Құжат мәтініне өту

Об определении категорий физических лиц и необходимых документов для получения ежемесячной социальной помощи

Өзге акт · № 95-V · қабылданған 07.02.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-71191/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об определении категорий физических лиц и необходимых документов для получения ежемесячной социальной помощи Күшін жойған Өзге акт ·№ 95-V ·07.02.2013
19.04.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.04.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении категорий физических лиц и необходимых документов для получения ежемесячной социальной помощи

Күшін жойған Өзге акт ·№ 95-V · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении категорий физических лиц и необходимых документов для получения ежемесячной социальной помощи
Атауы (қаз.)
Ай сайынғы әлеуметтік көмек алу үшін жеке тұлғалардың санаттарын және қажетті құжаттар тізбесін анықтау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
95-V
Қабылданған күні
07.02.2013
Көрсетілген редакция
19.04.2013 71191_178900.kaz
Соңғы өзгеріс
19.04.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13TD002702
ЭКБ идентификаторы
71191
Редакция идентификаторы
71191_178900
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:47

0 Ай сайынғы әлеуметтік көмек алу үшін жеке тұлғалардың санаттарын және қажетті құжаттар тізбесін анықтау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2 тармағының 2-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысының 1 тармағының 14) тармақшасына және Исатай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 81-V "2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:

1 1. Исатай ауданы бойынша ай сайынғы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар жеке тұлғалардың мынадай санаттары белгіленсін:

1 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

2 2) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан әскери қызметшілердің қайталап некеге отырмаған зайыбы (жұбайы);

3 3) жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер;

4 4) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендері және медалдарымен марапатталған азаматтар.

2 2. Ай сайынғы әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі айқындалсын:

1 1) әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұтынушының өтініші;

2 2) алушының жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;

3 3) өтініш берушінің мәртебесін растайтын құжат көшірмесі;

4 4) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (азаматтарды тіркеу кітабы, мекен-жай анықтамасы не селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы);

5 5) Исатай аудандық пошта байланыс бөлімшесінен ашылған жеке есеп-шотының немесе екінші деңгейдегі банктің кітапшасының шотының көшірмесі;

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік, құқықтық қорғау, заңдылық, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, жастар ісі және депутаттық этика жөніндегі тұрақты комиссиясына (К. Нұрманова) жүктелсін.

4 4. Ескерту. 4 тармақтың күші жойылды - Исатай аудандық мәслихатының 2013.03.18 № 104-V шешімімен.

5 5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 1 қаңтарынан туындайтын құқықтық қатынастарға таралады.

Қолданыстағы