темекі өнімдерінің өндірісін технологиялық бақылау бойынша зертханалар:
Болған кезде мыналар:
1) аккредиттеу аттестатын (куәлігін) берген орган ____________________;
2) аттестаттың (куәліктің) қолданыс мерзімі __________________________;
3) аккредиттеу (аттестаттау) саласы __________________________________;
4) аккредиттеу аттестатының (куәлігінің) нөмірі және күні
____________ көрсетілсін;
5) берген орны _______________________________________________________.
4. Барлық тауар белгілерінің дәл және толық атауларын көрсете отырып,
өндірілетін өнім тізбесі:
мыналар:
1) барлық тауар белгілерінің дәл және толық атауларын көрсете отырып,
өндірілетін өнімнің дәл және толық атауы _____________________________;
2) тауар белгісін тіркеу нөмірі және күні __________________ көрсетілсін.
5. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы
Заңының талаптарына сәйкес келетін нормативтік техникалық құжаттар:
техникалық құжаттаманың болуы көрсетілсін:
1) стандарттың нөмірі және күні ______________________________________;
2) техникалық регламенттің нөмірі және күні __________________________;
3) технологиялық нұсқаулық нөмірі және күні (болған кезде)
______________________________________________________________________;
4) басқа құжаттама (болған кезде) ____________________________________.

Қолданыстағы