О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка на территории города Петропавловска
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка на территории города Петропавловска
- Атауы (қаз.)
- Петропавл қаласының аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 180
- Қабылданған күні
- 06.02.2013
- Көрсетілген редакция
- 24.02.2020 71508_447281.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13SA002212
- ЭКБ идентификаторы
- 71508
- Редакция идентификаторы
- 71508_447281
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:47
0 Петропавл қаласының аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы
«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса берілген Петропавл қаласының аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу Қағидалары бекітілсін.
2 2. Петропавл қаласының аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен мөлшерлері айқындалсын, қосымшаға сәйкес.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласының ішкі істер
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Ә. Қасейінов
5 Петропавл қаласы әкімдігінің
2013 ж.6 ақпанда № 180 қаулысымен
бекітілді
Петропавл қаласының аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу Қағидалары
Осы Қағидалар Петропавл қаласының аумағында қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібін анықтайды.
1 1. Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Қылмыстардың алдын алу және болдырмауға ықпал еткен қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі қалалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды.
2 2. Қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы Ұсынысты (қолдау хат) Комиссиясының қарауын «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының полиция басқармасы» мемлекеттік мекемесі» (бұдан әрі - СҚО ПБ) енгізеді.
3 3. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.
4 4. Көтермелеу түрін, оның ішінде ақшалай сыйақы мөлшерін, көтермеленушінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отыра, Комиссия белгілейді.
5 5. Ақшалай сыйақыны төлеу және құнды сыйлықты алу үшін Комиссия қабылдаған шешімге сәйкес СҚО ПБ бастығының қосымша бұйрығы шығарылады.
6 6. СҚО ПБ ақшалай сыйақыны төлеуді және бағалы сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізеді.
7 7. Көтермелеулерді төлеуге қаражат облыстық бюджеттен, Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті 252 003 «Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу» бюджеттік бағдарламасымен көзделеді.
8 8. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға Петропавл қаласы әкімінің Құрмет грамотасын, Петропавл қаласы әкімінің Алғыс хатын, ақшалай сыйақы, бағалы сыйлықтар беруді СҚО ПБ салтанатты жағдайда жүзеге асырады.
14 Петропавл қаласы әкімдігінің
2013 ж.6 ақпанда № 180 қаулысымен
бекітілді
Петропавл қаласының аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен мөлшерлері