О реорганизации дочернего государственного предприятия "Казахавтодор-Кокшетау" Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Казахавтодор" Комитета автомобильных дорог Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реорганизации дочернего государственного предприятия "Казахавтодор-Кокшетау" Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Казахавтодор" Комитета автомобильных дорог Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Автомобиль жолдары комитетiнiң "Қазақавтожол" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының "Қазақавтожол-Көкшетау" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 79
- Қабылданған күні
- 01.02.2013
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2015 AI70731_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1300000079
- ЭКБ идентификаторы
- 70731
- Редакция идентификаторы
- AI70731_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:49
0 Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Автомобиль жолдары комитетiнiң "Қазақавтожол" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының "Қазақавтожол-Көкшетау" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Автомобиль жолдары комитетiнiң «Қазақавтожол» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының
«Қазақавтожол-Көкшетау» еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – қоғам) қайта ұйымдастырылсын.
2 2. Қоғам қызметінің негізгі мәні жол қызметін жүзеге асыру болып айқындалсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) қоғамның жарғысын бекітуді және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2 2) қоғамның мемлекеттік акциялар пакетін пайдалану және иелену құқығын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне берсін;
3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
4 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
9 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 1 ақпандағы
№ 79 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-156-жолмен толықтырылсын:
«21-156. «ҚазАвтоЖол» АҚ».
2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 160-27-жолмен толықтырылсын:
«160-27. «ҚазАвтоЖол» АҚ».