О некоторых вопросах республиканской собственности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах республиканской собственности
- Атауы (қаз.)
- Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 939
- Қабылданған күні
- 24.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 19.08.2022 71223_592381.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1500000939
- ЭКБ идентификаторы
- 71223
- Редакция идентификаторы
- 71223_592381
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:28
0 Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 178-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Түркі академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы таратылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
4 4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1 1) «Түркі академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 қазандағы № 1090 қаулысы;
2 2) «Түркі академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 1369 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 6, 69-құжат).
5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
8 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 24 қарашадағы
№ 939 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-121-жол алып тасталсын.
2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгiнің Ғылым комитеті» деген бөлімде:
реттік нөмірі 222-39-1-жол алып тасталсын.
3
4 4. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 290-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Акционерлік қоғамдар» деген 3-бөлімде:
реттік нөмірі 22-жол алып тасталсын.