Құжат мәтініне өту

Об оказании дополнительной социальной помощи

Қаулы · № 17 · қабылданған 16.01.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-70812/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об оказании дополнительной социальной помощи Күшін жойған Қаулы ·№ 17 ·16.01.2013
02.12.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.12.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании дополнительной социальной помощи

Күшін жойған Қаулы ·№ 17 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании дополнительной социальной помощи
Атауы (қаз.)
Қосымша әлеуметтiк көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
17
Қабылданған күні
16.01.2013
Көрсетілген редакция
02.12.2014 AI70812_2.kaz
Соңғы өзгеріс
02.12.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13VR002874
ЭКБ идентификаторы
70812
Редакция идентификаторы
AI70812_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:58

0 Қосымша әлеуметтiк көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi «Қазақстан Республикасындағы мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 11 бабы 2 тармағының 3) тармақшасына, 15, 16 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес Үржар ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1.

Үйде тәрбиеленетiн және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге құқығы бар тұлғаларға қосымша әлеуметтiк көмек көрсетiлсiн (бұдан әрi - әлеуметтiк көмек).

2 2.

Әрбiр мүгедек балаға ай сайын 7581 (жеті мың бес жүз сексен бір) теңге мөлшелерінде әлеуметтiк көмек ұсынылсын.

3 3.

Келесі шарттар белгiленсiн:

1 1) мүгедек балаларға (мемлекеттiң толық қамтуындағы мүгедек балалардан басқа) әлеуметтiк көмек отбасының табысына қарамастан, үйде тәрбиеленетiн және оқытылатын мүгедек баланың ата-анасының немесе заңды өкiлiнiң бiреуiне төленедi;

2 2) әлеуметтiк көмек өтiнiш берген айдан бастап «Облыстың бiлiм беру басқармасы» мемлекеттiк мекемесi жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестiң қорытындысында бекiтiлген мерзiм аяқталғанға дейiн ұсынылады;

3 3) әлеуметтiк көмек төлемi қаржыландырудың түсуiне қарай өткен айға төленедi. Әлеуметтiк көмек төлемiн тоқтатуға әкеп соғатын (мүгедек баланың 18 жасқа толуы, мүгедек баланың өлiмi, мүгедектiгiн алып тастау) жағдайлар болса, тиiстi жағдай болған айдан кейiн төлем тоқтатылады.

4 4.

Осы қаулының орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5.

Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен соң күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы