Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Назначение жилищной помощи"

Қаулы · № 17/1 · қабылданған 21.01.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-71141/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Назначение жилищной помощи" Күшін жойған Қаулы ·№ 17/1 ·21.01.2013
19.06.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.06.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Назначение жилищной помощи"

Күшін жойған Қаулы ·№ 17/1 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Назначение жилищной помощи"
Атауы (қаз.)
"Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
17/1
Қабылданған күні
21.01.2013
Көрсетілген редакция
19.06.2013 71141_184694.kaz
Соңғы өзгеріс
19.06.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13PH003430
ЭКБ идентификаторы
71141
Редакция идентификаторы
71141_184694
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:56

0 "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" № 745 қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызметті сапалы көрсету мақсатында Качир ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса берілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Е. Біләлеваға жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет регламенті

Павлодар облысы
Качир ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 21 қаңтардағы
№ 15/1 қаулысымен бекітілді
"Тұрғын үй көмегін тағайындау"
мемлекеттік қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Павлодар облысы, Качир ауданы, Теренкол селосы, Тургенев көшесі, 85а мекен-жайы бойынша орналасқан "Качир ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетіледі.
Сонымен қатар мемлекеттік қызмет Павлодар облысы, Качир ауданы, Теренкол селосы, Тургенев көшесі, 85а мекен-жайы бойынша орналасқан "Павлодар облысының халыққа қызмет көрсету орталығы" Республикалық мемлекеттік мекемесінің Качир аудандық филиалы арқылы баламалы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтердің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында шалғай елді мекендердің тұрғындарына мобильді орталықтар арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге жол беріледі.

2 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3 3. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

4 4. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" (бұдан әрі – Стандарт) N 394 қаулысы негiзiнде көрсетіледі.

5 5. Уәкілетті органда мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын, дүйсенбіден жұмаға дейін, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі.

Орталықтарда мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын, дүйсенбіден сенбіге дейін, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін көрсетіледі.
Орталықта қабылдау тездетіп қызмет көрсетусіз, "электрондық" кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті алушының қалауы бойынша электрондық кезекті электрондық үкіметтің веб-порталы: www.e.gov.kz арқылы броньдауға болады.

6 6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар, аталған жерде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.

7 7. Уәкілетті органда және орталықта көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі тұрғын үй көмегін тағайындау туралы қағаз жеткізгіштегі хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне талаптар

8 8. Мемлекеттік қызметті көрсету мерізмдері:

1 1) мемлекеттік қызмет алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік он күн ішінде;

2 2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды;

3 3) мемлекеттік қызметті алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды;

4 4) қажетті құжаттарды алған кезде кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды.

9 9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау уәкілетті органның бір жауапты адамымен жүзеге асырылады.

3 3. Мемлекетті қызметті көрсету барысында әрекеттер (өзара әрекеттер) тәртібін сипаттау

10 10. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

11 11. Барлық қажеттi құжаттарды тапсырғаннан кейiн мемлекеттік қызмет алушыға талон берiледi.

12 12. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне уәкілетті органда мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – бірліктер) қатысады:

уәкілетті органның маманы;
уәкілетті органның арнайы комиссиясы;
уәкілетті органның бастығы.

13 13. Әрбір бірліктер әкімшілік әрекеттерінің (процедураларының) жүйелілігі және өзара әрекеттері, әрбір әкімшілік әрекеттің (процедураның) атқарылу мерзімін қоса көрсеткенде жазбаша кестелік сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген.

14 14. Мемлекеттік қызметті көрсету жүрісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық жүйелілігі арасындағы қарым-қатынасты көрсететін сызба осы регламентке 2-қосымшада көрсетілген.

4 4. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

15 15. Уәкілетті органның лауазымды қызметкерлері мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қабылданған шешімдер мен әрекеттер (әрекетсіздіктер) үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылады.

28 Құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – бірліктер) әрекетінің сипаттамасы

"Тұрғын үй көмегін тағайындау"
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
Құрылымдық-функционалдық бірліктер
(бұдан әрі – бірліктер) әрекетінің сипаттамасы
Негізгі үдерістің (жүріс, жұмыс ағыны) әрекеттері
1
Әрекет N (жүрістің, жұмыс ағынының)
1
2
3
4
5
6
2
Бір­лік­тің ата­уы
Уәкілетті органның маманы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ар­найы ко­мис­си­я­сы
Уәкілетті органның маманы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның сек­тор мең­ге­ру­ші­сі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ба­стығы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ма­ма­ны
3
Әре­кет­тің (про­це­стің, про­це­ду­ра­ның, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Қа­жет­ті құ­жат­тар­ды қа­был­дау, тір­кеу, мем­ле­кет­тік қыз­мет алушы­ға та­лон бе­ру
Түс­кен құ­жат­тар­ды қа­рау, тұр­ғын үй кө­ме­гін та­ғай­ын­дау не мем­ле­кет-тік қыз­мет­ті ұсы­ну­дан бас тар­ту ту­ра­лы ше­шім қа­был­дау
Тұр­ғын үй кө­ме­гін та­ғай­ын­дай­ды. Тұр­ғын үй кө­ме­гін та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ның жо­ба­сын не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну­дан бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап дай­ын­дай­ды
Тұрғын үй көмегін тағайындауды тексереді
Тұр­ғын үй кө­ме­гін та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ға не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну­дан бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап­қа қол қо­яды
Тұр­ғын үй кө­ме­гін та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну­дан бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап­ты бе­ре­ді
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (мә­лі­мет­тер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-өкім­дік ше­ші­мі)
Талон
Шешім
Тұр­ғын үй кө­ме­гін та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ның не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну­дан бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап­тың жо­ба­сы
Тұр­ғын үй кө­ме­гін та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ше­шім
Тұр­ғын үй кө­ме­гін та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ха­бар­ла­ма не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну­дан бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап
Тұр­ғын үй кө­ме­гін та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ха­бар­ла­ма не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну­дан бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап
5
Орын­дау мер­зі­мі
20 ми­нут­тан ас­пай­ды
3 күн­тіз­бе­лік күн
2 күнтізбелік күн
2 күнтізбелік күн
1 күн­тіз­бе­лік күн
20 ми­нут­тан ас­пай­ды
6
Келесі әрекеттің нөмірі
2
3
4
5
6

29 Мемлекеттік қызметті ұсыну үдерісінің сызбасы

"Тұрғын үй көмегін тағайындау"
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызметті ұсыну үдерісінің сызбасы

Қолданыстағы