Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан по вопросам экспортного контроля

Қаулы · № 1540 · қабылданған 15.10.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-7118/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан по вопросам экспортного контроля Күшін жойған Қаулы ·№ 1540 ·15.10.2000
15.06.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.06.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан по вопросам экспортного контроля

Күшін жойған Қаулы ·№ 1540 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан по вопросам экспортного контроля
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1540
Қабылданған күні
15.10.2000
Көрсетілген редакция
15.06.2017 AI7118_8.kaz
Соңғы өзгеріс
15.06.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P000001540_
ЭКБ идентификаторы
7118
Редакция идентификаторы
AI7118_8
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:13

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 15.06.2017 № 367 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

3 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Yкi­метiнiң
2000 жы­л­ғы 16 қа­зан­да­ғы
N 1540 қа­улы­сы­мен
бекiтiл­ген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.06.19 N 675 қаулысымен.

2 2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.14 N 674 қаулысымен.

3 3. "Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесiн жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 54, 541-құжат):

1 1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттік комиссиясының құрамынан Бауыржан Әлiмұлы Мұхамеджанов шығарылсын;

2 2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелерi жөнiндегі Мемлекеттiк комиссиясының құрамы туралы Ережеде:

15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Экспорттық бақылауға жататын өнiмдердiң экспорты, импорты және транзитi жөнiндегi қаулыларының жобаларын (бұдан әрi - жобалар) Комиссияның жұмыс органы әзiрлейдi және экспорттық бақылауға жататын өнiмдердiң экспорты, импорты және транзитi мәселелерi жөнiндегi кiшi комиссияның мүшелерiне (бұдан әрi - бiрiншi кiшi комиссия) жiберiледi. Бiрiншi кiшi комиссияның мүшелерi жобаны алғаннан кейiн екi күн iшiнде Комиссияның жұмыс органына келiсiм-хаттар (ескертпелерi бар келiсiм-хаттар, не келiсiмнен дәлелдi бас тарту) жiбередi.
Келiсiмнiң мерзімі өткеннен кейін Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне тиiстi жобаны енгiзедi, бұл ретте жобаларда бiрiншi кiшi комиссия мүшелерiнiң немесе мемлекеттiк органдар басшыларының қолы болуы талап етiлмейдi.
Жобаға мiндеттi түрде мыналар қоса берiледi:
түсiндiрме жазба;
келiсiм-хаттар (ескертпелерi бар келiсiмдер, не болмаса келiсiмнен дәлелдi бас тарту).
Ескертпелерi бар келiсiм-хаттар (дәлелдi бас тарту) болған жағдайда, Комиссияның жұмыс органы жобаға қоса берiлетiн келiспеушiлiк хаттамасын жасайды.
Бiрiншi кiшi комиссия мүшесiнен келiсiм-хат болмаған жағдайда, мұның себептерi iлеспе хатта көрсетiледi.
16. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң экспорттық бақылауға жататын өнiмдердiң экспорты, импорты және транзитi жөнiндегi қаулыларын Yкiмет қажет болған жағдайда, олар бiрiншi кiшi комиссия мәжiлiстерiнде қаралғаннан кейiн қабылдай алады.".

4 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2014.12.03 № 1272 (2014.11.21 ж. бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

Қолданыстағы