Об утверждении отдельных категории нуждающихся граждан и перечня документов необходимых для получения социальной помощи
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении отдельных категории нуждающихся граждан и перечня документов необходимых для получения социальной помощи
- Атауы (қаз.)
- Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары мен әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 108
- Қабылданған күні
- 13.02.2013
- Көрсетілген редакция
- 13.02.2013 AI71491_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.02.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13KJ002220
- ЭКБ идентификаторы
- 71491
- Редакция идентификаторы
- AI71491_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:44
0 Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары мен әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі N 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Ақтоғай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары мен әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттардың тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Ақтоғай ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы
Т. Жармағанбетов
13 ақпан 2013 жыл
3 Ақтоғай аудандық мәслихатының
2013 жылғы 13 ақпандағы
N 108 шешіміне қосымша
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары мен әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттардың тізбесі
1 1. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына:
жеке куәлігінің көшірмесі;
Ұлы Отан соғысының мүгедегі, қатысушысының мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;
тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
жеке шотының нөмірі.
2 2. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдарға:
жеке куәлігінің көшірмесі;
Ұлы Отан соғысының мүгедегі, қатысушысына теңестірілгендігінің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;
тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
жеке шотының нөмірі.
3 3. I, II және III топтағы мүгедектерге:
жеке куәлігінің көшірмесі;
мүгедектігін растайтын құжаттың көшірмесі;
тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
жеке шотының нөмірі.
4 4. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдарға:
жеке куәлігінің көшірмесі;
аурудың диагнозын растайтын медициналық мекемесінен құжат;
тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
жеке шотының нөмірі.
5 5. Экологиялық зілзалалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдарға:
жеке куәлігінің көшірмесі;
экологиялық зілзалалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды растайтын құзыретті органның қорытындысы;
тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
жеке шотының нөмірі.
6 6. Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасына:
жеке куәлігінің көшірмесі;
қайтыс болуы туралы куәлігінің көшірмесі;
тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
жеке шотының нөмірі.
7 7. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге келген жас мамандарға (денсаулық сақтау, білім беру, және ветеринария):
жеке куәлігінің көшірмесі;
оқу орнын аяқтағаны жөнінде дипломның көшірмесі;
тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
жеке шотының нөмірі.
8 8. Аз қамтамасыз етілген отбасыларына (егер отбасының жиынтық табысы белгіленген ең төменгі күн көріс деңгейінен аспаған жағдайда):
жеке куәлігінің көшірмесі;
өтініш берушінің (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі;
тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
жеке шотының нөмірі.
9 9. 75 жастан асқан зейнетақының ең төменгі мөлшерін алатын адамдарға:
жеке куәлігінің көшірмесі;
тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
жеке шотының нөмірі.
10 10. Мүгедек балаларға:
ата-анасының біреуінің жеке куәлігінің көшірмесі;
туу туралы куәлігінің көшірмесі;
мүгедектігі жөнінде анықтама;
тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
жеке шотының нөмірі.