Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента оказания государственной услуги "Аттестация производителей оригинальных, элитных семян, семян первой, второй и третьей репродукций и реализаторов семян"

Қаулы · № 382/12 · қабылданған 29.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-70829/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении регламента оказания государственной услуги "Аттестация производителей оригинальных, элитных семян, семян первой, второй и третьей репродукций и реализаторов семян" Күшін жойған Қаулы ·№ 382/12 ·29.12.2012
24.04.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.04.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента оказания государственной услуги "Аттестация производителей оригинальных, элитных семян, семян первой, второй и третьей репродукций и реализаторов семян"

Күшін жойған Қаулы ·№ 382/12 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента оказания государственной услуги "Аттестация производителей оригинальных, элитных семян, семян первой, второй и третьей репродукций и реализаторов семян"
Атауы (қаз.)
"Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
382/12
Қабылданған күні
29.12.2012
Көрсетілген редакция
24.04.2014 70829_184121.kaz
Соңғы өзгеріс
24.04.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12P0003408
ЭКБ идентификаторы
70829
Редакция идентификаторы
70829_184121
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:04

0 "Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттiк қызметтердің тізілімін бекіту туралы" № 745, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 5 мамырдағы "Фитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" № 485 қаулысына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса берiлiп отырған "Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары

Н.К. Әшімбетовке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

4 "Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттiк қызмет көрсету регламенті

Павлодар облысы әкімдігінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 382/12 қаулысымен
бекітілді
"Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және
үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және
тұқым өткізушілерді аттестаттау"
мемлекеттiк қызмет көрсету регламенті

1 1. Негізгі ұғымдар

1 1. Осы регламентте келесі ұғымдар пайдаланылады:

аттестаттау - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың тұқым шаруашылығы субъектiсiнiң мәртебесiне сәйкестiгiн анықтау (растау);
аттестаттау туралы куәлiк – мемлекеттiң тұқым шаруашылығы саласындағы аттестатталған субъектiлердiң қызметiн тануын растайтын, өз құзыретi шегiнде тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган немесе облыстың жергiлiктi атқарушы органы берген құжат;
басқарма - "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі;
тұтынушы - бiрегей тұқымдар өндіруші немесе элиталық-тұқым өсiру шаруашылығы, немесе тұқым өсiру шаруашылығы, немесе тұқым өндіруші мәртебесін алуға үміткер жеке немесе заңды тұлға;
сараптамалық комиссия – кемінде бес адамнан тұратын сандық құраммен (комиссия төрағасы және төрт мүшесі) басқарма бұйрығымен құрылатын комиссия;
жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыс әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган (бұдан әрі – облыс әкімдігі);
құрылымдық-функционалдық бірліктер – мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын лауазымды тұлғалар (бұдан әрі – Бірліктер).

2 2. Жалпы ережелер

2 2. "Бірегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттiк қызметін (бұдан әрі – мемлекеттiк қызмет) жергілікті атқарушы орган атынан басқарма көрсетеді.

3 3. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.

4

4. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 мамырдағы "Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" № 485 қаулысымен бекітілген "Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттiк қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негiзiнде жүзеге асырылады.

5 5. Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдағышта аттестаттау туралы куәлiк беру немесе оны беруден жазбаша түрде дәлелдi бас тарту көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi болып табылады.

3 3. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртібіне талаптар

6

6. Мемлекеттiк қызметтi Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 61-мекенжайы бойынша орналасқан басқарма демалыс және мереке күндерiнен басқа жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз көрсетедi. Павлодар облысының жергілікті атқарушы органының орналасқан жері туралы ақпарат Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.

7 7. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртібі, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет ресурсынан, мемлекеттік қызметті көрсету орындарындағы стендтерден, сондай-ақ басқармаға хабарласып, 8 (7182) 32-99-91 телефон бойынша алуға болады.

8 8. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi Стандарттың 7-тармағында көрсетілген.

9 9. Мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер Стандарттың 16-тармағында көрсетілген.

10 10. Мемлекеттiк қызметтi алу үшін тұтынушыдан өтініш алған сәттен бастап және мемлекеттiк қызметтiң нәтижесін беру сәтіне дейін мемлекеттiк қызметтi көрсету кезеңдері:

1-кезең – басқарманың әкімшілік бөлімінің бас маманының тұтынушы құжаттарын қабылдауы және тіркеуі, қолхат беруі және оларды басқарма бастығының қарауына беруі;
2-кезең – басқарма бастығының жауапты орындаушыны анықтауы;
3-кезең – басқарманың жауапты орындаушысының өтініш берген сәттен бастап екі күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруі, тұтынушының құжаттарын сараптау комиссиясының қарауына жолдауы. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан дәлелді жазбаша бас тартуды әзірлеу;
4-кезең – сараптау комиссиясының ұсынылған құжаттарды зерделеуі, тұтынушының бірегей тұқым өндірушілерге, элиталық тұқым өсiруші шаруашылықтарға, тұқым өсiруші шаруашылықтарға, тұқым өткізушілерге қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестік дәрежесін жер-жерлерге бару және Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 30 қарашадағы N 1393 қаулысымен бекітілген Бірегей және элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысанда тексеру актісін құрастыру арқылы анықтауы, шешімді хаттама ретінде рәсімдеуі;
5-кезең – басқарманың жауапты орындаушысының тұтынушыға бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушi және тұқым өткізушілер мәртебесін беру туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеуі және облыс әкімдігінің қарауына шығаруы, немесе аттестаттау туралы куәлікті беруден дәлелді жазбаша бас тарту жобасын әзірлеуі;
6-кезең – облыс әкімдігінің тұтынушыға бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушi және тұқым өткізушілер мәртебесін беру туралы қаулысын қабылдауы;
7-кезең – облыс әкімдігінің тұтынушыға бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушi және тұқым өткізушілер мәртебесін беру туралы қаулысы негізінде басқарма бастығының аттестаттау туралы куәлікке немесе оны беруден жазбаша түрде дәлелді бас тартуға қол қоюы;
8-кезең – басқарманың жауапты орындаушысының тұтынушыға аттестаттау туралы куәлікті немесе оны беруден жазбаша түрде дәлелді бас тартуды беруі.

4 4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі әрекеттер (өзара әрекет) тәртібінің сипаттамасы

11 11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы осы Стандарттың 11 - тармағында көрсетілген құжаттарды басқармаға тапсырады.

12 12. Басқарманың әкімшілік бөлімінің бас маманы тұтынушыдан құжаттарды қабылдайды, кіріс хат-хабар журналында тіркейді, төмендегілерді:

1 1) құжаттарды қабылдау күнi мен нөмiрiн;

2 2) сұралып отырған мемлекеттiк қызмет түрiн;

3 3) қоса берiлiп отырған құжаттардың саны мен атауын;

4 4) мемлекеттiк қызметтi алатын күнiн (уақытын) және құжаттар берiлетiн орнын;

5 5) басқарманың өтінішті қабылдаған жауапты лауазымды тұлғасының тегi, аты, әкесiнiң атын көрсете отырып, тұтынушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

Тұтынушының өтініші жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі.

13 13. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесіне келесі ҚФБ қатысады:

1 1) басқарманың әкімшілік бөлімінің бас маманы;

2 2) басқарма бастығы;

3 3) басқарманың жауапты орындаушысы;

4 4) сараптау комиссиясы;

5 5) облыс әкімдігі.

14 14. Әрбір әкімшілік әрекетті (рәсімді) орындау мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ-нің әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) өзара байланысы және кезектілігінің мәтінді кестелі сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

15 15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесінде әкімшілік әрекеттердің логикалық кезектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты айқындайтын сызбалар осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

5 5. Мемлекеттiк қызметтi көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

16 16. Мемлекеттiк қызметтi көрсететін лауазымды тұлғалар мемлекеттiк қызметтi көрсету барысында өздері қабылдайтын шешімдер мен әрекеттер (әрекетсіздік) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте жауап береді.

36 1-кесте. Құрылымдық-функционалдық бірліктер әрекеттерінің сипаттамасы

"Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi,
екiншi және үшiншi көбейтілген
тұқым өндiрушiлердi және тұқым
өткiзушiлердi аттестаттау" мемлекеттік
қызмет көрсету регламентіне
1-қосымша
1-кесте. Құрылымдық-функционалдық бірліктер әрекеттерінің сипаттамасы
Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағымының) әрекеттері
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1
Әре­кет (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­мы­ның) N
1
2
3
4
5
6
7
8
2
Бір­лік­тің ата­уы
1 - бір­лік бас­қар­ма­ның әкім­ші­лік бө­лі­мі­нің бас ма­ма­ны
2 - бірлік басқарма бастығы
3 - бір­лік бас­қар­ма­ның жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­сы
4 - бір­лік са­рап­тау ко­мис­си­я­сы
3 - бір­лік бас­қар­ма­ның жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­сы
5 - бір­лік об­лыс әкім­ді­гі
2 - бір­лік бас­қар­ма ба­стығы
1 - бір­лік бас­қар­ма­ның жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­сы
3
Әре­кет­тің (про­це­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­сы­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Тұ­ты­ну­шы­ның құ­жат­та­рын қа­был­дау, тір­кеу, қол­хат бе­ру және олар­ды бас­қар­ма ба­стығ­ы­ның қа­ра­уы­на бе­ру
Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­ны анық­тау
Өті­ніш бер­ген сәт­тен ба­стап екі күн ішін­де, ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың то­лық­тығ­ын тек­се­ру, са­рап­тау ко­мис­си­я­сы­ның қа­ра­уы­на жол­дау. Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың то­лық бол­мау фак­ті­сі анық­тал­ған жағ­дай­да, өті­ніш­ті одан әрі қа­ра­удан дәлел­ді жа­з­ба­ша бас тар­ту­ды әзір­леу
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­ды зер­де­леу, жер-жер­лер­ге ба­ру және тек­се­ру ак­ті­сін құ­ра­с­ты­ру ар­қы­лы тұ­ты­ну­шы­ның бі­ре­гей тұқым өн­ді­ру­ші­лер­ге, эли­та­лық тұқым өсiру­ші ша­ру­а­шы­лық­тар­ға, тұқым өсiру­ші ша­ру­а­шы­лық­тар­ға, тұқым өт­кі­зу­ші­лер­ге қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­тар­ға сәй­кест­ік дә­ре­же­сін анық­та­уы, ше­шім­ді хат­та­ма ре­т­ін­де ре­сім­деу
Тұ­ты­ну­шы­ға бiре­гей, эли­та­лық тұқым, бiрiн­шi, екiн­шi және үшiн­шi кө­бей­ті­л­ген тұқым өн­дiру­шi және тұқым өт­кі­зу­ші­лер мәр­те­бе­сін бе­ру ту­ра­лы об­лыс әкім­ді­гі қа­улы­сы­ның жо­ба­сын әзір­ле­уі және об­лыс әкім­ді­гі­нің қа­ра­уы­на шы­ға­руы неме­се ат­те­стат­тау ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ру­ден жа­з­ба­ша түр­де дәлел­ді бас тар­ту жо­ба­сын әзір­леу
Тұ­ты­ну­шы­ға бiре­гей, эли­та­лық тұқым, бiрiн­шi, екiн­шi және үшiн­шi кө­бей­ті­л­ген тұқым өн­дiру­шi және тұқым өт­кі­зу­ші­лер мәр­те­бе­сін бе­ру ту­ра­лы қа­улы­сын қа­был­дау
Об­лыс әкім­ді­гі­нің қа­улы­сы негі­зін­де бас­қар­ма ба­стығ­ы­ның ат­те­стат­тау ту­ра­лы ку­ә­лік­ке неме­се оны бе­ру­ден жа­з­ба­ша түр­де дәлел­ді бас тар­ту­ға қол қо­юы. Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың то­лық бол­мау фак­ті­сі анық­тал­ған жағ­дай­да, өті­ніш­ті бұ­дан әрі қа­ра­удан жа­з­ба­ша түр­де дәлел­ді бас тар­ту­ға, өті­ніш бер­ген күн­нен ба­стап екі жұ­мыс кү­ні ішін­де қол қою
Тұ­ты­ну­шы­ға ат­те­стат­тау ту­ра­лы ку­ә­лік­ті неме­се оны бе­ру­ден жа­з­ба­ша түр­де дәлел­ді бас тар­ту­ды бе­ру
4
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-өкім­дік ше­шім)
Бұ­ры­шта­ма қою үшін құ­жат­тар­ды бас­қар­ма ба­стығ­ы­на жол­дау
Бұ­ры­шта­ма қою, құ­жат­тар­ды жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­ға бе­ру
Құ­жат­тар­ды са­рап­тау ко­мис­си­я­сы­на бе­ру неме­се өті­ніш­ті одан әрі қа­ра­удан дәлел­ді жа­з­ба­ша бас тар­ту­ды бас­қар­ма ба­стығ­ы­на қол қо­ю­ға жол­дау
Са­рап­тау ко­мис­си­я­сы­ның ше­ші­мі (оты­рыс хат­та­ма­сы)
Тұ­ты­ну­шы­ға бiре­гей, эли­та­лық тұқым, бiрiн­шi, екiн­шi және үшiн­шi кө­бей­ті­л­ген тұқым өн­дiру­шi және тұқым өт­кі­зу­ші мәр­те­бе­сін бе­ру ту­ра­лы қа­улы­ны об­лыс әкім­ді­гі­нің қа­ра­уы­на шы­ға­ру неме­се ат­те­стат­тау ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ру­ден жа­з­ба­ша түр­де дәлел­ді бас тар­ту­ды бас­қар­ма ба­стығ­ы­на қол қо­ю­ға жол­дау
Тұ­ты­ну­шы­ға бiре­гей, эли­та­лық тұқым, бiрiн­шi, екiн­шi және үшiн­шi кө­бей­ті­л­ген тұқым өн­дiру­шi және тұқым өт­кі­зу­ші мәр­те­бе­сін бе­ру ту­ра­лы об­лыс әкім­ді­гі­нің қа­улы­сын қа­был­дау
Қол қой­ы­л­ған ат­те­стат­тау ту­ра­лы ку­ә­лік­ті неме­се оны бе­ру­ден жа­з­ба­ша түр­де дәлел­ді бас тар­ту­ды бас­қар­ма­ның жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­сы­на жол­дау
Ат­те­стат­тау ту­ра­лы ку­ә­лік­тер­ді тір­кеу жур­на­лын­да тұ­ты­ну­шы­ға ат­те­стат­тау ту­ра­лы ку­ә­лік­ті неме­се оны бе­ру­ден жа­з­ба­ша түр­де дәлел­ді бас тар­ту­ды бе­ру ту­ра­лы бел­гі қою
5
Орын­дау мер­зім­де­рі
1 жұ­мыс кү­ні ішін­де (құ­жат­тар­ды қа­был­дау - 30 ми­нут­тан ар­тық емес)
1 жұ­мыс кү­ні ішін­де
Өті­ніш түс­кен күн­нен ба­стап 15 жұ­мыс кү­ні ішін­де
3 жұ­мыс кү­ні ішін­де
1 жұ­мыс кү­ні ішін­де
30 ми­нут­тан ар­тық емес
6
Ке­ле­сі әре­кет­тің нө­мі­рі
2
3
4
5
6
7
-
-
2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс
Негізгі процесс (жұмыстың барысы, ағымы)
1-бірлік
2-бірлік
3-бірлік
4-бірлік
5-бірлік
Н - 1 әрекет
Тұтынушының құжаттарын қабылдау, тіркеу және оларды басқарма бастығының қарауына беру
Н - 2 әрекет
Жауапты орындаушыны анықтау
Н - 3 әрекет
Тұтынушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексеру және оларды сараптау комиссиясының қарауына жолдау
Н - 4 әрекет
Сараптау комиссиясының ұсынылған құжаттарды зерделеуі, жер-жерлерге бару және тексеру актісін құрастыру арқылы тұтынушының бірегей тұқым өндірушілерге, элиталық тұқым өсiруші шаруашылықтарға, тұқым өсiруші шаруашылықтарға, тұқым өткізушілерге қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестік дәрежесін анықтауы, шешімді хаттама ретінде рәсімдеуі
Н-6 әрекет
Тұтынушыға бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушi және тұқым өткізуші мәртебесін беру туралы облыс әкімдігінің қаулысын қабылдау
Н - 8 әрекет
Аттестаттау туралы куәлікке қол қою
Н - 5 әрекет
Тұтынушыға бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушi және тұқым өткізуші мәртебесін беру туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу және оны облыс әкімдігінің қарауына шығару
Н - 7 әрекет
Тұтынушыға бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушi және тұқым өткізуші мәртебесін беру туралы қаулыны қабылдау
Н-9 әрекет
Тұтынушыға аттестаттау туралы куәлікті беру
3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Альтернативті процесс
Альтернативті процесс (жұмыстың барысы, ағымы) немесе кеңейту
1-бірлік
2-бірлік
3-бірлік
4-бірлік
А-1 әрекет
Тұтынушының құжаттарын қабылдау және тіркеу және оларды басқарма бастығының қарауына беру
А-2 әрекет
Жауапты орындаушыны анықтау
А-3 әрекет
Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру, сараптау комиссиясының қарауына жолдау. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан дәлелді жазбаша бас тартуды әзірлеу, басқарма бастығының оған қол қоюы және өтініш берген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тұтынушыға беру
А-4 әрекет
Сараптау комиссиясының ұсынылған құжаттарды зерделеуі, жер-жерге бару және тексеру актісін құрастыру арқылы тұтынушының бірегей тұқым өндірушілерге, элиталық тұқым өсiруші шаруашылықтарға, тұқым өсiруші шаруашылықтарға, тұқым өткізушілерге қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестік дәрежесін анықтауы, шешімді хаттама түрінде рәсімдеуі
А-6 әрекет
Аттестаттау туралы куәлікті беруден жазбаша түрде дәлелді бас тартуға қол қою
А-5 әрекет
Аттестаттау туралы куәлікті беруден жазбаша түрде дәлелді бас тартуды дайындау
А-7 әрекет
Аттестаттау туралы куәлікті беруден жазбаша түрде дәлелді бас тартуды тұтынушыға ұсыну

37 Негізгі процестің функционалдық өзара әрекет сызбасы

"Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi,
екiншi және үшiншi көбейтілген
тұқым өндiрушiлердi және тұқым
өткiзушiлердi аттестаттау" мемлекеттік
қызмет көрсету регламентіне
2-қосымша
Негізгі процестің функционалдық өзара әрекет сызбасы
Альтернативті процесстің функционалдық өзара әрекет сызбасы

Қолданыстағы