Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в Мангистауском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в Мангистауском районе
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 55
- Қабылданған күні
- 27.02.2013
- Көрсетілген редакция
- 07.07.2016 71389_290228.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.07.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13ME002223
- ЭКБ идентификаторы
- 71389
- Редакция идентификаторы
- 71389_290228
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:36
0 Маңғыстау ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14-1) және 14-3)тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, жұмыс іздеуде қиыншылық тартып жүрген, қылмыстық - атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай - ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін, Маңғыстау ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Маңғыстау ауданында жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде қылмыстық - атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай - ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2
2. «Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі белгіленген квотаға сәйкес, қылмыстық - атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай - ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған тұлғалар үшін бос жұмыс орындарына орналасу бағытын қамтамасыз етеді.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Маңғыстау аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бастығы
С.Н. Каимова
26 ақпан 2013 ж.