О ходе проведения эксперимента в вопросах регулирования трудовой и профессиональной деятельности иностранцев и лиц без гражданства в Атырауской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ходе проведения эксперимента в вопросах регулирования трудовой и профессиональной деятельности иностранцев и лиц без гражданства в Атырауской области
- Атауы (қаз.)
- Атырау облысында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың еңбек және кәсіби қызметін реттеу мәселелерінде тәжірибе жүргізу барысы туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 387
- Қабылданған күні
- 03.03.2000
- Көрсетілген редакция
- 03.03.2000 7131_258618.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.03.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V00P000442_
- ЭКБ идентификаторы
- 7131
- Редакция идентификаторы
- 7131_258618
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:36
0 Атырау облысында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың еңбек және кәсіби қызметін реттеу мәселелерінде тәжірибе жүргізу барысы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 20.12.2004 № 248 шешімімен
Шетел жұмыс күшін тартуда мемлекеттік реттеуді арттыру, шетел мамандардың еңбек және кәсіби қызмет жүргізуге рұқсат алу тәртібін жеңілдету, еңбек рыногын тұрақтандыру мақсатында рұқсат беру құқығы Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі Атырау облысы
өкілдігіне берілген.
Тәжірибе жүргізу кезеңде (1999 ж. 1.10-нан - 2000 ж. 1.01. дейін) өкілдікке шетел жұмыс күшін тартуға 9759 жұмысшылары, оның ішінде 2361 шетел азаматтары бар 10 біріккен кәсіпорындар мен 36 шетел фирмаларынан 63 құжат түскен.
Комиссияның 9 мәжілісінде құжаттардың 49 пакеті қаралған. 2000 жылдың 1қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан азаматтары үшін 759 жаңа жұмыс орын құру және кейіннен 189 шетел мамандарын Қазақстандық кадрлармен ауыстыру үшін оларды қайта оқыту шартында 784 шетел азаматтарын тартуға 41 рұқсат берілген.
Шетел азаматтарды тартуға рұқсат беру өкілдігі облыстық деңгейге көтеріліп, ішкі рыногті қорғауда қабылданған шараларға байланысты облыс еңбек рыногінің жағдайы шетел жұмыс күшін тартуды азайту жағына қарай түбегейлі өзгере бастады. Мәселен, 1997 жылы кәсіпорындағы шетел мамандары мен жұмысшы деңгейі жалпы жұмысшылар санының 43 пайызын құраса, 1999 жылдың қорытындысы бойынша ол 27,3 пайызға төмендеген. Біріккен кәсіпорындар мен шетел фирмаларындағы Қазақстандық кадрлар саны 1997 ж. 5731 адамнан (57%) 1999 жылы 9028 адам (72,7%) өскен.
Сонымен қатар, еңбек рыногін талдаған кезде жұмыс іздеп уәкіл органдарына келген 13,2 мың адамның тек 17 пайызы ғана жұмысқа орналасқаны анықталды. Еңбек рыногінде қазіргі заманғы технология және жабдықтармен жұмыс істеу тәжірибесі, білімі бар жоғары білікті мамандардың қажетті саны жоқ.
Қазіргі Қазақстандық мамандарды оқытуға қаражат жоқ жағдайда шетел мамандарын жергілікті кадрлармен ауыстыруда проблемалық жағдай туындауда.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі N 1330 "Атырау облысында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбек және кәсіби қызметін реттеу мәселелерінде тәжірибе жүргізу туралы" қаулысын орындауда, ішкі еңбек рыногін қорғау мүддесін басшылыққа ала отырып, облыс аумағында шетел жұмыс күшін тартуды мемлекеттік реттеудің нәтижесін арттыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Атырау облысында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың еңбек және кәсіби қызметін реттеу мәселелерінде тәжірибе жүргізу барысы туралы облыстық сыртқы экономикалық байланыстар мен инвестициялық саясаты басқармасының хабарламасы қатерге алынсын.
2. Жұмыс күшін тартуға құжаттарды қарап ұсыну тәртібі бекітілсін (тіркеледі).
3. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (С. Қайрешев), жұмыс берушілерге шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беретін облыстық комиссиясы (Р. Сабетова):
1) шетел жұмыс күшін тартудың мақсаттылығы туралы қорытынды дайындаған кезде кейін иеге шетел мамандарын ауыстыру үшін жергілікті жұмыс күшін дайындау мен оның біліктілігін арттыру жөнінде шарттарды қарастырсын;
2) лицензианттың арнаулы қызмет түрлерімен шұғылдану құқығының білікті талаптарына сәйкес болуына тұрақты бақылау жүргізсін;
4. Облыстық ішкі істер басқармасы (Қ. Мырзабаев) облыс аумағына келіп орналасқан шетел азаматтарына қатаң визалық және төлқұжаттың бақылау жасауды қамтамасыз етсін.
5. Қалалық еңбек, жұмысқа орналастыру және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің жұмысқа орналастыру жөніндегі орталығы (С. Тулеуов) облыстық ішкі істер басқармасының көші-қон саясаты жөніндегі бөлімі (Е. Шеркешбаев) облыс аумағындағы шет елдің жұмысшы күшін тартатын жұмыс берушілерге рұқсат беретін облыстық комиссиямен арадағы үйлестіру жұмыстарын күшейтсін.
6. Қалалық еңбек, жұмысқа орналастыру және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің жұмысқа орналастыру жөніндегі орталығы, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, облыстық сыртқы экономикалық байланыстар мен инвестициялық саясаты басқармасы (Л. Евстифеева), мұнай және газ институты (Т. Сериков) Атырау қаласында халықаралық үлгідегі сертификаттар берумен жергілікті кадрларды дайындау және қайта дайындау жөніндегі шетелдік қатысу мен аймақтық Оқу Орталығын құру жөнінде ұсыныстар берсін.
7. Облыстық коммуналдық меншік басқармасы (О. Кенжетаев):
1) Атырау қаласында жергілікті жұмысшы мамандығындағы кадрларды кәсіби дайындау және қайта даярлаудан өткізу жөніндегі Оқу Орталығын орналастыру үшін мектептен тыс орталықтың жеке өнер мектебі жалдап отырған "Әсет" ЖШС үй-жайы бөлінсін, өнер мектебіне Облыстық Балалар-Жас өспірімдер Спорт Мектебінің үй-жайы бөлінсін;
2) Атырау мұнай және газ институтының ғимаратында мұнай-газ өнеркәсібінің мамандарын дайындау және қайта даярлаудан өткізу жөніндегі Аймақтық орталықты орналастыру үшін Қазақ ғылыми-зерттеу балық шаруашылығы институтының Атырау бөлімшесіне, стандарттау және метрология Қазақстандық орталығының Атырау филиалына және Атырау ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына оларды орналастыру үшін үй-жай бөлу мәселесін шешсін.
8. Шетел жұмыс күшін пайдаланатын мүдделі кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелерге Оқу Орталығын қаржыландыру мүмкіндігі, оқу процесін ұйымдастыру үшін техникалық көмек көрсету және гранттар бөлу туралы мәселелерді шешу ұсынылсын.
9. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы 2000 жылқы 10 наурызға дейін еңбек рыногінде сұраныс бар кәсіптер топтары бойынша мамандар қажеттілігіне маркетингтік зерттеулер жүргізсін.
10. Шетел қатысу бар кәсіпорындар мен шетел фирмаларына:
1) шетел кадрлар орынын басуға конкурстік іріктеу жүргізсін және бұқаралық ақпарат құралдарында бос орын туралы мәліметті үнемі жарияласын.
2) мердігерлік жұмыстарды орындау үшін келісім негізінде қабылданған Қазақстандық кадрларды оқыту жөнінде жұмысты мақсатты жүргізсін.
3) бюджетте құрылатын Оқу Орталығында жергілікті мамандарды оқыту үшін қаржы мен материалдық түрдегі инвестицияға шығындарды қарастырсын.
11. Осы шешімнің орындалысын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е. Жұмағұловқа жүктелсін.
19 Облыс әкімінің
2000 жылғы 3 наурыз
N 387 шешіміне қосымша
1. Жұмыс күшін тартуға құжаттарды ұсынып
қарастыру тәртібі
1. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының атына ұсынылған құжаттарды қарап, қорытынды беру туралы хат.
2. Қазақстан Республикасының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің белгіленген нысан бойынша рұқсат беруге арыз.
3. Арыз беруші - фирма туралы ақпарат, оның ішінде:
1) негізгі қызмет түрлері, орындайтын жұмыс көлемі;
2) фирмамен алынғн лицензия, рұқсат саны және олар бойынша қатыстырылған шетел жұмысшылар саны;
3) құжат тапсырған кездегі барлық жұмысшылар саны, оның ішінде Қазақстан Республикасының және шетел азаматтарының саны;
4) Қазақстан Республикасы азаматтары үшін қосымша жұмыс орындарын құруға, кейіннен шетел азаматтарын ауыстыру үшін жергілікті кадрларды дайындап, қайта оқыту жөнінде алдында алған лицензия, рұқсат шарттарын орындау туралы мәлімет;
5) бос орындар туралы биржаның ресми анықтамасы.
4. Белгіленген нысан бойынша қатыстырылған шетел жұмыс күшінің тізімі (тізімдерде қол қойылып, мөр басылуы қажет).
5. Еңбек және кәсіби қызметті жүргізу Ережесінің 6 тармағына сәкес жасалған әбір шетел қызметкерімен келісім (екі жақтың қолы қойылып, кәсіпорын мөрімен куәландырылу қажет).
6. Халықаралық үлгідегі бойынша облыстық СПИД-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығымен куәландырылған ВИЧ-ке тексеру анықтамасы.
7. Жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілеттік берілген органға тапсырылған шетел азаматтары шақырылған бос жұмыс орындарына тапсырыс көшірмесі. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы бос жұмыс орындар бар туралы хабарландыру (хабарландыру беру мерзімі - шетел жұмыс күшін тартуға құжаттар ұсыну бойынша 1 ай бұрын).
8. Бас мердігермен жасалған жұмыс өндіру мерзімі көрсетілумен жұмыс өндірісі көлеміне келісімнен делдалдық емес түрдегі үзінділер.
2. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасында алдын ала қарау
1. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілеттер берілген қалалық және аудандық органдарының мәліметтері негізінде жергілікті еңбек рыногіне тартылатын кәсіптер іздестіру.
2. Құжаттарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 шілдедегі N 862 қаулысының талаптарының сәйкестігін алдын ала қарау:
1) тізімдерді - Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамасы бойынша лауазымдарға сәйкестігі;
2) келісімдерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 шілдедегі қаулысының 6 тармағына сәйкестігі (еңбек, жұмыс уақыты және демалыс жағдайы мен төлеу бөлігінің).
3. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы комиссиясында ұсынылған құжаттарды алдын ала талқылау және ішкі еңбек рыногінің жағдайын, алдында алған лицензия мен рұқсатының шарттарын орындалуын есепке алып қорытынды дайындау.
4. Хаттаманы, қорытындыны рәсімдеп, оларды әрмен қарай қарап, шетел жұмыс күшін тартуға рұқсатты жасақтауға Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау өкілдігіне тапсыру.
3. Облыстық комиссияда қарау
1. Құжаттарды Қазақстан Республикасы өкіметінің 1999 жылғы 25 шілдедегі N 862 қаулысының талаптарына сәйкестігін қарау.
2. Өкілдік қызметкері шетел жұмыс күшін тартуға рұқсатты беру туралы комиссия хаттамасының жобасын дайындайды.
3. Комиссия шетел жұмыс күшін тартуға жұмыс берушілердің арызы бойынша түпкілікті шешім қабылдайды. Комиссия мәжілісіне жұмыс берушілер өкілдері қатысуы мүмкін.
4. Өкілдік қызметкері Атырау облысы бойынша Қазақстан Республикасы еңбек және халықты жұмыспен қамту Министрлігінің өкілдік бастығы бекіткен рұқсат бланкін дайындайды немесе шетел күшін тартуға рұқсат бермеу туралы хат жібереді.
5. Өкілдік қызметкері оларды заңмен белгіленген тәртіп бойынша арыз берушілерге тапсырады (кепілдік және кепіл жарнаны төлеп, төлем құжаттарының көшірмесін тапсырғаннан кейін).
6. Өкілдік әр айдың 5 жұлдызында министрлікке шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөнінде жүргізілген жұмыстар туралы мәліметті ұсынады.
4. Бақылау
Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілеттік берілген кепілдікті және кепіл алымның банкінің жинақтаушы есеп шотына дұрыс аударылуына және шетел жұмыс күшін тартуға берілген рұхсат шарттарының орындалуына бақылау жасайды.