О дополнительном лекарственном обеспечении
Күшін жойған
Өзге акт
·№ 135/15
·
22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О дополнительном лекарственном обеспечении
- Атауы (қаз.)
- Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 135/15
- Қабылданған күні
- 20.02.2013
- Көрсетілген редакция
- 14.06.2018 71580_332536.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.06.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13P0003486
- ЭКБ идентификаторы
- 71580
- Редакция идентификаторы
- 71580_332536
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:41
0 Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттар «Бозентан», «Риоцигуат», «Илопрост» амбулаториялық емдеу кезінде тегін, облыстық бюджет қаражаты есебінен қосымша қамтамасыз етілсін.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
"Павлодар облысының Денсаулық
сақтау басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің (ДСБ) бастығы
2013 жылғы 20 ақпан
Н. Касимов