Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента электронной государственной услуги "Выдача справок органов, осуществляющих функции по опеке или попечительству для оформления сделок с имуществом, принадлежащим на праве собственности несовершеннолетним детям"

Қаулы · № 523 · қабылданған 21.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-70733/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении регламента электронной государственной услуги "Выдача справок органов, осуществляющих функции по опеке или попечительству для оформления сделок с имуществом, принадлежащим на праве собственности несовершеннолетним детям" Күшін жойған Қаулы ·№ 523 ·21.12.2012
23.05.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.05.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента электронной государственной услуги "Выдача справок органов, осуществляющих функции по опеке или попечительству для оформления сделок с имуществом, принадлежащим на праве собственности несовершеннолетним детям"

Күшін жойған Қаулы ·№ 523 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента электронной государственной услуги "Выдача справок органов, осуществляющих функции по опеке или попечительству для оформления сделок с имуществом, принадлежащим на праве собственности несовершеннолетним детям"
Атауы (қаз.)
"Кәмелетке толмаған меншік құқығына тиесілі мүлікпен мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру" электрондық мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
523
Қабылданған күні
21.12.2012
Көрсетілген редакция
23.05.2013 70733_167720.kaz
Соңғы өзгеріс
23.05.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12SF002135
ЭКБ идентификаторы
70733
Редакция идентификаторы
70733_167720
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:19

0 "Кәмелетке толмаған меншік құқығына тиесілі мүлікпен мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру" электрондық мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабы 4 тармағына, «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса берілген «Кәмелетке толмағандарға меншік құқығында тиесілі мүлікпен мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасары Айнагүл Кәкімжолқызы Бектасоваға жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы әкімдігінің
2012 жылғы «21» желтоқсандағы
№ 523 қаулысымен
бекітілді
«Кәмелетке толмағандарға меншік құқығында тиесілі мүлікпен мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету регламенті

1 1. Жалпы ережелері

1

1. «Кәмелетке толмағандарға меншік құқығында тиесілі мүлікпен мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» электрондық мемлекеттік қызметі (бұдан әрі –қызмет) «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган/қызмет беруші) Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – Орталық), сондай-ақ мемлекеттік қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда www.egov.kz «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетіледі.
Шалғай елді мекендердің тұрғындарына мемлекеттік қызметтің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Мобильдік орталықтар арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге рұқсат етіледі.

2

2. Қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Кәмелетке толмағандарға меншік құқығында тиесілі мүлікпен мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет Стандартына сәйкес көрсетіледі (бұдан әрі – Стандарт).

3 3. Қызметті автоматтандыру дәрежесі: жартылай автоматтандырылған.

4 4. Қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық.

5

5. «Кәмелетке толмағандарға меншік құқығында тиесілі мүлікпен мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» осы электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету регламентінде қолданылатын ұғымдар мен қысқартулар (бұдан әрі – Регламент):

1 1) АЖО – автоматтандырылған жұмыс орны.

2 2) «электрондық үкiмет» веб-порталы– нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкiметтiк ақпаратқа және электрондық мемлекеттiк қызметтерге қол жетімділіктің бiрыңғай терезесiн білдіретін ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮП);

3

3) «Жеке тұлға» мемлекеттік деректер базасы - Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғаларды бірыңғай сәйкестендіруге ендіру мақсатында автоматтандырылған жинау, сақтау және ақпаратты өңдеу, жеке сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тізілімін құрастыруға және олар туралы өзекті және сенімді ақпараттарды Қазақстан Республикасындағы заңнамаларына сәйкес және мемлекеттік басқару органдарына және олардың өкілеттілігі аясында басқа субъектілерге беруге арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЖТ МДБ);

4 4) бiрыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе – бұл нотариалдық қызметтi автоматтандыруға және әдiлет органдары мен нотариалдық палаталардың өзара iс-қимылына арналған аппараттық-бағдарламалық кешен (бұдан әрі – БНАЖ);

5 5) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, тапсыру және беру үшін арналған жүйе (бұдан әрі - АЖ);

6 6) жеке сәйкестендіру нөмірі – жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түрінде өзінің қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі - ЖСН);

7

7) Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі - Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталықтары, сондай-ақ тиісті министрліктер мен ведомстволар арқылы халыққа (жеке және заңды тұлғаларға) қызмет көрсету процесін автоматтандыру үшін арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі –Орталық АЖ);

8 8) мемлекеттік қызметті алушы – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға;

9 9) пайдаланушы – оған қажеттi электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшiн ақпараттық жүйеге жүгiнетiн және оларды пайдаланатын субъект;

10 10) «электрондық үкімет» өңірлік шлюзі – электрондық қызметтер көрсетудi iске асыру шеңберiнде «электрондық әкімдік» ақпараттық жүйелерiн интеграциялауға арналған «электрондық үкiмет» шлюзiнің кіші жүйесі (бұдан әрі – ЭҮӨШ);

11 11) құрылымдық – функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ ) – бұл қызмет көрсету процесіне қатысатын мемлекеттік органдардың, мекемелердің немесе уәкілетті органдардың құрылымдық бөлімшелер тізбесі;

12 12) транзакциялық қызмет – электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданумен өзара ақпарат алмасуды талап ететiн, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөнiндегі қызмет;

13 13) «электрондық үкiмет» шлюзi – электрондық қызметтер көрсетудi iске асыру шеңберiнде «электрондық үкiметтiң» ақпараттық жүйелерiн интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮШ);

14 14) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және ЭЦҚ қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

15 15) электрондық мемлекеттік қызмет – ақпараттық технологияларды пайдаланумен электрондық нысанда көрсетілген мемлекеттiк қызмет;

16 16) электрондық цифрлық қолтаңба– электрондық цифрлық қолтаңбаның құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлiгiн және мазмұнының тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық нышандар терiмi (бұдан әрі - ЭЦҚ).

2 2. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызмет беруші әрекетінің тәртібі

6 6. ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі (функционалдық өзара әрекет жасаудың № 1 диаграммасы) қадамдық әрекеттер осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген:

1 1) мемлекеттік қызметті алушы ЭҮП-ке тіркеуді ЖСН және пароль көмегімен жүзеге асырады (ЭҮП-ке тіркелмеген мемлекеттік қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);

2 2) 1 процесс – мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының ЭҮП-ке ЖСН және парольді енгізуі (авторландыру процесі);

3 3) 1 шарт – ЖСН және пароль арқылы тіркелген мемлекеттік қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын ЭҮП-те тексеру;

4 4) 2 процесс – мемлекеттік қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуымен байланысты, ЭҮП авторизациялаудан бас тарту хабарламасын қалыптастырады;

5

5) 3 процесс – мемлекеттік қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген электрондық мемлекеттік қызметті таңдауы, электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару (деректерді енгізу) және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып алушының нысанды толтыруы, сұрау салу нысанына Стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың көшірмелерін электронды түрде тіркеу, сондай-ақ алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

6 6) 2 шарт – ЭҮП-те ЭЦҚ тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімін және тізімде қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендірме деректерге сәйкес келуін (сұрау салуда көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында) тексеру;

7 7) 4 процесс – мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ шынайылығының расталмауымен байланысты сұрау салынған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;

8 8) 5 процесс – мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды куәландыру және электрондық құжатты (сұрау салуды) қызмет көрсетуші өңдеу үшін ЭҮШ арқылы ЭҮӨШ АЖО-ға жіберу;

9 9) 6 процесс – ЭҮӨШ АЖО-да электрондық құжатты тіркеу, мемлекеттік қызмет алушыға хабарламаны- мемлекеттік қызмет нәтижесін алудың датасы мен уақытын көрсетумен мемлекеттік қызметті ұсынуға сұранымды қабылдау туралы есепті жолдау;

10 10) 3 шарт – Стандарттың 11 тармағында көрсетілген тұтынушы мемлекеттік қызметті алушымен тіркелген құжаттардың сәйкестігін және электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудегі негізін қызмет көрсетуші тексереді (өңдейді);

11 11) 7 процесс – мемлекеттік қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынған электрондық құжат түріндегі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты құрастыру;

12

12) 8 процесс – мемлекеттік қызметті алушының ЭҮӨШ АЖО-да қалыптастырған қызмет нәтижесін (қызмет беруші қызметкерінің ЭЦҚ қойылған электронды құжат түріндегі анықтаманы (бұдан әрі-анықтама) немесе электронды құжат түріндегі мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелденген жауапты алуы. Электрондық құжат қызмет берушінің қызметкерінің ЭЦҚ-сын пайдаланумен құрастырылады.

7 7. Орталық арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі (функционалдық өзара әрекет жасаудың № 2 диаграммасы) қадамдық әрекеттер осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген:

1 1) 1 процесс – орталық операторының электрондық мемлекеттік қызметті алу үшін ЭҮӨШ АЖО-на логині мен паролін енгізуі (авторландыру процесі);

2

2) 2 процесс – орталық операторының осы Регламентте көрсетілген электрондық мемлекеттік қызметті таңдауы, электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығаруы және мемлекеттік қызметті алушының деректерін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушының сенімхат бойынша (тек қана нотариалды куәландырылған сенімхат, егер де сенімхат бөгде жағдаймен куәландырылса, сенімхаттың деректері толтырылмайды) өкілінің деректерін енгізуі;

3 3) 3 процесс – ЖТ МДҚ-на ЭҮШ арқылы тұтынушының деректері туралы, сондай-ақ БНАЖ-не тұтынушының өкілінің сенімхат деректері туралы сұрау салуды жіберуі;

4 4) 1 шарт – ЖТ МДҚ-да мемлекеттік қызметті алушы деректерінің болуын, БНАЖ-да сенімхат деректерінің болуын тексеру;

5 5) 4 процесс – ЖТ МДҚ-да мемлекеттік қызметті алушы деректерінің, БНАЖ-да сенімхат деректерінің болмауымен байланысты деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаны құрастыру;

6

6) 5 процесс – сұрау салу нысанын құжаттардың қағаз нысанында болуын белгілеу бөлігінде орталық операторының толтыруы және мемлекеттік қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі мен оларды сұрау салу нысанына бекітуі, және электрондық мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі толтырылған (деректерді енгізу) сұрау салу нысанасын ЭЦҚ арқылы куәландыруы;

7 7) 6 процесс – орталық операторының ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (мемлекеттік қызметті алушының сұрау салуын) ЭҮШ арқылы ЭҮӨШ АЖО-ға жіберу;

8 8) 7 процесс – ЭҮӨШ АЖО-да электрондық құжатты тіркеу, мемлекеттік қызмет алушыға сәйкес құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру;

9 9) 2 шарт – Стандарттың 11 тармағында көрсетілген мемлекеттік қызметті алушымен тіркелген құжаттардың сәйкестігін және электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудегі негізін қызмет көрсетуші тексереді (өңдейді);

10 10) 8 процесс – мемлекеттік қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болуымен байланысты сұрау салынған электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;

11

11) 9 процесс – мемлекеттік қызметті алушының электрондық мемлекеттік қызмет нәтижесін (мемлекеттік қызметті алушының (қағаз жеткізушіде кәмелетке толмағандарға тиесілі тұрғын үй кепілдемесімен ссуданы ресімдеу үшін нотариалды кеңсеге немесе банктерге баспананың иесі болып табылатын кәмелетке толмағандарға жылжымайтын мүлікке иеліктен айыру бойынша мәмілелерді жасауға қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын) (бұдан әрі-анықтама) Орталық операторы арқылы алуы.

8 8. Электрондық мемлекеттік қызметке сұрау салуды және жауапты толтыру нысандары www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталында, сондай-ақ Орталықта көрсетілген.

9 9. Электрондық мемлекеттік қызмет бойынша сұрау салудың орындалу статусын мемлекеттік қызметті алушымен тексеру тәсілі: «электрондық үкімет» порталындағы «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде, сондай-ақ Орталыққа арызданғанда.

10 10. Қажетті ақпаратты және электрондық мемлекеттік қызметті көрсету бойынша кеңесті ЭҮП сall-орталығының телефоны бойынша алуға болады: (1414).

3 3. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

11 11. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын құрылымдық - функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ):

1 1) Орталық операторы;

2 2) қызмет беруші.

12 12. Әрекеттердің (рәсімдерінің, атқаратын қызметтерінің, операцияларының) бірізділігін әрбір әрекеттің орындалу мерзімін көрсетумен мәтіндік кестелік сипаттау осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

13 13. Әрекеттердің логикалық бірізділігінің арасындағы (қызмет көрсету кезіндегі) өзара байланысты олардың сипаттамаларына сәйкес көрсететін диаграмма осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

14 14. Осы Регламенттің 3, 4-қосымшаларында хабарламалардың нысандарын қоса алғанда, қызметті көрсету нәтижесі соған сәйкес ұсынылуы тиіс бланкілердің нысандары, үлгілері көрсетілген (шығыс құжат).

15 15. Мемлекеттік қызметті алушыларға қызметті көрсету нәтижелері осы Регламенттің 5-қосымшасына сәйкес сапа мен қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

16 16. Мемлекеттік қызметті алушыға электрондық мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қойылатын талаптар:

1 1) құпиялылық (ақпаратты рұқсатсыз алудан қорғау);

2 2) тұтастық (ақпаратты рұқсатсыз өзгертуден қорғау);

3 3) қолжетімділік (ақпаратты және ресурстарды рұқсатсыз ұстап қалудан қорғау).

17 17. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсетудің техникалық шарты:

1 1) Интернетке шығу;

2 2) электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін тұлғаның ЖСН-і болуы;

3 3) ЭҮП-мен авторландыру;

4 2-кесте. Орталық арқылы ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы

4) ЭЦҚ пайдаланушыда болуы;
«Кәмелетке толмағандарға меншік құқығында тиесілі мүлікпен мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
1-қосымша
1-кесте. ЭҮП арқылы ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы
1.
Іс-әре­кет № (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
1
2
3
4
5
6
7
8
2.
ҚФБ, АЖ ата­уы
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алушы
ЭҮП
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алушы
ЭҮП
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алушы
ЭҮ­ӨШ АЖО
ЭҮ­ӨШ АЖО
ЭҮ­ӨШ АЖО
3.
Іс-әре­кет ата­уы (про­цесс, рә­сім, опе­ра­ци­я­лар) және олар­дың си­патта­ма­сы
ЖСН және па­роль бой­ын­ша ЭҮП-та ав­то­ри­за-
ци­я­ла­на­ды
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алушы­ның де­ректе-
рін­де бұ­зу­шы­лық-
тар­дың бо­луы­на бай­ла­ны­сты, бас тар­ту ха­бар­ла­ма-
сын қа­лып­тас-
ты­ра­ды
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ таң­да­уы­мен қыз­мет­ті таң­дай­ды және сұ­рау са­лу­дың де­ректе­рін қа­лып­тас-
ты­ра­ды
Мем­ле­кет-
тік қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ де­ректе-
рін­де бұ­зу­шы-
лық­тар­дың бо­луы­на бай­ла­ныс-
ты, бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма қа­лып­тас-ты­ра­ды
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ ар­қы­лы ку­әлан­ды­ру (қол қою) және сұ­рау са­лу­ды ЭҮ­ӨШ АЖО-ға жі­бе­ру
Құ­жат­ты тір­кеу, мем­ле-
кет­тік қыз­мет­ті алушы­ға ха­бар-
лан­ды­ру-ды -мем­ле-
кет­тік қыз­мет нәти­же-
сін алу­дың да­та­сы мен уа­қы­тын көр­се-
ту­мен мем­ле-
кет­тік қыз­мет ұсы­ну­ға сұ­ра­уды қа­был­дау ту­ра­лы есеп­ті жол­дау
Мем­ле-
кет­тік қыз­мет­ті алушы­ның құ­жат-
та­рын­да бұ­зу­шы-
лық­тар-
дың бо­луы­на бай­ла­ны-
сты, бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар-
ла­ма қа­лып-
та­сты-
ра­ды
Мем­ле­кет-
тік қыз­мет­ті алушы­ның қыз­мет нәти­же-
сін алуы
4.
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат­тар, ұй­ым­да­сты­ру- өкім­дік  ше­шім)
Сұ­рау са­лу­ды ой­да­ғы­дай қа­лып­тас-
ты­ру бой­ын­ша ха­бар­ла­ма­ны бей­не­леу
Сұ­рау са­лы­на­тын элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке бас тар­ту ха­бар­ла­ма-
сын қа­лып­тас-
ты­ра­ды
Сұ­рау са­лу­дың ба­ғыт­та­луы
Сұ­рау са­лы­на­тын элек­трон-
дық мем­ле­кет-
тік қыз­мет­ке бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­қа­лып­тас-
ты­ра­ды
Сұ­рау са­лу­дың ба­ғыт­та­луы
Өті­ніш­ке нө­мір бе­ру ар­қы­лы сұ­рау са­лу­ды тір­кеу
Дәлел­ді бас тар­ту­ды қа­лып-
та­сты­ру
Анық­та­ма неме­се мем­ле­кет-
тік қыз­мет­ті ұсы­ну­дан бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап
5.
Орын­да­лу мер­зі­мі
30 сек – 1 ми­нут
30 сек
1,5 мин
1,5 мин
30 сек – 1 ми­нут
1 минут

5 жұ­мыс күн ішін­де
6.
Ке­ле­сі іс-әре­кет нө­мі­рі
2 – егер мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алушы­ның де­ректе-
рін­де бұ­зу­шы­лық бол­са; 3 – егер ав­то­ри­за-
ци­я­лау ой­да­ғы­дай өт­се

4 – егер мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алушы­ның де­ректе-
рін­де бұ­зу­шы­лық бол­са; 5 – егер бұ­зу­шы­лық бол­ма­са


7 – егер мем­ле-
кет­тік қыз­мет­ті алушы­ның де­рек-
те­рін­де бұ­зу­шы-
лық бол­са; 8 – егер бұ­зу­шы-
лық бол­ма­са


2-кесте. Орталық арқылы ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы
1.
Іс-әре­кет № (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
2.
ҚФБ, АЖ ата­уы
Ор­та­лық опе­ра­то­ры
Ор­та­лық опе­ра­то­ры
Ор­та­лық опе­ра­то­ры
ЖТ МДҚ,  БНАЖ
Ор­та­лық опе­ра­то­ры
Ор­та­лық опе­ра­то­ры
Қыз­мет бе­ру­ші
Қыз­мет бе­ру­ші
Ор­та­лық опе­ра­то­ры
3.
Іс-әре­кет ата­уы (про­цесс, рә­сім, опе­ра­ция-
лар) және олар­дың си­патта­ма-
сы
Ор­та­лық опе­ра­то­ры ло­гин және па­роль ар­қы­лы ав­то­ри-
за­ция-
ла­на­ды
Қыз­мет­ті таң­дай­ды және сұ­рау са­лу­дың де­ректе-
рін қа­лып­тас-
ты­ра­ды
ЖТ МДҚ-на,  БНАЖ-не сұ­рау са­лу­дың жі­бе­рі­луі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алушы­ның де­ректе­рі бол­мауы­на бай­ла­ны­сты, де­ректер­ді ала ал­мау жө­нін­де­гі ха­бар­ла­ма-
сын қа­лып­тас-
ты­ра­ды
Сұ­рау са­лу­дың ны­са­ны­на қа­жет­ті құ­жат­тар-
ды тір­кеу ар­қы­лы тол­ты­ру және ЭЦҚ ку­әлан-
ды­ру
ЭҮ­ӨШ АЖО-қа ЭЦҚ ку­әлан-
ды­ры­л­ған (қол қой­ы­л­ған) құ­жат­ты жі­бе­ру
Мем­ле-
кет­тік қыз­мет алушы-
мен қо­са бе­рі­л­ген құ­жат-
тар­дың сәй­кес-
тігін тек­се­ру (өң­деу)
Мем­ле­кет-
тік қыз­мет­ті алушы­ның құ­жат-
та­рын­да бұ­зу­шы­лық-
тар­дың бо­луы­на бай­ла­ныс-
ты, бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма қа­лып­та­сты­ра­ды
Мем­ле­кет-
тік қыз­мет­ті алушы­мен қыз­мет нәти­же­сін алуы
4.
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат­тар, ұй­ым­да­сты­ру- өкім­дік ше­шім)
Қол­хат
Сұ­рау са­лу­ды ой­да­ғы­дай қа­лып­тас-ты­ру жө­нін­де ха­бар­ла-
ма­ны бей­не­леу
Сұ­рау са­лу­дың ба­ғыт-
та­луы
Дәлел­ді бас тар­ту­ды қа­лып­тас-
ты­ру
Сұ­рау са­лу­ды ой­да­ғы­дай қа­лып-
та­сты­ру бой­ын­ша ха­бар-
ла­ма­ны бей­не­леу
Сұ­рау са­лу­дың ба­ғыт-
та­луы Өті­ніш­ке нө­мір бе­ру ар­қы­лы сұ­рау са­лу­ды тір­кеу
Стан-
дарттың 11 тарма-
ғында көрсе-
тілген құжаттар
Дәлел­ді бас тар­ту­ды қа­лып­тас-
ты­ру
анық­та­ма
5.
Орын­да­лу мер­зі­мі
1 ми­нут
30 сек
1,5 мин
1,5 мин
30 сек – 1 ми­нут
1 минут
5 жұ­мыс күн ішін­де
Ор­та­лық­тан түс­кен құ­жат­тар­ды ре­сім­де­уде қа­те­лер­ді анық­та­ған жағ­дай­да үш жұ­мыс күн ішін­де қай­та­ру се­беп­те­рін негіз­де-
умен ор­та­лық­қа қай­та­ра­ды
20 ми­нут­тың ішін­де (бір жұ­мыс кү­ні ішін­де мем­ле­кет-
тік қыз­мет алушы­ны ха­бар­лан-
ды­ра­ды және қай­та­ру се­бе­бі ту­ра­лы өкі­лет­ті ор­ган­ның жа­з­ба­ша негіз­де-
ме­сін бе­ре­ді)
6.
Ке­ле­сі іс-әре­кет нө­мі­рі
2
3
4 – егер мем­ле­кет-
тік қыз­мет­ті алушы­ның де­ректе-
рін­де бұ­зу­шы­лық бол­са; 5 – егер бұ­зу­шы­лық бол­ма­са



8 – егер бұ­зу­шы-
лық бол­са; 9 – егер бұ­зу­шы-
лық бол­ма­са


«Кәмелетке толмағандарға меншік құқығында тиесілі мүлікпен мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық
жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың
анықтамаларын беру» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне 2-қосымша
ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі  өзара функционалдық әрекеттесудің  № 1 диаграммасы
Орталық арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі өзара функционалдық әрекеттесудің № 2 диаграммасы
Кесте. Шартты белгілер
«Кәмелетке толмағандарға
меншік құқығында тиесілі
мүлікпен мәмілелерді ресімдеу
үшін қорғаншылық немесе
қамқоршылық жөніндегі
функцияларды жүзеге асыратын
органдардың анықтамаларын
беру» электрондық мемлекеттік
қызмет көрсету регламентіне
3-қосымша
Электрондық мемлекеттік қызметке арналған өтініштің экрандық нысаны
Аудандық  білім бөліміне
________________________
мекенжайы бойынша  тұратын
ерлі - зайыптылардан (жеке тұлғасын куәландыратын
құжат бойынша ешқандай қысқартусыз толық Т.А.Ә. )
_________________________________
_________________________________
телефоны: ____________
Өтініш
_____________________________________________________________________
мекенжайы бойынша орналасқан жылжымайтын мүлікті алуға Сіздің
рұқсатыңызды сұраймыз.Балаларымыз:
1. _________________________________________________________________
3. _________________________________________________________________
(балалардың Т.А.Ә., туған жылын, туу туралы куәліктің № көрсету,
жасы 10 жастан асқан балалар қол қояды, «келісемін» деген сөзді жазады)
Әкесі туралы мәлімет (Т.А.Ә., жеке куәлігінің №, қашан және
кіммен берілді)
____________________________________________________________________
__________________________________________ қолы _______
Анасы туралы мәлімет (Т.А.Ә., жеке куәлігінің №, қашан және
кіммен берілді)
____________________________________________________________________
_________________________________________ қолы _______
Бұдан кейінгі тұратын мекенжайы _______________________________
«Бұдан әрі балалар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі» сөйлемін (өз қолымен) жазу
_____________________________________________________________________
Күні « » жыл Екі ерлі-зайыптының қолы
Электрондық мемлекеттік қызметке арналған өтініштің экрандық нысаны
Аудандық  білім бөліміне
________________________
мекенжайы бойынша  тұратын
ерлі - зайыптылардан (жеке тұлғасын куәландыратын
құжат бойынша ешқандай қысқартусыз толық Т.А.Ә. )
_________________________________
_________________________________
телефоны: ____________
Өтініш
_____________________________________________________________________
мекенжайы бойынша орналасқан жылжымайтын мүлікті кепілдікке қоюға
Сіздің рұқсатыңызды сұраймыз.
Балаларымыз:
1. ____________________________________________________________
2. ____________________________________________________________
3. __________________________________________________________________
(балалардың Т.А.Ә., туған жылын, туу туралы куәліктің № көрсету,
жасы 10 жастан асқан балалар қол қояды, «келісемін» деген сөзді жазады)
Әкесі туралы мәлімет (Т.А.Ә., жеке куәлігінің №, қашан және кіммен берілді)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________ қолы __________
Анасы туралы мәлімет (Т.А.Ә., жеке куәлігінің №, қашан және кіммен берілді)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________ қолы __________
Банктен хаттың № ____________________________________________
Тұрғын үйден айырылған жағдайда балалар мекенжай бойынша (балаларды алуға
келісетін жақын ағайындардың мекенжайы немесе қосымша алаңның мекенжайын көрсету)
тұрады «Бұдан әрі балаларды тұрғын үйсіз қалдырмауға міндеттелемін» сөйлемін -
өз қолымен жазу
_____________________________________________________________________
Күні « » жыл Екі ерлі-зайыптының қолы
«Кәмелетке толмағандарға
меншік құқығында тиесілі
мүлікпен мәмілелерді ресімдеу
үшін қорғаншылық немесе
қамқоршылық жөніндегі
функцияларды жүзеге асыратын
органдардың анықтамаларын
беру» электрондық мемлекеттік
қызмет көрсету регламентіне
4-қосымша
Электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған дұрыс жауаптың шығыс нысаны
Қазақстан Республикасы
Аудандық білім бөлімі
Кәмелетке толмағанның (-дардың) мүддесінде әрекет ететін аудандық
(қалалық) білім бөлімі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
__________________________________________________________
мекен жайы бойынша орналасқан жылжымайтын мүлікті
______________________________ рұқсат береді.
Аудандық білім
бөлімінің бастығы ___________________ қолы (Т.А.Ә.)
Анықтама берген күннен бастап 1 (бір) ай бойына әрекет етеді.
М.О.
Мемлекеттік қызметті алушыға берілетін хабарлама
Өтініш орындау статусы өзгергенде немесе қызмет көрсету мерзімі ұзартылғанда хабарлама келіп түседі. Хабарлама мәтінімен еркін жол электрондық үкімет порталының жеке кабинетінде «Хабарлама» бөліміне келіп түседі, сонымен қатар ИАЖ Орталық жүйесіне береді.
«Кәмелетке толмағандарға
меншік құқығында тиесілі
мүлікпен мәмілелерді ресімдеу
үшін қорғаншылық немесе
қамқоршылық жөніндегі
функцияларды жүзеге асыратын
органдардың анықтамаларын
беру» электрондық мемлекеттік
қызмет көрсету регламентіне
5-қосымша
Электрондық мемлекеттік қызмет көрсеткіштерін анықтауға
арналған сауалнама түрі: «сапа» және «қолжетімділік»
____________________________________________________________
(қызмет атауы)

1 1. Сіз электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің сапасы мен нәтижесіне қанағаттанасыз ба?

1 1) қанағаттанбаймын;

2 2) ішінара қанағаттанамын;

3 3) қанағаттанамын.

2 2. Сіз электрондық мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат сапасына қанағаттанасыз ба?

1 1) қанағаттанбаймын;

2 2) ішінара қанағаттанамын;

3 3) қанағаттанамын.

Қолданыстағы