Құжат мәтініне өту

Об утверждении пруденциальных нормативов и иных обязательных к соблюдению микрофинансовой организацией норм и лимитов и методики их расчетов, а также формы и сроков представления отчетности об их выполнении

Қаулы · № 382 · қабылданған 24.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-70879/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении пруденциальных нормативов и иных обязательных к соблюдению микрофинансовой организацией норм и лимитов и методики их расчетов, а также формы и сроков представления отчетности об их выполнении Күшін жойған Қаулы ·№ 382 ·24.12.2012
31.07.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении пруденциальных нормативов и иных обязательных к соблюдению микрофинансовой организацией норм и лимитов и методики их расчетов, а также формы и сроков представления отчетности об их выполнении

Күшін жойған Қаулы ·№ 382 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении пруденциальных нормативов и иных обязательных к соблюдению микрофинансовой организацией норм и лимитов и методики их расчетов, а также формы и сроков представления отчетности об их выполнении
Атауы (қаз.)
Пруденциалдық нормативтердi және микроқаржы ұйымының сақтауы мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi және оларды есептеу әдістемесін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептілік берудің нысандарын және мерзiмдерiн бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
382
Қабылданған күні
24.12.2012
Көрсетілген редакция
31.07.2017 70879_229360.kaz
Соңғы өзгеріс
31.07.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008317
ЭКБ идентификаторы
70879
Редакция идентификаторы
70879_229360
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:13

0 Пруденциалдық нормативтердi және микроқаржы ұйымының сақтауы мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi және оларды есептеу әдістемесін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептілік берудің нысандарын және мерзiмдерiн бекіту туралы

«Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Пруденциалдық нормативтер және микроқаржы ұйымының сақтауы мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттер және оларды есептеу әдістемесі, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептілік берудің нысандары және мерзiмдерi бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Пруденциалдық нормативтер және микроқаржы ұйымының сақтауы мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттер және оларды есептеу әдістемесі, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептілік берудің нысандары және мерзiмдерi

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 382 қаулысымен
бекітілген
Пруденциалдық нормативтер және микроқаржы ұйымының сақтауы мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттер және оларды есептеу әдістемесі, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептілік берудің нысандары және мерзiмдерi
Осы Пруденциалдық нормативтер және микроқаржы ұйымының сақтауы мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттер және оларды есептеу әдістемесі, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептілік берудің нысандары және мерзiмдерi (бұдан әрі - Пруденциалдық нормативтер) «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және Пруденциалдық нормативтерді және микроқаржы ұйымының сақтауы мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттерді және оларды есептеу әдістемесін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептілік берудің нысандарын және мерзiмдерiн белгілейді.
Заңға сәйкес Пруденциалдық нормативтердің және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердің құрамына:

1 1) жарғылық капиталдың ең төменгi мөлшерi;

2 2) меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері;

3 3) меншікті капиталдың жеткiлiктiлiгi;

4 4) бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері;

5 5) левередж коэффициенті кіреді.

1 1. Жарғылық капиталдың ең төменгi мөлшерi

1 1. Жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерi 30 000 000 (отыз миллион) теңгені құрайды.

2 2. Меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері

2 2. Меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері 30 000 000 (отыз миллион) теңгені құрайды.

3 3. Меншікті капиталдың жеткiлiктiлiгi

3 3. Микроқаржы ұйымының меншікті капиталының жеткіліктілігі k1 болып сипатталады және меншікті капиталдың баланс бойынша активтер сомасына қатынасы ретінде есептеледі.

k1 коэффициентінің мәні 0,1 құрайды.

4 4. Микроқаржы ұйымының меншікті капиталы:

микроқаржы ұйымының негiзгi қызмет мақсаты үшiн сатып алынған лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуден басқа материалдық емес активтерді;
басқа заңды тұлғалардың капиталына салынған микроқаржы ұйымының инвестцияларын шегергенде;
төленген жарғылық капиталы;
қосымша капитал;
өткен жылдардың бөлiнбеген таза пайдасы (шығыны) (оның iшiнде өткен жылдардың таза кiрiсi есебiнен қалыптасқан қорлар, резервтер);
есепті кезеңде бөлiнбеген таза пайданың (шығынның) мөлшері;
негізгі қаражатты қайта бағалау мөлшері сомасы ретінде есептеледі.

5

5. Басқа заңды тұлғалардың капиталына салынған микроқаржы ұйымының инвестициялары кредиттік бюролардың, микроқаржы ұйымдарының, банкноталарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау қызметін көрсететін ұйымдардың және күзету қызметіне лицензиясы бар ұйымдардың акцияларына немесе жарғылық капиталына қатысу үлесіне микроқаржы ұйымының салымдарын білдіреді.

4 4. Бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері

6 6. Бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері:

Лондондық қымбат металлдар нарығының қауымдастығы (London billion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетiн және осы қауымдастықтың құжаттарында «Лондондық сапалы жеткiзiлiм» («London good delivery») стандарты ретiнде белгiленген тазартылған қымбат металлдары;
Standard & Рооr's агенттігінің «А»-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктердің кепілдіктері түрінде қарыз алушының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету сомасын шегергенде;
микроқаржы ұйымының қарыз алушыға микрокредиттер және дебиторлық берешек түрінде қойылатын талаптар;
микроқаржы ұйымының балансынан есептен шығарылған микроқаржы ұйымының қарыз алушыға қойылатын талаптар сомасы ретінде есептеледі.

7 7. Бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері k2 коэффициентімен сипатталады және микроқаржы ұйымының бір қарыз алушыға тәуекел мөлшерінің микроқаржы ұйымының меншікті капиталына оның міндеттемелері бойынша қатынасы ретінде есептеледі.

k2 коэффициентінің мәні 0,25-тен аспайды.

8

8. Микроқаржы ұйымының қарыз алушыға қоятын талаптарының олар пайда болған күнгi жалпы көлемi осы Пруденциалдық нормативтерде белгiленген шектеулер шегiнде болса, бiрақ соңынан соңғы үш ай iшiнде микроқаржы ұйымының меншiктi капиталының деңгейi бес пайыздан артық төмендеуiне байланысты аталған шектеулерден асып кеткен жағдайда не соңғы үш ай iшiнде қарыз алушыға қойылатын талаптар он пайыз деп көрсетiлген теңгенiң шетел валютасымен орташа алынған биржалық бағамының ұлғаюынан микроқаржы ұйымының қарыз алушыға қоятын талаптарының өсуiне байланысты бiр қарыз алушыға деген тәуекел нормативiнiң барынша жоғары мөлшерi орындалды деп есептеледi.
Аталған жағдайларда микроқаржы ұйымы шектеулерден асып кету фактiсi туралы микроқаржы ұйымының орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына (бұдан әрі – уәкілетті орган) жоғарыда көрсетілген асып кету пайда болған күннен кейінгі күн ішінде хабардар етедi және ағымдағы және одан кейiнгі айларда шектеуден асып кетуді жою жөнiнде мiндеттемелер қабылдайды. Егер осы шектен асып кетуді микроқаржы ұйымы көрсетілген мерзiмде жоймаған жағдайда бiр қарыз алушының ең жоғары тәуекел мөлшерiнiң нормативi шегiнен асып кету осы аталған шектен асып кету анықталған күннен бастап осы нормативтiң бұзылуы деп қарастырылады.

5 5. Левередж коэффициенті

9 9. Міндеттемелерге қатысты микроқаржы ұйымының капиталдандыруы k3 левередж коэффициентімен сипатталады және микроқаржы ұйымының жиынтық міндеттемелері сомасының оның меншікті капиталына қатысты сома ретінде есептеледі.

K3 коэффициентінің мәні 10-нан аспайды.

10 10. Микроқаржы ұйымының жиынтық міндеттемелерінен K3 коэффициентін есептеу мақсатында халықаралық қаржы ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелер алып тасталады.

Осы Пруденциалдық нормативтердің мақсаттары үшін мынадай ұйымдар халықаралық қаржы ұйымдарына жатады:
Азия даму банкі (the Asian Development Bank);
Африка даму банкі (the African Development Bank);
Еуропалық Кеңестің Даму Банкі (the Council of Europe Development Bank);
Еуразия даму банкі (Eurasian Development Bank);
Еуропа қайта құру және даму банкі (the European Bank for Reconstruction and Development);
Еуропалық инвестициялық банк (the European Investment Bank);
Ислам даму банкі (the Islamic Development Bank);
Америкааралық даму банкі (the Inter-American Development Bank);
Халықаралық даму қауымдастығы;
Халықаралық қаржы корпорациясы (the International Finance Corporation);
Халықаралық қайта құру және даму банкі (the International Bank for Reconstruction and Development);
Халықаралық валюта қоры;
Халықаралық инвестициялық дауларды реттеу орталығы;
Көптарапты инвестицияларға кепілдік беру агенттігі;
Скандинавия инвестициялық банкі (the Nordic Investment Bank).

6 6. Есеп беру нысаны және мерзімі

11

11. Микроқаржы ұйымы тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасыншы күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей Пруденциалдық нормативтердің қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық және қағаз тасымалдағыштарда уәкілетті органға Пруденциалдық нормативтерді және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттерді орындау туралы есеп (бұдан әрі – Есеп) береді.

12 12. Электрондық тасымалдағыштағы есеп деректердiң конфиденциалдылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар ақпаратты кепiлдiк бере отырып жеткiзудiң тасымалдау жүйесін пайдалана отырып жіберіледі.

13 13. Қағаз тасымалдағыштағы есептi күндегi жағдай бойынша есепке микроқаржы ұйымының бiрiншi басшысы (ол болмаған кезде – оның орнындағы адам), бас бухгалтерi, орындаушысы қол қояды және мөрмен расталады да уәкiлеттi органға берiледi.

Есептің көшірмесі микроқаржы ұйымында сақталады.

14 14. Уәкiлеттi органның талабы бойынша микроқаржы ұйымы сұратуды алған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей белгiленген күндегi жағдай бойынша Есепті қағаз тасымалдағышта бередi.

15 15. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердiң қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестiгiн микроқаржы ұйымының бiрiншi басшысы (ол болмаған кезде – оның орнындағы адам) және бас бухгалтерi қамтамасыз етедi.

16 16. Есептегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен көрсетіледі.

17 17. Есепті жасау кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Бес жүз теңгеден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді. Коэффициенттер үтірден кейін үш белгімен беріледі.

18

18. Есепте толық емес және (немесе) дәйексіз ақпаратты анықтаған жағдайда уәкілетті орган микроқаржы ұйымы берген Есепті түзетуді талап етеді. Уәкілетті орган тиісті Есепті түзету қажеттілігі туралы микроқаржы ұйымына жазбаша хабарлайды. Микроқаржы ұйымы хабарлама алған күннен бес жұмыс күнi ішінде Есепке түзету енгізеді немесе уәкілетті органның талаптарымен келіспеген жағдайда жазбаша түсініктеме береді, оны қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган микроқаржы ұйымы шешіммен белгіленген мерзімде орындауы міндетті Есепті түзету қажеттілігіне қатысты түпкілікті шешім қабылдайды.

19 20__ жылғы __________ жағдай бойынша _______________________________________________________ (микроқаржы ұйымының атауы) пруденциалдық нормативтерді және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттерді орындау туралы есебі

19. Есепке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда микроқаржы ұйымы Есепті берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептерін түсіндіре отырып, жазбаша өтініш береді.
Пруденциалдық нормативтерге және
микроқаржы ұйымының сақтауы мiндеттi
басқа да нормалар мен лимиттерге және
оларды есептеу әдістемесіне, сондай-ақ
олардың орындалуы туралы есептілік
берудің нысандарына және мерзiмдерiне
қосымша
Нысан
20__ жылғы __________ жағдай бойынша _______________________________________________________ (микроқаржы ұйымының атауы) пруденциалдық нормативтерді және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттерді орындау туралы есебі
(мың теңгемен)

Бап­тар­дың ата­уы
Со­ма­сы
1
2
3
1
Тө­лен­ген жар­ғы­лық ка­пи­тал
2
Қо­сым­ша ка­пи­тал
3
Өт­кен жыл­дар­дың бөлiн­бе­ген та­за пай­да­сы (шы­ғы­ны)
4
Өт­кен жыл­дар­дың та­за кiрiсi есебi­нен қа­лып­тас­қан қор­лар, ре­зерв­тер
5
Есеп­ті ке­зең­де бөлiн­бе­ген та­за пай­да­ның (шы­ғын­ның) мөл­ше­рі
6
негіз­гі қа­ра­жат­ты қай­та ба­ға­лау
7
Мик­ро­қар­жы ұй­ы­мы­ның негiз­гi қыз­мет мақ­са­ты үшiн са­тып алын­ған ли­цен­зи­я­лық бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­ден бас­қа ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­тер
8
Кре­дит­тік бю­ро­лар­дың, мик­ро­қар­жы ұй­ым­да­ры­ның, банк­но­та­лар­ды, мо­не­та­лар мен құн­ды­лық­тар­ды ин­кас­са­ци­я­лау қыз­ме­тін көр­се­те­тін ұй­ым­дар­дың және кү­зе­ту қыз­ме­тіне ли­цен­зи­я­сы бар ұй­ым­дар­дың ак­ци­я­ла­ры­на неме­се жар­ғы­лық ка­пи­та­лы­на қа­ты­су үле­сіне мик­ро­қар­жы ұй­ы­мы­ның ин­ве­сти­ци­я­ла­ры
9
Мик­ро­қар­жы ұй­ы­мы­ның есеп­тік мен­шік­ті ка­пи­та­лы
10
Мик­ро­қар­жы ұй­ы­мы­ның ба­лан­сы бой­ын­ша ак­тив­тер
11
k1 мен­шік­ті ка­пи­тал жет­кі­лік­ті­лі­гі
12*
Бір қарыз алушы­ның мик­ро­қар­жы ұй­ы­мы­ның ал­дын­да­ғы жиын­тық бе­ре­ше­гі (ұй­ым­ның ба­лан­сы есеп­тен шы­ға­ры­л­ған­ды қо­са ал­ған­да)
13*
Лон­дон­дық қым­бат ме­талл­дар на­ры­ғы­ның қа­уым­да­стығы (London billion market association) қа­был­да­ған ха­лы­қа­ра­лық са­па стан­дарт­та­ры­на сәй­кес ке­летiн және осы қа­уым­да­стық­тың құ­жат­та­рын­да «Лон­дон­дық са­па­лы жет­кiзiлiм» («London good delivery») стан­дар­ты ретiн­де бел­гi­лен­ген та­зар­ты­л­ған қым­бат ме­талл­да­ры тү­рін­де қарыз алушы­ның қам­та­ма­сыз етуі
14*
Standard & Ро­оr's агент­ті­гі­нің «А»-дан тө­мен емес ұзақ мер­зім­ді кре­дит­тік рей­тин­гі бар неме­се бас­қа рей­тин­гі­лік агент­тіктер­дің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар банк­тер­дің ке­піл­дік­те­рі тү­рін­де қарыз алушы­ның қам­та­ма­сыз етуі
15*
k2 бір қарыз алушы­ға тәу­е­кел­дің ең жо­ғар­ғы мөл­ше­рі
16
Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­ры бо­лып та­бы­ла­тын Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент еме­сте­рі ал­дын­да­ғы мін­дет­те­ме­лер­ді қо­с­па­ған­да, мик­ро­қар­жы ұй­ы­мы­ның жиын­тық мін­дет­те­ме­ле­рі
17
k3 жиын­тық мін­дет­те­ме­лер­дің ең жо­ға­ры ли­ми­ті­нің ко­эф­фи­ци­ен­ті
18
Мик­ро­қар­жы ұй­ы­мы­ның мик­ро­кре­дит­те­рі­нің жиын­тық мөл­ше­рі
Бірінші басшы (ол болмаған кезде – оның орнындағы адам)
______________________________________________ _____________________
(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)
Бас бухгалтер ______________________________________ _______________
(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)
Орындаушы: ________________________ _______ ______________________
(лауазымы, тегі және аты) (қолы) (телефон нөмірі)
Есепке қол қойылған күн 20_____ жылғы «____» ______________________
Мөрдің орны
* 12, 13, 14 және 15-жолдар бойынша микроқаржы ұйымы алдындағы ең көп жиынтық берешегі бар қарыз алушы бойынша ақпарат беріледі.

Қолданыстағы