Об оказании адресной социальной помощи малообеспеченным, одиноко проживающим гражданам на проезд на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании адресной социальной помощи малообеспеченным, одиноко проживающим гражданам на проезд на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)
- Атауы (қаз.)
- Аз қамтамасыз етілген, жалғыз басты азаматтарға қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүруге атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 146
- Қабылданған күні
- 22.08.2000
- Көрсетілген редакция
- 22.08.2000 7084_252708.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.08.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V00K0000124
- ЭКБ идентификаторы
- 7084
- Редакция идентификаторы
- 7084_252708
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:18
0 Аз қамтамасыз етілген, жалғыз басты азаматтарға қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүруге атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2003.03.14 N 23ө өкімімен.
Облыстық 2000-2002 жылдарға арналған кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күресу жөніндегі бағдарламасын орындау үшін және зейнетақысы немесе әлеуметтік жәрдемақысы отбасының жалғыз ғана кіріск көзі болып табылатын және 3500 теңгеден аспайтын аз қамтамасыз етілген және жалғыз ьасты азаматтарға атаулы көмек көрсету мақсатында:
1. Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап қала ішіндегі қоғамдық автокөлікте жүріп – тұруға (таксиден басқа) зейнетақысы және жәрдемақысы отбасының тек қана жалғыз басты азаматтарға жеңілдетілген жол ақысы белгіленсін.
2. Атаулы әлеуметтік көмек көрсету мөлшері 2000 жылға айына 500 теңге болып бекітілсін.
3. Аз қамтамасыз етілген және жалғыз басты азаматтарға қала ішіндегі қоғамдық автокөлікте (таксиден басқа) жүріп – тұруға атаулы әлеуметтік көрсетудің Ережесі (N1 қосымша) бекітілсін.
4. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (А.Е. Әбілаев):
-еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдерінің Халықтық банк филиалдарымен агенттік келісім жасауын қамтамасыз етсін:
-автокөлік кәсіпорындарымен бірлесе отырып, әлеуметтік көмек алатын тұлғаларға жылдық жол жұру билеттерін уақытында беруді қамтамасыз етсін.
5. Қалалар және аудандар әкімдері осы Ережеге сәйкес атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асырсын.
6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Х.Б. Қабжановқа жүктелсін.
1 Аз қамтамасыз етілген, жалғыз басты азаматтарға қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүруге атаулы әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕСІ
Облыс әкімінің
2000 жылғы 23.08.
N 146 шешіміне N 1 қосымша
Аз қамтамасыз етілген, жалғыз басты азаматтарға қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүруге атаулы әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ереже
Ереже 3500 теңгеге дейінгі (қоса алғанда) мөлшерде зейнетақы және әлеуметтік көмек алатын азматтарға атаулы әлеуметтік көмек алуға құқық беретін облыстың 2000-2002 жылға арналған кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күресу жөніндегі бағдарламасына сәйкес әзірленген.