Об оказании дополнительной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан
Күшін жойған
Өзге акт
·№ 15/98
·
18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании дополнительной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан
- Атауы (қаз.)
- Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 15/98
- Қабылданған күні
- 14.02.2013
- Көрсетілген редакция
- 20.03.2014 71498_205463.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.03.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13KL002227
- ЭКБ идентификаторы
- 71498
- Редакция идентификаторы
- 71498_205463
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:44
0 Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Қосымша әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың санаттары бекітілсін:
1 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары;
2 2) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалар;
3 3) мүгедектер;
4 4) мүгедек балалар;
5 5) табысы аз азаматтар;
6 6) көп балалы аналар;
7 7) фтизиатрда тіркеуде тұрған туберкулезбен ауыратындар;
8 8) дәрігерлік-кеңестік комиссия анықтамасының нәтижесінде операциядан кейінгі емделу кезеңіндегі онкологиялық аурулармен ауыратындар;
9 9) 75 және одан жоғары жастағы зейнеткерлер қарттар күніне.
2 2. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету шығындары аудан бюджетінде "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" 451007 бағдарламасы бойынша қарастырылған қаржы шегінде қаржыландырылады.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау және заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4 4. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Ш. Ибраева
2013 жылғы 14 ақпан