Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил субсидирования на поддержку племенного животноводства

Қаулы · № 35 · қабылданған 25.01.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-70765/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении Правил субсидирования на поддержку племенного животноводства Күшін жойған Қаулы ·№ 35 ·25.01.2013
18.02.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.02.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил субсидирования на поддержку племенного животноводства

Күшін жойған Қаулы ·№ 35 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил субсидирования на поддержку племенного животноводства
Атауы (қаз.)
Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
35
Қабылданған күні
25.01.2013
Көрсетілген редакция
18.02.2014 AI70765_4.kaz
Соңғы өзгеріс
18.02.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300000035
ЭКБ идентификаторы
70765
Редакция идентификаторы
AI70765_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:54

0 Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 16-4-бабына сәйкес және асыл тұқымды өнiммен (материалмен) қамтамасыз етуде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қоса берiлiп отырған Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидалары бекiтiлсiн.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 25 қаңтардағы
№ 35 қаулысымен
бекітілген
Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) асыл тұқымды малдың үлес салмағын және ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділік сапасын арттыру мақсатында отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан құралған, жалпы табында асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тауар өндірушілер), мал шаруашылығындағы асылдандыру ісі жөніндегі республикалық мал тұқымын асылдандыру орталығына (бұдан әрі – республикалық мал тұқымын асылдандыру орталығы), қостанай жылқы тұқымы жөніндегі асыл тұқымды жылқы зауытына, етті құс шаруашылығы жөніндегі асыл тұқымды репродукторға тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат және іс-шаралар есебінен және шегінде бюджеттік субсидиялар (бұдан әрі – субсидиялар) беру тәртібін айқындайды.

2 2. Субсидиялануға тиіс бағыттар:

1 1) тауар өндірушілердің ірі қара малдың асыл тұқымды және селекциялық төлін сатып алуы;

2 2) аналық ірі қара мал және қой басының сапалық құрамын жақсартуға бағытталған селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар;

3 3) тауар өндірушілер ұрпағының сапасы бойынша бағаланған тұқымдық бұқалардың ұрығын сатып алуы мен пайдалануы және эмбриондарды телу;

4 4) жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан құралған, жалпы табында шағылыстыруға пайдаланатын асыл тұқымды етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу;

5 5) тауар өндірушілер ата-енелік, ата-тектік нысандағы табынды ұстайтын отандық асыл тұқымды құс фабрикаларынан етті және жұмыртқа бағытындағы асыл тұқымды тәуліктік балапандар мен асыл тұқымды жұмыртқа сатып алуы;

6 6) тауар өндірушілердің отандық асыл тұқымды мал зауыттарынан немесе асыл тұқымды мал шаруашылықтарынан асыл тұқымды төлді сатып алуы;

7

7) республикалық мал тұқымын асылдандыру орталығының арнайы технологиялық, зертханалық жабдықтарды, асыл тұқымды бұқаларды, шетелдік селекцияның ұрығын сатып алуы; республикалық мал тұқымын асылдандыру орталығының асыл тұқымды бұқаларды күтіп-бағуы, ұрығын алуы, сақтауы, өндірушілердің сапасы бойынша ұрығын бағалауы, ұрпағының сапасы бойынша ұрығын бағалауы, эмбриондар алуы, сақтауы және пайдалануы;

8 8) асыл тұқымды жылқыларды көбейту, күтіп-бағу және тренингі, қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды мал зауытында асыл тұқымды айғырлардың ұрығын алу және сақтау;

9 9) етті құс шаруашылығы бойынша асылдандыру репродукторында асыл тұқымды құс сатып алу жөніндегі шығындарды толық өтеу.

3 3. Әрбір бағытқа арналған субсидия нормативі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

4 4. Жыл сайын әрбір бағытқа арналған және өңірлердің бөлінісіндегі субсидиялар көлемі ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітіледі.

2 2. Субсидияларды төлеу шарттары

5

5. Тауар өндірушілердің субсидияларды алуының міндетті және қажетті шарты осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген тиісті бағыттар бойынша талаптарға толық сәйкес келуі, бүкіл ауыл шаруашылығы мал басын зоотехникалық нормаларға сәйкес күтіп-бағуы және ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыруы болып табылады.

6 6. Мыналар:

1 1) бұрын арзандатылған, сондай-ақ айырбас бойынша өзара есеп айырысу есебіне сатып алынған немесе өнімділігін молайту мақсатында пайдаланылмайтын асыл тұқымды және селекциялық төл, құс шаруашылығы өнімі, тұқымдық бұқа ұрығы, эмбриондар;

2 2) ағымдағы жылы субсидияланған селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге арналған аналық мал басы, күтіп-бағуға арналған жалпы табында шағылыстыру үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық бұқалар;

3 3) шет елден әкелінген, индекстік жүйе бойынша бағаланбаған (Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және Украинадан әкелінген асыл тұқымды төлді қоспағанда) асыл тұқымды ірі қара мал төлі; шет елден әкелінген, өзінің өінімділігі немесе ұрпағының сапасы бойынша бағаланбаған асыл тұқымды бұқалар;

4 4) сіңіре будандастыруды қоспағанда, тұқымсыз, асыл тұқымды өзге де тұқымдармен бағаланбаған тұқымдық бұқалармен шағылыстыру үшін пайдаланылатын асыл тұқымды сиырлар мен қашарлар;

5

5) зоотехникалық нормативтерге сәйкес асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың болуы, оларды өз төлін өсіру үшін пайдалану және алмастыру (отыз бас шағылыстыру контингентіне бір бұқадан кем болмауы, бұқаны қатарынан екі шағылыстыру кезеңінен артық пайдаланбау) талабын сақтамау кезінде тұқымдық түрлендіруге қатысатын тауарлы табынның барлық аналық басы субсидиялауға жатпайды.

7 7. Тауар өндірушілердің жоғарыда көрсетілген шарттарды сақтамауы тиісті ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің (бұдан әрі – бөлім) төленген субсидияларды заңнамада белгіленген тәртіппен өндіріп алуына негіз болып табылады.

8 8. Тауар өндірушілер өтінім берген субсидиялар көлемі бөлінген субсидиялар көлемінен артқан жағдайда, басым тәртіппен (басымдықтың азаюы тәртібінде):

1 1) асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малдың төлін сатып алуға;

2 2) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге;

3 3) асыл тұқымды қой төлін сатып алуға өтінімдер қанағаттандырылады.

Қаражат қалдығы берілген өтінімдердегі тиесілі субсидиялар көлеміне сәйкес пропорционалды түрде бөлінеді. Тауар өндірушіге тиесілі субсидиялардың төленбеген қалдығы оған келесі айдың (айлардың) бос қаражатынан олар болған жағдайда төленетін болады.

3 3. Министрліктің және облыс әкімдіктерінің жұмыс тәртібі

9 9. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) бұйрықпен мынадай құжаттарды бекітеді:

1 1) субсидиялар алуға арналған өтінім нысандары;

2 2) аудан/облыс бойынша жиынтық актілер нысаны;

3 3) облыс бойынша бюджет қаражатын игеру жөніндегі есеп нысаны;

4 4) облыс бойынша субсидиялар төлеу жөніндегі тоқсандық есеп нысаны;

5 5) тұқымдық бұқаларды бекіту және пайдалану бойынша елді мекен тұрғындары – мал иелері жиыны шешімінің нысаны;

6 6) сатып алынған ірі қара малдың асыл тұқымдық төлін пайдалану бойынша міндеттемелер нысаны;

7 7) ұрықты пайдалану актісінің нысаны;

8 8) төлдің туғанына арналған акт нысаны;

9 9) эмбрионды телу жүргізуге арналған акт нысаны.

10 10. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі және облыс әкімдері жыл сайын 20 қаңтарға дейінгі мерзімде асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға арналған облыстың жеке ай сайынғы қаржыландыру жоспары бар келісімге қол қояды.

11

11. Министрлік, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына және облыс әкімі мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі арасында қол қойылған ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімге сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді ай сайын облыстық бюджеттерге аударады.

12 12. Облыс әкімі осы қағидалар ресми жарияланғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде өзінің шешімімен облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары төрағалық ететін асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау мәселелері жөніндегі облыстық комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) құрады.

Комиссия тұрақты негізде осы Қағидалардың қолданылуының барлық уақытында жұмыс істейді. Комиссияның құрамына облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының (бұдан әрі – басқарма), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің және Ветеринариялық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық инспекцияларының мамандары, сондай-ақ бейінді қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. Комиссия мүшелерінің құрамы облыс әкімі шешімімен өзгертілуі мүмкін. Комиссияның жұмыс органы басқарма болып табылады.

13

13. Комиссияның құзыретіне тауар өндірушілердің өтінімдері бойынша айлар бойынша лимиттерді қаржыландыру жоспарында белгіленген шегінде және бағыттар басымдылығына сәйкес тиесілі бюджет ақшасының көлемін айқындау, министрлік бекіткен нысан бойынша жиынтық акті қалыптастыру және ақы төлеу шоттарының тізілімін келісу кіреді.

14 14. Комиссияның отырысы айына кемінде бір рет жүзеге асырылады. Кезекті отырыста комиссия бірінші кезекте бұрын мақұлданған, бірақ қаржыландырылмаған немесе ішінара қаржыландырылған басым бағыттағы өтінімдерді, кейіннен ағымдағы айдың өтінімдерін қанағаттандырады.

15

15. Бөлінген қаражат толық игерілмеген жағдайда Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен бюджеттік бағдарламаны іске асыруға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған қаражатты облыстар бойынша қайта бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізеді.

4 4. Тауар өндірушілердің субсидиялар алуға арналған өтінімдерін қарау және қанағаттандыру тәртібі

16 16. Қағидалар ресми жарияланғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде бөлім аудан әкімдігінің интернет-ресурсына және ауданның ресми баспа басылымдарында субсидиялауға арналған өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарландыру орналастырады.

17

17. Жыл сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі және облыс әкімі асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берілетін облыстың жеке ай сайынғы қаржыландыру жоспарымен келісімге қол қойғаннан кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде, басқарма оны облыс әкімдігінің интернет-ресурсында, бөлімдер – тиісті аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырады.

18

18. Тауар өндірушілер тиісті негіздердің туындауына қарай осы қағидалардың 2-тармағында көрсетілген бағыттарға сәйкес субсидиялауға жататын нақты көлемге министрлік бекіткен нысан бойынша өтінімді осы қағидалардың 30-32-тармақтарына сәйкес құжаттардың толық пакетімен бірге бөлімге ұсынады. Тауар өндірушілер өтінімде көрсетілген деректердің дұрыстығын қамтамасыз етеді. Бөлім тауар өндірушінің берген өтінімдерін өтінімдерді тіркеудің тиісті журналында тіркейді.

19 19. Бөлім өтінім беру үшін негіз туындаған сәттен бастап 1 жылдан аспаған өтінімді қабылдауға міндетті.

20

20. Бөлім өтінімдерді алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде құжаттар пакетін және тауар өндірушілерді осы қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкестігі мәніне тексереді. Селекциялық және асыл тұқымды жұмысты жүргізуге өтінімді алғаш берген жағдайда бөлім көрсетілген мерзім ішінде тауар өндірушінің қызмет ету орнына шығады.
Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған немесе талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, бөлім ұсынылған құжаттарды тауар өндірушілерге бас тарту себептерін көрсете отырып дереу қайтарады.
Тауар өндірушілер түзетілген немесе толықтырылған өтінімді қайта енгізуге құқылы.

21

21. Ұсынылған құжаттар осы қағидалардың талаптарына сәйкес келген және осы қағидаларда көзделген өтінімдерден бас тартуға негіздер болмаған жағдайда, бөлім тауар өндіруші өтінімде ұсынған деректерді екі жұмыс күні ішінде: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми сайтындағы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің ресми сайтындағы заңды тұлғалардың деректер қорынан тексеріп, өтінімді ветеринар дәрігер берген ветеринариялық қолайлылық туралы анықтамамен, ірі қара малға қатысты бағыттарды субсидиялау кезінде – селекциялық және асылдандыру жұмысының бiрыңғай ақпараттық базасынан (бұдан әрі – АТЖ), «Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру» жүйесінен (бұдан әрі – АЖС) алынған үзінділерімен/есептермен толықтырады.

22

22. Бөлім тауар өндірушілердің асыл тұқымды төлді, құс шаруашылығы өнімдерін сатып алуы, селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүзеге асыруы, сондай-ақ тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуы туралы аудан әкімі бекітетін министрлік бекіткен нысан бойынша жиынтық акті жасайды. Бекітілген жиынтық акті екі аптада кемінде бір рет өтінімдер болған жағдайда басқармаға ұсынылады. Бөлім тауар өндірушінің өтінімін растау құжаттарының көшірмелерімен бірге үш жыл ішінде сақтайды. Бөлім басқармаға ұсынылатын құжаттардың дұрыстығын қамтамасыз етеді.

23

23. Басқарма ауданның жиынтық актісін тиісті тіркеу журналында тіркейді. Басқарма үш жұмыс күні ішінде бөлімдер ұсынған жиынтық актілерді тауар өндірушілердің осы қағидалардың талаптарына сәйкестігі мәніне қарайды. Сәйкес келмеген жағдайда басқарма олар тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылған жиынтық актілерді кері қайтару себептерін көрсете отырып, пысықтауға бөлімге қайтарады. Бөлім бес жұмыс күні ішінде басқармаға түзетілген және толықтырылған жиынтық актіні қайта енгізеді, ал ол мүмкін болмаған жағдайда – тез арада тауар өндірушіге қайтару себебін көрсете отырып, өтінімді қайтарады.

24 24. Сәйкес келген жағдайда басқарма көрсетілген мерзім ішінде аудандар бойынша жиынтық актілерді Комиссияның қарауына жібереді, ол отырыс қорытындысы бойынша министрлік бекіткен нысан бойынша тауар өндірушілерге тиесілі субсидиялар көлемін көрсете отырып, облыс бойынша жиынтық акті жасайды.

25 25. Комиссия төрағасы Комиссия ұсынған облыс бойынша жиынтық актіні үш жұмыс күні ішінде бекітеді.

26

26. Тауар өндірушілердің банк шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды аударуды басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес үш жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ақы төлеу шоттарын екі данада қоса бере отырып, ақы төлеу шоттарының тізілімін ұсыну жолымен жүзеге асырады.

27 27. Басқарма ай сайын Комиссияның тауар өндірушілердің өтінімдерін қарау нәтижелері туралы ақпаратты облыс әкімдігінің интернет-ресурсындағы арнайы бөлімде жариялайды және бөлімге аудан бойынша тауар өндірушілерге төленген бюджет ақшасының көлемі туралы ақпарат жібереді.

28

28. Асыл тұқымды және селекциялық ірі қара мал төлін сатып алуға, тұқымдық бұқа ұрығын сатып алуға және эмбриондарды телуге, жүргізілген селекциялық және асылдандыру жұмыстарына, етті тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға алынған субсидиялар туралы мәліметтерді бөлім субсидиялар бөлінген әр малдың сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, басқармадан осындай ақпарат түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде АТЖ-ге енгізуге тиіс.

29 29. Басқарма ай сайын, есеп беру айынан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде, бірақ 20 желтоқсаннан кешіктірмей министрлікке облыс бойынша игерілген бюджеттік субсидиялардың есебін, тоқсан сайын – министрлік бекіткен нысан бойынша облыс бойынша субсидиялар төлеу жөніндегі тоқсандық есеп ұсынады.

5 5. Субсидиялар алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі

30 30. Тауар өндірушілер бөлімге осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген бағыттарға сәйкес субсидиялануға тиіс нақты көлемдеріне өтінімдер ұсынады.

31 31. Өтінімге осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген талаптарды растайтын құжаттар қоса беріледі.

32 32. Тауар өндіруші қосымша банктен банктік шотының бар болуы туралы анықтаманы қоса береді.

33 33. Растаушы құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен салыстырып тексерілгеннен кейін субсидия алушыға қайтарылады.

6 6. Республикалық мал тұқымын асылдандыру орталығының, қостанай жылқы тұқымы жөніндегі асыл тұқымды жылқы зауытының, етті құс шаруашылығы жөніндегі асылдандыру репродукторының шығындарын толық өтеуді көздейтін субсидияларға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі

34 34. Шығындарды толық өтеу үшін 10 желтоқсаннан кешіктірмей басқармаға:

1

1) республикалық мал тұқымын асылдандыру орталығы Министрлікпен келісілген тізбе бойынша асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды, шетелдік селекцияның ұрығын, жабдықты, техниканы сатып алғанын растайтын құжаттардың (шарт, төлем құжаттарының көшірмелері, кіріс актісі) бір данасын, асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға, олардың ұрықтарын алуға, сақтауға және бағалауға, сондай-ақ эмбриондарды алуға, сақтауға және пайдалануға жұмсалатын шығындарды (жүзеге асырылуына қарай) растайтын құжаттардың бір данасын ұсынады;

2 2) қостанай жылқы тұқымы жөніндегі асыл тұқымды жылқы зауыты асыл тұқымды жылқыларды өсіруге, ұстауға, тренингке және айғырлардың ұрығын сақтауға арналған шығындарды (жүзеге асырылуына қарай) растайтын құжаттардың бір данасын ұсынады;

3 3) етті құс шаруашылығы бойынша асылдандыру шаруашылығы балапандарды сатып алуға жұмсалған шығындарды (олардың жүзеге асырылуына қарай) растайтын құжаттардың (шарты, төлем құжаттарының көшірмелері, кіріс актісі) көшірмесінің бір данасын ұсынады.

35

35. Басқарма ұсынылған шарттарды бес жұмыс күні ішінде тексереді, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомость қалыптастырады, сондай-ақ ақы төлеу шоттарын екі данада қоса бере отырып, төлем шоттарының тізілімін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне бюджеттік субсидияларды республикалық мал тұқымын асылдандыру орталығына, қостанай жылқы тұқымы жөніндегі асыл тұқымды жылқы зауытына, етті құс шараушылығы бойынша асылдандыру шаруашылығына аудару үшін ұсынады.

1 1. Тауар өндірушілер сатып алған асыл тұқымды және селекциялық ірі қара мал төлінің құнын ішінара (50 % артық емес) арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері

Асыл тұқымды мал шаруашылығын
қолдауға арналған субсидиялау
қағидаларына
1-қосымша
1. Тауар өндірушілер сатып алған асыл тұқымды және селекциялық ірі қара мал төлінің құнын ішінара (50 % артық емес) арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері
Өнім тү­рі
1 бас­қа ар­нал­ған суб­си­ди­я­лар нор­ма­тив­те­рі, тең­ге
Ет­ті тұқым­дар
Сүт­ті тұқым­дар
Бұ­қа­лар
Қа­шар­лар және құ­на­жын­дар
Бұ­қа­лар
Қа­шар­лар және құ­на­жын­дар
Отан­дық асыл тұқым­ды ірі қа­ра мал тө­лі
118 000
118 000
118 000
118 000
Им­порт­тық ірі қа­ра мал тө­лі:
Ав­стра­лия, Сол­тү­стік және Оң­тү­стік Аме­ри­ка ел­де­рі
235 000
235 000
235 000
235 000
Еуро­па ел­де­рі
154 000
154 000
154 000
154 000
Ре­сей Фе­де­ра­ци­я­сы, Бе­ла­русь Рес­пуб­ли­ка­сы және Укра­и­на
118 000
118 000
Им­порт­тық се­лек­ци­я­лық ірі қа­ра мал тө­лі (бар­лық ел­дер­ден)
118 000
Тауарлық мақсат үшін Ресей Федерациясынан, Беларусь Республикасынан және Украинадан әкелінген асыл тұқымды ірі қара малды субсидиялауға жол беріледі
2. Тауар өндiрушiлердің селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізумен байланысты шығындарының құнын ішінара (50 % артық емес) арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері
Асыл тұқым­ды өнім тү­рі
1 бас­қа ар­нал­ған суб­си­ди­я­лар нор­ма­тив­те­рі, тең­ге
ет­ті тұқым­ды сиыр­лар және құ­на­жын­дар
14 000
сүт­ті тұқым­ды сиыр­лар және құ­на­жын­дар
14 000
қой­лар
1 500
Ірі қара малдың құрама етті-сүтті бағыттағы тұқымдары үшін тауар өндірушінің аталған малды пайдаланатын мақсаттағы бағыт қолданылады.
3. Тауар өндірушілер сатып алған ұрпағының сапасы бойынша бағаланған тұқымдық бұқалар ұрығының және эмбриондар телу құнын ішінара (50 % артық емес) арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері
Асыл тұқым­ды ма­те­ри­ал тү­рі
Өл­шем бір­лі­гі
1 бір­лік­ке ар­нал­ған суб­си­ди­я­лар нор­ма­тив­те­рі, тең­ге
эм­бри­он
да­на
18 000
тұқым­дық бұ­қа­лар ұры­ғы, оның ішін­де:
отан­дық қос жы­ны­сты ұрық
до­за
600
им­порт­тық қос жы­ны­сты ұрық
до­за
1 100
им­порт­тық бір жы­ны­сты ұрық
до­за
3 300
Норматив тек төл алу фактісі бойынша нәтижелі қолдан ұрықтандыру үшін пайдаланылған асыл тұқымды өнімге (материалға) қолданылады.
4. Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан қалыптастырылған жалпы табында шағылыстыру үшін пайдаланатын асыл тұқымды етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға жұмсалатын шығындардың құнын iшiнара (50 % артық емес) өтеу бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері
Асыл тұқым­ды өнім тү­рі
1 бас­қа ар­нал­ған суб­си­ди­я­лар нор­ма­тив­те­рі, тең­ге
Ет­ті ба­ғыт­та­ғы тұқым­дық бұ­қа­лар
104 000
5. Отандық құс фабрикалары ата-тектік, ата-енелік нысанды құстарды қүтіп-бағатын отандық асыл тұқымды құс фабрикаларынан сатып алған асыл тұқымды тәулiктiк балапандар мен асыл тұқымды жұмыртқаның құнын iшiнара (50 % артық емес) арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері
Асыл тұқым­ды өнім тү­рі
Тәу­лік­тік ба­ла­пан­дар және асыл тұқым­ды жұ­мырт­қа са­тып алу­ға ар­нал­ған суб­си­ди­я­лар нор­ма­тив­те­рі, тең­ге
ата-тек­тік та­бын­нан
ата-ене­лік та­бын­нан
Тәу­лік­тік ба­ла­пан (ет­ті ба­ғыт­та­ғы)
Са­тып алу құ­ны­ның 50 %-нан ар­тық емес, бі­рақ 1 бас­қа 303 тең­ге­ден ар­тық емес
Тәу­лік­тік ба­ла­пан  (жұ­мырт­қа ба­ғы­тын­да­ғы)
Са­тып алу құ­ны­ның 50 %-нан ар­тық емес, бі­рақ 1 бас­қа 50 тең­ге­ден ар­тық емес
Та­уық жұ­мырт­қа­сы
Са­тып алу құ­ны­ның 50 %-нан ар­тық емес, бі­рақ 1 да­на­сы­на 21 тең­ге­ден ар­тық емес
Асыл тұқымды шаруашылық (репродуктор) мәртебесiн алған асыл тұқымды құс фабрикалары өткізген асыл тұқымды өнiм (балапандар, асыл тұқымды жұмыртқа) субсидиялануға жатады.
Еттi бағыттағы құс шаруашылығында ата-енелiк табынды қалыптастыру үшiн.
Жұмыртқа бағытындағы құс шаруашылығында өнеркәсiптiк табынды қалыптастыру үшiн.
6. Тауар өндiрушiлер отандық асыл тұқымды мал зауыттарынан немесе асыл тұқымды шаруашылықтардан сатып алған отандық тұқымдардың асыл тұқымды төлiнiң құнын iшiнара (50 % артық емес) арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері
Р/с №
Асыл тұқым­ды жа­ну­ар­лар­дың түр­ле­рі мен тұқым­да­ры
1 бас­қа ар­нал­ған суб­си­ди­я­лар нор­ма­тив­те­рі, тең­ге
Қой­лар
1.
Қа­з­ақ­тың би­я­зы жүн­ді қойы
8 000 тең­ге, бі­рақ са­тып алу құ­ны­ның 50 %-нан ар­тық емес
2.
Қа­з­ақ­тың ар­қар ме­ри­но­сы
3.
Оң­тү­стік қа­зақ ме­ри­но­сы
4.
Сол­тү­стік қа­зақ ме­ри­но­сы
5.
Ав­стра­лия ме­ри­но­сы
6.
Ци­гай қойы
7.
Қа­з­ақ­тың би­я­зы­лау кросс­бред­ті жүн­ді қойы
8.
Де­ге­рес ет­ті-жүн­ді қойы
9.
Еділ­бай қойы
10.
Қа­з­ақ­тың құй­рық­ты ұяң жүн­ді және қы­л­шық жүн­ді қойы
11.
Са­ры­ар­қа құй­рық­ты қойы
12.
Гис­сар қойы
13.
Қа­ра­көл қойы
14.
Ет­тi ме­ри­нос
15.
Қа­з­ақ­тың ет­ті-жүн­ді қойы
Жыл­қы­лар
1.
Қа­з­ақ­тың жа­бы жыл­қы­сы
40 000 тең­ге, бі­рақ са­тып алу құ­ны­ның 50 %-нан ар­тық емес
2.
Кө­шім жыл­қы­сы
3.
Мұ­ғал­жар жыл­қы­сы
4.
Қа­з­ақ­тың адай жыл­қы­сы
Шош­қа­лар
1.
Ірі ақ шош­қа
15 000 тең­ге, бі­рақ са­тып алу құ­ны­ның 50 %-нан ар­тық емес
2.
Немі­стің асыл тұқым­ды шош­қа­сы
3.
Дю­рок
4.
Ланд­рас
Түй­е­лер
1.
Қа­з­ақ­тың ай­ыр өр­ке­ш­ті түй­е­сі
37 000 тең­ге, бі­рақ са­тып алу құ­ны­ның 50 %-нан ар­тық емес
2.
Ару­а­на
Ма­рал­дар (бұ­ғы­лар)
1.
Ма­рал­дар
30 000 тең­ге, бі­рақ са­тып алу құ­ны­ның 50 %-нан ар­тық емес
2.
Бұ­ғы­лар

2 Мал шаруашылығы және құс шаруашылығы саласындағы тауар өндiрушiлерге қойылатын талаптар

Асыл тұқымды мал шаруашылығын
қолдауға арналған субсидиялау
қағидаларына
2-қосымша
Мал шаруашылығы және құс шаруашылығы саласындағы тауар өндiрушiлерге қойылатын талаптар
Р/с

Суб­си­ди­я­лау ба­ғыт­та­ры
Та­лап­тар
1
2
3
1.
Та­у­ар өн­ді­ру­ші­лер­дің асыл тұқым­ды және се­лек­ци­я­лық ірі қа­ра мал тө­лін са­тып алуы
1. Са­тып ала­тын төл­дің жа­сы олар­ды та­у­ар өн­ді­ру­ші­де ка­ран­тин­ге қой­ған сәт­те: қа­шар­лар – 18 ай­дан, құ­на­жын­дар және бұ­қа­лар – 26 ай­дан ас­па­уы ти­іс.
2. Са­тып алын­ған асыл тұқым­ды және се­лек­ци­я­лық төл­ге ти­іс­ті тұқым­дар бой­ын­ша Рес­пуб­ли­ка­лық па­ла­та бер­ген асыл тұқым­дық ку­ә­лік­тер­дің түп­нұс­қа­сы және кө­шір­ме­сі.
3.Ве­те­ри­на­ри­я­лық сер­ти­фи­кат­тың/анық­та­ма­ның түп­нұс­қа­сы және кө­шір­ме­сі.
4. Са­тып алу-са­ту/ли­зинг шар­ты­ның түп­нұс­қа­сы және кө­шір­ме­сі. Ли­зинг шар­ты бой­ын­ша негiз­гi бо­ры­шты өтеу үшiн ли­зинг бе­ру­шiнiң де­ректе­ме­лерiн көр­се­те оты­рып, суб­си­дия тө­ле­у­ге ар­нал­ған өті­нім (тек ли­зинг шар­ты негі­зін­де төл­ді са­тып ал­ған жағ­дай­да).
5. Шарт бой­ын­ша то­лық тө­лем­ді рас­тай­тын тө­лем құ­жат­та­ры­ның түп­нұс­қа­ла­ры және кө­шір­ме­ле­рі.
6. Төл­ді кі­ріс­ке алу ак­ті­сі­нің түп­нұс­қа­ла­ры және кө­шір­ме­ле­рі (неме­се та­у­ар өн­ді­ру­ші­де­гі ка­ран­тин­нен шы­ға­ру ак­ті­сі).
7. Са­тып алын­ған асыл тұқым­ды ана­лық мал ба­сын өз тө­лі­нен өсі­ру мақ­са­тын­да ке­мін­де екі жыл, же­ке қо­сал­қы ша­ру­а­шы­лық­тар­да­ғы мал ба­сы­нан қа­лып­та­сты­ры­л­ған жал­пы та­бын­да ша­ғы­лы­сты­ру­ға пай­да­ла­ны­ла­тын­да­рын қо­с­па­ған­да, асыл тұқым­ды тұқым­дық бұ­қа­лар­ды ке­мін­де екі ша­ғы­лы­сты­ру мау­сы­мын­да пай­да­ла­ну ту­ра­лы жа­з­ба­ша мін­дет­те­ме.
8. Ша­ғы­лы­сты­ру кон­тин­ген­тін ұр­па­ғы­ның са­па­сы бой­ын­ша ба­ға­лан­ған асыл тұқым­ды тұқым­дық бұ­қа­лар­дың ұры­ғы­мен жа­сан­ды ұрық­тан­ды­ру­да пай­да­ла­ну және/неме­се қол­дан шы­ғы­лы­сты­ру­да өз өнім­ді­лі­гі бой­ын­ша ба­ға­лан­ған асыл тұқым­ды тұқым­дық бұ­қа­лар­ды пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі (ет­ті мал ша­ру­а­шы­лы­ғын­да); ша­ғы­лы­сты­ру кон­тин­ген­тін ұр­па­ғы­ның са­па­сы бой­ын­ша ба­ға­лан­ған тұқым­дық бұ­қа­лар­дың ұры­ғы­мен 100% жа­сан­ды ұрық­тан­ды­ру­ды пай­да­ла­ну (сүт­ті мал ша­ру­а­шы­лы­ғын­да) жө­нін­де­гі жа­з­ба­ша мін­дет­те­ме.
9. Асыл тұқым­ды мал ба­сын ұстай­тын ша­ру­а­шы­лық­тар үшін қо­сым­ша:
ти­іс­ті тұқым бой­ын­ша Рес­пуб­ли­ка­лық па­ла­та­ның неме­се ти­іс­ті тұқым бой­ын­ша Рес­пуб­ли­ка­лық па­ла­та ұсын­ған заң­ды және же­ке тұ­лға­лар­дың ғы­лы­ми және кон­сал­тинг­тік сүй­е­мел­де­уі ту­ра­лы шар­ттың түп­нұс­қа­сы және кө­шір­ме­сі.
10. Төл­ді шет ел­ден са­тып ал­ған кез­де қо­сым­ша:
ДНҚ – пас­пор­ты­ның түп­нұс­қа­сы және кө­шір­ме­сі (тек асыл тұқым­ды тұқым­дық бұ­қа­лар­ға).
11. Ірі қа­ра мал­ды та­бын­ның өсі­мін мо­лай­ту үшін тек Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да үш жыл ішін­де пай­да­ла­ну ту­ра­лы жа­з­ба­ша мін­дет­те­ме.
2.
Ірі қа­ра мал­дың және қой­дың ана­лық ба­сы­ның са­па­лық құ­ра­мын жақ­сар­ту­ға ба­ғыт­тал­ған се­лек­ци­я­лық және асыл тұқым­дық жұ­мыстар
1. Жа­ну­ар­лар­дың бір­дей­лен­ді­ру нө­мі­рі­нің және олар­ды ЖБЖ-да тір­ке­удің бо­луы.
2. Ірі қа­ра мал және қой ба­сын АТЖ-да тір­ке­удің бо­луы.
3. Асыл тұқым­ды ірі қа­ра мал ба­сын ұстай­тын ша­ру­а­шы­лық­тар үшін:
1) ти­іс­ті тұқым бой­ын­ша Рес­пуб­ли­ка­лық па­ла­та­ның неме­се ти­іс­ті тұқым бой­ын­ша Рес­пуб­ли­ка­лық па­ла­та ұсын­ған заң­ды және же­ке тұ­лға­лар­дың ғы­лы­ми және кон­сал­тинг­тік сүй­е­мел­де­уі ту­ра­лы шар­ттың түп­нұс­қа­сы және кө­шір­ме­сі;
2) Ша­ғы­лы­сты­ру кон­тин­ген­тін ұр­па­ғы­ның са­па­сы бой­ын­ша ба­ға­лан­ған асыл тұқым­ды тұқым­дық бұ­қа­лар­дың ұры­ғы­мен жа­сан­ды ұрық­тан­ды­ру­да пай­да­ла­ну және/неме­се қол­дан шы­ғы­лы­сты­ру­да өз өнім­ді­лі­гі бой­ын­ша ба­ға­лан­ған асыл тұқым­ды тұқым­дық бұ­қа­лар­ды пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі (ет­ті мал ша­ру­а­шы­лы­ғын­да); ша­ғы­лы­сты­ру кон­тин­ген­тін ұр­па­ғы­ның са­па­сы бой­ын­ша ба­ға­лан­ған тұқым­дық бұ­қа­лар­дың ұры­ғы­мен 100% жа­сан­ды ұрық­тан­ды­ру­ды пай­да­ла­ну (сүт­ті мал ша­ру­а­шы­лы­ғын­да) жө­нін­де­гі жа­з­ба­ша мін­дет­те­ме.
4. Ірі қа­ра мал­ды тұқым­дық түр­лен­ді­ру­ге қа­ты­са­тын та­у­ар­лы та­бын үшін:
1) зоо­тех­ни­ка­лық нор­ма­тив­тер­ге сәй­кес асыл тұқым­ды тұқым­дық бұ­қа­лар­дың бо­луы, олар­ды өз тө­лін өсі­ру үшін пай­да­ла­ну және ро­та­ци­я­лау (отыз бас ша­ғы­лы­сты­ру кон­тин­ген­тіне бір бұ­қа­дан кем бол­мауы, бұ­қа­ны қа­та­ры­нан екі ша­ғы­лы­сты­ру мау­сы­мы­нан ар­тық пай­да­лан­бау);
2) ЖБЖ-дан алын­ған үзін­ді­де­гі/есеп­те­гі жа­з­ба­лар­мен рас­тал­ған, ша­ғы­лы­сты­ру үшін пай­да­ла­ну­ға жол бер­меу мақ­са­тын­да осы та­у­ар­лы та­бын­ның бар­лық тұқым­сыз бұ­қа­ла­рын кест­і­ру.
5. Асыл тұқым­ды қой ша­ру­а­шы­лы­ғы үшін:
1) 600 ба­стан кем емес ана­лық ба­стың бо­луы;
2) ша­ру­а­шы­лық­та өсі­рі­ле­тін қой тұқы­мы бой­ын­ша ма­ман­дан­ған бей­ін­ді ғы­лы­ми ұй­ым­ның неме­се ға­лым­ның ғы­лы­ми және кон­сал­тинг­тік сүй­е­мел­де­уі ту­ра­лы шар­ттың түп­нұс­қа­сы және кө­шір­ме­сі;
3) ана­лық мал ба­сын өзі­нің өнім­ді­лі­гі бой­ын­ша ба­ға­лан­ған асыл тұқым­ды тұқым­дық қош­қар­лар ұры­ғы­мен қол­дан ұрық­тан­ды­ру­ды пай­да­ла­ну және/неме­се қол­дан шы­ғы­лы­сты­ру­да өзі­нің өнім­ді­лі­гі бой­ын­ша ба­ға­лан­ған асыл тұқым­ды тұқым­дық қош­қар­лар­ды пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі жа­з­ба­ша мін­дет­те­ме;
4) төл­дің шы­ғу те­гін рас­тау үшін 1:10 ара қа­ты­на­сын­да ірік­теп ДНҚ-тал­да­уды ұсы­ну жө­нін­де­гі жа­з­ба­ша мін­дет­те­ме (осы ба­ғыт бой­ын­ша өті­нім­ді ал­ғаш­қы үш жыл бойы бер­ген жағ­дай­да ұсы­ны­ла­ды);
5) қол­дан ұрық­тан­ды­ру үшін тех­ни­ка­ның неме­се ана­лық мал ба­сын қол­дан ұрық­тан­ды­ру­ды жүр­гізу­ге дис­три­бью­тер­лік ор­та­лық­пен шар­ттың бо­луы.
6. Қой­лар­ды тұқым­дық түр­лен­ді­ру­ге қа­ты­са­тын ша­ру­а­шы­лық үшін:
1) 600 ба­стан кем емес ана­лық ба­стың бо­луы;
2) зоо­тех­ни­ка­лық нор­ма­тив­тер­ге сәй­кес асыл тұқым­ды тұқым­дық қош­қар­лар­дың бо­луы, олар­ды өз тө­лін өсі­ру үшін пай­да­ла­ну және ро­та­ци­я­лау (отыз бас ша­ғы­лы­сты­ру кон­тин­ген­тіне бір қош­қар­дан кем бол­мауы, тұқым­дық қош­қар­ды қа­та­ры­нан екі ша­ғы­лы­сты­ру мау­сы­мы­нан ар­тық пай­да­лан­бау);
3) ЖБЖ-дан алын­ған үзін­де­гі/есеп­те­гі жа­з­ба­лар­мен рас­тал­ған, ша­ғы­лы­сты­ру үшін пай­да­ла­ну­ға жол бер­меу мақ­са­тын­да та­бын­да­ғы бар­лық тұқым­сыз қош­қар­лар­ды кест­і­ру.
3.
Та­у­ар өн­ді­ру­ші­лер­дің ұр­па­ғы­ның са­па­сы бой­ын­ша ба­ға­лан­ған тұқым­дық бұ­қа­лар­дың ұрық­та­рын са­тып алуы мен пай­да­ла­нуы және эм­бри­он­дар­ды те­луі
1. Мал­дар­дың бір­дей­лен­ді­ру нө­мі­рі­нің және олар­ды АЖБ-да тір­ке­удің бо­луы.
2. Мал ба­сын АТЖ-да тір­ке­удің бо­луы.
3. Өнім­ге (тұқым­дық бұ­қа­лар­дың ұры­ғы, эм­бри­он­дар) бе­рі­л­ген асыл тұқым­ды ку­ә­лік­тің (сер­ти­фи­кат­тың) түп­нұс­қа­сы және кө­шір­ме­сі.
4. Ве­те­ри­нар­лық сер­ти­фи­кат­тың/анық­та­ма­ның түп­нұс­қа­сы және кө­шір­ме­сі.
5. Тұқым­дық бұ­қа­лар­дың ұры­ғын пай­да­ла­ну ту­ра­лы/эм­бри­он­дар­ды те­лу­ге ар­нал­ған ак­ті­нің түп­нұс­қа­сы және кө­шір­ме­сі.
6. Төл­ді әке­лу ту­ра­лы ак­ті­нің түп­нұс­қа­сы және кө­шір­ме­сі/ төл­деу жур­на­лы­на тір­кеу және алын­ған төл­ді өсі­ру.
7. Алын­ған төл­ді АТЖ-да және ЖБЖ-да тір­кеу.
4.
Же­ке қо­сал­қы ша­ру­а­шы­лық­тар­да­ғы мал ба­сы­нан қа­лып­та­сты­ры­л­ған, жал­пы та­бын­ды ша­ғы­лы­сты­ру үшін пай­да­ла­ны­ла­тын асыл тұқым­ды ет­ті тұқым­дық бұ­қа­лар­ды кү­тіп-ба­ғу
1. Ет­ті ба­ғыт­та­ғы асыл тұқым­ды тұқым­дық бұ­қа­ға ар­нал­ған асыл тұқым­дық ку­ә­лік­тің түп­нұс­қа­сы және кө­шір­ме­сі.
2. Асыл тұқым­ды тұқым­дық бұ­қа­ға ар­нал­ған ве­те­ри­на­ри­я­лық сер­ти­фи­кат­тың/анық­та­ма­ның түп­нұс­қа­сы және кө­шір­ме­сі.
3. Ти­іс­ті ауыл­дық округ әкі­мі рас­та­ған же­ке қо­сал­қы ша­ру­а­шы­лық­тар­да­ғы мал ба­сы­нан қа­лып­та­сты­ры­л­ған жал­пы та­бын­да осы асыл тұқым­ды тұқым­дық бұ­қа­лар­ды бе­кі­ту және пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі ел­ді ме­кен тұр­ғын­да­ры жиы­ны­ның ше­ші­мі.
4. ЖБЖ-дан алын­ған үзін­де­гі/есеп­те­гі жа­з­ба­лар­мен рас­тал­ған, ша­ғы­лы­сты­ру үшін пай­да­ла­ну­ға жол бер­меу мақ­са­тын­да та­бын­да­ғы бар­лық тұқым­сыз қош­қар­лар­ды кест­і­ру.
5.
Та­у­ар өн­ді­ру­ші­лер­дің ата-тек­тік, ата-ене­лік ны­сан­ды құ­стар­ды кү­тіп-ба­ға­тын отан­дық асыл тұқым­ды құс фаб­ри­ка­ла­ры­нан ет­ті және жұ­мыр­тқа­ны ба­ғы­тын­да­ғы асыл тұқым­ды тәу­лік­тік ба­ла­пан­дар мен асыл тұқым­ды жұ­мыр­тқа­ны са­тып алуы
1. Са­тып алын­ған асыл тұқым­ды тәу­лік­тік ба­ла­пан­дар­ға және асыл тұқым­ды жұ­мырт­қа­ға бе­рі­л­ген, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­га­ны та­ны­ған асыл тұқым­ды ку­ә­лік­тің түп­нұс­қа­сы және кө­шір­ме­сі.
2.Ве­те­ри­на­ри­я­лық сер­ти­фи­кат­тың/анық­та­ма­ның түп­нұс­қа­сы және кө­шір­ме­сі.
3. Асыл тұқым­ды өнім­ді са­тып алу-са­ту шар­ты­ның түп­нұс­қа­сы және кө­шір­ме­сі.
4. Тө­лем құ­жат­та­ры­ның түп­нұс­қа­ла­ры және кас­са­лық кі­ріс ор­де­рі неме­се шарт бой­ын­ша 100%-дық тө­ле­уді рас­тай­тын банк­тің тө­лем тап­сыр­ма­сы.
5. Асыл тұқым­ды төл­ді кі­ріс­ке алу ак­ті­сі­нің түп­нұс­қа­сы және кө­шір­ме­сі (неме­се та­у­ар өн­ді­ру­ші­ден ка­ран­т­ин­ді алып та­стау ак­ті­сі).
6. Тор­да неме­се еден­де кү­тіп-ба­ғу үшін тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­тың бо­луы.
6.
Та­у­ар өн­ді­ру­ші­лер­дің отан­дық асыл тұқым­ды за­уыт­тар­дан неме­се асыл тұқым­ды ша­ру­а­шы­лық­тар­дан отан­дық тұқым­ның асыл тұқым­ды тө­лін са­тып алуы.
1. Са­тып алы­на­тын асыл тұқым­ды төл­дің жа­сы шарт жа­сас­қан сәт­те мы­на­дай жастан ас­па­уы ти­іс:
қой­лар: тұ­сақ­тар – 18 ай­ға дей­ін; қош­қар­лар – 18 ай­ға дей­ін.
жыл­қы­лар: бай­тал­дар – 3 жас­қа дей­ін; сәу­рік­тер – 5 жас­қа дей­ін.
түй­е­лер: ұр­ға­шы­лар – 3 жас­қа дей­ін; ата­лық­тар – 5 жас­қа дей­ін.
шош­қа­лар: ұр­ға­шы­лар – 12 ай­ға дей­ін; ата­лық­тар –14 ай­ға дей­ін.
ма­рал­дар: ұр­ға­шы­лар – 18 ай­ға дей­ін, ата­лық­тар (жа­ңа туы­л­ған­дар) – 24 ай­ға дей­ін.
2. Са­тып алын­ған асыл тұқым­ды төл­ге бе­рі­л­ген асыл тұқым­ды ку­ә­лік­тің (сер­ти­фи­кат­тың) түп­нұс­қа­сы және кө­шір­ме­сі.
3. Ве­те­ри­на­ри­я­лық сер­ти­фи­кат­тың/анық­та­ма­ның түп­нұс­қа­сы және кө­шір­ме­сі.
4. Са­тып алу-са­ту/ли­зинг шар­ты­ның түп­нұс­қа­сы және кө­шір­ме­сі. Ли­зинг шар­ты бой­ын­ша ли­зинг бе­ру­ші­нің де­ректе­ме­ле­рін көр­се­те оты­рып негіз­гі бе­ре­шек­ті өтеу үшін суб­си­ди­я­лар­ды тө­ле­у­ге өті­нім (тек ли­зинг шар­ты негі­зін­де асыл тұқым­ды төл­ді са­тып ал­ған жағ­дай­да).
5. Шарт бой­ын­ша то­лық тө­ле­уді рас­тай­тын тө­лем құ­жат­та­ры­ның түп­нұс­қа­ла­ры және кө­шір­ме­ле­рі.
6. Асыл тұқым­ды төл­ді кі­ріс­ке алу ак­ті­сі­нің түп­нұс­қа­сы және кө­шір­ме­сі (неме­се та­у­ар өн­ді­ру­ші­лер­дің ка­ран­т­ин­ді алып та­стау ак­ті­сі).
7. Са­тып алын­ған асыл тұқым­ды ана­лық мал ба­сын өз тө­лі­нен өсі­ру мақ­са­тын­да 2 жыл­дан кем емес уа­қыт қол­да­ну ту­ра­лы жа­з­ба­ша мін­дет­те­ме (өн­ді­ру­ші­лер­ге - 2 ша­ғы­лы­сты­ру мау­сы­мы­нан кем емес).

3 Мал шаруашылығындағы асылдандыру ісі жөніндегі республикалық мал тұқымын асылдандыру орталығына, қостанай жылқы тұқымы жөніндегі асыл тұқымды жылқы зауытына, етті құс шаруашылығы жөніндегі асыл тұқымды репродукторға 20__жылғы ___________ айы үшін тиесілі бюджеттік субсидиялар туралы (ай) жиынтық ведомость

Асыл тұқымды мал шаруашылығын
қолдауға арналған субсидиялау
қағидаларына
3-қосымша
«Бекітемін»
________________________ облысы
Ауыл шаруашылығы басқармасының
бастығы ______________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі)
20__ жылғы «__» ____________
Мал шаруашылығындағы асылдандыру ісі жөніндегі республикалық мал
тұқымын асылдандыру орталығына, қостанай жылқы тұқымы жөніндегі асыл
тұқымды жылқы зауытына, етті құс шаруашылығы жөніндегі асыл тұқымды
репродукторға 20__жылғы ___________ айы үшін тиесілі бюджеттік
субсидиялар туралы (ай)
жиынтық ведомость
Шы­ғын­дар­дың бап­та­ры
Бюд­жет қа­ра­жа­тын бө­лу сме­та­сын­да көз­дел­ген со­ма, мың тең­ге
Са­тып алын­ған та­у­ар­лар­дың (жа­ну­ар­лар­дың), орын­дал­ған қыз­мет­тер мен жұ­мыстар­дың нақ­ты кө­ле­мі
Жыл ба­сы­нан бе­рі ти­е­сі­лі со­ма, мың тең­ге
Жыл­дың ба­сы­нан ба­стап тө­лен­ген, мың тең­ге
Ти­е­сі­лі со­ма­ның қал­ды­ғы,мың тең­ге
Тө­ле­ну­ге ти­іс, мың тең­ге
ЖИЫ­НЫ
Мал шаруашылығы бөлімінің бастығы (жауапты тұлға) ____ (Т.А.Ә., қолы)
Бухгалтер (жауапты тұлға) _____________________ (Т.А.Ә., қолы)

Қолданыстағы