Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых государственным учреждением "Отдел образования Иртышского района"

Қаулы · № 5/1 · қабылданған 03.01.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-70861/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых государственным учреждением "Отдел образования Иртышского района" Күшін жойған Қаулы ·№ 5/1 ·03.01.2013
19.06.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.06.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых государственным учреждением "Отдел образования Иртышского района"

Күшін жойған Қаулы ·№ 5/1 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых государственным учреждением "Отдел образования Иртышского района"
Атауы (қаз.)
"Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесімен мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
5/1
Қабылданған күні
03.01.2013
Көрсетілген редакция
19.06.2013 70861_184251.kaz
Соңғы өзгеріс
19.06.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13PG003411
ЭКБ идентификаторы
70861
Редакция идентификаторы
70861_184251
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:02

0 "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесімен мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2000 жылдың 27 қарашасындағы "Әкімшілік рәсімдері туралы" Заңының 9-1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" № 745 қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызметті сапалы көрсету мақсатында Ертіс ауданының әкiмдiгі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қоса берiлген "Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттiк қызмет регламентi бекітілсін.

2 2. "Ертіс ауданының бiлiм бөлiмi" мемлекеттiк мекемесі мемлекеттік қызметтердi уақытылы, сапалы көрсетудi қамтамасыз етсiн.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсiн.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа еңгiзiледi.

5 "Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет регламенті

Павлодар облысы
Ертіс ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 03 қаңтардың
№ 5/1 қаулысымен
бекітілді
"Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған
құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. "Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды

әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетіт орган) көрсетеді.

2 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3 3. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

4 4. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы).

5

5. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" № 1119 қаулысына сәйкес (бұдан әрі - стандарт) жүзеге асырылады.

6 6. Мемлекеттік қызмет белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс және мереке күндерін қоспағанда, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, И.Байзаков, 14 мекен-жайы бойынша көрсетіледі.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама) беру не қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабын ұсыну болып табылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

8 8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1 1) мемлекеттік қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік отыз күнді (құжаттарды қабылдаған күн және берген күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) құрайды;

2 2) өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күту уақытының барынша ұзақтығы 20 минуттан аспайды;

3 3) өтiнiш берген күнi сол жерде мемлекеттік қызметті алушыға көрсетiлетiн қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы 20 минуттан аспайды.

9 9. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартуға негіздер стандарттың 16-тармағында аталған.

10 10. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау уәкілетті органның бір маманымен жүзеге асырылады.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіндегі әрекеттер (өзара қызметтер) тәртібін сипаттау

11 11. Мемлекеттік қызметті алу үшін уәкілетті органға стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттар ұсынылады.

12 12. Барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алушыға барлық құжаттарды алғаны туралы қолхат беріледі, онда мемлекеттік қызметті алатын күні көрсетіледі.

13 13. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде мынадай құрылымдық-функционалды бірліктер (бұдан әрі – бірліктер) қатыстырылған:

уәкілетті органның маманы;
қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі кеңес;
уәкілетті органның бастығы;
аудан әкімдігі.

14 14. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттерді (рәсімдерді) орындаудың мерзімін көрсетумен әрбір бірлік бойынша әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-әрекеттердің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген.

15 15. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық кезектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы регламентке 2-қосымшада көрсетілген.

4 4. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды адамдардың жауапкершілігі

16 16. Уәкілетті органның лауазымды адамдарына мемлекеттік қызмет көрсету барысында олармен қабылданған шешімдер мен әрекеттер (әрекетсіздік) үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған тәртіпте жауапкершілік жүктеледі.

29 Құрылымдық-функционалды бірліктер (бұдан әрі – бірліктер) әрікетінің сипаттамасы

"Жетімдерді, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларды
әлеуметтік қамсыздандыруға
арналған құжаттарды ресімдеу"
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
Құрылымдық-функционалды бірліктер
(бұдан әрі – бірліктер) әрікетінің сипаттамасы
Негізгі үрдістің іс-әрекеті (жұмыстың барысы, ағымы)
1
іс-әрекеттің (жұмыстың барысы, ағымы) №
1
2
3
4
5
6
7
2
Бір­лік­тер­дің ата­уы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ма­ма­ны
Қам­қор­шы­лық және қор­ған­шы­лық жө­нін­де­гі ке­ңес
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ма­ма­ны
Аудан әкім­ді­гі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ма­ма­ны
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ба­стығы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ма­ма­ны
3
Іс-әре­кет­тің (үр­ді­стің, опе­ра­ция про­це­ду­ра­ла­ры­ның) ата­луы және оның си­патта­ма­сы
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алушы­мен ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­ды қа­был­дай­ды және тір­кей­ді
Ба­ла­ны тәр­би­е­ле­у­ге үміт­кер адам­ның тұр­ғын үй-тұр­мыстық жағ­дай­ын тек­се­ру жүр­гі­зе­ді, қор­ған­шы­лық­ты (қам­қор­шы­лық­ты) бел­гі­леу қа­жет­ті­лі­гі ту­ра­лы не қор­ған­шы­лық­ты (қам­қор­шы­лық­ты) бел­гі­ле­уден бас тар­ту ту­ра­лы қо­ры­тын­ды шы­ға­ра­ды
Аудан әкім­ді­гі­нің қор­ған­шы­лық­ты (қам­қор­шы­лық­ты) бел­гі­леу қа­жет­ті­лі­гі ту­ра­лы не қор­ған­шы­лық­ты (қам­қор­шы­лық­ты) бел­гі­ле­уден бас тар­ту ту­ра­лы қа­улы­сы­ның жо­ба­сын әзір­лей­ді және ке­лі­се­ді
Қор­ған­шы­лық­ты (қам­қор­шы­лық­ты) бел­гі­леу қа­жет­ті­лі­гі ту­ра­лы не қор­ған­шы­лық­ты (қам­қор­шы­лық­ты) бел­гі­ле­уден бас тар­ту ту­ра­лы қа­у­лы қа­был­дай­ды
Қор­ған­шы­лық­ты (қам­қор­шы­лық­ты) бел­гі­леу қа­жет­ті­лі­гі ту­ра­лы не қор­ған­шы­лық­ты (қам­қор­шы­лық­ты) бел­гі­ле­уден бас тар­ту ту­ра­лы анық­та­ма жо­ба­сын дай­ын­дай­ды
Қор­ған­шы­лық­ты (қам­қор­шы­лық­ты) бел­гі­леу қа­жет­ті­лі­гі ту­ра­лы не қор­ған­шы­лық­ты (қам­қор­шы­лық­ты) бел­гі­ле­уден бас тар­ту ту­ра­лы анық­та­ма ға қол қо­яды
Қор­ған­шы­лық­ты (қам­қор­шы­лық­ты) бел­гі­леу қа­жет­ті­лі­гі ту­ра­лы не қор­ған­шы­лық­ты (қам­қор­шы­лық­ты) бел­гі­ле­уден бас тар­ту ту­ра­лы анық­та­ма­ны алушы­ға бе­ре­ді
4
Аяқ­тау тү­рі (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-рет­теу ше­ші­мі)
Қа­жет­ті құ­жат­тар­ды ал­ға­ны ту­ра­лы қол­хат
Қор­ған­шы­лық­ты (қам­қор­шы­лық­ты) бел­гі­леу қа­жет­ті­лі­гі ту­ра­лы не қор­ған­шы­лық­ты (қам­қор­шы­лық­ты) бел­гі­ле­уден бас тар­ту ту­ра­лы қо­ры­тын­ды
Қор­ған­шы­лық­ты (қам­қор­шы­лық­ты) бел­гі­леу қа­жет­ті­лі­гі ту­ра­лы не қор­ған­шы­лық­ты (қам­қор­шы­лық­ты) бел­гі­ле­уден бас тар­ту ту­ра­лы қа­улы­ның жо­ба­сы
Қор­ған­шы­лық­ты (қам­қор­шы­лық­ты) бел­гі­леу қа­жет­ті­лі­гі ту­ра­лы не қор­ған­шы­лық­ты (қам­қор­шы­лық­ты) бел­гі­ле­уден бас тар­ту ту­ра­лы қа­у­лы
Қор­ған­шы­лық­ты (қам­қор­шы­лық­ты) бел­гі­леу қа­жет­ті­лі­гі ту­ра­лы не қор­ған­шы­лық­ты (қам­қор­шы­лық­ты) бел­гі­ле­уден бас тар­ту ту­ра­лы анық­та­ма­ның жо­ба­сы
Қор­ған­шы­лық­ты (қам­қор­шы­лық­ты) бел­гі­леу қа­жет­ті­лі­гі ту­ра­лы не қор­ған­шы­лық­ты (қам­қор­шы­лық­ты) бел­гі­ле­уден бас тар­ту ту­ра­лы анық­та­ма
Қор­ған­шы­лық­ты (қам­қор­шы­лық­ты) бел­гі­леу қа­жет­ті­лі­гі ту­ра­лы не қор­ған­шы­лық­ты (қам­қор­шы­лық­ты) бел­гі­ле­уден бас тар­ту ту­ра­лы анық­та­ма
5
Орын­да­лу мер­зі­мі
20 ми­нут­тан ас­пай­ды
14 күн­тіз­бе­лік күн
7 күн­тіз­бе­лік күн
7 күн­тіз­бе­лік күн
1 күн­тіз­бе­лік күн
1 күн­тіз­бе­лік күн
20 ми­нут­тан ас­пай­ды
6
Ке­ле­сі іс-әре­кет­тің №
2
3
4
5
6
7

30 Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің сызбасы

"Жетімдерді, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларды
әлеуметтік қамсыздандыруға
арналған құжаттарды ресімдеу"
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің сызбасы

Қолданыстағы