О корректировке базовых ставок земельного налога
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О корректировке базовых ставок земельного налога
- Атауы (қаз.)
- Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 11/73-V
- Қабылданған күні
- 30.01.2013
- Көрсетілген редакция
- 19.03.2018 71336_305962.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13UD002245
- ЭКБ идентификаторы
- 71336
- Редакция идентификаторы
- 71336_305962
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:51
0 Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 10 желтоқсан 2008 жылғы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387 бабы 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 23 қаңтар 2001 жылғы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Түркістан қалалық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №10/61-V шешімімен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2176 нөмірімен тіркелген) Түркістан қаласының жерлерін аймақтарға бөлу схемасы негізінде, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексінің 381, 383 баптарымен белгіленген жер салығының базалық салық мөлшерлемелері 1, 2, 3, 4, 5, 6 аймақтарда автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда 50 (елу) пайызға жоғарылатылсын.