Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги, оказываемой отделом культуры, развития языков, физической культуры и спорта Майского района

Қаулы · № 15/01 · қабылданған 16.01.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-71143/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги, оказываемой отделом культуры, развития языков, физической культуры и спорта Майского района Күшін жойған Қаулы ·№ 15/01 ·16.01.2013
18.06.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.06.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги, оказываемой отделом культуры, развития языков, физической культуры и спорта Майского района

Күшін жойған Қаулы ·№ 15/01 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги, оказываемой отделом культуры, развития языков, физической культуры и спорта Майского района
Атауы (қаз.)
Май ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
15/01
Қабылданған күні
16.01.2013
Көрсетілген редакция
18.06.2013 71143_184719.kaz
Соңғы өзгеріс
18.06.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13PJ003432
ЭКБ идентификаторы
71143
Редакция идентификаторы
71143_184719
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:58

0 Май ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Заңының 9-1 бабына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" № 745 қаулысына сәйкес Май ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1

1. Қоса берiлген "Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттiк қызмет регламентi бекiтiлсiн.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Н.Ғ. Исахановаға жүктелсiн.

3 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 "Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттiк қызмет регламентi

Май ауданы әкiмдiгiнiң
2013 жылғы 16 қаңтардағы
№ 15/01 қаулысымен
бекiтiлді
"Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi
жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта
деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары
деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi
жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт
төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру"
мемлекеттiк қызмет регламентi

1 1. Негізгі ұғымдар

1 1. Осы регламентте мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

1 1) мемлекеттік қызметт алушы - жаттықтырушылар, спортшылар, әдіскерлер, нұсқаушылар, спортшылар және спорттан төрешiлер (бұдан әрi - алушылар);

2 2) спорттық разрядтар және санаттар – спорттың жекелеген түрлерiнен шеберлiк деңгейiн, сонымен қатар жаттықтырушылардыңң, спортшылардың, нұсқаушы-спортшылардың, әдіскерлердің және спорттан төрешілердің біліктілік деңгейін айқындайтын жүйе.

2 2. Жалпы ережелер

2

2. Осы регламент "Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттiк қызметiн көрсету тәртiбiн анықтайды (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет).

3 3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.

4

4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі "Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" N 981 Қаулысымен бекітілген "Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрi - Стандарт) сәйкес көрсетiледi.

5

5. Мемлекеттiк қызмет Май ауданының филиалы "Павлодар облысының халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Орталық) арқылы "Май ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесiмен (бұдан әрi – бөлім) демалыс пен мереке күндерiн қоспағанда аптасына бес күн сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейiн Май ауданы, Көктөбе ауылы, Айтеке би көшесі, 18 үй мекен жайынды алушыларға спорттық разрядтары мен біліктіліктерді ресми тану мақсатында ұсынылады.
Орталық жексенбі және мереке күндерiн қоспағанда аптасына алты күн сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн Павлодар облысы Май ауданы Көктөбе ауылы Сейфуллин көшесi, N 13 үй мекен жайы бойынша жұмыс істейді.
Мемлекеттік қызметтің шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметті мобильді орталықтар арқылы көрсетуге жол беріледі.

6 6. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижесi қағаз жеткізгіште 5 жыл мерзімге спорттық разряд немесе санат беру туралы бұйрықтан үзінді (бұдан әрi - үзінді) не мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелдi жауап беру болып табылады.

7 7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:

1

1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі алушы жүгінген сәттен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайды (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте жергілікті атқарушы орган мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға бір күн қалғанда ұсынады);

2 2) алушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің жол берілетін ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;

3 3) алушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең көп уақыты 20 минуттан аспайды.

8 8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9 9. Стандарттың 16-тармағында көрсетiлген жағдайларда мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуге бас тартылады.

3 3. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiндегi әрекет (өзара әрекеттiлiк) реттiлiгiнiң сипаттамасы

10 10. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушы Стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады.

11 11. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушыдан өтініш алған сәттен бастап мемлекеттік қызмет нәтижесін берген сәтке дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1 1) Бөлім маманы Орталық арқылы алынған құжаттарды тіркейді және бөлім бастығына қарауға жібереді;

2 2) бөлім бастығы құжаттарды қарағаннан кейін, бөлім маманына жібереді;

3 3) бөлім маманы өтінішті қарайды, үзінді немесе дәлелді бас тартуды жауап дайындайды, бөлім бастығына қол қоюға жолдайды;

4 4) бөлім бастығы үзіндіні немесе дәлелді бас тартуды жауапқа қол қояды және бөлім маманына жібереді;

5 5) бөлім маманы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Орталыққа жібереді.

12 12. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттар тапсырылған кезде алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

13 13. Әрбiр әкiмшiлiк iс-әрекеттiң орындалу мерзiмiн көрсете отырып, әрбiр құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (бұдан әрi - бiрлiктер) әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң (үдерiстердiң) өзара әрекеттестiгi мен реттiлiгiнiң мәтiндiк кестелiк сипаттамалары осы регламенттiң 1-қосымшасында келтiрiлген.

14 14. Бiрлiктер мен мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде әкiмшiлiк әрекеттердiң логикалық реттiлiгiнiң арасындағы өзара байланысты бейнелейтiн сызбасы осы регламенттiң 2-қосымшасында келтiрiлген.

4 4. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн лауазымдық тұлғалардың жауапкершiлiгi

15 15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбiн бұзғандығы үшiн лауазымдық тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған жауапкершiлiкке тартылады.

34 Құрылымдық-функционалдық бiрлiктердiң iс-әрекеттерiнiң сипаттамасы

2013 жылғы 16 қаңтардағы "Екiншi
және үшiншi разрядтар, бірiншi,
екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік
разрядтар, біліктiлiгi жоғары және
орта деңгейдегi екiншi санатты
жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары
деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-
спортшы, біліктiлiгi жоғары және
орта деңгейдегi екiншi санатты
әдiскер, спорт төрешiсi спорттық
разрядтары мен санаттарын беру"
№ 15/01 мемлекеттiк қызметі
регламентiне 1-қосымша
Құрылымдық-функционалдық бiрлiктердiң
iс-әрекеттерiнiң сипаттамасы
Негiзгi үдерiстiң iс-әрекетi (барысы, жұмыс ағыны)
N п п
Iс-әрекеттiң (барысының, жұмыс ағынының) N
1
2
3
4
5
1
Бiрлiктер атауы
Бөлім маманы
Бөлім бастығы
Бөлім маманы
Бөлім бастығы
Бөлім маманы
2
Iс-әрекеттiң (үдерiстiң, рәсiмнiң, операцияның) атауы және оның сипаттамасы
Орталық арқылы алынған құжаттарды тіркейді және бөлім бастығына қарауға жібереді
Құжаттарды қарайды, бөлім маманына жібереді
Үзіндіні немесе бас тарту туралы дәлелдi жауапты дайындайды және бастыққа қол қоюға жолдайды
Үзіндіге немесе бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды
Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижесiн Орталыққа жібереді
3
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкiмгерлiк шешiм)
Құжаттарды тіркеу, бөлім бастығына қарауға жіберу
Құжаттарды қарау, бөлім маманына жіберу
Үзінді немесе мемлекеттiк қызметтi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап
Үзінді немесе мемлекеттiк қызметтi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап
Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижесiн Орталыққа жіберу
4
Орындалу мерзiмдерi
1 күн ішінде
1 күн ішінде
25 күн ішінде
2 күн ішінде
1 күн ішінде

35 Бiрлiктер мен мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде әкiмшiлiк әрекеттердiң логикалық реттiлiгiнiң арасындағы өзара байланысы

2013 жылғы 16 қаңтардағы "Екiншi
және үшiншi разрядтар, бірiншi,
екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік
разрядтар, біліктiлiгi жоғары және
орта деңгейдегi екiншi санатты
жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары
деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-
спортшы, біліктiлiгi жоғары және
орта деңгейдегi екiншi санатты
әдiскер, спорт төрешiсi спорттық
разрядтары мен санаттарын беру"
№ 15/01 мемлекеттiк қызметі
регламентiне 2-қосымша
Бiрлiктер мен мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде әкiмшiлiк
әрекеттердiң логикалық реттiлiгiнiң арасындағы өзара байланысы

Қолданыстағы