Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах дорожной отрасли

Қаулы · № 1527 · қабылданған 13.10.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-7104/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О некоторых вопросах дорожной отрасли Қолданыста Қаулы ·№ 1527 ·13.10.2000
08.09.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах дорожной отрасли

Қолданыста Қаулы ·№ 1527 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах дорожной отрасли
Атауы (қаз.)
Жол саласының кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1527
Қабылданған күні
13.10.2000
Көрсетілген редакция
08.09.2022 7104_592581.kaz
Соңғы өзгеріс
08.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P000001527_
ЭКБ идентификаторы
7104
Редакция идентификаторы
7104_592581
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:13

0 Жол саласының кейбір мәселелері туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 24.11.2004 № 1232 Қаулысымен. 3-тармағының 2) тармақшасының және 4-1-тармағының қолданылуы 24.11.2004 бастап қайта қалпына келтірілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2004 N 1414 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1 1. "Инжиниринг" автомобиль жолдары ақпарат орталығы" мемлекеттiк мекемесi таратылсын.

2 2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен "Инжиниринг" автомобиль жолдары ақпарат орталығы" мемлекеттiк мекемесiн таратуды жүзеге асырсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:

1 1) "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Автомобиль жолдары және автомобиль көлiгi комитетiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 ақпандағы N 151 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 63-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Автомобиль жолдары және автомобиль көлiгi комитетi туралы ережеде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Комитеттiң облыстарда аумақтық органдары болады";
12-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын соларға қатысты жүзеге асыратын мемлекеттiк басқару органы болуға;";

2 2) "Жол саласын реформалау мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 227 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 7, 83-құжат):

1-тармақта "1-қосымшаға сәйкес көлiк-коммуникациялар кешенi жүйесiнде, негiзiнде 674 адам санының лимитiмен" деген сөздер "1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Автомобиль жолдары және автомобиль көлiгi комитетiнiң аумақтық органдары "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарының филиалдары мүлкiнiң негiзiнде олардың қызмет етуi үшiн қажетті 280 адам санының лимитiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ алынып тасталсын;
4-тармақта "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Автомобиль жолдары және автомобиль көлiгi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгі нысанасы Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын ұстау көгалдандыру және ағымдағы жөндеу жөнiндегi мемлекеттiк тапсырысты орындау болып белгiленсiн.";
көрсетiлген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
📌 Ескерту. 3-тармақтың 2) тармақшасының қолданылуы 24.11.2004 бастап қалпына келтірілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2004 № 1414 қаулысымен.

4 4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі заңнамада белгiленген тәртіппен:

"Қазақавтожол" РМК-ның алдындағы 2000 жылдың қаңтар-сәуiрiндегі автомобиль жолдарын ұстау және басқару жөнiндегі орындалған жұмыстар мен қызметтер үшiн құралған берешектi республикалық бюджетте "Жол жүйесiн республикалық деңгейде пайдалану" бағдарламасы бойынша көзделген қаржы есебiнен өтеудi;
Қазақстан Республикасының Үкiметiне екi айлық мерзiмде республикалық маңыздағы автомобиль жолдарының тiзбесiн әзiрлеудi және енгізудi;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi iс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн.
📌 Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.12.05. N 1809; 2003.03.07. N 226 қаулыларымен.

4-1 4-1. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 08.09.2022 № 670 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

5 5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен 2001 жылға арналған Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі Автомобиль жолдары және автомобиль көлiгi комитетiнiң аумақтық мемлекеттiк органдарын қаржыландыруды көздесiн.

6 6. Осы қаулы, қол қойылған күнiнен бастап күшiне енетiн 4-тармақты қоспағанда, 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

1 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары және автомобиль көлігі комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық мемлекеттік органдарының Тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 14 қазандағы
N 1527 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары және автомобиль көлігі комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық мемлекеттік органдарының Тізбесі

Атауы
Орналасқан жері
1
Ақмола автомобиль жолдарының
облыстық басқармасы
Көкшетау қаласы
2
Ақтөбе автомобиль жолдарының
облыстық басқармасы
Ақтөбе қаласы
3
Алматы автомобиль жолдарының
облыстық басқармасы
Алматы қаласы
4
Атырау автомобиль жолдарының
облыстық басқармасы
Атырау қаласы
5
Шығыс Қазақстан автомобиль
жолдарының облыстық
басқармасы
Өскемен қаласы
6
Жамбыл автомобиль жолдарының
облыстық басқармасы
Тараз қаласы
7
Батыс Қазақстан автомобиль
жолдарының облыстық
басқармасы
Орал қаласы
8
Қарағанды автомобиль жолдарының
облыстық басқармасы
Қарағанды қаласы
9
Қызылорда автомобиль жолдарының
облыстық басқармасы
Қызылорда қаласы
10
Қостанай автомобиль жолдарының
облыстық басқармасы
Қостанай қаласы
11
Маңғыстау автомобиль жолдарының
облыстық басқармасы
Ақтау қаласы
12
Павлодар автомобиль жолдарының
облыстық басқармасы
Павлодар қаласы
13
Солтүстік Қазақстан автомобиль
жолдарының облыстық
басқармасы
Петропавл қаласы
14
Оңтүстік Қазақстан автомобиль
жолдарының облыстық
басқармасы
Шымкент қаласы

Қолданыстағы