Об объектах и видах общественных работ для использования труда осужденных, привлеченных к общественным работам
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об объектах и видах общественных работ для использования труда осужденных, привлеченных к общественным работам
- Атауы (қаз.)
- Қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін пайдалануға арналған нысандар және қоғамдық жұмыстар түрлері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 6/4
- Қабылданған күні
- 07.02.2013
- Көрсетілген редакция
- 07.02.2013 71558_168540.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.02.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13KC002231
- ЭКБ идентификаторы
- 71558
- Редакция идентификаторы
- 71558_168540
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:46
0 Қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін пайдалануға арналған нысандар және қоғамдық жұмыстар түрлері туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 42-бабының 1-тармағы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексінің 30-бабының 1-тармағы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағы негізінде, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін пайдалануға арналған нысандар және қоғамдық жұмыстар түрлері анықталсын.
2
2. Теміртау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы N 2/1 "Қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін пайдалануға арналған нысандар және қоғамдық жұмыстар түрлері туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-3-132 болып тіркелген, 2012 жылы 3 наурызда N 3 "Теміртау" газетінде, 2012 жылы 2 наурызда N 9 "Новый Теміртау" газетінде жарияланған) күшін жойды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Шолпан Мұхитқызы Мырзақасымоваға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
"Теміртау қаласының Қылмыстық-атқару
инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
М. Ахметова
06.02.2013 ж.
5 Теміртау қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 7 ақпандағы
N 6/4 қаулысына қосымша
Қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін пайдалануға арналған нысандар және қоғамдық жұмыстар түрлерінің тізбесі
N р/б
Кәсіпорындардың атауы
Заңды мекенжайы
Жұмыс түрлері
1
"Шарапат" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Теміртау қаласы, Тәуелсіздік гүлзары, 2
аумақты жинау
2
"Қалалық мәдени демалу паркі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 13 А
аумақты жинау
3
"Теміртау спорт клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 34 А
аумақты жинау
4
"Теміртау-қызмет" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Теміртау қаласы, Қарағанды шоссесі көшесі, 24-1
аумақты жинау
5
"Ақтау" мәдени бос уақыт өткізу орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ақтау кенті, Карл Маркс көшесі, 5
аумақты жинау