О внесении изменений в некоторые указы Президента Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые указы Президента Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 527
- Қабылданған күні
- 22.03.2013
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2015 AI71606_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U1300000527
- ЭКБ идентификаторы
- 71606
- Редакция идентификаторы
- AI71606_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:26
0 Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1 1) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
2 2) «Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 16 қарашадағы № 435 Жарлығына:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда:
2-тармақ алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. «Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат; 2011 ж., № 8, 95-құжат; 2011 ж., № 52, 710-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесiнде:
мынадай мазмұндағы 62-1-тармақпен толықтырылсын:
«62-1. Егер бағалау қорытындылары бойынша бағаланып отырған мемлекеттiк орган қызметiнiң тиiмдiлiк көрсеткiштерi төмендегені, сондай-ақ сеніп тапсырылған саладағы (қызмет саласындағы) ахуалдың нашарлағаны анықталса, Сараптама комиссиясы істің жай-күйіне бағалау жүргізілген орталық атқарушы органның тиiстi мемлекеттiк саяси қызметшiсiнің жауаптылығы туралы мәселені қарауға ұсыныс енгізеді.».
2 2. Осы Жарлық 2013 жылғы 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 22 наурыздағы
№ 527 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2000 жылғы 21 қаңтардағы
№ 327 Жарлығымен
бекітілген
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидалары