Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением ограничительных мероприятий на территории села Алгабас Алгабасского аульного округа Акжаикского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением ограничительных мероприятий на территории села Алгабас Алгабасского аульного округа Акжаикского района
- Атауы (қаз.)
- Ақжайық ауданы Алғабас ауылдық округінің Алғабас ауылы аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 08.02.2013
- Көрсетілген редакция
- 12.04.2013 71048_190059.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.04.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13ZBE03183
- ЭКБ идентификаторы
- 71048
- Редакция идентификаторы
- 71048_190059
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:46
0 Ақжайық ауданы Алғабас ауылдық округінің Алғабас ауылы аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитарлық инспекторының 2013 жылғы 1 ақпандағы № 20 ұсынысы негізінде, жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, ауыл округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Ақжайық ауданы Алғабас ауылдық округінің Алғабас ауылы аумағында құтыру ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті "Ақжайық ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау
және қадағалау комитетінің
Ақжайық аудандық аумақтық
инспекциясы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________ Р. Қайырлиев
08.02.2013 ж.
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
Комитетінің Батыс Қазақстан
облысы бойынша департаменті
"Ақжайық ауданы бойынша
мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығының м.а.
_____________ А. Қуатова
08.02.2013 ж.