Құжат мәтініне өту

Об утверждении Инструкции по ведению государственного кадастра техногенных минеральных образований

Бұйрық · № 26 · қабылданған 04.02.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-71292/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Инструкции по ведению государственного кадастра техногенных минеральных образований Күшін жойған Бұйрық ·№ 26 ·04.02.2013
11.04.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Инструкции по ведению государственного кадастра техногенных минеральных образований

Күшін жойған Бұйрық ·№ 26 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Инструкции по ведению государственного кадастра техногенных минеральных образований
Атауы (қаз.)
Техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
26
Қабылданған күні
04.02.2013
Көрсетілген редакция
11.04.2016 AI71292_2.kaz
Соңғы өзгеріс
11.04.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008348
ЭКБ идентификаторы
71292
Редакция идентификаторы
AI71292_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:49

0 Техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1454 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларының 6-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берілген Техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2

2. Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.К Нурабаев) осы бұйрықтың заңмен белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны одан әрі бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.Е. Сауранбаевқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасындағы техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жүргізу жөніндегі нұсқаулық

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы Индустрия
және жаңа технологиялар министрінің
2013 жылғы 4 ақпандағы
№ 26 бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасындағы техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жүргізу жөніндегі нұсқаулық

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстан Республикасындағы техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жүргізу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1454 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларының 6-тармағына сәйкес әзірленген.

2

2. Қазақстан Республикасының техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын (бұдан әрі – ТМТ МК) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүргізеді және жыл сайын ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жай-күй бойынша жыл сайын толтырылып отырады.
2. Техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жүргізу

3 3. Мемлекеттік кадастрына есепке алу паспорттарын жасау үшін (бұдан әрі – Паспорт) меншік нысанына және жұмыстарды қаржыландыру көздеріне қарамастан, жыл сайын барлық жер қойнауын пайдаланушылар:

кен орындарын игеру кезінде қалдықтар жинақталған;
пайдалы қазбалар байытылғанда және минералдық шикізатты металлургиялық тұрғыдан білген;
игерудің жаңа технологиялық жобалары бекітілген жағдайда жасайды.

4

4. ТМТ МК жүргізу үшін Паспорт жасалады, жер қойнауын пайдаланушы жыл сайын ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жай-күй бойынша төрт данадан толтырады, бекітеді және 15 ақпаннан кешіктірмей мерзімде қағаз және электрондық тасымалдаушыларда: екеуі - уәкілетті органның өңіраралық департаментіне (бұдан әрі - ӨД), үшіншісі - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жібереді, төртіншісін - жер қойнауын пайдаланушы өзінде сақтайды.

5 5. ӨД паспорттар келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде бір данасын уәкілетті органға жібереді.

6 6. Уәкілетті орган келіп түскен паспорттарды ТМТ МК-ге енгізеді және:

мемлекеттік кадастрдың материалдарын жинауды, есепке алуды, жүйелеу мен сақтауды;
ТМТ МК деректерін есептеу техникасын пайдалана отырып, өңдеудің автоматтандырылған жүйесін құруды және жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

3 3. Паспортты жасау тәртібі

7 7. Паспорт Нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.

8 8. Паспорттың титулдық парағының екінші жағында есептегі объектінің сызбалық картасы объекті орталығының географиялық координаттарымен бірге орналасады.

9 9. Паспорт мынадай деректерді есепке алу бағандары бар нөмірленген кестелерден тұрады:

2 - кесте – сақтаудың тау-кен-техникалық талаптары:
1-3 - бағандар – негізінің сипаттамасы (қойма орналасқан тау жынысының сипаттамасы, сақтау негізі);
4-7 - бағандар – бөгет салу кезінде пайдаланатын тау жыныстарының сипаттамасы (бөгет бар болған жағдайда);
3 - кесте – әкімшілік жағдайы (есептегі объектінің әкімшілік жағдайы).
1 - баған – облыс;
2 - баған – аудан;
3 - баған – қала, кент;
4 - кесте – жақын магистральға дейінгі қашықтық;
1 - баған – автомобиль жолы, километр;
2 - баған – темір жол, километр;
3 - баған – кемежай, километр;
4 - баған – электр беру желісі, километр;
5 - кесте – есептегі объекті:
1 - баған – ТМТ МК түрі (есептегі объектінің толық атауы: мысалы: кондициялық емес кендердің үйінділері немесе байыту фабрикасының қалдықтары, немесе металлургиялық зауыттың қождары (шламдары);
2 - баған – объектінің атауы (объектінің толық атауы, мысалы: Балқаш тау-кен-металлургия комбинатының қож үйінділер немесе Текелі байыту фабрикасының қалдық қоймасы);
3 - баған – бастапқы шикізат (ТМТ МК қалыптастыруға қатысатын тау жыныстарының, кендердің және қалдықтардың генетикалық түрлері);
4 - баған - түзілу жағдайы (үйіндінің немесе қалдық қоймасының түзілу технологиясы, мысалы, автотасымалдау, экскавация, қойыртпақты жуып-шаю);
5 - баған – қашықтық, км (объектінің тау кен өндіруші және қайта өңдейтін кәсіпорындардан алыстығы, километрмен);
6-7 - бағандар – кезең (өндіріс қалдықтарын қоймалаудың басталған және тоқтатылған жылы, үйінділер мен қоймалар пайдалануда болған жағдайда ТМТ МК түзіле басталған жыл).
6 - кесте – объектінің параметрлері:
1-3 - бағандар – ұзындығы, ені, биіктігі, километр;
4 - баған – алаң, шаршы километр;
5 - баған – есепті жылдағы өндіріс қалдықтарының жылдық шығысы, мың тонна;
6-7 - бағандар – Паспортты жасау сәтіндегі (көлем, мың текше метр);
8-11 - бағандар – 1992 жылға дейін және 1992 жылдан кейін (ТМТ МК 1992 жылға дейін және 1992 жылдан кейін жиналған меншік құқығы бойынша бөлу, мың текше метр және салмағы, мың тонна);
12-13 - бағандар – шығындар, мың теңге (алдыңғы жылғы және барлық ТМТ-ның түзілу кезіндегі шығыны, мың теңге).
7 - кесте – кен орнының бастапқы шикізатының сиятын және аршылатын жыныстарының петрографиялық және литологиялық құрамы:
1 - баған – ТМТ МК көзі болып табылатын кен орнының генетикалық түрі;
2 - 3 - бағандар – ТМТ МК көзінің минералдану сипаты ( Кең таралған пайдалы қазбалар үшін (бұдан әрі – КПҚ) негізгі және ілеспе ТМТ МК көзінің минералдану сипаты толтырылмайды);
4 - баған – сиятын жыныстар;
5 - баған – аршу жыныстары;
8 - кесте – ТМТ МК грануметриялық құрамы мен физикалық-механикалық қасиеті:
1 - баған – пайдалы қазба (пайдалы қазбаның толық атауы);
2 - баған – саны, пайызы (пайдалы қазбаның ТМТ МК жалпы салмағындағы саны пайызбен);
3 - 11 - бағандар – бағандарға сәйкес ТМТ МК-нің негізгі физикалық-механикалық қасиеті мен грануметриялық құрамы.
9 - кесте – минералдық құрамы:
1 - баған – кен минералдары (әр бір жолдағы кен минералдарының толық атауы);
2 - баған – кен емес минералдар (әр бір жолдағы кен емес минералдардың толық атауы);
10 - кесте – химиялық құрамы (барлық пайдалы қазбалар туралы оның ішінде қалайы, қорғасын, мырыш, мыс, никель, кадмий, кобальт, хром, ванадий және басқалар сияқты аса улы элементтер туралы толық деректер келтіріледі;
сондай-ақ осы элементтердің жоқтығы («жоқ») көрсетіледі:
1 және 6 - бағандар – атауы, нышан (әр қатардағы әр кен құрамының және силикаттық бөліктің толық атауы мен нышаны);
2–4 - бағандар және 07 – 09 бағандар – мазмұны, пайызы (кен құрамының және силикаттық бөліктің пайыздық ең төменгі, ең жоғарғы және орташа мазмұны КПҚ үшін толтырылмайды);
5 - баған – қорлар, мың теңге (кен құрамының қорлары, мың тонна);
11 - кесте – ТМТ МК сақтаудың гидрогеологиялық талаптары.
1–4 - бағандар – үйінді, қалдық немесе шлам сақтау қоймаларының гидрогеологиялық жағдайы анықталады.
12 - кесте – ТМТ МК зерттелу дәрежесі;
1–3 - бағандар – кім және қашан зерттеді, есептік материалының атауы зерттелу сатылары мен олардың сатылары;
13 - кесте – қоршаған ортаның сипаттамасы (кестені толтыру кезінде кәсіпорын әзірлеген және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келіскен өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасынан деректер пайдаланылуы тиіс).
1-3 - бағандар – ТМТ МК орналасуының климаттық шарттарының сипаттамасы (ТМТ МК орналасқан аудандағы климаттық шарттар туралы мәліметтер, желдің бағыты, желдің жылдамдығы және жауын-шашын түсу жиелігі);
4-7 - бағандар – қоршаған ортаның жай-күйінің фондық параметрлері (редакция деңгейінің фондық мәні, жерүсті және жерасты суларының жай-күйі, ауаның жай-күйі топырақ шомылғысының сипаттамасы);
14 - кесте – ТМТ МК-ның қоршаған ортаға экологиялық әсері (кестені толтыру кезінде кәсіпорын әзірлеген және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасынан шыққан деректерді пайдалану қажет).
1-2 - бағандар – жерді бөлу иелігінен шығару (жер түрі - әр жолда бір-бірден жер саны шаршы километр);
3-6 - бағандар – маңайдағы жердің ластауын бағалау:
3 - баған – жерлер (жерді ластауды бағалау жөніндегі деректер келтіріледі: шаңның жер үстіне түсу көлемі, шаңның ТМТ МК бетінен үрлеп тазалауды жылдық ең жоғарғы көлемі, шаңдану алаңы, іргелес аумақтардың шаңдану қашықтығы);
4 - баған – атмосфера (улы заттардың тізімі, атмосфераға шаң тастаудың қарқындылығы және олардың концентрациясы келтіріледі);
5–6 - бағандар – жерүсті және жерасты сулары (жерүсті және жерасты суларының ластануы бағалау туралы деректер келтіріледі);
15 - кесте – есепке алу объектісін нақты пайдалану:
1-3 - бағандар - есепке алу объектісі (қалдықтың атауы, олардың көлемі мен салмағы, жалпы салмағының пайызы);
4-9 - бағандар - пайдалану (пайдалану бағыты, өндіріс технологиясы, саны жылы мың тоннада өзіндік құны тоннасына арналған теңгемен, босату бағасы тоннасына теңгемен тұтынушылық);
16 - кесте – кешенді пайдаланудың перспективалары (бағандар бойынша қалдықтарды кешенді пайдаланудың перспективалары мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар көрсетіледі).
1 - баған – ТМТ МК-дегі пайдалы қазбалар;
2-4 - бағандар – ТМТ МК өңдеудің және қайта өңдеудің мүмкін тәсілдері (өнімнің атауы, өндіріс технологиясы, өнімді әлеуетті тұтынушылар);
5 - баған – ТМТ МК иеленген жерлерді қайта қалпына келтіру;
17 - кесте – объект туралы дереккөздер (Паспортты жасау кезінде пайдаланылған объекті туралы дереккөздер):
1 - баған – құжаттың атауы;
2 - баған – құжаттың мазмұны;
3 - баған – автор - (титулдық парақта бірінші аталған құжат авторының құрастырушының аты-жөні, немесе ұйымның (мекеменің) атауы);
4 - баған – хаттама (қорларды (кондицияларды) бекіту хаттамасының нөмірі);
5 - баған – бекітілген (басылған) жыл.
6 - баған – сақтау орны (құжатты сақтау орны).

1-1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТЕХНОГЕНДІК МИНЕРАЛДЫҚ ТҮЗІЛІМДЕРДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КАДАСТРЫНЫҢ ЕСЕПКЕ АЛУ ПАСПОРТЫ № _____________________

Техногендік минералдық түзілімдердің
мемлекеттік кадастрын
жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
қосымша
Бекітті _________________
_________________________
Аты-жөні, лауазымы
_________       ________
қолы            күні
М.О.
нысан
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТЕХНОГЕНДІК МИНЕРАЛДЫҚ ТҮЗІЛІМДЕРДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КАДАСТРЫНЫҢ ЕСЕПКЕ АЛУ ПАСПОРТЫ № _____________________
Есепке алу объектісі ________________________________________________
Паспортты жасаушы туралы мәліметтер
(жер қойнауын пайдаланушы)___________________________________________
_____________________________________________________________________
ПАСПОРТТЫ ҚАБЫЛДАУ
Ұй­ым
Аты-жө­ні
ла­у­а­зы­мы
қо­лы
кү­ні
Аумақ­тық ор­ган
«Каз­гео­ақ­па­рат» РГАО *
1. Есепке алу объектісінің схемалық картасы
Географиялық координаттар:
Масштаб:
2. Сақтаудың тау-кен техникалық талаптары
Негіз­дің си­патта­ма­сы
Дам­ба­ның си­патта­ма­сы
жы­ныс тү­рі
су өт­кіз­гіш­ті­гі
фи­зи­ка­лық- ме­ха­ни­ка­лық қа­си­е­ті
жы­ныс тү­рі
па­ра­метр­ле­рі
фи­зи­ка­лық-ме­ха­ни­ка­лық қа­си­е­ті
негіз ені, км
би­ік­ті­гі бой­ын­ша ені, км
1
2
3
4
5
6
7
3. Әкімшілік жағдай
Об­лыс
Аудан
Қа­ла, кент
1
2
3
4. Жақын магистральға дейінгі қашықтық
Ав­то­кө­лік жо­лы, км
Те­мір­жол, км
Ай­лақ, км
Электр­ді та­ра­ту же­лі­сі, км
1
2
3
4
5. Есепке алу объектісі
ТМТ** тү­рі
Объ­ек­ті­нің ата­уы
Ба­стап­қы ши­кі­зат
Тү­зі­лу та­лап­та­ры
Қа­шық­тығы, км
Ке­зе­ңі
ба­сы
ая­ғы
1
2
3
4
5
6
7
6. Объектінің параметрлері
Ұзынды­ғы, км
Ені, км
Би­ік­ті­гі, км
Ала­ңы, шар­шы км
Есеп­ті жыл­да­ғы өн­ді­ріс қал­дық­та­ры­ның жыл­дық шы­ғы­сы, мың тең­ге
1
2
3
4
5
кестенің жалғасы
Пас­порт­ты жа­са­ған сәт­те
1992 жы­л­ға дей­ін
1992 жыл­дан кей­ін
Шы­ғыс, мың тең­ге
кө­ле­мі, мың тек­ше метр
мас­са­сы, мың тең­ге
кө­ле­мі, мың тек­ше метр
мас­са­сы, мың тең­ге
кө­ле­мі, мың тек­ше метр
мас­са­сы, мың тең­ге
ал­дың­ғы жы­л­ға
бар­лы­ғы
6
7
8
9
10
11
12
13
7. Кен орнының бастапқы шикізатының сиятын және аршу жыныстарының петрографиялық және литологиялық құрамы
ТМТ** кө­зі бо­лып та­бы­ла­тын кен ор­ны­ның ге­не­ти­ка­лық тү­рі
ТМТ** кө­зі­нің ми­не­рал­да­ну си­па­ты
Си­я­тын жы­ны­стар
Ар­шу жы­ны­ста­ры
негіз­гі
іле­с­пе
1
2
3
4
5
8. ТМТ** гранулометриялық құрамы мен физикалық-механикалық қасиеті
Пай­да­лы қаз­ба­лар
Са­ны, %
Қат­ты­лы­ғы,
Ылғал­ды­лы­ғы, %
Кө­лем­дік сал­ма­ғы, г/см3
Тығ­ы­зды­ғы, г/см3
Ірі­лік кла­ста­ры, %
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
9. Минералдық құрамы
Кен ми­не­рал­да­ры
Кен емес ми­не­рал­дар
1
2
10. Химиялық құрамы
Кен ком­по­нент­те­рі
Си­ли­кат­тық бө­лік
Ата­уы, ны­шан
Құ­ра­мы, %
Қор­лар, мың т
Ата­уы, ны­шан
Құ­ра­мы, %
ең тө­мен­гі
ең жо­ғар­ғы
ор­та­ша
ең тө­мен­гі
ең жо­ғар­ғы
ор­та­ша
1
2
3
4
5
6
7
8
9
11. ТМТ** сақтаудың гидрогеологиялық талаптары
Құр­ғақ
Іші­на­ра құр­ға­ты­л­ған
Су­лан­ған
Жү­зе­тін ай­мақ­тар­дың бар­лы­ғы
1
2
3
4
12. ТМТ** зерттелу дәрежесі
Кім және қа­шан зерт­те­ді
Есеп ма­те­ри­а­лы­ның ата­уы
Объ­ек­ті­нің зерт­тел­ген па­ра­метр­ле­рі мен олар­дың са­ты­ла­ры
1
2
3
а) гео­ло­ги­я­лық бар­лау және (неме­се) эко­ло­ги­я­лық хи­ми­я­лық жұ­мыстар
б) қай­та өң­деу тех­но­ло­ги­я­сын әзір­леу
в) Тә­жі­ри­бе­лі жұ­мыстар
г) жо­ба­лау және (неме­се) құ­ры­лыс жұ­мыста­ры
13. Қоршаған ортаның сипаттамасы
ТМТ** ор­на­ла­суы­ның кли­мат­тық та­лап­та­ры­ның си­патта­ма­сы
Қор­ша­ған ор­та­ның жай-күй­і­нің фон­дық па­ра­метр­ле­рі
жел­дің шап­шаңды­ғы
жел­дің жыл­дамды­ғы, м/сек
жа­уын-ша­шын тү­су­дің жи­і­лі­гі
Ра­ди­а­ция дең­гейі
же­рү­сті және же­ра­с­ты су­ла­ры­ның жай-күйі
ауа­ның жай-күйі
то­пы­рақ­тық жа­мы­л­ғы­ның си­па­ты
1
2
3
4
5
6
7
14. ТМТ**-ның қоршаған ортаға экологиялық әсері
Жер­ді алу
Қор­ша­ған ор­та­ның ла­ста­нуын ба­ға­лау
жер­дің тү­рі
са­ны, шар­шы ша­қы­рым
жер­ді
ат­мо­сфе­ра­лар­ды
же­рү­сті су­ла­рын
же­ра­с­ты су­ла­рын
1
2
3
4
5
6
15. Есепке алу объектісін нақты пайдалану
Есеп­ке алу объ­ек­ті­сі
Пай­да­ла­ну
Қал­дық­тар­дың ата­уы
са­ны, мың т. және мың тек­ше-метр
жал­пы мас­са­сы­нан %
пай­да­ла­ну­дың ба­ғы­ты
өн­ді­ріс тех­но­ло­ги­я­сы
са­ны, жы­лы­на мың т.
өзін­дік құ­ны, тең­ге /тон­на­сы­на
боса­ты­ла­тын ба­ға, тең­ге /тон­на­сы­на
тұ­ты­ну
1
2
3
4
5
6
7
8
9
16. Кешенді пайдалану перспективалары
ТМТ**-де­гі пай­да­лы қаз­ба­лар
ТМТ** өң­де­удің және қай­та өң­де­удің мүм­кін бо­лар тә­сіл­де­рі
ТМТ** ие­лен­ген жер­лер­ді қай­та қал­пы­на кел­ті­ру
өнім­нің ата­уы
өн­ді­ріс тех­но­ло­ги­я­сы
өнім­ді әле­ует­ті тұ­ты­ну­шы­лар
1
2
3
4
5
17. Объекті туралы дерек көздері
Құ­жат­тың ата­уы
Құ­жат­тың маз­мұ­ны
Ав­тор
Хат­та­ма­лар №
Бе­кі­ті­л­ген жыл
Сақ­тау ор­ны
1
2
3
4
5
6
«Казгеоақпарат» РГАО* – «Казгеоақпарат» Республикалық геологиялық ақпарат орталық мемлекеттік мекемесі.
ТМТ** – Техногендік минералдық түзілім.

Қолданыстағы