Об определении отдельных категорий нуждающихся граждан района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении отдельных категорий нуждающихся граждан района
- Атауы (қаз.)
- Ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарын айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 69
- Қабылданған күні
- 08.02.2013
- Көрсетілген редакция
- 08.02.2013 AI71155_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.02.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13TC002693
- ЭКБ идентификаторы
- 71155
- Редакция идентификаторы
- AI71155_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:46
0 Ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасын, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының15) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес және аудан әкімінің ұсынысына сай, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1 1. Әлеуметтік көмек тағайындауға және төлемге құқығы бар ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттары айқындалсын:
1 1) жалғызбасты мүгедектер;
2 2) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын отбасыларындағы І, ІІ топтардағы мүгедектер;
3 3) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын отбасыларындағы 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
4 4) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасыларындағы зейнеткерлер;
5 5) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасыларындағы "Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің есебінде тұрған жұмыссыз азаматтар;
6
6) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасыларындағы "Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің сол сәтте есебінде тұрған жұмыссыз қайтыс болған жағдайда оларды жерлейтін тұлғалар;
7 7) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардан қысылтаяң, төтенше жағдайларға тап болған (өрт) тұлғаларға.
2 2. Ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындауға және төлеуге нақты құжаттар тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3 3. Осы шешімді уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында жариялау "Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына (Ш. Торбаева) жүктелсін.
5
5. Махамбет аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 16 шілдедегі № 31 "Ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарын айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4-3-177 санымен тіркелген, аудандық "Жайық Шұғыласы" газетінің 2012 жылғы 6 тамыздағы № 32 санында жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
6 6. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
14 Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы
8 ақпандағы № 69 "Ауданның мұқтаж
азаматтарының жекелеген санаттарын
айқындау туралы" шешіміне қосымша
Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек тағайындауға және төлеуге нақты құжаттар тізбесі