Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Прием на обучение в Академию государственного управления при Президенте Республики Казахстан"

Бұйрық · № 02-01-02/181 · қабылданған 27.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-70941/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Прием на обучение в Академию государственного управления при Президенте Республики Казахстан" Күшін жойған Бұйрық ·№ 02-01-02/181 ·27.12.2012
29.03.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Прием на обучение в Академию государственного управления при Президенте Республики Казахстан"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 02-01-02/181 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Прием на обучение в Академию государственного управления при Президенте Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
02-01-02/181
Қабылданған күні
27.12.2012
Көрсетілген редакция
29.03.2014 AI70941_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.03.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008250
ЭКБ идентификаторы
70941
Редакция идентификаторы
AI70941_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:09

0 "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімі (М.Ы. Өтешев):

1 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімінің меңгерушісі М.Ы. Өтешевке жүктелсін.

4 «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметінің регламенті

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағаның
2012 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 02-01-02/181 бұйрығымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметінің регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметінің осы регламенті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 1687 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетустандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді.

2 2. Осы Регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) мемлекеттік қызмет – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен көрсетілетін оқыту бойынша мемлекеттік қызмет;

2 2) жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарлама – кәсіптік бағдарламалары ғылыми және педагогикалық жоғары білікті кадрларды даярлауға және олардың ғылыми және педагогикалық даярлық деңгейін дәйекті арттыруға бағытталған білім деңгейі;

3 3) магистратура – тиісті мамандық бойынша «магистр» академиялық дәрежесін бере отырып ғылыми, ғылыми-педагогикалық және басқарушы кадрларды даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасы;

4 4) докторантура – нормативтік оқу мерзімі 3 жылдан кем емес, бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі беріле отырып, ғылыми және педагог кадрларды даярлауға бағытталған, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік білім беретін бағдарламасы;

5

5) мемлекеттік қызметті алушы – жоғары (магистратура үшін) және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің (докторантура үшін) кәсіптік оқу бағдарламаларын игерген жеке тұлғаларға, Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрып жатқан шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар.

3 3. Мемлекеттік қызметті көрсетуші орган атауы – «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы РМҚК» (бұдан әрі – Академия).

4 4. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.

5

5. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі және «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдары, «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысы (бұдан әрі – Қағидалар) негізінде жүзеге асырылады.

6 6. Академияның жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары (магистратура, докторантура) бойынша білім алушылардың санына алу туралы жазбаша түрдегі бұйрықтан үзінді (бұдан әрі – үзінді) немесе оқуға қабылданудан дәлелді бас тарту мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.

Мемлекеттік қызметті алуға мемлекеттік қызметті алушының құжаттарының берілгенін растау Академия қызметкерінің осы регламенттің 12-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау туралы есеп журналында тіркеуі және талон беруі болып табылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

7 7. Мемлекеттік қызмет Академияның ғимаратында жүзеге асырылады. Ғимарат тәртібі: ғимаратқа кіру білім алушының куәлігі бойынша жүзеге асырылады.

Ғимаратта тәулік бойлы күзет бекеті, өртке қарсы дабыл қаққыш және басқа да қауіпсіздік шаралары бар.

8 8. Мемлекеттік қызмет Академиямен жасалатын түсу емтихандарын жүргізу кестесіне сәйкес, алдын ала жазылусыз, жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

9 9. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Академияның www.pa-academy.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

10 10. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағында көрсетілген.

11 11. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуы Стандарттың 16-тармағында көрсетілген.

12 12. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1 кезең – оқуға түсу конкурстық емтиханына қатысу үшін құжаттарды қабылдау туралы талон беру;
2 кезең – оқуға түсу конкурстық емтиханын табысты тапсыру;
3 кезең – конкурсқа қатысу;
4 кезең – білім алушы қатарына қабылдау.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әрекет (өзара әрекет) тәртібінің сипатталуы

13

13. Мемлекеттік қызметті алушы Академияның қабылдау комиссиясына Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар тізімін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бұйрығымен бекітілген магистратура мен докторантураға қабылдау ережесіне, сондай-ақ осы регламентке 3, 4 қосымшаларына сәйкес ұсынады.

14 14. Мемлекеттік қызметті алушы Академияның білім алушы қатарына қабылданғаннан кейін білім алушы куәлігі мен сынақ кітапшасын алады.

15 15. Әр әкімшілік іс-қимылдың (рәсімдердің) орындалу мерзімі көрсетілген әр ҚФБ-нің әкімшілік іс-қимылдардың (рәсімдердің) бірізділігі мен өзара іс-әрекетінің мәтіндік сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшасында келтірілген.

16 1-кесте. ҚФБ әрекетінің сипаттамасы

16. Функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
«Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясына
оқуға қабылдау» регламентіне
1-қосымша
1-кесте. ҚФБ әрекетінің сипаттамасы

ҚФБ ата­уы
Рә­сім
Мер­зім­дер
Құ­жат
1
Ака­де­мия: Тех­ни­ка­лық хат­шы Қа­был­дау ко­мис­си­я­сы
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау
20 мау­сым­нан 20 шіл­де­ге дей­ін
2
Ака­де­мия: Тех­ни­ка­лық хат­шы Қа­был­дау ко­мис­си­я­сы
Есеп жур­на­лы­на тір­кеу
20 мау­сым­нан 20 шіл­де­ге дей­ін
Қа­был­дау ту­ра­лы та­лон бе­ру
3
Ака­де­мия: Пән­дік ко­мис­сия
Тү­су ем­ти­ханда­рын өт­кі­зу
1 та­мы­здан 20 та­мыз­ға дей­ін
Ем­ти­хан тап­сы­ру ті­зім­де­ме­сі
4
Ака­де­мия: Қа­был­дау ко­мис­си­я­сы
Кон­курс өт­кі­зу
20 та­мы­здан
Қа­был­дау ко­мис­си­я­сы­ның қа­был­дау ту­ра­лы ше­шім хат­та­ма­ла­ры
5
Ака­де­мия: Рек­тор, қа­был­дау ко­мис­си­я­сы­ның жа­у­ап­ты хат­шы­сы
Қа­был­дау ту­ра­лы бұй­рық­ты дай­ын­дау
31 та­мыз­ға дей­ін
Қа­был­дау ту­ра­лы бұй­рық
«Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясына
оқуға қабылдау» регламентіне
2-қосымша
Оқыту бойынша мемлекеттік қызмет процесі
«Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясына
оқуға қабылдау» регламентіне
3-қосымша
ЖОЛДАМА
_____________________________________________________________________
(қызметкерді оқуға жіберетін мемлекеттік орган немесе ұйым атауы)
_____________________________________________________________________
(қызметкердің аты-жөні, лауазымы, санаты)
_____________________________________________________________________
(магистратура, докторантура, Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі)
______________оқу мерзіміне__________________________________________
(1 жыл, 2 жыл)
мамандығы бойынша оқуға жібереді.
____________________________________________оқуын ұйымдастыру
(оқуға жіберілетін қызметкердің аты-жөні)
туралы үшжақты шартқа (Қабылдау комиссиясы оқуға қабылдау туралы оң
шешім қабылдаған жағдайда) Академияға қабылдау туралы тиісті бұйрық
шығарылғанға дейін қол қоюға келісімімізді білдіреміз.
______________
(ла­у­а­зы­мы)
____________
(қо­лы)
_________________________
(Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
заң­на­ма­сы­на сәй­кес олар­ды
ба­ғыт­та­у­ға құқы­ғы бар тұл­ға­ның
аты-жө­ні)
«Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясына
оқуға қабылдау» регламентіне
4-қосымша
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК
Академия ректоры
_______________________
_____________________________________________________________________
(аты-жөні)
______________________________________________________________тұратын
(тұрғылықты жерінің мекенжайы, телефоны)
_____________________________________________________________________
Паспорт немесе куәлік мәліметтері ___________________________________
_____________________________________________________________________
Өтініш
Мені _________________________________________________________
(магистратура, докторантура, Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі)
_________________________________________мамандығына күндізгі оқу
түрі бойынша бюджеттік/ақылы (қажеттісінің астын сызу) негізде, оқу
мерзімі_______ жылға, оқуға түсу үшін қабылдау емтихандарына жіберуіңізді сұраймын.
Өзім туралы мына мәліметтерді хабарлаймын:

1 1. Туған күні (күні, айы, жылы) _____________________________________

2 2. Ұлты, жынысы _____________________________________________________

3 3. Отбасы жағдайы____________________________________________________

4 4. ЖОО атауы_________________________________________________________

Мамандығы мен бітірген жылы____________________________________
Диплом бойынша жалпы рейтинг балы (диплом № көрсету)___________

5 5. Жұмыс орны________________________________________________________

_____________________________________________________________________

6 6. Лауазымы  ________________________________________________________

7 7. Телефон нөмірлері: қызметтік_________________; үй _______________;

ұялы_______________________; байланыс________________________________

8 8. Электронды мекенжайы______________________________________________

9 9. Жалпы еңбек өтілі ____, оның ішінде мемлекеттік қызметте__________

10 10. Саяси немесе әкімшілік мемлекеттік қызметші (қажеттісінің астын сызу)

11 11. Санаты (әкімшілік мемлекеттік қызметшілер үшін)__________________

12 12. Оқуға жіберген мемлекеттік органның атауы

________________________________________________________________
шығыс құжат нөмірі _________________________________________________

13 13. Қай шет тілінен қабылдау емтиханын тапсырасыз (қажеттісінің астын сызу керек)?

- ағылшын тілі
- француз тілі
- неміс тілі

14 14. Мамандық бойынша қабылдау емтиханын тапсыру тілі:

мемлекеттік тіл немесе орыс тілі
(қажеттісінің астын сызу)

15 15. Академияға түсу себебі___________________________________________

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Мен берген мәліметтерде кез келген бұрмалаушылықтар мен
дәлсіздіктер болған жағдайда, бұл жайт мені Академияға қабылдау
емтихандарына жібермеуге немесе оқу процесінде Академиядан шығаруға
негіз болатындығы туралы хабардармын және бұнымен келісемін.
Академия______________________________________________________
(магистратура, докторантура, Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі)
қабылдау Ережелерінің талаптарымен таныстым.
«____»________________20___ж.                Қолы _________________

Қолданыстағы