О внесении изменений и дополнения в некоторые акты Президента Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в некоторые акты Президента Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 427
- Қабылданған күні
- 13.11.2012
- Көрсетілген редакция
- 05.06.2025 70770_763673.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.06.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U1200000427
- ЭКБ идентификаторы
- 70770
- Редакция идентификаторы
- 70770_763673
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:53
0 Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
2 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3 Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУ
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2012 жылғы 13 қарашадағы
№ 427 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУ
1 1. Күші жойылды - ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
2
2. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 691 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 32, 421-құжат; 2002 ж., № 44, 436-құжат; 2003 ж., № 45, 487-құжат; 2004 ж., № 21, 266-құжат; № 51, 671-құжат; 2007 ж., № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; 2011 ж., № 52, 712-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның дербес құрамына:
Ыдырысов - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
Ерлан Әбілфайызұлы министрі,
Тараков - жазушы (келісім бойынша)
Александр Юрьевич
енгізілсін;
көрсетілген комиссияның құрамынан В.Р. Гундарев, Е.Х. Қазыханов шығарылсын.
3
3. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 11, 125-құжат; 2004 ж., № 15, 183-құжат; 2005 ж., № 21, 247-құжат; 2006 ж., № 20, 195-құжат; 2007 ж., № 1, 1-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; 2011 ж., № 50, 664-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы ережеде:
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Мемлекет басшысының атына Қазақстан Республикасындағы адамның және азаматтың құқықтарының ахуалы туралы баяндамалар дайындайды. Бұл баяндамалар баспасөзде жариялануы мүмкін;»;
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына:
Әбденов - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Серік Сақбалдыұлы халықты әлеуметтік қорғау министрі,
Ыдырысов - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
Ерлан Әбілфайызұлы министрі
енгізілсін;
мына:
«Әбдіқалықова - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлшара Наушақызы халықты әлеуметтік қорғау министрі»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Әбдіқалықова - Қазақстан Республикасы Президентінің
Гүлшара Наушақызы кеңесшісі - Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы Әйелдер істері
және отбасылық-демографиялық саясат
жөніндегі ұлттық комиссияның
төрайымы»;
көрсетілген комиссияның құрамынан М.Б. Жарбосынова шығарылсын.
4 4. Күші жойылды - ҚР Президентінің 09.04.2014 № 791 Жарлығымен.
5
5. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 5, 39-құжат; 2007 ж., № 12, 135-құжат; 2008 ж., № 27, 248-құжат; 2010 ж., № 10, 115-құжат; 2011 ж., № 50, 664-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына:
Аққайсиева - «ҚазМұнайГаз - қайта өндіру және
Айзада Үмбетқызы маркетинг» акционерлік қоғамының қаржы
директоры (келісім бойынша),
Гладырь - «Подруги» дағдарыс орталығы» қоғамдық
Надежда Степановна қорының президенті (келісім бойынша),
Қадырбаева - Қазақстан Республикасы Премьер-
Әлия Кенжебекқызы Министрі Кеңсесі Басшысының
орынбасары,
Нүкетаева - Қазақстан Республикасы Білім және
Динар Жүсіпәліқызы ғылым министрлігінің «Қазақ
мемлекеттік қыздар педагогикалық
университеті» республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының
ректоры (келісім бойынша)
енгізілсін;
мына:
«Әбдіқалықова - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлшара Наушақызы халықты әлеуметтік қорғау министрі,
төрайым»,
«Байқошқарова - «Экомед» ЭКО клиникасының басшысы
Салтанат Берденқызы (келісім бойынша)»,
«Злой - «Қазақстан Парламентінің Жастар
Анатолий Васильевич Мәжілісі» республикалық қоғамдық
бірлестігі төрағасының бірінші
орынбасары (келісім бойынша)»,
«Сухорукова - «Қарағанды қаласының «Шахтер»
Наталья Евгеньевна стадионы» ҚҚКК директоры»,
«Шәукенова - Қазақстан Республикасы Білім және
Зарема Каукенқызы ғылым министрлігі Ғылым комитетінің
философия және политология
институтының директоры
(келісім бойынша)»
деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
«Әбдіқалықова - Қазақстан Республикасы Президентінің
Гүлшара Наушақызы кеңесшісі, төрайым»,
«Байқошқарова - «Экомед» адам ұрпағын өрбіту
Салтанат Берденқызы емханасының жетекшісі
(келісім бойынша)»,
«Злой - «Қазақстан Парламентінің Жастар
Анатолий Васильевич Мәжілісі» республикалық қоғамдық
бірлестігінің төрағасы
(келісім бойынша)»,
«Сухорукова - Қарағанды облысының Туризм, дене
Наталья Евгеньевна шынықтыру және спорт басқармасы
бастығының міндетін атқарушы»,
«Шәукенова - Қазақстан Республикасы Білім және
Зарема Каукенқызы ғылым министрлігі Ғылым комитетінің
философия, политология және дінтану
институтының директоры (келісім
бойынша)»;
көрсетілген комиссияның құрамынан Ж.Қ. Асанов, А.Қ. Рысбекова, И.С. Унжакова шығарылсын.
6
6. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 254-құжат; 2007 ж., № 11, 119-құжат; 2007 ж., № 44, 515-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына:
Оразалинов - Қазақстан Республикасының еңбек
Сұлтан Шәріпұлы сіңірген қайраткері, «Қазақстан»
телерадиокомпаниясының директорлар
кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директоры
енгізілсін;
көрсетілген комиссияның құрамынан Н.Н. Ораз шығарылсын.
7
8
8. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж, № 52, 507-құжат; 2001 ж., № 23, 283-құжат; 2006 ж., № 50, 530-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 30, 292-құжат; № 48, 543-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; № 29, 249-құжат; 2010 ж., № 40, 355-құжат; 2011 ж., № 37, 445-құжат; 2012 ж., № 31, 404-құжат}:
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамына:
Ахметов - Қазақстан Республикасының Премьер-
Серік Нығметұлы Министрі,
Досаев - Қазақстан Республикасының
Ерболат Асқарбекұлы Экономикалық даму және сауда министрі,
Ыдырысов - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
Ерлан Әбілфайызұлы министрі
енгізілсін;
мына:
«Исекешев - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әсет Өрентайұлы және жаңа технологиялар министрі»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Исекешев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Әсет Өрентайұлы Министрінің орынбасары - Қазақстан
Республикасының Индустрия және жаңа
технологиялар министрі»;
көрсетілген кеңестің құрамынан Е.Х. Қазыханов, К.Қ. Мәсімов, Б.Ә. Сағынтаев шығарылсын.
9 9. Күші жойылды - ҚР Президентiнiң 29.08.2016 № 312 Жарлығымен.
10
10. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы № 303 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 6, 44-құжат; № 39, 396-құжат; 2003 ж., № 18, 180-құжат; 2004 ж., № 4, 50-құжат; № 51, 671-құжат; 2005 ж., № 44, 578-құжат; 2006 ж., № 7, 51-құжат; 2007 ж., № 5, 62-құжат; № 26, 299-құжат; № 35, 389-құжат; № 44, 515-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; № 49, 555-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; № 59, 510-құжат; 2010 ж., № 50, 454-құжат; 2011 ж., № 37, 444-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат):
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңесінің құрамына:
Ыбырайым - Қазақстан Республикасы Білім және
Нұрлан Мұхтарбекұлы ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің
төрағасы;
көрсетілген кеңестің құрамынан М.А. Сәрсембаев шығарылсын.