Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах Министерства индустрии и новых технологий Республики Казахстан

Қаулы · № 186 · қабылданған 26.02.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-71287/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О некоторых вопросах Министерства индустрии и новых технологий Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 186 ·26.02.2013
28.08.2015 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах Министерства индустрии и новых технологий Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 186 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах Министерства индустрии и новых технологий Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
186
Қабылданған күні
26.02.2013
Көрсетілген редакция
28.08.2015 AI71287_6.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300000186
ЭКБ идентификаторы
71287
Редакция идентификаторы
AI71287_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:37

0 Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органының үлгi ережесiн бекiту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 және «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 466 Жарлықтарын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Атом энергиясы комитеті құрылсын.

2 2. Мыналар:

1

1) Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттiгiнің «Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Атом энергиясы комитетінің «Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны болып;

2

2) Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттiгiнің «Ядролық физика институты» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Атом энергиясы комитетінің «Ядролық физика институты» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны болып;

3

3) Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттiгiнің «Геофизикалық зерттеулер институты» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Атом энергиясы комитетінің «Геофизикалық зерттеулер институты» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны болып қайта аталсын.

3 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) «Ядролық технологиялар паркі» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің Атом энергиясы комитетіне берсін;

2 2) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiмен бірлесіп, осы қаулыны іске асыру бойынша шаралар қабылдасын.

5 5. Мыналардың:

1 1) «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 9 шiлдедегi № 926 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 62, 862-құжат);

2

2) «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттiгiнiң республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарының мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 12 қарашадағы № 1433 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағының күші жойылды деп танылсын.

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 26 ақпандағы
№ 186 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

2 2. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 237-44-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 310-жолмен толықтырылсын;
«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің Атом энергиясы комитетіне
310. «Ядролық технологиялар паркі» АҚ».

3 3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

4 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

1 Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң
2013 жылғы 26 ақпандағы
№ 186 қаулысына
қосымша

Қолданыстағы