Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента электронной государственной услуги "Регистрация лиц, имеющих право осуществлять деятельность реабилитационного и (или) конкурсного управляющих и (или) администратора внешнего наблюдения, и снятие их с регистрации"

Бұйрық · № 68 · қабылданған 08.02.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-71543/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении регламента электронной государственной услуги "Регистрация лиц, имеющих право осуществлять деятельность реабилитационного и (или) конкурсного управляющих и (или) администратора внешнего наблюдения, и снятие их с регистрации" Күшін жойған Бұйрық ·№ 68 ·08.02.2013
02.07.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента электронной государственной услуги "Регистрация лиц, имеющих право осуществлять деятельность реабилитационного и (или) конкурсного управляющих и (или) администратора внешнего наблюдения, и снятие их с регистрации"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 68 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента электронной государственной услуги "Регистрация лиц, имеющих право осуществлять деятельность реабилитационного и (или) конкурсного управляющих и (или) администратора внешнего наблюдения, и снятие их с регистрации"
Атауы (қаз.)
"Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден шығару" электрондық мемлекеттік қызметтің регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
68
Қабылданған күні
08.02.2013
Көрсетілген редакция
02.07.2014 AI71543_2.kaz
Соңғы өзгеріс
02.07.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008371
ЭКБ идентификаторы
71543
Редакция идентификаторы
AI71543_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:46

0 "Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден шығару" электрондық мемлекеттік қызметтің регламентін бекіту туралы

«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының 2-тармағына және «Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1116 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берiлiп отырған «Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкiмшiсiнiң қызметiн жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тiркеу және оларды тiркеуден шығару» электрондық мемлекеттiк қызметтiң регламентi бекiтiлсiн.

2

2. «Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сыртқы байқау әкiмшiсiнiң қызметiн жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тiркеу және оларды тiркеуден алу» мемлекеттiк қызметiнiң регламентiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 628 бұйрығының күшi жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 12 қаңтарда № 7377 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, № 3, 2012 жыл).

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитетi (Н.Д. Үсенова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуінен кейiн оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсiн.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы вице-министрi А.М. Теңгебаевқа жүктелсiн.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
көлік және коммуникация министрі
_____________А. Жұмағалиев
2013 жылғы 11 ақпан

0 «Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден шығару» электрондық мемлекеттік қызметтің регламенті

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2013 жылғы 8 ақпандағы
№ 68 бұйрығымен
бекітілген
«Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден шығару» электрондық мемлекеттік қызметтің регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкiмшiсiнiң қызметiн жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тiркеу және оларды тiркеуден шығару» электрондық мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – электрондық мемлекеттiк қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті (бұдан әрі – қызмет беруші) халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – орталық) арқылы, сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетеді.

2

2. Электрондық мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 1498 қаулысымен бекiтiлген «Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкiмшiсiнiң қызметiн жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тiркеу және оларды тiркеуден алу» мемлекеттiк қызмет стандартының негізінде көрсетіледі.

3 3. Электрондық мемлекеттік қызметті автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған.

4 4. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық.

5 5. Осы Регламентте пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартулар:

1 1) АЖО – автоматтандырылған жұмыс орны;

2 2) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешендi қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, iздеу, тарату, тапсыру және беру үшiн арналған жүйе (бұдан әрi – АЖ);

3 3) алушы – электронды мемлекеттiк қызмет көрсетiлетiн жеке тұлға (жеке кәсіпкер);

4

4) «Е-лицензиялау» веб-порталы – берілген, қайта ресімделген, тоқтатылған, қайта жаңартылған және қолданысы тоқтатылған лицензиялар, сондай-ақ лицензиарлар беретін лицензиялардың сәйкестендіру нөмірін орталықтандырылған түрде қалыптастыратын қызметтің лицензияланатын түрін (кіші түрін) лицензиялауды жүзеге асыратын лицензиаттың филиалдары, өкілдіктері (объектілері, пункттері, учаскелері) туралы мәліметті қамтитын ақпараттық жүйе (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ);

5 5) жеке сәйкестендiру нөмiрi – жеке тұлға, оның iшiнде жеке кәсiпкерлiк түрiнде өзiнiң қызметiн жүзеге асыратын жеке кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр (бұдан әрi – ЖСН);

6

6) «Жеке тұлға» мемлекеттiк деректер базасы – ақпаратты автоматты түрде жинауға, сақтауға және өңдеуге, Қазақстан Республикасында жеке тұлғаларды бiрыңғай сәйкестендiрудi енгiзу мақсатында Жеке сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiн құруға және олар туралы өзектi және нақты мәлiметтердi мемлекеттiк басқару органдарына және құзыреттерi шеңберiнде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге субъектiлерге де беруге арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрi – ЖТ МДБ);

7

7) Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесi – халыққа (жеке тұлғаларға) Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталықтары, сондай-ақ тиiстi министрлiктер мен ведомстволар арқылы қызмет көрсету үдерiсiн автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрi – ХҚКО АЖ);

8 8) құрылымдық-функционалдық бірліктер – ақпараттық жүйелері қызмет көрсету процесіне қатысатын мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің, мекемелердің немесе өзге де ұйымдардың тізбесі (бұдан әрі – ҚФБ);

9 9) мемлекеттiк электрондық қызмет – ақпараттық технологияларды пайдаланумен электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет;

10 10) пайдаланушы – оған қажеттi электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшiн ақпараттық жүйеге жүгiнетiн және оларды пайдаланатын субъект;

11 11) транзакциялық қызмет – электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданумен өзара ақпарат алмасуды талап ететiн, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөнiндегi қызмет;

12 12) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берiлген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

13 13) «электрондық үкiметтiң» веб-порталы – нормативтiк құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкiметтiк ақпаратқа және электрондық мемлекеттiк қызметтерге қолжетiмдiлiктiң бiрыңғай терезесiн бiлдiретiн ақпараттық жүйе (бұдан әрi – ЭҮП);

14 14) «электрондық үкіметтің» шлюзі – электрондық қызметті іске асыру шеңберінде ақпараттық жүйелерін шоғырландыруға арналған ақпараттық жүйесі (бұдан әрi – ЭҮШ);

15 15) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлiлiгiн және мазмұнның тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы (бұдан әрi – ЭЦҚ).

2 2. Электрондық мемлекеттiк қызметтi көрсету жөнiнде қызмет берушi әрекетiнiң тәртiбi

6 6. Осы Регламенттiң 1-қосымшасына сәйкес ЭҮП арқылы қызмет берушінің адымдық әрекеттерi мен шешiмдерi (қызметтi көрсеткен кезде функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы) көрсетілген:

1 1) алушы компьютерінің интернет-браузерiнде сақталып тұрған өзiнiң ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң көмегiмен алушы ЭҮП тiркеудi жүзеге асырады (ЭҮП тiркелмеген алушылар үшiн жүзеге асырылады);

2 2) 1-үдерiс – алушының ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн компьютердiң интернет-браузерiне бекiтуi, электрондық мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушының ЭҮП парольдi енгiзу үдерісі (авторландыру үдерiсi);

3 3) 1-шарт – логин (ЖСН) және пароль арқылы тіркелген алушы туралы деректердiң дұрыстығын ЭҮП тексеру;

4 4) 2-үдеріс – алушыны деректерiнде бұзушылықтар болуына байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны ЭҮП қалыптастыру;

5 5) 3-үдерiс – алушының осы Регламентте көрсетiлген электрондық мемлекеттік қызметтi таңдауы, электрондық мемлекеттік қызметтi көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, алушының нысанды толтыруы үшiн сұрау салу нысанын экранға шығару (деректердi енгiзу);

6 6) 4-үдерiс – алушының сауалды куәландыру (қол қою) үшiн ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн таңдауы;

7 7) 2-шарт – ЭҮҚ-ның тіркеу куәлігін қолдану мерзімін ЭҮП-та тексеру және кері қайтарылып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімде болмауы, сондай-ақ сұрауда көрсетілген ЖСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкес келуі және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН;

8 8) 5-үдерiс – алушының ЭЦҚ шынайылығының расталмауымен байланысты сұрау салынған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;

9 9) 6-үдерiс – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанына (енгiзiлген деректердiң) толтырылған нысанын алушының ЭЦҚ арқылы куәландыруы (қол қоюы);

10 10) 7-үдерiс – электрондық құжатты (алушының сұрау салуын) «Е-лицензиялау» МДБ АЖ тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ сұрау салуды өңдеу;

11 11) 3-шарт – қызмет берушінің электрондық мемлекеттiк қызметі алу үшін қойылатын талаптар мен шарттарға сәйкестігін тексеру;

12 12) 8-үдерiс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты сұралатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

13 13) 9-үдеріс – алушының «Е-лицензиялау» МДБ АЖ қалыптастырылған электрондық мемлекеттік қызметтің нәтижесін алуы. Электрондық құжат қызмет берушінің уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады.

7 7. Осы Регламенттiң 1-қосымшасында электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ХҚКО АЖ АЖО арқылы адымдық әрекеттерi мен шешiмдерi (қызметтi көрсеткен кезде функционалдық өзара іс-қимылдың № 2-диаграммасы) көрсетілген:

1 1) 1-үдерiс – электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үшін орталық операторының ХҚКО АЖ АЖО логин мен парольді енгізуі (авторландыру үдерісі);

2 2) 2-үдерiс – орталық оператордың осы Регламентте көрсетiлген электрондық мемлекеттік қызметтi таңдауы, электрондық мемлекеттік қызметтi көрсету үшiн сұрау салу нысанын экранға шығару және орталық операторымен алушының деректерін енгізуі;

3 3) 3-үдеріс – алушының деректері туралы ЖТ МДБ ЭҮШ сұрау салу жіберу;

4 4) 1-шарт – ЖТ МДБ алушылар деректерінің болуын тексеру;

5 5) 4-үдерiс – ЖТ МДБ алушының деректерінің болмауына байланысты деректерді алудың мүмкін еместігі туралы хабарлама қалыптастыру;

6

6) 5-үдерiс – орталық операторымен алушымен ұсынылған сауал салу нысанын құжаттардың қағаз нысанында болуын белгiлеу бөлiгiнде толтыруы және құжаттарды сканерлеуi, оларды сауал салу нысанына бекiтуi және электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге толтырылған сауал нысанын (енгізілген деректерді) ЭЦҚ арқылы куәландыруы;

7 7) 6-үдерiс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ ЭҮШ арқылы орталық операторының ЭЦҚ куәландыралған (қол қойылған) электрондық құжатты (сұрау салуды) жіберу;

8 8) 7-үдерiс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ сұрау салуды тіркеу;

9 9) 8-үдерiс – АЖО қызмет берушінің сұрауын жіберу;

10 10) 9-үдерiс – АЖО қызмет берушінің сұрауын тіркеу;

11 11) 2-шарт – электрондық мемлекеттік қызметті өңдеу және қызмет берушінің қызметтерді алу үшін алушының қойылатын талаптар мен шарттарға сәйкес келуін тексеруі;

12 12) 10-үдерiс – қызмет берушінің АЖО алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;

13 13) 11-үдерiс – қызмет берушінің АЖО қалыптастырылған электрондық мемлекеттік қызмет нәтижесін алушының алуы. Электрондық құжат қызмет берушінің уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады.

8 8. Электрондық мемлекеттік қызметті сауал салуды толтырудың және жауап беру экрандық нысандары және электрондық мемлекеттік қызмет өтінімінің нысаны «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталында ұсынылған.

9 9. Алушымен электрондық мемлекеттік қызмет көрсету бойынша сұраныстың орындалу мәртебесін тексеру тәсілі: ЭҮП-те «Қызметтерді алу тарихы» бөлімде, сондай-ақ орталыққа жүгінген кезде.

10 10. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қажетті ақпарат пен консультацияны call-орталығының (1414) нөмірі арқылы алуға болады.

3 3. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіндегі өзара байланыс тәртібін сипаттау

11 11. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын ҚФБ:

1 1) ЭҮП;

2 2) ЭҮШ;

3 3) «Е-лицензиялау» МДБ АЖ;

4 4) ЖТ МДБ;

5 5) ХҚКО АЖ.

12 12. Әрбiр әрекеттi орындау мерзiмi көрсетiлген әрекеттер реттiлiгiнiң мәтiндiк кестелiк сипаттамасы (функциялар, рәсімдер, операциялар) осы Регламентке 2-қосымшада келтiрiлген.

13 13. Сипаттамаларына сәйкес әрекеттерiнiң (электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде) логикалық реттiлiгi арасындағы өзара байланысты көрсететiн диаграмма осы Регламентке 1-қосымшада келтiрiлген.

14

14. Осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесi уәкілетті органның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаға тіркеу туралы растама, тіркеуден бас тарту туралы дәлелдi жауап, тiркеу туралы өтiнiште көрсетiлген деректерге өзгерiстер енгiзу, тіркеуден шығару туралы растама, тіркеуден шығарудан бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.

15 15. Алушыларға электрондық мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерi осы Регламентке 4-қосымшаға сәйкес сапа мен қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.

16 16. Алушыларға электрондық мемлекеттік қызмет көрсету процесiне қойылатын талаптар:

1 1) құпиялылық (ақпаратты рұқсатсыз алудан қорғау);

2 2) тұтастық (ақпаратты рұқсатсыз өзгертуден қорғау);

3 3) қолжетiмдiлiк (ақпарат пен ресурсты рұқсатсыз ұстаудан қорғау).

17 17. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудiң техникалық шарттары:

1 1) Интернетке кiру;

2 2) алушының ЖСН-iнiң болуы;

3 3) ЭҮП-мен авторизация;

4 4) алушыда ЭЦҚ-ның болуы.

1 ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өзара функционалды әрекет етудің № 1-диаграммасы

«Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден шығару» электрондық мемлекеттік қызметтің регламентіне 1-қосымша
ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өзара функционалды әрекет етудің № 1-диаграммасы
Электрондық мемлекеттік қызметтің ХҚКО АЖ арқылы көрсету кезінде өзара функционалдық әрекет етудің № 2 диаграммасы
Шартты белгілер:

2 1-Кесте. ЭҮП арқылы ҚФБ іс-әрекетінің сипаттамасы

«Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден шығару» электрондық мемлекеттік қызметтің регламентіне 2-қосымша
1-Кесте. ЭҮП арқылы ҚФБ іс-әрекетінің сипаттамасы
Iс-әре­кет № (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
ҚФБ ата­уы
Алушы
ЭҮП
Алушы
Алушы
ЭҮП
Алушы
«Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ»
«Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ»
«Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ»
Iс-әре­кет ата­уы (үдерiс, рәс­iм, опе­ра­ци­я­лар) және олар­дың си­патта­ма­сы
Алушы­ның ЭЦҚ тiр­кеу ку­әлi­гiн ком­пью­тер­дiң ин­тер­нет-бра­у­зерiне бекiту
Алушы­ның де­ректерiн­де­гi бұ­зу­шы­лық­тар­мен бай­ла­ны­сты бас тар­ту ха­бар­ла­ма­сын қа­лып­та­сты­ра­ды
Қа­жет­тi құ­жат­тар­ды элек­трон­дық түр­де бекiту­мен са­у­ал де­ректерiн қа­лып­та­сты­ра­ды және элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­тi таң­дай­ды
Ку­әлан­ды­ру (қол қою) үшiн ЭЦҚ таң­да­уы
Алушы­ның ЭЦҚ шы­най­ы­лы­ғы­ның рас­тал­мауы­мен бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ра­ды
ЭЦҚ кө­ме­гi­мен са­у­ал­ды ку­әлан­ды­ру (қол қою)
Элек­трон­дық құ­жат­ты (алушы­ның са­у­а­лын) тiр­кеу және са­у­ал­ды өң­деу
Ку­әлан­ды­ру (қол қою) үшiн ЭЦҚ таң­да­уы
Элек­трон­дық құ­жат
Аяқ­тау пі­ші­ні (ұй­ым­да­сты­ру-өкім­дік құ­жат ше­шім­дер­дің мә­лі­мет­те­рі)
Са­у­ал са­лу сәт­ті қа­лып­та­сты­ры­л­ғанды­ғы ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны шы­ға­ру
Са­у­ал са­лы­нып жа­тқан элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру
Са­у­ал са­лу сәт­ті қа­лып­та­сты­ры­л­ғанды­ғы ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны шы­ға­ру
Са­у­ал са­лу­ды ба­ғыт­тау
Са­у­ал са­лы­нып жа­тқан элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру
Са­у­ал са­лу­ды ба­ғыт­тау
Өті­нім­ге нө­мір бе­ру­мен са­у­ал са­лу­ды тір­кеу
Са­у­ал са­лы­нып жа­тқан элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ЭЦҚ қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да оңал­ту­шы және (неме­се) кон­кур­стық бас­қа­ру­шы­лар­дың және (неме­се) сырт­тай бай­қау әкім­ші­сі­нің қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру­ға құқы­ғы бар тұл­ға­ға тір­кеу ту­ра­лы рас­та­ма, тір­ке­уден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­дi жа­у­ап, тiр­кеу ту­ра­лы өтiнi­ш­те көр­сетiл­ген де­ректер­ге өзгерiстер ен­гi­зу, тір­ке­уден шы­ға­ру ту­ра­лы рас­та­ма, тір­ке­уден шы­ға­ру­дан бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­дi жа­у­ап бе­ру.
Орын­да­лу мер­зі­мі
10-15 сек.
20 сек.
1,5 мин.
10-15 сек.
10-15 сек.
1,5 мин.
1,5 мин.
20 сек.
5 жұ­мыс кү­ні
Ке­ле­сі іс-әре­кет­тің орын­да­луы
2 – егер алушы­ның де­ректе­рін­де бұ­зу­шы­лық­тар бар бол­са;
3 – егер ав­то­ри­за­ци­я­ла­ну сәт­ті өт­се.

4
7 – егер ЭЦҚ қа­те бол­са; 8 – егер ЭЦҚ қа­те­сіз бол­са.


10 – қыз­мет бе­ру­ші­нің қыз­мет­тер­ді алу үшін қой­ы­ла­тын та­лап­тар мен шар­ттар­ға сәй­кест­і­гін тек­се­ру.


2-Кесте. ХҚКО арқылы ҚФБ іс-әрекетінің сипаттамасы
Iс-әре­кет № (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
ҚФБ ата­уы
ХҚКО АЖ АЖО
Ор­та­лық­тың опе­ра­то­ры
Ор­та­лық­тың опе­ра­то­ры
ЖТ МДБ
Ор­та­лық­тың опе­ра­то­ры
Ор­та­лық­тың опе­ра­то­ры
«Е-ли­цен­зи­я­лау» МДБ
қыз­мет бе­ру­ші­нің АЖО
қыз­мет бе­ру­ші­нің АЖО
қыз­мет бе­ру­ші­нің АЖО
қыз­мет бе­ру­ші­нің АЖО
Iс-әре­кет ата­уы (үдерiс, рәс­iм, опе­ра­ци­я­лар) және олар­дың си­патта­ма­сы
Ор­та­лық­тың опе­ра­то­ры ло­ги­ні және па­ро­лі ар­қы­лы ав­то­ри­за­ци­я­ла­на­ды
Элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті таң­дай­ды және сұ­рау са­лу­дың де­ректе­рін қа­лып­та­сты­ра­ды
ЖТ МДҚ сұ­рау са­лу­ды жі­бе­ру
Алушы де­ректе­рі­нің бол­мауы­на бай­ла­ны­сты де­ректер­ді алу мүм­кін еме­сті­гі ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ра­ды
Сұ­рау са­лу ны­са­ны­на қа­жет­ті құ­жат­тар­ды тір­кеу мен сұ­рау са­лу­ды тол­ты­ру және ЭЦҚ ку­әлан­ды­ру
ЭЦҚ ку­әлан­дыр­ған (қол қой­ы­л­ған) құ­жат­ты «Е-ли­цен­зи­я­лау» МДБ АЖ жол­дау
Құ­жат­ты тір­кеу
Сұ­ра­уды жі­бе­ру
Сұ­ра­уды тір­кеу
АЖО-ғы алушы­ның де­ректе­рін­де бұ­зу­шы­лық­тар­дың бо­луы­на бай­ла­ны­сты сұ­ра­ты­ла­тын элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­руы
Элек­трон­дық құ­жат
Аяқ­тау пі­ші­ні (ұй­ым­да­сты­ру-өкім­дік құ­жат ше­шім­дер­дің мә­лі­мет­те­рі)
Өті­нім­ге нө­мір бе­ру­мен са­у­ал са­лу­ды жүй­е­де тір­кеу
Са­у­ал са­лу сәт­ті қа­лып­та­сты­ры­л­ғанды­ғы ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны шы­ға­ру
Са­у­ал са­лу­ды ба­ғыт­тау
Дәй­ек­тен­ді­рі­л­ген бас тар­ту­ды қа­лып­та­сты­ру
Са­у­ал са­лу сәт­ті қа­лып­та­сты­ры­л­ғанды­ғы ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны шы­ға­ру
Са­у­ал са­лу­ды ба­ғыт­тау
Өті­нім­ге нө­мір бе­ру­мен са­у­ал са­лу­ды тір­кеу
Са­у­ал са­лу­ды ба­ғыт­тау
Өті­нім­ге нө­мір бе­ру­мен са­у­ал са­лу­ды тір­кеу
Дәй­ек­тен­ді­рі­л­ген бас тар­ту­ды қа­лып­та­сты­ру
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ЭЦҚ қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да оңал­ту­шы және (неме­се) кон­кур­стық бас­қа­ру­шы­лар­дың және (неме­се) сырт­тай бай­қау әкім­ші­сі­нің қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру­ға құқы­ғы бар тұл­ға­ға тір­кеу ту­ра­лы рас­та­ма, тір­ке­уден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­дi жа­у­ап, тiр­кеу ту­ра­лы өтiнi­ш­те көр­сетiл­ген де­ректер­ге өзгерiстер ен­гi­зу, тір­ке­уден шы­ға­ру ту­ра­лы рас­та­ма, тір­ке­уден шы­ға­ру­дан бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­дi жа­у­ап бе­ру.
Орын­да­лу мер­зі­мі
30 сек. - 1 мин.
30 сек.
1,5 мин.
1,5 мин.
30 сек. - 1 мин.
1 мин.
1 мин.
30 сек. - 1 мин.
1 мин.
1,5 мин.
5 жұ­мыс кү­ні
Ке­ле­сі іс-әре­кет­тің орын­да­луы
2
3
4 – егер алушы­ның де­ректе­рін­де бұ­зу­шы­лық­тар бол­са;
5 – егер бұ­зу­шы­лық­тар бол­ма­са.



4 – егер бұ­зу­шы­лық­тар бол­са;
5 – егер бұ­зу­шы­лық­тар бол­ма­са.

3 «Оңалтушы және (немесе) конкурстық

басқарушылардың және (немесе) сырттай
байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға
құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды
тіркеуден шығару» электрондық мемлекеттік қызметтің
регламентіне 3-қосымша
Нысан
Оңал­ту­шы және (неме­се) кон­кур­стық бас­қа­ру­шы­лар және (неме­се) сырт­тай бай­қау әкім­ші­сі­нің қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру­ға құқы­ғы бар тұл­ға­ның тір­ке­луі ту­ра­лы рас­та­ма
20___ жыл __________________ № _____
«Банк­рот­тық ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 9-ба­бы­на сәй­кес Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі­нің Дәр­мен­сіз бо­рыш­кер­лер­мен жұ­мыс ко­ми­те­ті _______________________________________________________________­_­__
(те­гі, аты және әке­сі­нің аты (бар бол­са)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ны­ң________________________________________
(об­лыс, Аста­на, Ал­ма­ты қа­ла­сы)
ау­ма­ғын­да______________________________________________________­__
(оңал­ту­шы және (неме­се) кон­кур­стық бас­қа­ру­шы­лар
және (неме­се) сырт­тай бай­қау әкім­ші­сі)
қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру­ға құқы­ғы бар тұл­ға ре­т­ін­де тір­кел­ген­ді­гі­ң­із­ді рас­тай­ды.
Ес­кер­ту: «Банк­рот­тық ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 9-ба­бы­ның 9-тар­ма­ғы­на сәй­кес тір­кеу ту­ра­лы өтiнi­ш­те көр­сетiл­ген де­ректер өзгер­ген кез­де, уәкiлет­тi ор­ган­да тiр­ке­уде тұр­ған тұл­ға уәкiлет­тi ор­ган­ға өзгерiстер ту­ра­лы он жұ­мыс күнi iшiн­де ха­бар­ла­у­ға мiн­дет­тi.
[Қол қо­ю­шы­ның ла­у­а­зы­мы]              [Қол қо­ю­шы­ның те­гі,
аты және әке­сі­нің аты (бар бол­са)]
Осы құ­жат "Элек­трон­дық құ­жат және элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба ту­ра­лы" Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2003 жы­л­ғы 7 қаң­тар­да­ғы За­ңы 7-ба­бы­ның 1-тар­ма­ғы­на сәй­кес қа­ғаз та­сығ­ы­ш­та­ғы құ­жат­пен бір­дей
Нысан
Оңал­ту­шы және (неме­се) кон­кур­стық бас­қа­ру­шы­лар және (неме­се) сырт­тай бай­қау әкім­ші­сі­нің қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру­ға тір­ке­уден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­дi жа­у­ап
20___ жыл __________________ № _____
«Банк­рот­тық ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 9-ба­бы­на сәй­кес Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі­нің Дәр­мен­сіз бо­рыш­кер­лер­мен жұ­мыс ко­ми­те­ті
______________________________________________________________
(те­гі, аты және әке­сі­нің аты (бар бол­са)
______________________________________________________________
(тір­ке­уден бас тар­ту негіз­де­ме­сі)
бай­ла­ны­сты ___________________________________________________
(оңал­ту­шы және (неме­се) кон­кур­стық бас­қа­ру­шы­лар
және (неме­се) сырт­тай бай­қау әкім­ші­сі)
қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру­ға тір­ке­уден бас тар­та­ды.
[Қол қо­ю­шы­ның ла­у­а­зы­мы]              [Қол қо­ю­шы­ның те­гі, аты және
әке­сі­нің аты (бар бол­са)]
Осы құ­жат "Элек­трон­дық құ­жат және элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба ту­ра­лы" Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2003 жы­л­ғы 7 қаң­тар­да­ғы За­ңы 7-ба­бы­ның 1-тар­ма­ғы­на сәй­кес қа­ғаз та­сығ­ы­ш­та­ғы құ­жат­пен бір­дей
Нысан
Оңал­ту­шы және (неме­се) кон­кур­стық бас­қа­ру­шы­лар және (неме­се)
сырт­тай бай­қау әкім­ші­сі­нің қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру­ға тiр­кеу ту­ра­лы өтiнi­ш­те көр­сетiл­ген де­ректер­ге өзгерiстер ен­гi­зі­л­ге­ні ту­ра­лы рас­та­ма
20___ жыл __________________ № _____
«Банк­рот­тық ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 9-ба­бы­на сәй­кес Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі­нің Дәр­мен­сіз бо­рыш­кер­лер­мен жұ­мыс ко­ми­те­ті
______________________________________________ө­ті­ніш негі­зін­де
(өті­ніш­тің нө­мі­рі және кү­ні)
_____________________________________________________________
(оңал­ту­шы және (неме­се) кон­кур­стық бас­қа­ру­шы­лар
және (неме­се) сырт­тай бай­қау әкім­ші­сі)
_____________________________________________________________
(те­гі, аты және әке­сі­нің аты (бар бол­са)
де­ректе­ріне өзге­рі­стер ен­гі­зі­л­ге­нін рас­тай­ды.
[Қол қо­ю­шы­ның ла­у­а­зы­мы]          [Қол қо­ю­шы­ның те­гі, аты және
әке­сі­нің аты (бар бол­са)]
Осы құ­жат "Элек­трон­дық құ­жат және элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба ту­ра­лы" Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2003 жы­л­ғы 7 қаң­тар­да­ғы За­ңы 7-ба­бы­ның 1-тар­ма­ғы­на сәй­кес қа­ғаз та­сығ­ы­ш­та­ғы құ­жат­пен бір­дей
Нысан
Оңал­ту­шы және (неме­се) кон­кур­стық бас­қа­ру­шы­лар және (неме­се) сырт­тай бай­қау әкім­ші­сі­нің қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру мақ­са­тын­да тір­кел­ген тұл­ға­ны тір­ке­уден шы­ға­ру ту­ра­лы рас­та­ма
20___ жыл __________________ № _____
«Банк­рот­тық ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 9-ба­бы­на сәй­кес Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі­нің Дәр­мен­сіз бо­рыш­кер­лер­мен жұ­мыс ко­ми­те­ті
____________________________________________________ негі­зін­де
____________________________________________________
(оңал­ту­шы және (неме­се) кон­кур­стық бас­қа­ру­шы­лар
және (неме­се) сырт­тай бай­қау әкім­ші­сі)
____________________________________________________
(те­гі, аты және әке­сі­нің аты (бар бол­са)
тір­ке­уден шы­ға­ры­л­ға­нын рас­тай­ды.
[Қол қо­ю­шы­ның ла­у­а­зы­мы]      [Қол қо­ю­шы­ның те­гі,
аты және әке­сі­нің аты (бар бол­са)]
Осы құ­жат "Элек­трон­дық құ­жат және элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба ту­ра­лы" Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2003 жы­л­ғы 7 қаң­тар­да­ғы За­ңы 7-ба­бы­ның 1-тар­ма­ғы­на сәй­кес қа­ғаз та­сығ­ы­ш­та­ғы құ­жат­пен бір­дей
Нысан
Оңал­ту­шы және (неме­се) кон­кур­стық бас­қа­ру­шы­лар және (неме­се) сырт­тай бай­қау әкім­ші­сі қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру мақ­са­тын­да тір­кел­ген тұл­ға­ны тір­ке­уден шы­ға­ру­дан бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап
20___ жыл __________________ № _____
«Банк­рот­тық ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 9-ба­бы­на сәй­кес Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі­нің Дәр­мен­сіз бо­рыш­кер­лер­мен жұ­мыс ко­ми­те­ті
_____________________________________________________ негі­зін­де
_______________________________________________________________
(оңал­ту­шы және (неме­се) кон­кур­стық бас­қа­ру­шы­лар
және (неме­се) сырт­тай бай­қау әкім­ші­сі)
_______________________________________________________________
(те­гі, аты және әке­сі­нің аты (бар бол­са)
тір­ке­уден шы­ға­ру­дан бас тар­та­ды.
[Қол қо­ю­шы­ның ла­у­а­зы­мы]        [Қол қо­ю­шы­ның те­гі,
аты және әке­сі­нің аты (бар бол­са)]
Осы құ­жат "Элек­трон­дық құ­жат және элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба ту­ра­лы" Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2003 жы­л­ғы 7 қаң­тар­да­ғы За­ңы 7-ба­бы­ның 1-тар­ма­ғы­на сәй­кес қа­ғаз та­сығ­ы­ш­та­ғы құ­жат­пен бір­дей

4 «Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден шығару» электрондық мемлекеттiк қызметтiң «сапа» және «қолжетiмдiлiк» көрсеткiштерiн анықтау үшiн сауалнама

«Оңалтушы және (немесе) конкурстық
басқарушылардың және (немесе) сырттай
байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға
құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды
тіркеуден шығару» электрондық мемлекеттік
қызметтің регламентіне 4-қосымша
«Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден шығару» электрондық мемлекеттiк қызметтiң «сапа» және «қолжетiмдiлiк» көрсеткiштерiн анықтау үшiн сауалнама

1 1. Сiз электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсi сапасымен және нәтижесiмен қанағаттанасыз ба?

1 1) қанағаттанбаймын;

2 2) iшiнара қанағаттанамын;

3 3) қанағаттанамын.

2 2. Сiз электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпараттың сапасына қанағаттанасыз ба?

1 1) қанағаттанбаймын;

2 2) iшiнара қанағаттанамын;

3 3) қанағаттанамын.

Қолданыстағы